Операциялық жүйелер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2013 в 21:20, реферат

Краткое описание

Операциялық жүйе – компьютер іске қосылған кезде бірден жұмыс жасайтын программа. Операциялық жүйе қолданушымен сұхбат ұйымдастырады, компьютермен және оның ресурстарымен (оперативті жад, дискіде орынды, т.б.) басқару жұмыстарын, орындауға басқа қолданбалы программаларды іске қосу жұмыстарын орындайды. Операциялық жүйе қолданушымен, қолданбалы программалармен және компьютер құрылғыларымен байланыс түрін (интерфейс) орнатуды қамтамасыз етеді. Ол адамға программаларды іске қосуға, барлық мүмкін деректерді оларға беруге және олардан алуға, программаның жұмысын басқаруға, компьютердің параметрлерін және оған қосылған құрылғыларды өзгертуге, ресурстарды қайта бөлуге мүмкіндік береді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕР.doc

— 149.50 Кб (Скачать документ)

ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕР

Операциялық жүйе – компьютер іске қосылған кезде бірден жұмыс жасайтын программа. Операциялық жүйе қолданушымен сұхбат ұйымдастырады, компьютермен және оның ресурстарымен (оперативті жад, дискіде орынды, т.б.) басқару жұмыстарын, орындауға басқа қолданбалы программаларды іске қосу жұмыстарын орындайды. Операциялық жүйе қолданушымен, қолданбалы программалармен және компьютер құрылғыларымен байланыс түрін (интерфейс) орнатуды қамтамасыз етеді. Ол адамға программаларды іске қосуға, барлық мүмкін деректерді оларға беруге және олардан алуға, программаның жұмысын басқаруға, компьютердің параметрлерін және оған қосылған құрылғыларды өзгертуге,  ресурстарды қайта бөлуге мүмкіндік береді.

ОЖ-ның екі негізгі  қызметін атап айту керек, олар:

  1. Барлық қолданбалы және жүйелік программалардың жұмысын, оларды бір-бірімен және аппаратық жабдықтармен байланыстыра отырып, қамтамасыз ету;
  2. Әрбір адамға ЭЕМ-ді жалпы басқару мүмкіншілігін беру;

Компьютерді басқару  ОЖ-нің командалық тілі арқылы жүргізіледі, ол дискіні басқару, мәліметтерді көшіру, файлдарды баспаға шығару, кез-келген программаны  іске қосу, қажетті жұмыс режимін орнату сияқты әр түрлі әрекеттерден тұрады.

          Дербес компьютерлер үшін операциялық жүйе бірнеше параметрлер бойынша өзгешеленеді. ОЖ:

Бір қолданушы және көп  қолданушылы (жүйемен бір мезгілде жұмыс жасайтын қолданушылар саны);

Бір есепті және көп есепті (ОЖ көмегімен кез-келген мезгілде шешіліп  шығарыла алатын есептер саны);

ОЖ-мен қолданушының байланысының базалық түрі (командалар түрінде диалог, меню тілінде диалог, графикалық көріністер түрінде диалог орнату);

Адрестік шинаның разрядтарының  саны (16,32 немесе 64);

Ең аз қажетті ресурстар, яғни оперативті және дискілі жадтардың  ең аз көлемдері, микропроцессорлар  класы қажет. 

Көп есепті операциялық жүйе бір мезгілде бірнеше програмаларды іске қосуға мүмкіндік береді. Бұл программалар бір-біріне кедергі келтірмей параллель жұмыс істейтін болады. Мысалы, бір программа әуен тыңдай отырып дайын құжатты баспаға шығарады, ал екіншісі жаңа құжатты форматтайды. Адрестік шинаның разрядтылығы жад көлемін анықтайды. Дербес компьютерлер үшін 32 разрядтық ОЖ-ні  қолданудың үлкен мәні бар:

  1. IBM фирмасы үшін OS/2;
  2. Microsoft фирмасы үшін Windows;
  3. Bell Laboratory корпорациясы үшін Unix;

      IBM PС үшін Windows операциялық жүйесі бірінші графикалық операциялық жүйе болып табылады. Windows жүйесінің ерекшеленетін белгілері:

  • 32-разрядтілі архитехтурасы;
  • Көп есептілігі және көп қолданушылығы;
  • Графикалық қолданушы интерфейсі;
  • Plag and Play технологиясы бойынша жаңа периферийлі құрылғыларды қосу;
  • Виртуальды жадты қолдану;
  • Бұрын құрылған программалық қамтамасыз етумен  сәйкестілігі;
  • Коммуникациялық программалық жабдықтардың бар болуы;
  • Мультимедиа жабдықтарының бар болуы;
  • Интернет глобальды желімен интеграциясы;

    Программалық өнімдерді өңдеудің қазіргі технологиясы обьект ұғымы негіз болатын объектілі-бағытталған программалаудың концепцияларында жұмыс жасайды. Интерактивті режимде жұмыс мүмкіндігі пайдаланушыға көрнекі графикалық саймандарды және әр түрлі көмектерді қолдануды ұсынады. Объектілі-бағыттаушы программалаудың фундаментальды мінездемелері:

  • Компьютерлік әлемде объектілермен жұмыс жасайды;
  • Компьютердегі есептеу объектілер арасында мәліметтер алмасу жолымен жүзеге асырылады. Объектілер хабарламаларды жіберу және қабылдау арқылы өзара әрекеттеседі.
  • Хабар беру – әрекет орындау үшін берілетін сұраныс. Әр объект басқа объектілерден тұратын байланыссыз жадтан тұрады;
  • Әр объект өзіне байланысты объектілердің қасиетін көрсететін класс болып саналады;
  • Класта объект тәртібі көрсетіледі, сондықтан осы класқа жататын барлық объектілер бірдей әрекеттерді орындайды;
  • Барлық кластар иерархиялық құрылымды құрайды.

Windows жүйелік ортасында әрекеттер тізімін орындау үшін:

  • объектіні ерекшелеу керек, яғни экранда осы объект белгісінде тышқанның сол жақ батырмасын шерту;
  • объект орындайтын әрекеттер тізбегінен меню көмегімен қажеттісін таңдау.

Файл деп ішкі жадыда белгілі атпен облысты алатын немесе программалар тізбегін айтады.

Windows жүйесінде кез-келген файл аты бар объект ретінде қабылданады. Файлға қойылған ат ондағы информациялар мазмұнын ашатын болуы керек.  Файл аты ұзын болуы және цифр, орыс және латын алфавитінің әріптерінен, әр түрлі символдардан, нүктелерден тұруы мүмкін. Файл қасиетін көрсететін параметрлер:

  • Тип, сақталынған мәліметтердің мазмұнын көрсетеді;
  • Файл өлшемі, дискілік кеңістіктен алатын көлемі;
  • Файлдың құрылған мезгілі мен уақыты;
  • Файлға соңғы өзгертулер енгізілген мезгіл мен уақыт;
  • Файл атрибуттары: архивтік, тек оқу үшін, жасырынды, жүйелік;

Файлдармен анықталған әрекеттер тізбегін қолдануға болады:

  • Файлды ашу;
  • Файлды сақтау;
  • Файлды қиып алу;
  • Файлды көшіру;
  • Дискіден файлды өшіру;
  • Файлдың атын өзгерту;
  • Файл үшін жарлық құру;

Бума Windows-та құжаттарды сақтауға арналған кәдімгі бума ролін атқарады және құжаттарды сақтауды тәртіпке келтіреді. Бума – объектілерді  сақтау қоймасы. Бумаға ат беріледі және ол файл аты сияқты ережелер бойынша жазылады. Бумалар мен файлдарға қолданған әрекеттердің тізбегін қолдануға болады: буманы құру, өшіру, атын өзгерту, көшіру, буманы басқа орынға жылжыту, буманы ашу және жабу.   

Жарлық – бұл белгілі бір объектімен тікелей қатынас жасауды іске асыратын сілтеме. Жарлық арқылы құжаттар мен программаларды тез іске қосуға болады. Windows-те бумалардың бағынышты құрылымы иерархиялық құрылымды құрайды. Жоғары деңгейде Рабочий стол деп аталатын объект орналасады. Екінші деңгейде Рабочий стол-да орналасатын объектілер болады. Стандартты түрдегі мұндай объектілерге Мой компьютер, Мои документы, Корзина және т.б. бумалар жатады. Басқа объектілер иерархия бойынша осы бумалардың ішінде болады.

Windows-те қолданбалы программалар қосымша деп аталады, мысалы: Paint графикалық редакторы, Проводник программасы, дискілермен жұмыс жасау үшін қажетті жұмыс программалары, антивирустік программалар және т.б. қосымшалар болып саналады.

Қосымшалар бір немесе бірнеше файлдардан тұрады және өзіне  тән аты бар бумаларда сақталады. Мысалы, ойын-қосымшасы бір файлда, Word  текстік процессор қосымшасы өзара байланысқан файлдар кешенінен тұрады. Бұл файлдар арасында жүктеу файлы деп аталатын басты файл болу керек.

Қосымшалар ішінде құрылған объектілер: мәтіндер, кестелер, суреттер, дыбыстар және т.б. болуы мүмкін. Windows ортасында мұндай объектілер құжаттар  деп аталады.

Интерфейс – құрылғылар, программалар және адам арасындағы байланысты ұйымдастыратын жабдықтар мен ережелер тізбегі. Дербес компьютер мен қолданушы арасындағы байланысты ұйымдастыратын интерфейс  қолданушы  интерфейсі деп аталады.

Графикалық  қолданушы интерфейсі – адам мен компьютер арасындағы байланысты ұйымдастыру үшін қолданылатын графикалық жабдықтар. Графикалық  қолданушы интерфейсінің мысалы бұл Windows интерфейсі.

Қолданушының графикалық интерфейсінің негізі – бұл ұйымдастырылған  және жақсы ойлап табылған терезелер  жүйесі. Терезе – экранда монитордың шектелген төртбұрышты көлемі, онда қосымша (қосымша терезесі), құжат (құжат терезесі), мәлімет (мәлімет терезесі) бейнеленеді. Сол сияқты жүйе параметрлерін көрсету үшін жұмыс жасайтын сұхбат терезелері болады.

Екінші графикалық объектіге тышқан көрсеткіші жатады. Экранның көлеміне байланысты тышқан көрсеткішінің түрі өзгеріп отырады: меню көлемінде бір түр, текстті енгізу көлемінде екінші бір түр, суреттер көлемінде үшінші бір түр және т.б. Ол, сонымен қатар, жүйе тәртібін көрсетеді: бос емес немесе бос.

     Мәлімет алмасу – бір объектіден екіншісіне мәлімет апару. Windows-те мәлімет алмасуды берілгендерді бір объектіден екіншісіне апару деп түсінеді. Осы процесс нәтижесінде объектілер өзгереді, бір немесе бірнеше бар объектілерден жаңа объектілер құрылады.

Windows ортасында мәлімет  алмасу тышқан көмегімен объектіні  “алып бару” және алмастыру  буфері OLE технологиясы арқылы жүргізіледі. Windows-те жұмыс жасағанда объектілерді  көшіру немесе бір орыннан  екінші орынға жылжыту қажет  болады. Объектілерді көшіргенде объект бұрынғы орында қалады, ал көшірмесі жаңа орынға орналасады. Қанша қажет болса, сонша көшірме алуға болады. Объектіні жылжытқанда ол жаңа орынға орналасады, бұрынғы орыннан өшеді. Көптеген қосымшаларда мәлімет алмасу тышқан көмегімен “алып бару” әдісі арқылы орындалады. Осы әдіспен көшіру және жылжыту әрекеттерін де орындауға болады.

Алмасу  буфері – жылжытылатын немесе көшірілетін мәліметтерді сақтап тұруға арналған жадының арнайы бір бөлігі. Тышқан көмегімен “алып бару” әрекетін экранда нұсқа қабылдаушыға алыс емес жерде орналасқан кезде қолдануға болады. Ол үшін қосымшалар терезесін жақын орналастыру қажет. Тышқан көмегімен жылжыту төмендегідей көрсетілген бойынша жүргізіледі:

  • Жылжыту керек объектіге тышқан көрсеткішін орнатып таңдайды. Тышқанның сол жақ батырмасын басулы күйінде ұстап бірнеше объектілер тобын да таңдауға болады (мысалы, мәтін бөлігін);
  • Сол жақ батырма басулы күйінде ерекшелінген объектіні таңдаған орынға жылжытады. Көшіру, жылжыту тәрізді орындалады, сол пернесін басулы күйінде ұстау керек. Бұл жағдайда жылжытылатын объект қосымша «+» таңбасы арқылы белгіленеді.

Алмастыру буфері көмегімен  мәлімет алмасу төмендегі көрсеткен  негізінде орындалады:

  • Жылжытуға немесе көшіруге қажетті объект ерекшеленеді;
  • Правка→Копировать немесе Правка→Вырезать командалары көмегімен объект алмасу буферіне орналасады;
  • Объект орналасатын орынды тышқан көрсеткіші көмегімен көрсетеді;
  • Объект көрсетілген орынға Правка→Вставить немесе Правка→Специальная вставка командалары көмегімен орындалады.

 

Windows программалық жабдықтарына:

  • Проводник программасы – ДК жергілікті және желілік ресурстарын көру-программасы, осы программа көмегімен қолданушы файлдық жүйеден кез-келген объектіні (бума немесе файл) іздейді және олармен қажетті әрекетті орындайды;
  • Windows-тың басқару саймандары – Панель управления бумасында орналасады. Бұл бума Пуск→Настройка→Панель управления командасы бойынша іске қосылады.
  • Қолданбалы мазмұндағы стандартты қосымшалар – Paint графикалық редакторы, WordPad мәтіндік редакторы, Блокнот, Калькулятор, Мультимедия,  Связь комплекс программалары;

Стандартты  қосымшалар  дегеніміз – дискіні тазалау, дискіні тексеру, дискіні дефрагментациялау, дискімен жұмыс жасау мастері және т.б.

        Windows Commander – бұл файлдық менеджер, яғни программа Windows ортасында файл мен жұмыс жасау үшін арналған. Өз мүмкіншілігіне қарай ол Сілтеуіш программасындағы файлдық менеджерден жақсырақ тұрғызылған және оның сыртқы көрінісі мен интерфейсі Norton Commander-дағы MS-DOS программасына ұқсас, осы программаның ең жақсыларын қосып атқарады.

Windows Commander-дың мүмкіншілігі:

  • Windows Commander көп командаларын қарапайым пернелерді басу арқылы орындауға болады, Norton Commander-ге ұқсас;
  • Drag & Drop қолдауы, сілтемеге ұқсас (бар объектіні тышқан сілтемесі арқылы апару);
  • көшірімді кеңейту, ауыстырушылық, атын өзгерту және файл мен ағаш каталогын жою;
  • файлдық архивпен жай директория сияқты жұмыс жасау, файлды тез арада архивке көшіруге болады немесе архивті дискке және файлды архивтен жоюға болады (ішіндегі архивті модификациялау);
  • Windows Commander меню командасына өз программасын жіберіп қосуға болады;
  • программа жіберу үшін командалық жолға MS DOS-тағыдай әр түрлі   параметрлер көрсетіледі;
  • файл іздеудегі функцияның кеңеюі;
  • текстегі файл тұрғызуын қарау (F3 пернесімен шақырылады) және он алтылық форматтағы  DOS кодының мүмкіншілігін Windows-тағыдай;
  • ZIP форматындағы файлды орамдау;
  • сыртқы программа жіберу үшін панель аспабын күйге келтіру және   Windows Commander-дың орындалуы;
  • Windows Commander программасындағы негізгі меню программасын жөнге келтіру;
  • ZIP, ARJ, LZH, GZ, TAR, RAR және ACE архиві сыртқы программа үшін қосылуы;
  • желілік, локальдық және Интернет ресурстарымен сізді компьютеріндегі диск секілді жұмыс.

Информация о работе Операциялық жүйелер