Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2013 в 18:29, реферат

Краткое описание

Біздің саяхатымыз Алатау сілемінің адам аяғы жете қоймаған, игерілмеген әйтседе шалғынды жайлауы бар айбынды да маңғаз Үшқоңырдағы қарапайым қойшы үйінен басталады. Тағдырдың жазуымен кейін тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті болған көшпенділер ұлының дүние есігін ашуы үшін бұдан лайықты жерді елестетудің өзі қиын-ақ. Бұл жерлер кей замандарда қазақтың өзі жау қолында қалып, жат жерліктердің илеуіне түсіп, қанауына ұшырап отырса да, тек қайсар жанды көшпенділерге ғана бағынған сияқты. Осындай ауыр кезеңдердің бірінде сол кезде Қазақ Кеңес Республикасы деп аталған елде 1940 жылғы 6 шілдеде Нұрсұлтан атты бала дүние есігін ашты.

Содержание

І. Кіріспе
ІІ. Нұрсұлтан деп ат қойдым...
ІІ.І. Шыққан тегі мен балалық шағы
ІІ.ІІ. Еңбек жолының басталуы
ІІ.ІІІ. Тәуелсіз Қазақстанның танымал көшбасшысы
ІІІ. Қорытынды бөлім
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Назарбаевқа.docx

— 47.92 Кб (Скачать документ)

«Астана Медициналық  Университеті» АҚ

Қазақстан тарихы кафедрасы

 

 

 

 

СӨЖ

Тақырыбы: Нұрсұлтан  Әбішұлы Назарбаев

 

 

 

 

 

                                                   Ізденуші: Міран М.Қ

                                                  Жетекші: Карбозов Ә. Е.

 

 

Астана 2011

 

Мазмұны

І. Кіріспе

ІІ. Нұрсұлтан деп ат қойдым...

  ІІ.І. Шыққан тегі мен балалық шағы

ІІ.ІІ. Еңбек жолының басталуы

ІІ.ІІІ. Тәуелсіз Қазақстанның танымал көшбасшысы

ІІІ. Қорытынды бөлім 

 ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Біздің саяхатымыз Алатау сілемінің адам аяғы жете қоймаған, игерілмеген әйтседе шалғынды жайлауы  бар айбынды да маңғаз Үшқоңырдағы  қарапайым қойшы үйінен басталады.  Тағдырдың жазуымен кейін тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті болған көшпенділер ұлының дүние есігін ашуы үшін бұдан лайықты жерді елестетудің өзі қиын-ақ. Бұл жерлер кей замандарда қазақтың өзі жау қолында қалып, жат жерліктердің илеуіне түсіп, қанауына ұшырап отырса да, тек қайсар жанды көшпенділерге ғана бағынған сияқты. Осындай ауыр кезеңдердің бірінде сол кезде Қазақ Кеңес Республикасы деп аталған елде 1940 жылғы 6 шілдеде Нұрсұлтан атты бала дүние есігін ашты.                                                                      Біздің мақтанышымыз, барша әлем таныған халқының асыл перзенті, Алатаудың асқар шыңдарынан биікке ұшып шыққан ақиығымыз, абзал азаматымыз, зор кемеңгеріміз Қазақ халқына тәуелсіздік әперді, еркіндік берді. Қазір, міне Қазақстан 1991 жылдан бері әлем таныған дербес мемлекетке айналды. Анық нұрлы күн астында көк байрағымызды көкке желбіретіп, ауылда да, қалада да алаңсыз еркін көңілмен жүріп жатырмыз. Малымызды бағамыз, егінімізді саламыз, көп жерде өнеркәсібімізді өрге бастырамыз, мәдени, рухани өмірімізді гүлдендіреміз, қадір қасиетімізді, салт дәстүрімізді сақтаймыз – бәрі де өз тіршілігімізге, өз іскерлігімізге байланысты.                                                                                                       Бұл күнде дүние жүзінің 40 – аса елінде Қазақстан елшілігі мен өкілеттілігі орналасқан. Ал, Қазақстанның өзінде 60 – қа тарта елдердің елшілігі мен өкілеттілігі бар. Қазақ елінің осындай биік дәрежеге көтерілуі Президентіміздің биік беделі мен асқан абыройының арқасы. Оны ешкім жоққа шығара алмайды.                                                   Қазақ елі өркендеуде, өсуде. Бұл үдеріс тоқтап қалмақ емес. Елімізді бүкіл әлем таниды, тамсанады. Біз қазақ екенімізді мақтанышпен айта аламыз.

Нұрсұлтан деп  ат қойдым...

Шыққан тегі мен  балалық шағы

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев  1940 жылы 6 шілдесінде Іле Алатауының бөктеріне жақын орналасқан Шамалған ауылында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында дүниеге келді. Оның дүниеге келгені еленіп ескерілмегенде болар ма еді. Алайда жергілікті шапырашты руының дәстүрі мен наным сенімінен хабары бар адамдар үшін бұл баланың тууы тағдырдың өзінше бір құпиясы белгілері мен мистика таңбасын ала келді. Құпия белгісі сол – баланың шыққан тегін тұқым арасы үзілмеген баһадүрлер мен рубасылары құрады. Ал мистиканың мәні Нұрсұлтанның бір балаға зар болған ата – анасының жергілікті қасиетті кісінің зиратына түнеп, Алладан ұл сұрап, сол арманы тоғыз айдан кейін орындалғаны еді.       Қазақ отбасының дәстүрін ұстанған ұл жеті атасына дейін санамалап, оның әрқайсысының тарихын жатқа айтуы тиіс. Нұрсұлтан бес жасқа толмай жеті атасын жатқа айтты, Оның ішіндегі атақтысы – бабасының бабасы ХҮІІІ ғасырда ата мекенді жоңғап шапқыншылығынан қорғап, аты аңызға айналған Қарасай батыр (1703-1753)  болатын. Ал тегіне атасы Назарбайдың есімін алды. Ауқатты әрі елге сыйлы болған ол 1900 жылы жергілікті төбебилікке сайланады. Жабық дауыс беру кезінде 58 рубасының 30-ы оны қолдап шығады. Сайлауда қиындықпен қол жеткізген қазылық тарихын немересінің құлағына құйып өсірген Назарбайдың жесірі Мырзабала шаңырақтың кәрісі еді. Әжесі өзінің шексіз мейірімімен немересіне жіпсіз байланып қалғандайды. Отбасылық билікті өз қолына алған ол Нұр сұлтан туылған бойдан ақ өз бауырына салып, анасына тек емізуге ғана беретін. Тәй – тәй басқан кезде Мырзабала оған, ұзап кетпеуі үшін,шалбар орнына қап кигізіп қоятын болыпты. Нұрсұлтанның әкесі Әбіш, бұл отбасы тарихына тән болмасада керек кезінде мәнезән көрсете алатын адам болғанмен, тумысында татушыл еді. Бедеу болып, алғашқы тұрмыс құрған жылдарында бір балада таппағандықтан әйелі Әлжаннан айырмақшы болған әжесі Мырзабала мен басқа да ағайындарының сөзін тыңдамаған көрінеді. Ауыл тұрғындары арасында баласыздық бақытсыздық деп саналып, бетке басылса да, Әлжанды айнымай сүйеді. [2. 19-20б]                Ер баланың дүниеге келуі ата – ананың өмірін қуанышқа толтырып, аштық пен ұжымдастыру қасіреті, 1930 жылдардың соңындағы жаппай саяси қуғын сүргін зобалаңы  артта қалғандай болды. [7. 13б ]     Баласы дүние есігін ашқанда әкесі Әбіш мал соңында, алыста еді. Ол таудан түскенде «Ұлды болдың, әке болдың!» деген алғашқы сүйінші хабарды естірткен Шамалғанның Тоғайбаева деген егде әйелге «Сүйіншіге сүйген затыңды ал!» деп отбасындағы ең бағалы заты «Зингер» тігін машинкасын береді.              Шамалған атауы қазақтың «шам, яғни жарық» деген сөзінен шыққан. Нұрсұлтан, Сатыпалды, Әмина, Болат: төрт бала дүниеге келді. Әбіштің басты мақсаты осы отбасын асырау еді. Ұжымшар берген жалақы жетпеді. Сондықтан Әбіш қосымша шаруашылық жер тырмалап, мал өсірді. «Менің әкем не қаласа, соны өсіре алатын» - деп еске алады Болат Назарбаев.   [2.24-25б]             Нұрсұлтанға тіл үйренуге бейімділік, басқа ұлттардың мәдениетін, дәстүрін құрметтеу әкесінен қалған. Ол бес жасқа келгенде оның өмірінде екі маңызды оқиға болды. Әжесі қайтыс болып, өзі мектеп табалдырығын аттады. Шамалған ауылдық мектебінің табалдырығын аттағаны да жадында сақталып қалды. Жетпіс оқушыны үш сыныпқа бөлді. Қазақ сыныбында оқыған жеті баланың бірі ең үздік оқушы Нұрсұлтан болатын. [4. 158-159б]  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мектепте оқыған жылдары елдегі білім жүйесіндегі күрделі өзгерістермен сәйкес келді: 1949-1950 жылдары Қазақстанда жалпы міндетті білім беретін жеті жылдық оқу жүйесі енгізілді; Алматыда, облыс қалаларында және ірі өнеркәсіп орталықтарында жалпыға ортақ білім беретін онжылдық білім беру жүйесіне өту жүзеге асырылды. 1956-1957 жылдары мектептерге еңбек сабағы енгізіліп ауылдық мектептерде ауыл шаруашылығы, ал қала мектептерінде машина тану және электртехника саласынан оқу шеберханаларында тәжіриебелік сабақтар өтті.      Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жас кезінен қоғамдық өмірге белсене араласты. Ол жоғары сыныптарда жергілікті жас натуралистер үйірмесінің мүшесі болды. Бұл қозғалыс оқушылардың қоғамдық белсенділігінің үлгісі еді. Олар жыл мезгіліндегі табиғат құбылыстарын бақылауға күнделіктер арнап, биология кабинеті үшін көрнекті оқу құралдарын дайындады. Сонымен қатар ағаштарды залалсыздандырып зиянкестермен күресу әдістерін оқып, өзендер мен көлдер, жануарлар мен өсімдіктер әлемі  туралы мәліметтер жинаумен шұғылданды. Жастайынан кітап оқуға құмар болатын, Қайсыбір ағайыны Алматыға саудалап бара жатса кітап ала келуді тапсыратын. Әдетте ол кітаптар Абай сияқты қазақ авторларының классикасы болатын. Дегенмен орыс тілінде кеңінен меңгерген Нұрсұлтан Толстойды, Чехов пен Пушкинді өз тілінде оқи бастады. Жоғары сыныпта еуропалық авторлардың орысшаға аударылған, әсіресе Оноре де Бальзак, Виктор Гюго мен Жюль Верн тарихтарын құныға оқып шықты.             1945 жылы Әбіш ауыл шетінен екі бөлмелі үй тұрғызды. Бұрыштардың бірінде Нұрсұлтан кешқұрым сабаққа дайындалатын үстел тұратын.    1956 жылы Шамалған мектебі жеті балаға бола қазақ сыныбын ұстап тұра алмаймыз деп жариялағаннан кейін, Нұрсұлтан мен оның достары алдында қиын таңдау тұрды. Не осында қалып, оқуды орыс тілінде жалғастыру, не бес мильдегі Қаскелең қаласына қазақ тілінде оқытатын анағұрлым үлкен мектепке көшу.          1957 жылы қыркүйекте Назарбаев Қаскелең мектебіне ауысты. Жаңадан келген оқушыны мұнда жақсы қарсы алды.      1958 жылы мектеп бітірген 18-жасар Нұрсұлтанға Кеңес Одағының ең мәртебелі университеттері есігін ашты. Химик ғалым боламын деп армандаған еді ол. Алайда бәрі басқаша қалыптасты. Асқақтығына, еңбек сүйгіштігіне қарамай Нұрсұлтан ақыры Мәскеуге де барған жоқ, университеткеде түскен жоқ. Оның орнына әбден ойланып, нәпақа табуға үйінде қалды. Мұндай қадамға ол, қиялына соншалық қанат бітірген, өмірін түбегейлі өзгертіп жіберген мектеп қабырғасынан алып оқыған кітаптың арқасында барды. Ол кітап «Құрыш қалай шынықты» деп аталатын.

Еңбек жолының  басталуы 

1940 жылдардағы өрімтал  жастардың өмірге бейімделуіне  аға ұрпақтың майдандағы ерліктері  мен тылдағы жанқияр еңбектері  үлгі болды. Тұрмыстың қиындығын  көрген өскелең ұрпақ өмірдің  түрлі түиткілдерін ұғына білуге ерте дағдыланып, адами құндылықтарды ерекше мән беріп өсті. Олар жарқын болашаққа деген сеніммен оқып, білім жинапбойындағы күш қуатын халық игілігіне жұмсады.          Мектепті үздік және жақсы бағалармен тәмамдаған Нұрсұлтан Назарбаев маңдай тері тамшылап еңбектенетін металлург мамандығын таңдады. Қолға алған ісіне тиянақты, әділ де ашық жарқын мінезге ие, жалынды жас айналасындағы адамдарды қөзіне бірден тартатын. Туа біткен ерекше мінез оның өмір жолында үнемі байқалды және Днепродзержинск №8 техникалық училищесінде бірге оқыған украиндық жолдастарының жадында жарқын бейнесі жатталып қалды.       Днепродзержинск училищесін тәмамдаған Н. Назарбаев сегізінші разрядты металлург деңгейін алып шықты. Сол уақытта ең жоғары деңгей оныншы разряд болатын. 1958 жылдың қарашасынан білім алып жатқан училище тәрбиеленушілерінің мінез құлқын тәлімгерлер жақсы танып білген еді.               Қазақстан сол жылдары одақтағы аграрлық республикадан өндірістік аграрлық республикаға айналды. 1960 жылдың мамырынан Н. Назарбаев Қарағанды облысының Теміртау қаласындағы «Қазметаллқұылыс» тресінің «Доменстрой» құрылыс басқармасына жұмысшы болып қабылданды. 1960 жылы шілдесінен домна цехының машиналарына шойын құюшы, содан соң Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия зауытындағы домна пешінің көрікшісі болды. 1965 жылдан Қарағанды металлургия комбинатында домна цехының диспетчері, домна пешінің газ айдаушысы, домна цехының аға газ айдаушысы болып жұмыс істеді.         Оның бойынан білімге деген құштарлық үздіксіз ізденіс, ісіне деген адалдық, тиянақтылық айқын байқалатын. Қазақстанның болашақ Президенті «Қара металлдар металлургиясы» мамандығы бойынша білім алудың қажетті сатылары Қарағанды политехникалық институтын, кейіннен Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникплық оқу орнын тәмамдап, 1967 жылы инженер біліктілігін алды. Сол уақытта студенттерге таңдаған мамандығы бойынша өндірістік тәжіриебеден өту ұсынылатын.  1960 жылдың З шілдесінде Орта Азия мен Қазақстандағы жалғыз домна пеші іске қосылды. Бұл күн Қазақстан Магниткасы Қарағанды металлургия комбинатының туған күні ретінде тарих қойнауына енді.    Қазақстан Магниткасы металлургия саласында ұлттық жұмысшы кадрлары мен мамандарының қалыптасуына ықпал етті. Еңбекпен пісіп жетілу болашақ көшбасшының адамгершілік мінезін қалыптастырды. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жұмыс істеген бригаданың құрамында татар,орыс, украин сынды ұлт өкілдері болды. Көпұлтты ұжымда оқып, жұмыс істеу тәжірибиесі болашақ саясаткердің бойында адамды еңбегі мен қабілетіне қарап бағалайтын қасиет қалыптастырды. Бұл тәжірибие арада көп жыл өткен соң Н. Ә. Назарбаев жүргізген ұлтарарлық келісім саясатынан көрініс тапты.             1962 жылы елдегі жалғыз саяси партия Кеңес одағының Коммунистік партисы мүшелігіне қабылданды. Теміртау жастары оны Қазақстан комсомолының Х сьезіне (1962 ж) және БЛКЖО ХVI сьезіне (1970 ж) өздері сенген өкіл ретінде сайлады.           Н. Ә. Назарбаев одақтас республиканың металлургия саласы жөніндегі «Стальной профиль Казахстана» атты кітабын жазды. Қазақстан магниткасы Кеңестік Қазақстан өндірісінің көшбасшысына айналды. 1958-1977 жылдары Комсомол 46 бүкілодақтық және 180 республикалық екпінді комсомол құрылыстарына жетекші болды. Олардың қатарына Қарағанды металлургиялық комбинаты, Соколовв Сарыбай тау кен байыту комбинаты, Ертіс Қарағанды каналы, «Медеу» спорт кешені кірді. 1962 жылы жас металлург саяси аренаға алғаш рет қадам басты. Н. Ә. Назарбаев республика комсомолы Х сьезінің делегаты болды. 1973 жылы қазан айында Н. Ә. Назарбаев өзі еңбек еткен Қазақстан магниткасына партком хатшысы қызметіне келді. Қазақстан Лениншіл Коммунистік Жастары одағының ХІІ сьезі 1970 жылғы 11-12 наурызда Алматы қаласында өтті. Теміртау қалалық комсомол комитетінің бірінші хатшысы Н. Ә. Назарбаев Қарағанды облысының делегаттары құрамында болып, Қазақстан ЛКЖО ОК мүшесі болып сайланды. Н. Ә. Назарбаевтыңадами қасиеті мен саяси жұмыстағы тәжірибиесі, өндіріс тілін түсінуі Қарағанды металлургиялық комбинатындағы еңбек жолынан айрықша байқалды. 1973 жылдың қазанымен 1977 жылдың наурызы аралығында жалпыодақтық комбинатта партия комитетінің хатшысы қызметін атқарды. Жарқын тұлға Н. Ә. Назарбаев жинақталған саяси және іс тәжірибиесін (1977 жылгы наурыз-желтоксан ) Қарағанды облыстық партия комитетінің хатшысы, (1977 жылғы желтоқсан -1979 жылғы желтоқсанда) облыстық партия комитетінің екінші хатшысы қызметтерін атқарғанда кәдеге асырды.       Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының грамотасы (1962 ж), Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Құрмет грамотасы (1971 ж.) Н. Ә. Назарбаевқа еңбегі үшін үкімет тарапынан берілген алғашқы марапаттар. Кеңестік кезеңде Н. Ә. Назарбаевтың еңбектегі ерлігі «Қажырлы еңбегі үшін В. И. Лениннің 100 жасқа толу құрметіне» мерекелік медалімен (1970 ж.), «Құрмет белгісі» орденімен (1972ж.), Еңбек Қызыл Ту орденімен (1980 ж.), «Тың жерлерді игергені үшін» (1984 ж.) медалімен марапаттау арқылы айшықталды. Н. Ә. Назарбаев өзін сайлаған адамның үмітін ақтап, жеке құлықтағы принципшілдік пен өзіндік тәртібі оған оның саяси өмір жолы куә болды.

 

Тәуелсіз Қазақстанның танымал көшбасшысы

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев  Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті. Әлемдік аренада Елбасымызды танымайтын мемлекет жоқ. Президентіміз өз еліне адал қызмет етіп келеді. Қазақстан жаңа заманға қадам басты. Бәсекеге қабілетті елдер қатарына кірді. Тәуелсіздік алған жиырма жыл ішінде талай белестерді бағындырдық. Елбасына деген қазақ халқының сенімі шексіз.

Қазағымның нар ұлы

Сәлем саған, қазағымның Нар  ұлы,                                                                                          Болсын сендей ұлтымыздың бар ұлы                        Табиғаттың заңы бірдей болмауы            Дәл өзіңдей қайраттыды қажырлы.

          Батыр бейне, нұрлы жүзді, ақмаңдай,                                  Қыран көзді – инабат от шашқандай       Екі тілде – Ақ Есілдей ағасың,                                               Жүйріктігің Құлагерім шапқандай.                                        

Президент те ет – сүйектен жаралған           Анасының ақ сүтінен нәр алған                         Туысына, қандасына тартпайтын,             Сенбеймін мен табылар деп сондай жан. – деп өз елі Патшасының жасап отқан жақсылығына рахмет айтып, өлең жолдарын жолдайды. Халқының ризалығын алып отқан Елбасы Қазақстан елімен бірге, әрқашанда бірге келеді. Туған елінің тұғырын биікке асқақтатып, бүкіл елге танылтты. Қазақ деген елдің бар екенін әлем білді. Экономикасы мен саяси жағдайы бірқалыпты мемлекет бүгінде кемде кем. Ал осынау кең байтақ елде қаншама ұлт өкілдері тұрады және олар бір бірімен тату тәтті тұрады. Түрік еліндегі қандастарымызда Елбасымызға арнап өлең жолдаған екен:

Нұрсұлтан дана

Президенті болдың туған  еліңнің,            Ода жырмен сансыз тілде төгілдің               Жерұйыққа айналдырып жеріңді             Бостандықтың жолы болып өрілдің.

Күнге қарай заман көшін  бастадың                                                                       Нұрға бөлеп атамекен аспанын                                                                                Нұрсұлтаным – ұлы тұлға десе ел                                                                                      Әр жүрекке сәулелі нұр шашқаның

Сүйеді ел өз халы мен  өз жерін,                                                                        Ардақтайды ана тілдің өрнегін.                                                                              Тұрағы оның жұмақтың нақ төрі                                                                          Дархан жанды, шарықтаған атағы.                                                            

Тәңіртаудай биіктігі еңселі,                                                                                     Көсемім деп пір тұтады ел сені.                                                                         Даңқ қосып, Қазақстан даңқына                                                                          Гүлге орады туып, өскен өлкені.

Күш қайратын ұқсатамын алыпқа,                                  Нұрлы ертеңге жол нұсқады халыққа                                                                                    Бүгінгі күн өлшемімен асқақтап,                                                                                                           Мәңгілікке жазды атын тарихқа                                                                                                                                                                                                                                                                       

 

 

 

 

 

Қорытынды

Тарихты жасайтын тұлғалар тағылымы өскелең ұрпақтың ұлт мүддесіне қызмет етуіне жол ашып қана қоймай, әлемдік өркениеттің дамуына ықпал етеді. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін Н. Ә. Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан халқы ынтымақтасып, жалпыұлттық, ұлтаралық бірлікті нығайтуға, рухани мәдени жаңғыыртуға қол жеткізді. Еліміз «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасын қабылдап, өзіндік даму жолын таңдады. Қысқы мерзім ішінде елімізге Кеңес империясынан мұра болып қалған көптеген өткір де өзекті мәселелердің шешімі іздестіріліп, саяси, экономикалық және әлеумттік мәдени салаларда реформалар жүргізуге кірістік. Президент қызметінің негізілуі елімізде терең саяси реформалар жүргізуге мүмкіндік берді. Н. Ә. Назарбаев еліміздің Қарулы күштерін құрды. Ел президенті тарихқа «Бейбітшілік миссиясы» ретінде енген, Семей ядролық полигоны жабу секілді ғаламдық маңызға ие шараларға қол жеткізді. Қазақстанның кең байтақ даласының мемлекттік шекарасы межеленді. Индустриалды – инновациялық даму бағдарламасы өмірге енгізіле бастады. Қазақ елінің дәл, жүрегінен, Еуразия кіндігінен қазақстандықтардың мақтанышы әрі кейінгі ұрпаққа тарихи мұра болар Астана бой көтерді. Н. Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасы мен оның Астанасын бүкіл әлемге паш етті.                             Президенттің елдік сананы жаңғыртып орнықтыруды, тәуелсіздікті баянды етуі қазақстандықтарға еркіндік бақытын сезіндірді. Салмақпен жүргізілген ұлттық саясат адамдар көңіліне сенім ұялатып, тәуелсіздігімізді тұғырлы етуге бағыттады. Қазіргі Қазақстанның негізін қалаушы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев турал айтқанда нарықтық экономикасы мен бейбітшілікке негізделген сыртқы саясаты бар зайырлы, демократиялық қазақ және басқа да ұлт өкілдерінің ынтымақ-бірлігі жарасқан еліміз еске түседі. Қазақстан БҰҰ, ЮНЕСКО, ЕҚЫҰ секілді беделді ұйымдардың мүшесіне айналды. Тәуелсіз мемлекетіміздің іргетасы қаланды. Қазақ елі бүгін әлемдік қауымдастықтың лайықты мүшесі ретінде дамуда.

Информация о работе Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев