Мультимедиялық қосымша

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Октября 2013 в 15:54, лекция

Краткое описание

Мультимедианың әртүрлі ұғымдары қарастырылған:
• Мультимедиа - әртүрлі ақпараттарды өңдеу құралдарын жасау қызметі және оларды қолдану тәртібін суреттейтін технология;
• Мультимедиа – компьютерлік-аппараттық қамтамасыз ету (компьютерде компакт-дисктерді, дыбыстық және видеоплатаны оқитын құрылғы CD-ROM Drive болуы қажет, оның көмегімен дыбыстық және бейнеақпаратты, джойстикті және басқа арнайы құрылғылардың дыбысын шығарып, естіп, көруге болады);
• Мультимедиа – ақпаратты ұсынудың бірнеше құралдарын бір жүйеге біріктіру. Қарапайым түсінік бойынша мультимедиа дегеніміз - ақпаратты ұсынудың мәтін, дыбыс, графика, мультипликация, видеобейне және жазықтықтағы кескіндеме сияқты құралдарын компьютерлік жүйеде біріктіру. Құралдардың бұлай бірігуі ақпаратты қабылдау сапасының жаңа деңгейін қамтамасыз етеді: адам тек қана жай көріп отырмайды, болып жатқан оқиғаға белсенді қатысады. Мультимедиа құралдарын қолданатын бағдарламалар көпмодальды, яғни олар бірнеше сезім мүшелеріне бір уақытта әсер етеді, сондықтан ауд

Прикрепленные файлы: 1 файл

Тақырып 02 Мультимедиялық қосымша.doc

— 165.50 Кб (Скачать документ)

1-кестеде мультимедиалық қосымшалардың негізгі ұғымдары мен олардың түрлері ұсынылған.

 

1-кесте. Мультимедиалық қосымшалардың негізгі ұғымдары

Мультимедиалық қосымшаның түрі

Ұғымы

Презентация

Презентация - аудиокөрнекі құралдарды қолдана отырып, ақпаратты көрнекі  түрде ұсыну тәсілі.  Презентация - бір ортаға жинақталған компьютерлік анимация, графика, бейне, әуен және дыбыстық қатар. Презентацияның сюжеті, сценариі және ақпаратты ыңғайлы түрде қабылдауға ұйымдастырылған құрылымы болады.

Анимациалық роликтер

Анимация - мультимедиа технологиясы; қозғалатын бейне әсерін тудыратын кезекті суреттердің көрсетілімі. Қозғалатын бейне әсері секундына 16 бейнекадрды ауыстыру жиілігінен туындайды. 

Ойындар

Ойын - ойын-сауық қажеттіліктерін  қанағаттандыруға, демалуға, белгілі  бір дағдыларын, іскерліктерін жетілдіруге  бағытталған мультимедиалық қосымша болып табылады.

Бейнефильм және бейнеойнатқыштар

Бейнефильмдер – қозғалатын бейнелерді жасау және көрсету технологиясы. Бейнеойнатқыштар- бейнефильмдерді  басқаратын бағдарламалар.

Мультимедиа галереялар

Галереялар- суреттер жинағы

Дыбыстық файлды ойнатқыштар (сандық дыбыс)

Дыбыстық файлдарды ойнатқыштар - сандық дыбыспен жұмыс істейтін бағдарламалар. Сандық дыбыс- амплитуданың дискретті сандық мәндері көмегімен электр дыбыс белгісін ұсыну тәсілі.

Web-қа арналған қосымшалар

Web-қа арналған қосымшалар – бұл жеке веб-парақтар, олардың құрамы (мәзір, навигация т.с.с) мәліметтерді беруге арналған қосымшалар, көпарналы қосымшалар, чаттар және т.б.


 

Мультимедиалық қосымшалардың  құрылу технологиясын оқығанда олардың қалай жасалу жолдары көрсетілген сценарий жасалады. Осыған байланысты логикалық салыстыру нәтижесінде әр мультимедиалық қосымшалар әртүрлі компоненттен тұратындығын анықтаймыз. Мультимедиалық қосымшалардың құрамына байланысты оларды мынадай компоненттерге бөлуге болады:  мультимедиалық қосымшаларға тақырып таңдау, жұмыс орындарын белгілеу (масштабын, фонын), кадрлар, қабаттарды пайдалану, түрлі типті символдар құрастыру, бағдарламалау тілінде скриптер жазу және айнымалыларды қосу, дыбыстық файлдармен жұмыс, тақырып қосу, эффектілер жасау, кескіндерді шығару және пайдалану, кітапханадағы дайын компоненттерді пайдалану,  мәтінді белгілейтін және скриптік тілді пайдалану.     

Сонымен қатар, мультимедиалық қосымшаларды мынадай төменгі ішкі түрлерге бөлуге болады. Мультимедиалық қосымшалардың ішкі түрлері туралы негізгі түсінік төмендегі 2-кестеде көрсетілген.

2-кесте. Мультимедиалық қосымшаның ішкі түрлері туралы негізгі түсінік

Презентация:

  • Сызықтық презентация –күрделі график, бейнеқосымша, дыбыстармен қамтылған динамикалық ролик.
  • Интерактивті презентация – арнайы қолданушы интерфейсі арқылы басқарылатын және иерархиялық принциппен құрылымданған мультимедиалық компоненттердің жиынтығы.

Анимация:

  • Кадрлік анимация –суреттердің қозғалуынан әсер қалдыратын кадрлық бейнелердің ауысымы.
  • Бағдарламалық анимация – сурет бағдарламаланған тізбектің көмегімен өзгертілетін анимация (яғни айнымалы және алгоритмнің көмегімен). Негізгі объектілердің суретін салу қолдан жасалады және олардың коллекциялары мен галереяларын шығару үшін, қандайда бір бағдарламалық тілдердің мүмкіндіктері қолданылады.

Ойындар:

  • Ойын-сауық ойындары – бос уақытты өкізуге арналған бағдарламалар.
  • Үйрету ойындары – пайдаланушыларға өздерінің білімін көтеру үшін әртүрлі саладан жеңіл ойын түрінде жасалған бағдарлама.

Бейнеойнатқыштар:

  • Кадрлы фильмдерді қалыптастыру – қозғалыс әсерін туындататын суреттердің, кадрлардың тізбектері, кескіндерді дайындау және орналастыру.  
  • Бейнелер ағынына арналған бейнеойнатқыштар – бейнеойнатқыштарды қалыптастыру, avi, mpeg және т.б. бейне форматтық ағындарды қосатын ойнатқыштарды қосқанда ағынды басқауға мүмкіндік пайда болады (мысалы, жіберу, тоқтату және бейнеүзіндінің басына оралу сияқты бұйрықтарды қолдану).

Мультимедиалық галерея:

  • Кадрлық бейнелерді ауыстыру – белгілі бір уақыт аралығында бейнелерді ауыстыру тәртібі.
  • Панорама – кең және көпсалалы кеңістікті еркін бағдарлауға бағытталған.
  • Интерактивті галерея – қолданушылады басқаруға мүмкіндік беретін галерея (навигация бейнелеуге).

Дыбыстық ойнатқыштар:

  • Бір дыбысты файл ойнатқышы – мультимедиалық қосымшаға wav, mp3 форматты дыбыстық файлдарды қосу және оны жүктеу.
  • Әртүрлі дыбысты файлдар ойнатқышы – бір дыбысты файлдар ойнатқыштарына     ұқсас, бірақ орындалу тізбектері арасында қосылу сияқты мүмкіндіктерді қосуға болады.
  • Жан-жақты (виртуальды) музыкалық құралдар – нағыз музыкалық құралдарды бейнелеу.

Web-қа арналған қосымша:

  • Баннерлар – Интернеттегі графикалық кестелеу немесе жарнамалар блогындағы мәтін, веб-параққа сілтеме жасау арқылы өнімдер мен қызметтер кеңінен толықтырып жазылған. Баннерлерді веб-парақтарға келушілерді тарту үшін немесе имидж қалыптастыру үшін орналастырады. 
  • Мәліметтерді тасымалдауға арналған қосымша (мысалы, қонақтар кітабы).

 

Қазіргі уақытта мультимедиалық өнімді құру үшін көптеген техникалық құралдар бар. Құрастырушы – өңдеуші гипермәтіндік беттерді құру үшін қолданылатын редактор бағдарламасын таңдау қажет. Көпфункциональды мультимедиалық қосымшаны құруға мүмкіндік беретін көптеген мықты өнімдерді атауға болады. Олар: Macromedia Director, Macromedia Flash немесе Authoware Professional сияқты жоғарғы профессиональды пакеттер, ал FrontPage, mPower 4.0, HyperStudio 4.0 және Web Workshop Pro сияқты пакеттер қарапайым болып табылады. Мұндай құралдарға Power Point және мәтіндік редакторларды (мысалы, Word) жатқызуға болады. Сонымен қатар мультимедиалық қосымшаны өңдеу ортасы Borland Delphi бағдарламасы болып табылады.

11.Сабақтың мазмұны:

11.1.Өз бетімен атқарылатын  тәжірибелік жұмыс.

1 - тапсырма. Power Point  бағдарламасында қарапайым анимацияланған эффектілерді пайдаланып, күрделі анимацияланған суреттерді жасау.

1.Физикада анимация «Дененің қозғалысы». Файлдан сурет қойыңыз.

2.Тракторда соқтығысуға дейін және кейін  «Пути перемещения» анимация эффектісі таңдалынады. Анимациядан соң – жасыру керек.

3.Велосипедшіде соқтығысуға дейін «Пути перемещения» анимациясы, ал кейін «Вылет за край листа» анимациясы таңдалынады.

 

 

2 - тапсырма. Презентацияға музыка қою.

1-қадам. Музыка қою.

1.Презентацияға музыка кірістіру өте оңай. Әрине, алдымен музыкалық файл қажет. Оны интернеттен алуға болады. Музыкалық файлды презентациямен бір папкада орналастыру керек және презентацияны басқа компьютерге көшіргенде де ұмытпаңыз!

2.Дыбыс қойылатын слайдты таңдаңыз.

3.Вставка мәзіріндегі Клипы мультимедиа тобынан Звук деген белгіні табыңыз және Звук деген жазудың астындағы үшбұрышты басыңыз. Дыбысты файлдан таңдаңыз.

4. Вставка звука сұхбат терезесінде қажетті файлды таңдап OK басыңыз.

5. Жаңа сұхбат терезесінде автоматты түрде пайда болған  кнопканың біреуін таңдаңыз.

6. Презентация слайдында мынадай белгі пайда болады.

2-қадам. Дыбыс параметрлерін баптау.

1.Презентацияны музыкамен сүйемелдеу параметрлерін баптау үшін дыбыстық объектінің белгісі (граммофон) ерекшелену қажет.

2.Белгіні ерекшелеу және Работа со звуками мәзірін шақыру үшін белгіні екі рет шерту керек. Работа со звуками мәзірінде келесі параметрлерді баптаңыз: (келесі командаларды таңдаңыз Скрыть при показе, Воспроизведение звука, Для всех слайдов).

3.Дыбыстарды баптаудың басқада параметрлері бар. Презентацияға музыканы қосу үшін Анимация мәзірінен Настройка анимации панелін шақырыңыз.  

4.Панель слайдтың жұмыс үстелінің оң жағында пайда болады.

5.Үшбұрышты басыңыз да музыкалық файлды және Параметры эффектов жазуын таңдаңыз.

6.Пайда болған сұхбат терезесінің Эффект қосымшасында келесі параметрлерді орнатыңыз: Музыка аяқталғаннан кейінгі слайдтың нөмірін орнатыңыз.

7.Параметры звука қосымшасында келесі параметрлерді орнатыңыз: Бейнелеу параметрлері – көрсетілім кезінде дыбыс белгісін жасыру керек.

8.Нәтижені көру үшін пернетақтадан F5 батырмасын басыңыз.

11.2.Оқытушымен жұмыс.

-Қателік жіберілген кезде, не  түсініксіз жағдайлар болған  кезде оқытушыға ескерту керек.

-Сабақ соңында орындалған жұмыстың нәтижесін оқытушыға көрсетіп, сынақ баға алу керек.

11.3.Негізгі және қортынды  білім деңгейін бақылау.

-Компьютерде тест тапсыру.

-Оқытушымен тақырып сұрақтары  бойынша әңгімелесу.




Информация о работе Мультимедиялық қосымша