MS DOS операциялық жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2014 в 19:47, реферат

Краткое описание

1. MS DOS операциялық жүйесінің негізгі мінездемесі.
2. MS DOS-та каталогтармен жұмыс.
3. COPY CON – мәтіндік файл құру командасы.
5. MS DOS-та дискілермен жұмыс.

Прикрепленные файлы: 1 файл

MS DOS операциялық жүйесі.docx

— 22.23 Кб (Скачать документ)

MS DOS операциялық жүйесі

Жоспар:

1. MS DOS операциялық жүйесінің негізгі мінездемесі.

2. MS DOS-та каталогтармен жұмыс.

3. COPY CON – мәтіндік файл құру командасы.

5. MS DOS-та дискілермен жұмыс.

MS DOS операциялық жүйесін  1981 ж. Microsoft  фирмасы IBM PC компьютерлері үшін  IBM фирмасының тапсырысымен дүниеге әкелді. DOS – дискiлiк операциялық жүйе.

MS DOS операциялық жүйесi пайдаланушылармен компьютер арасындағы байланысты орнатуға, компьютердiң құрылғысынан өнiмдi пайдалануға жағдай жасайды. MS DOS операциялық жүйесi келесі бөлiмдерден тұрады:

1.Енгiзiп шығарудың базалық жүйесi (BIOS) – енгiзiп-шығару құрылғыларының жұмысын тексеретiн программаларды қамтиды. Бұл программалар компьютердiң тұрақты жадында сақталады.

2.Жүйелiк файлдар (ВIO.SYS, IO.SYS, MSDOS.SYS) – BIOS жүйесінің жұмысын толықтырушы бөлім. Ол сыртқы құрылғылар мен информацияны алмастырудың барлық операцияларын да орындайды.

3.COMMAND.COM – қолданушының  программалары мен берілгендерді жадқа енгізу және оларды өңдеу.

4. CONFIG.SYS – үйлестіруші  программа. Оның қызметі – жаңадан  қосылатын сыртқы құрылғылардың  драйверлерін MS DOS-қа қосу, орыс, қазақ әріптерін пайдалану, пернетақтаның функционалды пернелерімен және виртуалды жадпен жұмыс істеуін ұйымдастыру.

5.AUTOEXEC.BAT – шақыру символын экранға шығару, қажетті программаны каталогтан іздеу, ағымдық ай, күн және уақытты көрсету.

Анықтама: Дискiнiң информациялар жазылған бөлiгi файл деп аталады.

Әрбiр файлдың өз аты болады. Ол негiзгi және қосымша бөлiктерден құралады.

Мысалы:

.exe, .com – бiрден орындалатын файлдар;

.Вак – файлдың көшiрмесi;

.Bat – командалық файл;

. sys – жүйелiк файл;

.рas – Паскаль тiлiнде жазылған файл;

.вas – Бейсик тiлiнде жазылған файл;

.txt  — текстік редакторда жазылған файл;

.arj – архивтiк файл.

Файл аты мен кеңейтілмесі нүкте арқылы ажыратылады.

MS DOS-та каталогтармен жұмыс.

Дискiдегi файлдар саны көп болған жағдайда олармен жұмысты жеңiлдету үшiн ерекшелiктерiне қарай топтарға бiрiктiруге болады. Әрбiр топтың өз аты болады және ол каталог деп аталады.

Мысалы:

Каталогтың қосымша бөлiгi болмайды. Каталогтың iшiндегi файлдың жазылуы: Basic \ kin 1. Bas

Басқа каталогтың iшiнде орналасқан каталог iшкi каталог деп аталады.

MS DOS операциялық жүйесiнда каталогтармен жұмыс істеу командалары:

1.MD (Make Directory – каталог құру) – жаңа каталог ашу командасы. Мысалы,

1)MDVSTUD – STUD атты жаңа каталог ашу.

2)Md XXX – ХХХ ішкі каталогын ағымдағы каталогта құру;

3)md A:\ Tekst –A: дискісінің негізгі каталогында  Tekst ішкі каталогын құру.

2.CD (Change directory – каталогты өзгерту) – каталогтың iшiне кiру командасы. CD.. – түрінде берілсе  ағымдағы каталогтан шығу командасы.

Мысалы:

1)CDVSTUD – STUD атты каталогтың iшiне кiру;

2)CD \ — ағымдағы дискінің  негізгі каталогына көшу.

3.RD (Remove directory – каталогты жою) – каталогтi жадыдан өшiру командасы.

Мысалы, RDV STUD – STUD атты каталогты жадыдан өшiру.

4.DIR – каталогтың мазмұнын  экранға шығару командасы.

Мысалы:

1)dir – ағымдағы каталогтың тарауларын көрсету;

2)dir *.exe —  кеңейтілмесі .EXE болатын ағымдағы каталогтағы файлдар туралы мәліметтер беру;

3)dir a: — ағымдағы A: дисководындағы каталог тарауларын көрсету ;

4)dir / P – ағымдағы каталог туралы мәліметтерді экранның толуына байланысты үзіліспен беру;

5)dir /W – ағымдағы каталогтағы мәліметтерді кең форматта беру;

6)dir /o /p – ағымдағы каталогтың мәліметтерін сорттау арқылы беру (ең алдымен ішкі каталогтар, сонан соң файл аттары және кеңейтілмесі).

3.3.MS DOS-та файлдармен жұмыс iстеу командалары. 

4.COPY CON – мәтіндік файл құру командасы.

Мысалы, Copy con Kniga1.txt – Kniga1.txt мәтіндіік файлын құру командасы. Бұл команданы енгізгеннен соң файл текстін қатарларға жазуға болады. Әр қатар біткен соң Enter пернесін басу қажет. Соңғы қатарды теріп болғаннан соң F6 пернесін, сонан соң  Enter пернесін қайта басу керек. Copy командасы

1 file(s) copied

(Бір файл көшірілді)

деген хабарлама шығарады және дискіңізде осы атпен файл пайда болады.

2. REN – файлдың атын өзгерту командасы.

Мысалы, REN_ kin 1. bas _ Saule. Bas – kin 1.bas файлдың атын Saule.bas деп өзгерту.

5. MSDOS-та дискілермен жұмыс.

Файлды немесе буманы дискетке көшiру үшiн, ол алдын ала ақпарат жазуға дайындалған, яғни форматталған болуы керек. Пайдаланып жүрген дискеттi қайта форматтау кезiнде онда бұрын сақталған ақпараттар жойылып кететiнiн есте ұстаған жөн.

Дискжетекке дискеттi орналастырамыз да, мына командалардың бiрiн орындаймыз:

1.Format  a: — A: — дискісін форматтау.

2. Format  a: /s – А: дискісін форматтап, жүйелі дискета жасау.

Жүйелiк дискет жасау үшiн: жүйелiк файлдарды  дискiге  көшiру қатарын белгiлеу қажет. Жүйелiк дискет – операциялық жүйе жүктелетiн, жүйелiк файлдар жазылған дискет. Жүйелік файлдар құрамына —  COMMAND.COM, IO.SYS, MSDOS.SYS, AUTOEXEC.BAT және CONFIG.SYS файлдары кіреді.

Дискетті көшіру үшін MS DOS ОЖ-де  DISKCOPY командасы қолданылады. Команда форматы:

diskcopy  (дискжетекJ  (дискжетекJ  (/V) (/M)

Командадағы бірінші параметрде көшірілетін дискжетек көрсетіледі. Екінші параметрде материал көшірілетін дискжетек көрсетіледі.

Көшірілу режимдері:

/V – көшірілудің дұрыстығын көрсетеді;

/M – қатты дисктің көшірілу кезінде қолданылмауын қадағалайды.

Мысалы:

diskcopy  a:  b:  /v –A: дискжетегін  B:  дискжетегіне көшірілудің дұрыстығын тексере отырып көшіреді;

Қорытынды.

MS-DOS операциялық жүйесі.

Операциялық жүйе – компьютер құрылғыларының үздіксіз жұмыс істеуін ұйымдастырушы және түрлі командаларды орындауы арқылы пайдаланышының машина жұмысын басқаруына жеңілдік келтіруші жүйелік программалар. Оның негізгі қызметі – программалардың бір – бірімен және сыртқы құрылғылармен өзара әрекетін ұйымдастыру, оперативті жадты бөлу, компьютердің жұмыс істеу кезіндеқате жіберілу сияқты түрлі оқиғаларды анықтау, дискіні жұмыс істеуге дайындау, монитор мен принтердің жұмыс істеу режимдерін орнату, пайдаланушының программасын іске қосып, оны орындау т.б.. Яғни ОЖ – машина жұмысын басқаруға толық жеңілдік беретін жүйе. Ол осы үшін арналған иілгіш не қатты магниттік дискіге жазылып қойылады. Сондықтан ОЖ – ны дискілік операциялық жүйе ( ДОЖ, не DOS ) деп те атайды.

Процессордің типіне қарай, DOS – тың түрлі-түрлі версиясы бар. Әдетте оларға арнайы атаулар беріліп қойылған.

Басқа операциялық жүйелер сияқты, MS DOS жүйесі мынадай бөлімдерден тұрады : BIOS, BIO, COM (IBMBIO.COM), DOS COM (IBMDOS.COM) және COMMAND.COM.

BIOS (Basic Input/output System – негіздік ендіру/шығару жүйесі) – операциялық жүйенің ТЕСҚ-ға жазылып қойылған бөлімі. Оның орындайтын іс-әрекеттері :

 Компьютер элетр жүйесіне қосылған соң автоматты түрде оның ішкі құрылғыларының жұмыс істеуге дайындығын тексеру.Ø

 Одан әрі, жүйелікØ болатын иілгіш не қатты магниттік дискібен опеациялық жүйенің тиуші деп аталатын программасын жадқа ендіру.

 Жүйелік үзілісті ұйымдастыру. Мысалы, программаны орындау кезінде нөлге бөлу кездессе, ол оның мүмкін емес екенің хабарлап, машина жұмысын тоқтатады ; клавиатурадан символ терілсе, ол процессордың осының алдаңдағы ағымдық жұмысына үзіліс жасайды.Ø

BIOS – тың құрамында  сыртқы құрылғылардың жұмысын  басқару драйверлері де бар.

BIO.COM (IBMIO.COM) – BIOS жүйесінің  жұмысын ьолықтырушы бөлім. Ол сыртқы құрылғылар мен информацияны алмастырудың барлық операцияларын да орындайды.

DOS.COM (IBMDOS.COM) – ның жұмысы  – пайдаланушының программалары мен түрлі информацияны дискіге тиеу не одан оперативті есте сақтау құрылғысына ендіру, дискіде тиулі программаны жою және т.б.. Ол жад ұяшықтарымен орындалатын жұмыстарды да басқарады.

COMMAND.COM – ның негізгі жұмысы – пайдаланушының программаларымен берілгендерді жадқа ендіру және өндеу.


Информация о работе MS DOS операциялық жүйесі