Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2013 в 08:03, реферат
MS Access-тегі деректер қоры өзіндегі кесте, есеп, сұраныс, форма т.б. құрамдарымен тұтас объект болады және оларды тұтас дискілік файлда .mdb кеңейтілуімен сақтауға мүмкіндік береді.
Деректер қоры негізгі құрылымдық компоненті кесте болып табылады. Кесте қатарлардан (жазбалар жиынынан) тұрады. Барлық жазбалар құрылымы жиында бірдей, ал жазба саны кестеде айнымалы. Әр жазбадағы деректер элементі өріс деп аталады.
MS Access деректер қорында кесте құру
Жұмыстың мақсаты: Кесте құруда MS Access деректер қорын жүйелі басқару мүмкіндіктерін үйрету.
Теориялық мәлімет.
MS Access-тегі деректер қоры өзіндегі кесте, есеп, сұраныс, форма т.б. құрамдарымен тұтас объект болады және оларды тұтас дискілік файлда .mdb кеңейтілуімен сақтауға мүмкіндік береді.
Деректер қоры негізгі құрылымдық компоненті кесте болып табылады. Кесте қатарлардан (жазбалар жиынынан) тұрады. Барлық жазбалар құрылымы жиында бірдей, ал жазба саны кестеде айнымалы. Әр жазбадағы деректер элементі өріс деп аталады.
Кестенің әр өрісіне уникальді ат тағайындалады. Ол бос орындарды қосқанда 64 символға дейін сыйғыза алады. Өріс атында нүкте, леп белгісі, қатарүсті символы (апостроф) және тік жақша қолдануға болмайды. Өріс аты бос орыннан немесе басқару символынан (ASCII 00-31 кодтары) басталмау керек. Өріс аттарының ішкі функция және MS Access қасиеттері аттарымен сәйкес болмағаны дұрыс.
Кесте бағанындағы деректер бір типті болуы керек. MS Access ДҚБЖ -де деректердің 8 типі бар. (1-кесте)
MS Access- те кесте құрудың 3 тәсілі бар: кесте шебері көмегімен, кесте режимінде, конструктор режимінде.
MS Access ДҚБЖ -де деректердің типтері
1-кесте
Деректер типі |
Пайдаланушы |
өлшемі |
Мәтіндік |
Алфавитті-цифрлық деректер |
255 байт |
Memo өрісі |
Алфавитті-цифрлық деректер – сөйлемдер, жаңа жол, мәтіндер |
64 кбайт |
Сандық |
Сандық деректер |
1, 2, 8 және 16 байт |
Дата/уақыт |
Дата және уақыт |
8 байт |
Ақшалық |
Ақша суммасы туралы деректер. Үтірден кейін 4 таңбаға дейін |
8 байт |
Счетчик |
4 байт | |
Логикалық |
Логикалық деректер |
1 бит |
OLE объектісі |
Диаграммалар, суреттер және Windows-тың қосымшаларының басқа да объектілері |
1 гбайт |
Жұмыстың орындалу реті:
Өрістің типін беру үшін «Деректер типі» бағанындағы сәйкес ұяшықты шертіңіз. Таңдалған ұяшықтың оң жағында пайда болатын тізім символын ашып, керекті типті таңдаңыз. Әр өріске қасиеттер беріңіз (қасиеттер тізімі деректердің таңдалған типіне тәуелді болады).
- Өріс өлшемі - өрістердің максимальді өлшемін береді. Сондықтан деректерге өріс өлшемі төмендегідей болады:
- Өріс өлшемі (Размер поля) – берілген өріс үшін кесте бағанының тақырыбын анықтайды.
- Өріс форматы – өріс мазмұнын бейнелеу тәсілін береді.
- Қолтаңба – сәйкес өріс атына басқа баған тақырыбын береді.
Бұл пайдаланылатын өріс атына қарағанда ұзын және түсінікті баған тақырыбының болуы керек жағдайда пайдалы.
Енгізу маскасы деректердің позицияда қандай мөлшерде және қандай типте енгізілетінін көрсететін тұрақты символдардан (жақша, нүкте немесе дефистер) және арнайы символдардан тұрады. Енгізу маскасы деректердің анықталған форматқа және де әр позицияға енгізілген мәннің берілген типіне сәйкестігін қамтамасыз етеді. Енгізу маскасын беру үшін пайдаланылатын символдар 2-кестеде көрсетілген.
Енгізу маскасын
беру үшін пайдаланылатын символдар
символ |
арналуы |
0 |
0-ден 9-ға дейінгі сандар (енгізу міндетті; «+» және «-» символдары жіберілмейді) |
9 |
Цифр немесе бос орын (енгізу міндетті емес; «+» және «-» символдары жіберілмейді) |
# |
Цифр немесе бос орын (енгізу міндетті емес) |
L |
әріп (А-дан Z-ke немесе А-дан Я-ға дейін, енгізу міндетті ) |
? |
әріп (әріп (А-дан Z-ke немесе А-дан Я-ға дейін, енгізу міндетті емес) |
A |
әріп немесе цифр (енгізу міндетті) |
a |
әріп немесе цифр (енгізу міндетті емес) |
& |
Кез-келген символ немесе бос орын (енгізу міндетті) |
C |
Кез-келген символ немесе бос орын (енгізу міндетті емес) |
.. ; : - / |
Ондық бөлгіш және мыңдық бөлгіш, дата және уақыт мәндері |
< |
Келесі символдардың барлығын төменгі регистрге ауыстыру |
> |
Келесі символдардың барлығын жоғарғы регистрге ауыстыру |
! |
Енгізу маскасын солдан оңға қарай емес, оңнан солға қарай толтыруды көрсетеді |
\ |
Кез-келген символды мәтіндік тұрақты ретінде енгізуді көрсетеді, ол масканың арнайы символы болса да |
пароль |
Пароль енгізу үшін өріс құру. Өріске енгізілген кез-келген символ символ болып сақталады, бірақ (*) жұлдызша болып бейнеленеді |
Арнайы мәтіндік өрістер және Memo өрістер үшін форматтар төмендегі символдар көмегімен құрылады:
Бос орын – «бос орын» символы форматқа «бос орын» клавишасын басу арқылы енгізіледі және шығатын мәнде бейнеленеді.
«АВС» - тырнақшаға алынған символдар жиыны шығады.
*- «*» символынан кейінгі мүмкін бос кеңістікті символмен толтыруға мүмкіндік береді. Мысалы, «АВСD»*х форматтау қатары өрісті 8 символды өлшеммен «АВСDхххх» қатарымен толтырады.
[цвет] – мән тік жақшада көрсетілген түспен шығады.Мүмкін түстер аты: Қара - Black, Жасыл - Green , Көгілдір - Cyan, Қызыл - Red, Алқызыл - Magenta, Сары - Yellow, Ақ - White, Көк - Blue.
Мәтіндік және Memo өрістері үшін форматтар нүктелі үтірмен бөлініп тұратын екі бөлімнен тұруы мүмкін. Бірінші бөлімі – форматтың өзі болып табылады, ал екіншісі егер деректер оған енгізілмеген болса өріс мәнін анықтайды,.