б) Сұратуды сақтаңыз.
Ол үшін саймандар панеліндегі
-Сохранить батырмасын шертіп немесе
Файл – Сохранить командасын орындаңыз.
Енді сұрату терезесін жабыңыз.
- Параметрлі таңдамаға сұрату жасау.
Оқытушылардың фамилиясы, аты, әкесінің
аты және сабақ беретін пәндерін көрсететін
параметрлі таңдамаға сұрату жасау керек.
Параметр ретінде оқытушының фамилиясын
беріңіз және осы сұратуды Гришин деген оқытушыға
орындаңыз. Осы параметрлі таңдамаға сұрату
жасау үшін:
- Жоғарыдағы 1-ші пункте жасағаныңыздай Оқытушылар кестесінің мына өрістеріне
таңдамаға сұрату жасаңыз: «Фамилия», «Аты»,
«Әкесінің аты», «Оқитын пәндер».
- Бұл сұратуға Оқитын пәндер деп ат беріп, <Готово> батырмасын басыңыз.
- <На экране> батырмасын басыңыз. Сонда
экранға сұрату нәтижелері бар кесте шығады.
- Конструктор режиміне өтіңіз. Ол үшін мына
батырманы басып немесе Вид– Конструктор командасын
орындаңыз;
- Условия отбора параметрінің
жолында «Фамилия» өрісіне мына тіркесті енгізіңіз (жақшаларды
да жазу керек):
[оқытушы фамилиясын
енгіз];
- Сұратуды орындаңыз: саймандар
панеліндегі мына батырманы
басып немесе Запрос– Запуск командасын орындау арқылы;
Ескерту. Осы айтылған тәсілмен жасалынған сұрату
конструктор режимінде бір рет қана орындалады.
Жасалынған сұратуды басқа режимде
орындату үшін:
- Запросы бөлімін ашып, керекті сұратуды белгілеп,
<Открыть> батырмасын басыңыз.
- Ашылған терезеде Гришин деген фамилияны теріп <ОК> батырмасын басыңыз. Нәтижесінде экранда Гришин деген оқытушы туралы (оның аты, әкесінің аты, оқитын пәні) деректері бар кесте пайда болады.
- Сұратуды сақтап, сұрату терезесін
жабыңыз.
- Конструктор көмегімен сұрату жасау. Фамилиясы, аты, әкесінің
аты, топ номері, пән және пәндер бойынша
бағалары көрсетілетін сұратуды Конструктор
арқылы жасаңыз. Ол үшін:
- Сұратуды жасау тізімінен Конструкторды таңдаңыз.
- Қажет кестелерді (Студенттер, Бағалар, Пәндер) бір-бірден
белгілеп, Добавить батырмасын басу арқылы таңдаңыз.
- Таңдап болған соң Закрыть батырмасын басыңыз.
- Студенттер, Бағалар кестесінен Фамилия, Аты, Әкесінің аты, топ номері өрістерін, ал Пәндер кестесінен Бағалар, Пән аты өрістерін. таңдаңыз. Ол үшін өрістің атын тышқан курсоры арқылы екі
рет шертсеңіз болды немесе тышқан курсорының
көмегімен өрістің атын сұрату ұяшығына
сүйреп алып барасыз.
- Бағалар өрісінің астындағы Условие отбора атты жолға 4 Or 5 деп жазыңыз. Саймандар панелінен Леп бегісі ! батырмасын
басыңыз.
- Сұратуды Успеваемость 1 деген атпен сақтаңыз.
- Өз беттеріңізбен есептелетін өрісі бар сұрату (запрос с вычисляемым полем) жасап көріңіз. Access-Справка менюінің қызметін пайдаланыңыз.
- «Жалақы» (Зарплата) өрісін на 20
%. арттыру арқылы жасалынатын «Қосымша» (Надбавка) есептелетін өрісті өз бетіңізбен жасаңыз.
- Өз беттеріңізбен айқастырылған сұрату жасауды үйреніңіз. Ол үшін Access-Справка менюінің қызметін пайдаланыңыз.
Өздік жұмыс үшін тапсырмалар:
- «Музыкалық альбом» деректер
қорына типтері әртүрлі 3 сұрату жасаңыз.
- «Емхана» деректер қорына
3 түрлі сұрату жасаңыз.
- «Сабақ кестесі» деректер
қорына 3 түрлі сұрату жасаңыз.
- Задайте к базе данных «Компьютерлік
салон» деректер қорына 3 түрлі сұрату
жасаңыз.
- «Конференция қатысушылары»
деректер қорына 3 түрлі сұрату жасаңыз.
Бақылау
жұмыстары:
1. Сұрату деген не?
2. Сұрату
жасаудың қандай тәсілдері бар?
3. Сұратудың
қандай типтері бар?
4. Есептелетін
өріс (вычисляемые поля) қалай жасалады?
5.Шарты бар
сұратуды жасағанда қандай операциялар
қолданылады?
зертханалық жұмыс №4
Тақырыбы:
«Есеп беруді жасау»
Мақсаты: Microsoft Access деректер базасының объектілерінің
бірі есеп берумен, оның қолданылу аясы
және жасалу тәсілдерімен танысу.
Негізгі ұғымдар:
Есеп беру – бұл деректерді баспаға шығаруды ұйымдастырудың,
тиімді әрі икемді құралы. Сонымен қатар бұл деректер
базасынан деректерді қолданушыға қажет
түрінде баспаға жіберудің тәсілі. Мысалы,
оқитыны жайлы анықтама, емтихан ведомосі,
қандай- да бір шартпен біріктірілген
кестелер және т.с.с.
Есеп беруді өз қалауың бойынша Конструктор көмегімен
жасауға, көркемдеудің дайын нұсқаларын
қолдануға (автоотчеты) немесе Шебер (Мастер) көмегімен жасауға болады.
Есеп беруді
жасаудың алты тәсілі бар:
- Конструктор өз қалауың бойынша есеп беруді жасауға
мүмкіндік береді, алайда бұл тәжірибелі
қолданушыңа да оңай емес.
- Есеп беру шебері (Мастер
отчетов) кестеден
немесе сұратудан өзіңіз таңдаған өрістер
негізінде есеп беруді және есеп берулердің
макетін жасауға мұмкіндік береді. Есеп
беруді жасаудың бұл тәсіл ең ыңғайлысы.
- Баған түріндегі және лента
түріндегі Автоматты есеп берулер (Автоотчет в столбец, Автоотчет ленточный) – есеп берулерді жасаудың ең қарапайым
оңай тәсілі, мұнда есеп беру негізге алатын
кестенің немесе сұратудың атын көрсетсеңіз
болғаны, қалғанын. Есеп беру шебері өзі
атқарады.
- Диаграмма шебері (Мастер диаграммы) есеп беруді диаграмма түрінде жасауға көмектеседі.
- Пошталық жапсырмалар (Почтовые наклейки) пошталық жапсырмаларды баспаға шығаруға пішімделген есеп беруді жасайды.
Жаттығу
жұмыстары:
1-жаттығу. «Есеп берумен жұмыс»
1. Оқытушылар кестесі негізінде
деректерді қызметі бойынша топтайтын
есеп беру жасаңыз. Есеп беруді жасау үшін:
- Отчеты бөліміне өтіп, ашқан терезеден <Создать> батырмасын басыңыз;
- Ашылған терезеден Есеп беру шебері (Мастер отчетов) пунктін таңдаңыз;
- Терезенің төменгі бөлігіндегі
ашылмалы тізімнің тілшесін басып, пайда
болған тізімнен Оқытушылар кестесін таңдаңыз.
- <ОК> батырмасын басыңыз;
- Ашылған терезеден пішінде
болуы керек барлық өрістерді таңдаңыз.
Бқл жаттығуда барлық өріс керек болғандықтан
батырмасын басыңыз;
- <Далее> батырмасын басыңыз. Ашылған терезеде барлық өрістердің тізімі тұрады;
- «Қызметі» деген өрісті белгілеп,
батырмасын басыңыз. Осы арқылы сіз деректердің қызмет бойынша топталуын анықтап бересіз.
- Тағы да <Далее> батырмасын басыңыз;
- Пайда болған терезенің параметрлерін
өзгертпейтін болғандықтан, тағы да <Далее> батырмасын басыңыз;
- Пайда болған терезеден есеп
беруді көркемдеудің стильдерін таңдаңыз
да тағы да <Далее> батырмасын басыңыз;
- Келесі пайда болған терезеде Оқытушылар деп есеп беруге ат беріңіз.
- <Готово> батырмасын басыңыз. Экранда дайын есеп беру тұрады.
Көріп алған соң, оны жабыңыз. .
2.
Өз беттеріңмен Конструктор режимінің
элементтер панелін қолдана отырып Студенттер кестесінің негізінде
студенттің экономикалық факультеттің
сол тобында оқитындығы туралы Анықтама (Справка) түрінде есеп беру жасаңыз.
Өздік жұмыс тапсырмалары:
Мына деректер
қорына әртүрлі әдістермен үш есеп беру
жасаңыз.
Нұсқа № |
Тапсырма |
1 |
«Музыкалық альбом»
|
2 |
«Емхана»
|
3 |
«Сабақ кестесі»
|
4 |
«Компьютерлік
салон» |
5 |
«Конференцияға
қатысушылар» |
Бақылау
сұрақтары:
- Есеп беру
дегеніміз не?
- Какими
способами создаются отчеты?
- Автоесепберу
(автоотчет) деген не?
- Элементтер панелі не үшін қолданылады?
- Автоесепберудің Есеп беру шеберінен (Мастер отчетов) айырмашылығы неде?