Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Января 2013 в 12:23, доклад
Қазақстанда бүгінгі таңда әлеуметтік- экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басқалы тұр. Ал,бұл қадамның қозғаушы күшінің бірі инновациялық технологияларды игерген мектеп.Осы мектептер алдындағы міндет – егеменді еліміздің жас ұрпағын жан-жақты дамыта отырып тәрбиелеу. Қай елдің болмасын жетілген білім саласын қалыптастыруда жалпы білім беретін мектептердің, оның ішінде мектеп ұстаздарының алатын орны ерекше. Шынында, мұғалім - өткен мен бүгінді жалғайтын алтын арқау, келешекке жөн сілтейтін шамшырақ. Халқымыздың біртуар перзенті Бауыржа
Оңтүстік Қазақстан облысы
Мақтарал ауданы Құрбан ата ауылы
Н.Оңдасынов атындағы №8 жалпы орта мектебі
мемлекеттік мекемесі
ТАҚЫРЫБЫ
Мұғалімдердің кәсіби дамуын жетілдіру -білім сапасын көтерудің негізі
Пед өтілі: 9 жыл
Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек.
Біз - жас ұлтпыз және бұл біздің қолымыздан келеді.
Біздің мақсатымыз - жаһандық технологиялық төңкерістің бөлшегіне айналу.
ҚР Президентінің «Қазақстан-
Қазақстанда бүгінгі
таңда әлеуметтік- экономикалық жаңару
мен саяси демократияландырудың
жаңа кезеңіне қадам басқалы тұр. Ал,бұл қадамның қозғаушы күшінің бірі
инновациялық технологияларды игерген
мектеп.Осы мектептер алдындағы міндет
– егеменді еліміздің жас ұрпағын жан-жақты
дамыта отырып тәрбиелеу. Қай елдің болмасын
жетілген білім саласын қалыптастыруда
жалпы білім беретін мектептердің, оның
ішінде мектеп ұстаздарының алатын орны
ерекше. Шынында, мұғалім - өткен мен бүгінді
жалғайтын алтын арқау, келешекке жөн
сілтейтін шамшырақ. Халқымыздың біртуар
перзенті Бауыржан Момышұлының «Болашақтың
басшысын да, данасын да, ғалымын да ұстаз
өсіреді» деген ұлағатты сөзі мұғалім
қызметінің маңыздылығын дәл анықтайды.
интерактивті және қашықтан оқытудың
кеңейтіліп, мектептерде электронды оқыту
жүйесі (E-learning) енгізіліп, мұғалімдердің
кәсіби дамуын жетілдіруіне , білім сапасының
көтерілуінің негізі болады. Қазіргі кезде
елімізде ғылым мен техника күннен – күнге
қарыштап даму үстінде. Ақпараттарға сүйенсек,
кез-келген елді экономикалық қуаты, халқының
өмір сүру деңгейінің жоғарылығы, дүниежүзілік
қауымдастықтағы рөлі сол елдің техникалық
даму деңгейімен анықталады. Толассыз,
үздіксіз өзгеріп тұрған әлем адамнан
да қабілет пен қажеттіліктерді дамытуды,
түрлі салаларды игеру үшін білімді де,
білікті мамандарды даярлауды қажет етеді.
талап етеді. Өйткені егеменді еліміздің
ертеңі оқу-білімнің тереңдігімен өлшенеді.
"2013 жылы осы жобамен 926 ұйым, ал 2020 жылы мектептің
90%-ы қамтылатын болады" деген елбасының
сөзі жыл басталысымен ақ қарқынды түрде
атқарыла бастады. Ауданымыздың көптеген
мектептері озық техникалық құралдардармен
қамтылуда. Осы техникалық құралдарды
пайдаланып, кең байтақ елімздің шалғай
шеттерінде орналасқан ауыл мұғалімдеріне
орасан зор мүмкіндіктер туып отыр. Мұғалімдер
онлайн сабақтар мен семинарларға қатысу
арқылы кәсіби дамуын жетілдіріп - білім
сапасының
көтерілуіне бірден бір себеп болуда.
Интернетті пайдалану барлық өркениетті
елдермен қатар жүруге мүмкіндік береді
және жаңа технологиялар арқылы әлеммен
қарым – қатынастың жаңа әдіс тәсілдерімен
қамтамасыз етеді. Қазіргі
уақытта мен жұмыс атқарып келе жатқан
мектеп толықтай интернет желісіне қосылған,
мұғалімдер интерактивті интернет (http://cdo.kz/)
олимпиадаларға қатысып, өз кәсібінің
дамуын жетілдіруде. Мұғалімдер онлайн
сабақтарға қатысып, өз білімін жан жақты
сапалы ақпаратпен айтарлықтай жетілдіріп,
білім сапсының артуына да орасан зор
үлес қосылуда. Дана халқымыздың 100 рет естігеннен бір рет көрген артық деген нақыл
сөзі артық айтымлаған. Мұғалімдер көптеген тәжірибелі мұғалімдердің
сабақтарынан жаңа технология элементтерін,
өз тәжірибесінде пайдалануда.
Техникалардың дамып, бүкіл әлемдік байланыс
желісі білім саласының дамуына үлкен
үлесін қосуда. Осы мүмкіндіктерді пайдаланып
интерактивтік оқыту формасын қолдану
және де білім жетілдіру курстарының онлайн
жүйесін кеңейтіп, мұғалімдерді интернет
жүйесінде оқыту білім сапасының көтерілуіне
негізгі фактор болатынына сенімдімін. Білім жетілдірудің онлайн курстары
мұғалімдердің кәсіби дамуын жетілдіріп,
ауыл мектептеріндегі білім сапасының
дамуына үлкен үлес қосады деп ойлаймын.
Құрметті менің әріптестерім
ұлы істерді атқаруға асығайық!
Информация о работе Мұғалімдердің кәсіби дамуын жетілдіру -білім сапасын көтерудің негізі