Контрольная работа по "Информатике"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2013 в 21:00, контрольная работа

Краткое описание

Клиент (client) - 1) желіде - басқа программалармен өйтпесе компьютерлермен (сервер-компыотермен) басқарылатын бағынышты программа немесе компьютер; 2) объектілерге бағытгалған программалау тілдерінде — басқа топтың қызметтерін пайдаланатын кейбір топ мүшелері; 3) жұмыс бекеті немесе компьютерлік желіні пайдаланушы; 4) кез келген жерде қандай да бір желіде серверден қандай да бір қызмет ұсынатын пайдаланушы мүддесіне жұмыс істейтін қолданбалы программа. Бұл программа сервер деп аталатын басқа программаның белгілі бір қызметтерін пайдаланады; 5) ақпараттық ресурсқа немесе сервер құрылғыларына қатынас құруға мүмкіндігі бар компьютерлік желі; 6) программа-клиент орындалатын компьютер.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Клиент.docx

— 18.78 Кб (Скачать документ)

Клиент


1) Клиент (латынша clіens, италянша clіente – тапсырыс беруші) –

  1. тұрақты сатып алушы немесе тапсырыс беруші, тұрақты келермен, аларман;
  2. несие мекемесінің‚ сауда ұйымының, өнеркәсіп орнының, адвокаттың‚ тағы басқалар көрсететін қызметін пайдаланушы тұлға;
  3. өз ісін жүргізуді басқа біреуге (адвокатқа, нотариусқа, тағы басқаларға) тапсырған адам;
  4. нарықтық қатынастарда тауарлық шот, тағы басқа бойынша сауда өкілеттігі бар жеке тұлға;
  5. өз атынан және өзінің есебінен басқа тұлғаның, мысалы, шот ашу және шот қызметінің көрсетілуі және операция жүргізу үшін банкінің, базалық (базистік) активті немесе туынды қаржы құралдарын сатып алу немесе сату үшін ұйымдасқан немесе ұйымдаспаған нарыққа қатысушының кәсіпқойлық қызмет көрсетуіне жүгінуші тұлға.

[1] 2)Клиент (client) - 1) желіде - басқа программалармен өйтпесе компьютерлермен (сервер-компыотермен) басқарылатын бағынышты программа немесе компьютер; 2) объектілерге бағытгалған программалау тілдерінде — басқа топтың қызметтерін пайдаланатын кейбір топ мүшелері; 3) жұмыс бекеті немесе компьютерлік желіні пайдаланушы; 4) кез келген жерде қандай да бір желіде серверден қандай да бір қызмет ұсынатын пайдаланушы мүддесіне жұмыс істейтін қолданбалы программа. Бұл программа сервер деп аталатын басқа программаның белгілі бір қызметтерін пайдаланады; 5) ақпараттық ресурсқа немесе сервер құрылғыларына қатынас құруға мүмкіндігі бар компьютерлік желі; 6) программа-клиент орындалатын компьютер.

Клиент/сервер


Клиент/сервер (client/server) - желідегі байланысқан компьютерлердің өрекеттесу технологиясы. Мүнда бір компьютер  басқа жердегі одан гөрі қуатты компьютерге  белгілі бір әрекет орындау жөнінде  сұраныс түсіреді. Мысалы, клиент компьютер  мәліметтер базасынан керекті мағлұматтар  іздеп оған сұраныс жібереді, ал сервер компьютер соған сәйкес әрекет атқарып, жауап береді, жауап клиент экранына немесе баспасына шығарылады.

Клиент/сервер моделі


Клиент/сервер моделі (модель клиент/сервер) — сервер мәліметтерді сақтау, іріктеу және басқару құрылгы- ларымен жүмыс істеуге, ал клиент бекет мәліметтерді іздеп табу-шыгаруға және бейнелеуге бейімделген. Клиентке мәліметтер қалай сақталатынын немесе жаңгыртылатынын білудің қажеті жоқ; оган керек мәліметтерді талап өте білу жеткілікті. Серверге, керісінше, ақпарат қалай пайдаланатынын білудің қажеті жоқ; оған керек мәліметтерді іздеп-табу және қажеткерге жібере білу жеткілікті.

Клиент-сервер тектес желі


Клиент-сервер тектес желі (сеть типа клиент-сервер) — құрамында  жеке жұмыс бекеттерімен (клиент деп  аталатын) байланысқан қуатты компьютері (сервер деп аталатын) бар желі. Сервердің  қорын бірлесіп пайдаланатын болғандықтан жұмыс бекеттері қарапайым жабдықталады. Желіні басқару және желінің шалғай құрьшғьшарын бақылау арнаулы күрделі  желілік программалық жасақтама  арқылы жүзеге асырылады.[2][3]


Информация о работе Контрольная работа по "Информатике"