Компьютерная графика

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Ноября 2012 в 19:41, реферат

Краткое описание

Компьютерлі графикамен жұмыс-дербес компьютерді пайдаланудың кең тараған түрлерінің бірі. Бұл жұмыспен тек кәсіпқой суретшілер мен дизаинерлер ғана жұмыс істемейді. Уақыт өткен сайын кез-келген мекемелерде газет-журналдарға жарнамалық хабарландыру жариялауға немесе жарнамалық үндеу парақтары мен буклеттер шығарып таратуға қажеттілік туындап отыр. Ірі фирмалар мұндай тапсырыстарды арнайы бюролар немесе жарнамалық агенттіктерде жасатады. Бюджеті шектелген шағын мекемелер мұны көбінесе өз күштерімен және тиімді программалық құралдардың көмегімен шешеді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Компьютерная графика.doc

— 73.00 Кб (Скачать документ)

 

Фрактальдық графика туралы түсінік.

Векторлық графика  тәрізді фрактальдық графикада есептеуші қызмет атқарады. Бірақ одан айырмашылығы сол-компьютер жадында ешқандай обьект сақталмайды. Кескін теңдікке құрылады, сондықтан формуладан басқа ештеңе сақталмайды. Теңдіктегі коэффициенттерді өзгерту арқылы тіпті басқа суретке тірелеміз.

1.Фрактальдық  ұшбұрыш қарапайым фрактальдық обьект болып табылады, а жақтары бар жай біркелкі жақты үшбұрышты құрастырыңыз. Әрбір жақты үш кесіндіге бөліңіз. Жақтың ортаңғы кесіндісіне бастапқы үшбұрыш 1/3-ге тең етіп теңқабырғалы үшбұрыш құрастырыңыз. Ал басқа кесінділерге беттері 1/9 а-ға тең қабырғалы (жақты) бірдей қабырғалы үшбұрыш салыңыз. Алынған үшбұрыштар мен осы операцияны қайталаңыз. Көп ұзамай-ақ  келесі буындағы үшбұрыштар өзі пайда болған структураларды қайталап, солардың қасиеттерін жалғастырады, тұқым қуады. Фрактальдық осылай пайда болады.

2. Тұқым қуу  процесін шексіз-шетсіз жалғастыруға  болады. Осы секілді шексіз-шетсіз  фрактальдық обьектіні алып, оны  лупа немесе микроскоп арқылы  көрген соң, Бастапқы структуралардың  (құрылымдардың) қасиеттерін қайталайтын жаңа, әр түрлі детальдарды (бөлшектерді) тауып алуға болады.

3. Тірі және  өлі табиғаттың көптеген обьектілердің  бойында фрактальдық қасиеттер  болады. Мысалы, Бірнеше есе үлкейтілген  қар бүршігі фрактальдық обьект  болып табылады. Кристалдар мен өсімдіктердің өсуінің негізінде фрак тальдық алгоритмдер жатады. Папортникті өсімдіктердің бұтағына қарасаңыз әрбір жаңадан пайда болған бұтақ әлдеқайда биіктеп өскен бұтақтың қасиеттерін қайталайды.

4. Ағаштардың жекелеген  бұтақтарынан математикалық әдістер арқылы бүкіл ағаштың  қасиеттерін бақылауға болады. Ал егер бұтақты суға салып қойсақ , онда көп ұзамай, біраз уақыт аралығында толық өсіп шығатын ағаштың көшетін өндіріп ала аламыз (әсіресе теректің бұтағы тез өнеді).

5. Фрактальдық графиканың тірі табиғат образын есептеп шығару жолымен модельдеу қабілетін автоматты генерацияның әдеттен тыс иллюстрациясы үшін пайдаланады.

 

Компьютерлік  графиканың негізгі ұғымдары

Компьютерлік  графикада шешу ұғымына байланысты көптеген шатасулар болып отырады. Өйткені обьектілерге тән әр түрлі обьектілердің бірнеше қасиеттерімен бірден жұмыс жасауға тура келеді. Мұнда мыналарды дәл ажырата білу керек . Экранның шешуі баспа құрылғысының шешуі және кескінді шешуі. Бұл ұғымдар әр түрлі обьектілерге қатысты. Шешудің бұл түрлері, монитор экранындағы суреттің қағаздағы таңбаның қатты дискідегі файлдың қандай физикалық өлшемде екендігін білмей тұрғанда, бір-бірімен байланыспайды.

Экранның шешуі дегеніміз- компьютерлік жүйенің (монитор мен видеокартаға байланысты) және операциялық жүйенің (Windows-ты құруға байланысты)  қасиет, яғни экранда толығымен бейнелене алатын кескіннің ең көп шамасын анықтайтын параметр. Ол пиксельмен өлшенеді және экрандағы бір мезгілде ашылуы мүмкін терезелер санын анықтайды.

Принтердің шешуі-баспа құрылғысының ұзындық бірлігіндегі басу сапасын анықтайтын параметр. Ол ұзындық бірлігіне келетін нүктелер санымен өлшенеді. Жалпы қабылданған өлшем бірлігі-dpi. Ол кескін өлшемін берілген тапсырма бойынша немесе кескін қасиетін берілген мөлшерде анықтап береді.

Кескінді шешу- кескінге тән қасиет. Кескінді өңдеу бойынша мүмкіндіктер ауқымын анықтайды. Графикалық редакторда кескіндеу немесе сканерлеу кезінде нүктелермен дюйм (dpi) бірліктерінде өлшенеді. Ол кескіннің файлының мөлшері мен кескіннің

 

                    


Информация о работе Компьютерная графика