Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2014 в 07:00, лекция
Компьютерлік желі дегеніміз – ресурстарды (дискі, файл, принтер, коммуникациялық құрылғылар) тиімді пайдалану мақсатында бір-бірімен байланыстырылған компьютерлер тізбегі. Желі жұмыс жасау үшін арнайы аппараттық және программалық жабдықтар болуы қажет. Желі арқылы оған қосылған кез келген компьютердегі ақпаратты жедел қарауға болады. Күнделікті өмірде кездесетін компьютерлік желіге мысал ретінде өздерің оқитын компьютерлік сыныптағы бірнеше компьютерлердің желіге біріктірілуін айтуға болады. Компьютерлік желілер масштабы мен мүмкіндігі бойынша ерекшеленеді.
Практикалық жұмыс №28
Тақырыбы: Компьютерлік желілер. Интернет
Теорияға шолу
Компьютерлік желі дегеніміз – ресурстарды (дискі, файл, принтер, коммуникациялық құрылғылар) тиімді пайдалану мақсатында бір-бірімен байланыстырылған компьютерлер тізбегі. Желі жұмыс жасау үшін арнайы аппараттық және программалық жабдықтар болуы қажет. Желі арқылы оған қосылған кез келген компьютердегі ақпаратты жедел қарауға болады. Күнделікті өмірде кездесетін компьютерлік желіге мысал ретінде өздерің оқитын компьютерлік сыныптағы бірнеше компьютерлердің желіге біріктірілуін айтуға болады. Компьютерлік желілер масштабы мен мүмкіндігі бойынша ерекшеленеді. Ең шағын желілер жергілікті деп аталады да, бірнеше компьютерді біріктіру үшін қолданылады. Компьютерлік желіге желілік тақша, модем немесе жоғары жылдамдықты сандық телефондық қызмет торабы арқылы қосылады.
Жергілікті желі – саны шектеулі компьютерлерді біріктіру үшін қолданылады. Ақпарат – желілер арқылы берілетін сигналдарға түрлендіріледі, осыдан кейін сигнал қайта түрлендіріледі. Компьютерлер жергілікті желіге желілк тақша деп аталатын интерфейстік блок – желілк адаптер арқылы қосылады. Желілік адаптер – компьютердің байланыс желісімен сәйкестендірілуін қамтамасыз ететін құрылғы. Кең таралған адаптерлерге: Ethernet, Token Ring және ArcNett типтері жатады.
Интернет желісі – бүкіл Жер шары бойынша ақпарат ағынын таратуды қаматамасыз ететін желілер жиынтығы. Интернет – адамзаттың ақпараттық технология саласындағы жеткен жетістіктерінің бірі. Интернет – компьютерлік желілердің ішінде жаппай қолданылатыны болып табылады. Интернеттің ең қарапайым анықтамасы желілердің желісі деп аталады.
Интернеттің физикалық құрылымын әр түрлі типтегі компьютерлер құрайды. Олардың ішіндегі тұрақты қосылғандары мен желінің басқа бөліктерімен өзара ақпарат алмасуға қатысушыларын серверлер деп атайды. Барлық серверлердің программалық жабдықтары бір-біріне сәйке келмегенімен олардың барлығы TCP/IP стандартты хаттамасын қолданады. TCP/IP хаттамасы шын мәнінде бір емес екі хаттама. Біріншісі TCP хаттамасы ақпараттың дестелерге бөлініп, қайтадан толық құжат болып жинақталуын қамтамасыз етеді. Екінші IP хаттама – осы дестелердің желі арқылы берілуі мен олардың адресатқа жетуін басқарады. Сервер қай компьютердің жақын немесе қашық екендігін адрестің төрт байты бойынша анықтайды, мысалы 198.137.240.100. Адрестің мұндай түрде жазылуы IP – адрес деп аталады. Мұндай адрес компьютерге ыңғайлы болғанмен, адам үшін есте сақтауға қиын.
Сондықтан, домендер атауы жүйесін (DNS) қолданатын адрес пішінінің басқа түрі бар:
www.microsoft.com
1 2 3
1 – тіркеу кезінде
алынған сервердің домендік
|
1-деңгейлі домендер:
com – сервердің
коммерциялық мекеменікі