Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2014 в 07:02, реферат
Компьютерлік графиканың қолданылу салалары.
Қазіргі кезде компьютерлік графикасыз жұмыс істеу өте қиын.
Ол тек мультфильм,компьютерлік ойын,көркем иллюстрация жасайтын мамандардың ғана емес,көптеген адамдардың іскерлік,ғылыми және инженерлік қызметінің ажырамас бөлігі.
Әрбір сала үшін графикалық редакторлар деп аталатын программалық қамтамасыз етулері жсалады.Графикалық редакторлардың түрлері мен оларды қолдану туралы жоғарыда айтылды.Компьютерлік графиканың кейбір бағыттарын қарастырайық.
Ғылыми графика-бұл ең бірінші пайда болған бағыт.Оның міндеті-обьектілерді
Ашық сабақтың тақырыбы: Компьютерлік графика түрлері.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Компьютерлік графика түрлерімен таныстыру.
Білімділік Power Point мүмкіндіктерін пайдаланып
Дамытушылық: Оқушылардың өздігінен жұмыс істеу,
Тәрбиелік: Оқушыларды ақпараттық
Сабақтың түрі:Жаңа сабақ
Сабақта қолданылатын көрнекті
құралдар:компьютер.оқулық,
Сабақтың өту барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
2Үйге берілген тапсырманы тексеру.
3. Жаңа сабақ
4. Сабақты бекіту
5. Сабақты қорытындылау
6. Бағалау
7. Үйге тапсырма беру
ІІІ.Жаңа тақырыпты түсіндіру. Компьютерлік графика
Компьютерлік графика – әр түрлі кескіндерді (суреттерді, сызбаларды, мультипликацияларды) компьютердің көмегімен алуды қарастыратын информатиканың маңызды саласы.
Компьютерлік графиканың қолданылу салалары.
Қазіргі кезде компьютерлік графикасыз жұмыс істеу өте қиын.
Ол тек мультфильм,компьютерлік ойын,көркем иллюстрация жасайтын мамандардың ғана емес,көптеген адамдардың іскерлік,ғылыми және инженерлік қызметінің ажырамас бөлігі.
Әрбір сала үшін графикалық редакторлар деп аталатын программалық қамтамасыз етулері жсалады.Графикалық редакторлардың түрлері мен оларды қолдану туралы жоғарыда айтылды.Компьютерлік графиканың кейбір бағыттарын қарастырайық.
Ғылыми графика-бұл ең бірінші пайда болған бағыт.Оның міндеті-обьектілерді көрнекі бейнелеу.Ғылыми және инженерлік қызметте ғылыми графика.Ғылыми зерттеулер мен сынаулар жүргізгенде,есептеу нәтижесін графиктік өңдеу үшін есептеу,экспиремент жүргізгенде және олардың нәтижесін көрнекі көрсету үшін қолданылады.Медициналық қызметте ғылыми графика кардиограмма,рентгенограмма және т.с.с түрінде қолданылады.Білім беруде-мультимедиалық программалық құралдарда.
Іскерлік графика-компьютерлік графиканың бұл саласы әртүрлі мекемелер жұмысында жиі қолданылатын иллюстрация жасауға арналған.Жоспар көрсеткішін есеп беру құжаттарын,статистикалық мәліметтерді-міне,осы обьектілер үшін іскерлік графиканың көмегемен иллюстрациялық материалдар (көбінесе бұл график,диаграмма )жасалады.
Көркемдік және жарнамалық
графика.Графикалық кескін жасау және редакциялау
үшін,мысалы,баспа өнімдерін,жарнама безендіру,фотосуреттерді
бояу және өңдеу,мультфильмдер,
Компьютерлік графика түрлерінің бірі Мультимедиа болып табылады,ол дыбысты,музыканы,мәтінді,бейне мен анимацияны(қозғалатын обьектілер)қарастырып үйлестіреді.Соңғы кездерде мультимедиа жүйесі кең таралып келеді.
Растрлық графикада кескіндер түрлі-түсті нүктелердің (пиксельдердің) жиынтығынан тұрады.
Растрлық кескінді құрайтын әрбір пиксельдің өз орны мен түсі болады және әр пиксельге компьютер жадында бір ұяшық қажет.
Растрлық кескіннің сапасы сол кескіннің өлшеміне (тігінен және көлденең орналасқан пиксельдердің саны) және әр пиксельді бояуға қажетті түстердің санына тәуелді болады.
Мұндай типті кескіндер MS Power Point. Adobe Photoshop, Corel Photo, Photofinish секілді қуатты графикалық редакторларда өңделеді. Растрлық кескіндер векторлық кескіндерге қарағанда сапасы жоғары, әсерлі болады. Растрлық кескіндерді Paint, Adobe Image Ready секілді программаларды қолданып қолдан жасауға да болады.
Техникада растр өте жоғары сапалы кескін алуға мүмкіндік береді. Сондықтан растрлық кескіндер көркем графикада кеңінен қолданылады.
Растрлық графика электронды (мультимедиалық) және полиграфиялық басылымдарды жасап шығару үшін де жиі қолдылады. Растрлық графикалық редакторлар көбінесе жаңа суреттерді салу үшін емес, дайын суреттерді өңдеу үшін қолданылады
Артықшылығы: растрлық кескінді түзетуге, әдемілей түсуге, яғни оның кез-келген бөлігін өзгертуге болады; нүктелерді қажет болмаса ішінара алып тастауға немесе қоюлатуға, сондай-ақ кескіннің әр нүктесін ақ-қара немесе басқа кез келген түске өзгертуге болады. Растрлық кескіндер векторлық кескіндерге қарағанда әсерлі болады.
Кемшілігі: растрлық кескін өлшемінің масштабын өзгерткенде (бір немесе бірнеше бағытта созу немесе сығу) кескіннің сапасын жоғалтатыны. Мысалы, кескінді үлкейткенде, оның көрінісі дөрекіленіп кетсе, кішірейткенде – кескін сапасы өте нашарлап кетеді (нүктелерін жоғалтқандықтан). Файлдар өлшемдерінің өте үлкендігінде (түстері неғұрлым көп және сапасы жоғары болған сайын, олар соғұрлым үлкен болады).
Векторлық кескіндер, бұл - сызық, доға, шеңбер және тікбұрыш сияқты геометриялық объектілер жинағынан тұратын кескіндер. Бұл жерде вектор дегеніміз - осы объектілерді сипаттайтын мәліметтер жиынтығы.
Векторлық графиканың басты артықшылығы оған кескін сапасын жоғалтпай өзгеріс енгізуге, оңай кішірейтуге және үлкейтуге болатындығы. Келесі артықшылығы - векторлық кескіндердің ақпараттық көлемі растрлық кескіндермен салыстырғанда әлдеқайда аз болады. Векторлық кескіндер СorelDRAW, Adobe Illustrator, Micrografx Draw секілді векторлық графикалық редакторларда жасалады.
Фракталды графика.
жасалу әдісі сурет салуға немесе безендіруге емес,програмалауға негізделеді. Егер растрлық графикада растр (пиксель), ал векторлық графикада сызық базалық элемент болып табылса, фракталдық графикада математикалық формуланың өзі базалық элемент болып табылады, бұл компьютердің жадында ешқандай объект сақталмайды, кескін тек қана теңдік бойынша салынады деген сөз.
Жаңа
сабаққа орындалатын
Презентация жасау үшін мына әрекеттерді орындау керек:
1.Power Point-ті іске қосу.Файл-
2. Безендіру шаблонын жасау үшін
Файл-Создать-Шаблон-Оформления командасын қолдану
3.Әр слайдқа үлгі мәтіннің орнына қажетті мәтінді теру.
4. Слайдқа объект немесе сурет енгізу үшін Вставка
менюіне кіріп керекті опцияны тадау.
7.Мәтін мен кез келген объект үшін анимация енгізу үшін
Анимации-Настройка анимации командасын таңдау.
8.Құрылым тәртібіне өтіп,
9.Презентация экранда қалай көрінетінін көру үшін,
Вид-Показ слайдов командасын орындау.
10.Презентацияны сақтау үшін Ф
орындап,ат беріп,сақтау.
4.Сабақты бекіту.
5.Үйге тапсырма беру.
6.Оқушыларды бағалау.