Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Мая 2013 в 19:52, реферат
Компьютер — жай ғана машина, ол өзі көрсетіп тұрған сөздерді «түсінбейді» және өз бетінше «ойламайды». Компьютер тек қана бағдарламада көрсетілген сызықтар мен түстерді енгізу-шығару құрылғыларының көмегімен механикалық түрде көрсетеді. Адам миы экрандағы көріністі қабылдап, оған белгілі бір мән береді.
Компютердің перефериялық құрылғылары
Компьютер — жай ғана машина, ол өзі көрсетіп тұрған сөздерді «түсінбейді» және өз бетінше «ойламайды». Компьютер тек қана бағдарламада көрсетілген сызықтар мен түстерді енгізу-шығару құрылғыларының көмегімен механикалық түрде көрсетеді. Адам миы экрандағы көріністі қабылдап, оған белгілі бір мән береді.
Жүйелік блок
Жүйелік блок - дербес компьютердің ең негізгі құрылғысы. Жүйелік блоктың ішінде жүйелік тақша(аналық плата), процессор, оперативті жад, қатқыл диск, қоректендіру блогы, видеокарта секілді көптеген маңызды құрылғылар орналасады. Жүйелік блоктың алдыңғы панелінде қосу (Power) және қайта жүктеу (Reset) батырмасы, компакт-диск мен дискетаны оқитын дискжетектер және қызыл-жасыл жарық индикаторлары орналасады. Жүйелік блоктың артқы жағында негізгі (монитор, пернетақта, тышқан) және қосымша құрылғыларды (принтер, модем, сканер, микрофон) қосатын порттар мен кірістік құрылғылар орналасқан.
Дисплей
Дисплей (монитор) – компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы. Сыртқы пішіні бойынша дисплей кәдімгі түрлі түсті теледидарға ұқсайды, сондықтан оны жиі телевизиялық техникадағыдай монитор деп те атайды.
Енгізу құрылғысы мәліметтерді сыртқы ортадан компьютерге енгізу үшін қолданылады.
Пернетақта
Пернетақта – компьютердің жұмысын басқара отырып, қажетті ақпаратты енгізу үшін қолданылатын құрылғы. Ол әріптің және цифр пернелерінің көмегімен компьютерге кез келген ақпаратты енгізуге мүмкіндік береді. Қазіргі компьютерлердің пернетақтасында 101 немесе 105 перне, ал оң жақ жоғарғы бұрышында жұмыс режимі туралы ақпарат беріп отыратын 3 жарық индикаторы орналасады. Пернетақтаның бұл бөлігі латын,орыс, қазақ әріптері,цифрлар,тыныс белгілері және басқа да символдары бар пернелерден тұрады.
Пернелер бірнеше блокқа бөлінеді:
Символдық пернелер, олар пернетақтаның ортасына орналасқан. Ол пернетақтаның негізгі бөлігі болып табылады.
Функциялық пернелер, бұлар символдық пернелердің үстіндегі жолда орналасқан. Олар латынның F (F1, F2,..., F12) әрпімен белгіленген. Функциялық пернелер компьютердің күрделі операцияларын тез орындау үшін қолданылады. Әр түрлі жағдайларда ( әр түрлі бағдарламалармен жұмыс істегенде ) олар әр түрлі міндеттер атқарады. Мысалы, Бейсик тілінде F1...F10 пернелерін басып, белгілі командаларды орындауға болады;
Нұсқаушы немесе меңзерді экранды басқару пернелері. Меңзер дегеніміз экранда (сызықша түрінде ) жыпылықтап тұратын символ.
Цифрлық пернелер немесе қосымша пернетақта, олар 10 пернеден тұрады. Пернетақта оң жақта орналасқан.
Enter немесе енгізу пернесі.Бұл - ең басты перне, оны басу әдетте белгілі бір әрекеттің операцияның аяқталғанын,компьютер енді бұл әрекеттерді өңдеуі керек екенін көрсетеді. Команда символдық пернелердің көмегімен енгізілгенде, ол алдымен пернетақтаның жадында сақталады да, компьютер сендер Enter пернесін басқаннан кейін жетеді
Тышқан
Тышқан –«графикалық» басқару құрылғысы. Қазіргі кездегі компьютерлер тағы бір ақпараттарды енгізу құрылғысы – Маус манипуляторымен жабдықталған.
Бұдан былай оны тек маус (тышқан ) деп қана атайтын боламыз. Оның аты тышқан деп бекер аталмаған. Себебі ол – сұр түсті,тышқанның құйрығына ұқсайтын компьютерге жалганған иілгіш сымы бар қорап.Ол алақанға ыңғайлы және кілемше бетінде еркін жылжитын құрылғы.маустың екі түрі болады: үш батырмалы, екі батырмалы.Қазіргі кезде екі батырмалы маус жиі пайдаланылады,себебі ортадағы батырма жұмыс кезінде көп пайдаланылмайды. Маус қорабының ішінде ауыр резеңкемен қапталған металдан жасалған ауыр шар орналасқан. Ол қораптың сыртына аз ғана шығып, кілемше бетіне тиіп тұрады. Маусты арнайы кілемше бетіне жылжытқанда, шар айналады.Оның айналуы өзара перпендикуляр айналатын екі білікті айналдырады да, ол компьютерге оңға-солға және жоғары - төменге жылжыту сигналдарын береді.
Егер маус жылжитын бет өте тайғанақ болса, онда шар дөңгелемей сырғиды, сондықтан арнайы резеңке кілемше пайдаланылады.
Принтер
Принтер - ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы. Принтердің бірнеше түрі: матрицалық, сия бүріккіш, лазерлік, сублимационалдық, жарық диодты (LED) принтерлер бар.
Сканер
Сканер - қағаздағы мәтін мен суретті компьютерге автоматты түрде енгізу үшін қолданылады. Сканер кескінді (суретті, т.б.) машина кодына ауыстырып, компьютердің жадына жазады. Сканердің жұмысының принципі былай: жарық сәулесі жол-жолмен жазық суретті сканерлейді, оның жұмыс принципі электрондық сәуленің дисплей экранын сканерлеуіне ұқсайды. Сканерлер қара-ақ түсті немесе түрлі түсті болады.