Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Октября 2013 в 18:13, реферат
Кейс –стади амал-тәсілі немесе оқытудың нақты жағдаяттар әдісі(метод конкретных учебных стиуаций») xx ғасырдың басында Америка Құрама Штаттарының Гарвард университетінің бизнес мектебінде пайда болған. Кейс-стади амал-тәсілі термині алғаш рет американдық ғалым Коплендтің еңбектерінде пайдаланылған. Копленд 1921 жылы оқытудың нақты жағдаяттар жинағын шығарып, кейс-стади амал-тәсілін қолдану жолдарын көрсеткен.
Векторлық графиканың басты артықшылығы
оған кескін сапасын жоғалтпай өзгеріс
енгізуге, оңай кішірейтуге және үлкейтуге
болатындығы.
Векторлық графиканың кемшілігі объектіні
өрнектуге қолданылатын дерек көлемі
аз.
8. Мына кескін графиканың қай түріне жатады?
9. Мына кескін графиканың қай түріне жатады?
10. Мына кескін графиканың қай түріне жатады?
Өткен сабақта өтілген тақырыпты жаңа
сабақ тақырыбымен байланыстыра отырып,
тақырыпты таныстыру.
ІІІ.Жаңа сабақтың мазмұны:
Компьютерде кескіндерді өңдеу үшін арнайы
программалар – графикалық редакторлар
пайдаланылады. Қазіргі кезде компьютерлік
графикамен жұмыс жасауға арналған көптеген
программалық құралдар бар. Графикалық
редакторларды да екі категорияға бөлуге
болады: растрлық және векторлық. Түсірілген
суреттер мен жалпы суреттерді өңдеуге
көбіне растрлық графикалық редакторлар
қолайлы, себебі растрлық кескіндер түстер
градациясын және көмескі бояуларды жоғары
дәрежеде беруді қамтамасыз етеді. Қарапайым
растрлық кескіндерді тікелей салуға
мүмкіндік беретін қарапайым растрлық
редакторлардың қатарына PaintBrush, Paint, Painter
жатады. Растрлық графикалық редакторлардың
негізгі класы олардың сапасын арттыру
және даяр растрлық кескіндерді өңдеуге
арналған. Мұндай редакторларға Adobe Photoshop,
Corel PhotoPaint және басқа осы сияқты программалар
жатады. Растрлық графикалық редакторлар
пайдаланушыға мынадай мүмкіндіктер береді:
графикалық примитивтерді (сызықтар, төртбұрыштар,
эллипстер және басқаларды) қолмен (тышқанның
көмегімен) салу;
кескіннің кез келген бөлігін кесіп алу,
желімдеп жапсыру;
сурет салу және бояу үшін кез келген түсті
пайдалану;
ұсақ бөлшектерді анықтап зерттеу үшін
кескін фрагменттерін үлкейту;
мәтінге суреттер қоса отырып, көркем
хабарландырулар даярлау;
алынған кескіндерді сақтау және редакциялау.
Кәсіби растрлық редакторлар (мысалы,
Adobe Photoshop), негізінде сурет салу үшін емес,
фотобейнелерді өңдеу, яғни айқындық және
қанықтылықты арттыру, ескі фотбейнелердегі
кірді және сызаттарды жою үшін пайдаланылады.
Растрлық графика жағдайындағыдай векторлық
графикамен де жұмыс істейтін программалық
құралдардың өте көп түрі бар, оларды меңгеру
растрлықпен салыстырғанда күрделілеу.
Векторлық графикалық редакторларға Word
мәтіндік редакторына құрамдас графикалық
редакторды, ал кәсіби графикалық редакторларға
CorelDRAW, Adobe IUustrator және басқаларын жатқызуға
болады. Векторлық графикалық редакторларды
қолданғанда қолданушы мынадай мүмкіндіктерді
пайдаланады:
объектілермен жұмыс істеу үшін (орын
ауыстыру, масштабтау, айналы бейнелеу)
қажетті әр түрлі әдістер;
объектілерді реттеу, біріктіру, қиылыстыруға
арналған құралдар;
графикалық эффектілер (әсерлер) көп;
мәтінмен жұмыс істеудің әр түрлі мүмкіндіктері;
алынған кескіндерді сақтау.
Сіз сурет салған кезде, алдымен сурет
салу құралын (фломастерлер, қылқалам,
қарындаш және т.б.) таңдайсыз. Графикалық
редакторлар да графикалық кескіндерді
құру және редакциялау үшін құралдарды
таңдау мүмкіндігін беріп, оларды бір
құрал-саймандар тақтасына біріктіреді.
Paint, Adobe Photoshop растрлық графикалық редакторларының
құрал-саймандар тақтасы көрсетілген.
Егер зер салып қарасақ, тақтада көптеген
бірдей құрал-сайманның бар екенін көреміз.
Объектілерді салу құрал-саймандары. Графикалық
редакторларына қарапайым графикалық
объектілерді (түзу сызық, эллипс, көпбұрыш
және т.с.с.) салуға қажетті құрал-саймандар
бар. Құрал-саймандар тақтасынан объектіні
таңдағаннан соң, оны редактор терезесінің
кез келген жеріне салуға болады. Веен
диаграммасы арқылы графикалық редакторлардың
айырмашы
Алғашқы мағлұматтар
Графикалық редактор - графикалық бейне
түріндегі суреттерді салуға және оларды
өңдеуге арналған арнайы бағыттағы программа.
Қазіргі кезде нүктелік (немесе растрлық)
және векторлық деп аталатын графикалык
редакторлардың екі түрі белгілі. Нүктелік
графикалық редакторларда кез-келген
сурет пиксельдер деп аталатын нүктелерден
тұратын кішкене бейнелер (мозаика) арқылы
салынады, ал нүктелердің әрқайсысы түрлі
түске бояла алады.
Paint (Paintbrush) - Windows жүйесінің стандартты
программалар тобына кіретін қарапайым
нүктелік графикалық редактор. Paint өзінің
мүмкіндіктері жағынан профессионалды
графикалық редакторлардан біршама төмендеу
болғанымен ол едәуір күрделі әрі тартымды,
түрлі-түсті және ақ-қара суреттерді, схемаларды,
сызбаларды (чертеждер) даярлауға мүмкіндік
береді. Бұл редакторды игеру онша қиын
емес, оның құрамында сурет салу, сызу
және оларды өңдеуге арналған стандартты
қарапайым аспаптар жиыны бар, дайындалған
бейнелер файлдардың кең тараған графикалык
форматында сақталады.
2. Программа терезесі
Редакторды іске қосу үшін (Windows З.х) "Реквизиттер"
тобындағы Paintbrush белгісін таңдаңыздар.
Ал, Windows 98 жүйесінде Іске қосу=> Программалар=>
Стандартты => Paint командалар тізбегін
орындасақ, экранда программаның терезесі
пайда болады. Оның кұрамында бізге осыған
дейінгі таныс элементтер мен (жұмыс аумағы,
меню мен тақырып жолдары) бірге бірсыпыра
жаңа элемснттер де бар.
Терезенің сол жақ шеткі қабырғасында
аспаптар тақтасы орналасқан. Одан сіздер
Paint-та кездесетін барлық сурет салу аспаптарын
көре аласыздар (8.1-сурет). Кез-келген аспаптарды
таңдау үшін соның белгісіне тышқан курсорын
жеткізіп, оны шерту жеткілікті. Осыдан
кейін таңдап алынған аспаптың бейнесі
(белгісі) айқын түспен ерекшеленеді.
Терезенің төменгі жақтауы бойымен түстер
палитрасы орналаскан. Paint-та бір уақытта
екі түспен сурет салуға болады: қалам
түсімен (мұнан былай оны қысқаша негізгі
түс деп атаймыз) және фон түсімен (мұнан
былай оны фондық деп атаймыз). Палитраның
сол жак шетінде бірі екіншісінің ішіне
орналасқан кішкене екі тіктөртбұрыш
тұр, осылардың үстіңгісі - негізгі түсті,
ал астыңғысы - фондық түстерді көрсетеді.
Кез келген сәтте түстерді өзгерту мүмкіндігі
бар. Ол үшін курсорды палитрадағы жаңа
түскс апарып, тышқанның сол жақ батырмасын
шерте отырып негізгі түсті, ал оң жақ
батырмасын басу арқылы - фондық түсті
өзгертуге болады.
Аспаптар тақтасының төменгі жағында
сызықтар қалыңдығын анықтайтын терезе
орналасқан. Сызықтар қалыңдығын таңдап
алған соң, соның көмегімен түзу сызықты,
доғаларды, тіктөртбұрыштар мен эллипс
контурларын сызуға болады. Сызықтың қалыңдығы
сондай-ақ мыналарға да әсер етеді:
- аэрозоль баллонының сиясының ені;
- өшіргіш (ластик) ені;
- бояуыш немесе қылқалам (кисть) ені.
Жұмыс аумағы - салынатын графикалық бейне
орналаса алатын экранның тіктөртбұрышты
ауданы (бөлігі). Егер де мөлшері жұмыс
аумағынан да үлкен сурет салынса, онда
терезе шеттерінде жылжу сызғыштары пайда
болады. Олар экран бетінде жылжи отырып,
бейненің кез келген бөлігін көруге мүмкіндік
СorelDraw – машиналық графиканың нағыз шедеврлерін жасау үшін қолданылатын компьютерлік дизайнердің құралы.
Түрлі-түсті көркемдеулерді; күрделі
сызбаларды, кітаптар мен журналдар мұқабаларының
фигуралық кітапталарын, фотографиялық
шын және фантастикалық шын емес бейнелейлерді;
дайын бейнелеулерді редакциялау үшін,
графикалық Web-беттерді құру үшін, т.б.
жасау үшін қолданылатын қолайлы игеруге
қарапайым құрал.
Векторлық графика да қолданылады, оның
көмегімен сапаны жоғалтпай, бейнелеуді
бірнеше есе көбейтуге болады, ал мысалы
Paint редакторында суреттерді растрлық
берілуі кезінде ондай мүмкіндік жоқ.
СorelDraw винчестерде жадының 120-дан 700 МБ
алады.
Векторлық графика безендіру және сызба
бейнелеулерін құру үшін пайдаланылады.
Векторлық графикада Қисық негізгі объекті
болады. Оны көбейткен кезде векторлық
бейнелеулердің сапасы өзгрмейді.
Мысалы, Сorel-де машина жазба бетінен бірнеше
метрлік плакаттарға дейінгі көлемде
бейнелеулерді құруға болады. Сorel-ге кіруде
экранның ортасында тікбұрыш орналасқан,
мұнда өз объектінді құруға болады.
Объектті беттің сыртында құруға да болады,
ал бетте таңдаған беттін форматына өз
объектілерінді орналасуын және көлемін
өлшеу үшін қолдануға болады.
СorelDraw – бірнеше беттен тұрады, оны толықтыру,
жою, басқа атымен атауға болады.
Клон – оригиналға еңгізелген барлық
өзгерістерді қабылдайтын объекттің дубликаты.
Свиток – вкладка - әр түрлі эффектерді:
бұрылыстарды, айналуларды, түсте өзгертуді,
т.б. құру үшін аспаптардың қосымша панелі.
Объект – құжаттың фрагменті. Объекттер
бір-бірімен қиылысу, бір-біріне үстіне
жапсырылуы мүмкін, олардың көмегімен
түрлі-түсті мәтіндердің комбинацияларды,
суреттерді жасауға болады.
Интерактивтілік – басқарылатын режім.
Интерактивті құралдар өте қарапайым
және қолдануға тиімді. Бұрынғы кезде
қызметіне бірнеше меню мен терезелерді
ашу жатса, бүгінгі күні интерактивті
панель көмегімен екі объекттің арасында
өткелді құру үшін тышқанмен бір объекттен
екіншіге жүргізу жеткілікті.
CorelDRAW — Канадалық Corel ко
CorelDRAW | |
CorelDRAW скриншоты | |
Кім дамытқан |
Corel |
Соңғы шығармасы |
X5 / 20 наурыз 2012[1] |
Амалдық жүйесі |
Microsoft Windows |
Жанры |
Векторлық графикалық редактор |
Лицензиясы |
Проприетарлық |
Ғаламтор торабы |
apps.corel.com |
Қазіргі нұсқасы — CorelDRAW Graphics Suite X5,
тек қана Microsoft Windowsқа қолжетімді. Одан бұрынғы нұсқалары Apple Macintosh пенLinuxқа да арналып жасалатын. Linuxтың
соңғы нұсқасы — 2000 жылы шыққан 9-шы нұсқа.
2002 жылы Macintoshқа арналған 11-ші нұсқасы
шықты.
Графикалық
редактор – графикалық бейне түріндегі
суреттерді салуға және оларды өңдеуге
арналған арнайы бағыттағы программа.
Қазіргі кезде нүктелік және векторлық
деп аталатын графикалық редакторлардың
екі түрі белгілі. Нүктелік графикалық
редакторларда кез келген суретпиксельдер
деп аталатын нүктелерден тұратын кішкене
бейнелер арқылы салынады, ал нүктелердің
әркайсысы түрлі түске бояла алады.
Paint (Paintbrush) – Windows жүйесінің
стандартты программалар тобына кіретін
қарапайым нүктелік графикалық редактор.
Paint өзінің мүмкіндіктері жағынан професионалды
графикалық редактордан біршаматөмендеу
болғанымен ол едәуір күрделі әрі тартымды,
түрлі-түсті және ақ-қара суреттерді, схемаларды,
сызбаларды даярлауға мүмкіндік береді.
Бұл редакторды игеоу онша қиын емес, оның
құрамында сурет салу, сызу және оларды
өңдеуге арналған стандартты қарапайым
аспаптар жиыны бар, дайындалған бейнелер
файлдардың кең тараған графикалық форматында
сақталды.
Компьютер графикалық
құрудың және графикалық кескіндерді
реакциялаудың ең қолайлы және қуатты
құралы болып табылады.Ең қарапайым графикалық
редакторлар сурет салуға,әртүрлі бояу
жаққышты пайдаланып,суреттерді әр түрлі
түске бояуға қалыңдығы мен түсі әртүрлі
сызықтарды сызуға,суретке мәтін енгізуге
мүмкіндік береді.Бұдан күрделірек графикалық
редакторлар арнайы эффектілерді :көлем,көлеңке
жасауды, суреттің бір бөлігін үлкейтуді
түстерді өңдеуді және түзетуді бірінші
кескіннен екіншісіне біртіндеп өтуді
т.б.орындауға мүмкіндік береді.редакторлар
әртүрлі пішімді кескіндермен жұмыс істеуге
мүмкіндік береді.Стандартты кескіндердің,суреттердің
және дайындамалардың өте үлкен кітапханалары
бар,оларды пайдаланып тіпті сурет салудан
хабары жоқ адам да қажетті суретті жылдам
салып шыға алады.
Paint сурет салу бағдарламасы
әртүрлі графикалық кескіндерді салуға,реакциялауға
мүмкіндік береді.Бұл бағдарламаның көмегімен
қарапайым суреттен бастап күрделі графикалық
шығармаларға дейін жасауға болады.
Paint бағдарламасында өзіміз
сурет салуымызға Windows-тың басқа қолданбаларын
алмастыру буферге көшірілген дайын суреттерді
қоюға, сондай-ақ сканердің көмегімен
алынған күрделі кескіндерді қоюға болады.
Жалпы компьютерлік
кескндік ақпараттың негізгі екі
түрі бар. Біріншісі растрлық және
екіншісівекторлық.
Олар бір-бірінен монитор экранында бейнелену,
компьютерде кескіннің сипатталуы жағынан
және қағаз бетіне басып шығарылған кезде
кескіндердің қалыптасу принциптері бойынша
ажыратылады.
Растрлық
графикада кескіндер түрлі-түсті
нүктелердің жиынтығынан тұрады. Графикалық
ақпараттың осындай нүктелер жиыны немесе
пиксельдер түрінде ұсынылуы растрлық
түрдегі ұсынылу болып табылады. Растрлық
кескінді құрайтын әрбір пиксельдің өз
орны мен түсі болады және әр пиксельге
компьютер жадында бір ұяшық қажет.
Растрлық кескіннің сапасы сол кескіннің
өлшеміне (тігінен және көлденең орналасқан
пиксельдердің саны) және әр пиксельді
бояуға қажетті түстердің санына тәуелді
болады.
Мұндай типті кескіндер Adobe Photoshop, Corel Photo,
Photofinish секілді қуатты графикалық редакторларда
өңделеді. Растрлық кескіндер векторлық
кескіндерге қарағанда сапасы жоғары,
әсерлі болады. Қарапайым фотосуреттердің
өзі компьютерде растрлық кескін түрінде
сақталады. Растрлық кескіндерді Paint, Adobe
Image Ready секілді программаларды қолданып
қолдан жасауға да болады.
Растрлық кескіндердің
артықшылықтары да, кемшіліктері де бар.
Артықшылығы: растрлық
кескінді түзетуге, әдемілей түсуге, яғни
оның кез-келген бөлігін өзгертуге болады;
нүктелерді қажет болмаса ішінара алып
тастауға немесе қоюлатуға, сондай-ақ
кескіннің әр нүктесін ақ-қара немесе
басқа кез келген түске өзгертуге болады.
Кемшілігі: растрлық кескін
өлшемінің масштабын өзгерткенде (бір
немесе бірнеше бағытта созу немесе сығу)
кескіннің сапасын жоғалтатыны. Мысалы,
кескінді үлкейткенде, оның көрінісі дөрекіленіп
кетсе, кішірейткенде – кескін сапасы
өте нашарлап кетеді (нүктелерін жоғалтқандықтан).
Растрлық кескіндердің тағы
бір кемшілігі – файлдар өлшемдерінің
өте үлкендігінде (түстері неғұрлым көп
және сапасы жоғары болған сайын, олар
соғұрлым үлкен болады).
Бірақ бұл кемшіліктеріне қарамастан,
қазіргі техникада растр өте жоғары сапалы
кескін алуға мүмкіндік береді. Сондықтан
растрлық кескіндер көркем графикада
кеңінен қолданылады.
Растрлық графика электронды (мультимедиалық)
және полиграфиялық басылымдарды жасап
шығару үшін де жиі қолдылады. Растрлық
графикалық редакторлар көбінесе жаңа
суреттерді салу үшін емес, дайын суреттерді
өңдеу үшін қолданылады. Осы мақсатта
көбінесе суретшілердің қолымен салынған
дайын суреттер сканерленіп алады немесе
фотосуреттер алынады. Соңғы кездері растрлық
кескіндерді компьютерге енгізу үшін
сандық фотокамералар мен видеокамералар
кеңінен қолданылуда.
Векторлық кескіндер, бұл
— сызық, доға, шеңбер және тікбұрыш сияқты
геометриялық объектілер жинағынан тұратын
кескіндер. Бұл жерде вектор дегеніміз
— осы объектілерді сипаттайтын мәліметтер
жиынтығы.
Векторлық графиканың басты артықшылығы оған
кескін сапасын жоғалтпай өзгеріс енгізуге,
оңай кішірейтуге және үлкейтуге болатындығы.
Келесі артықшылығы — векторлық кескіндердің
ақпараттық көлемі растрлық кескіндермен
салыстырғанда әлдеқайда аз болады. Векторлық
кескіндер СorelDRAW, Adobe illustrator, Micrografx Draw секілді
векторлық графикалық редакторларда жасалады.
Векторлық графикамен жұмыс істеуге арналған
программалық құралдар бірінші кезекте
кескіндерді өңдеу үшін емес, оларды жаңадан
салу үшін қолданылады. Бұндай құралдар
жарнама агенттіктерінде, дизайнерлік
бюроларда, редакциялар мен баспаханаларда
кеңінен қолданылады. Қарапайым геометриялық
объектілер мен қаріптерді пайдалануға
негізделген безендіру жұмыстары векторлық
графика құралдарының көмегімен әлдеқайда
оңай іске асады.
Қысқасы қарапайым тілмен
айтқанда растрлык кескін компьютерге
жазылғанда әр пикселдері жеке жеке сипатталып,
анықталып жазылады. Яғни былай. Бірінші
қатардағы бірітнші пиксел түсі қара,
бірінші қатардағы екінші пикселдің түсі
сары,… оныншы қатардағы оныншы пикселдің
түсі ақ. Осылай осылай сурет толықтай
біткенше сипатталады.
Ал векторда сурет математикалық формулалар,
кесінділер арқылы сипатталып жазылады.
Яғни былай. Төрт бұрышты кескін, ұзындығы
10мм, ені 10мм, түсі қара.
Өздеріңіз де байқаған шығарсыз векторлы
кескінді сипаттап жазу әлдеқай оңайғ
әрі қысқа. Сондықтан векторлы кескіннің
салмағы да жеңіл, әрі оңай маштапталады.