Электронды оқулықтар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2014 в 12:54, доклад

Краткое описание

Қазіргі кездегі жапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Тіпті бірқатар дамыған елдерде бұл идея ұлттық қағидаға айналған. Сондықтан халықаралық ұйымдар әлем елдерінің бәсекеге қабілеттілігінің рейтингін анықтауға кірісті. Елбасы Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп атап көрсетті.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Электронды о0улы0.docx

— 27.40 Кб (Скачать документ)

 

 

Электронды оқулықтар  

 

«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында»

Н.Ә.Назарбаев

Қазіргі кездегі жапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Тіпті бірқатар дамыған елдерде бұл идея ұлттық қағидаға айналған. Сондықтан халықаралық ұйымдар әлем елдерінің бәсекеге қабілеттілігінің    рейтингін анықтауға кірісті. Елбасы Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп атап көрсетті.

Қай заманда да өркениеттің дамуы интеллектуалдық шығармашылық қабілеттіліктің негізінде жасалынған, әлі де солай болып келеді. Шығармашылық адам санасының жасампаздығын және іс-әрекетінің биік белсенділігін көрсетеді. Адам қабілетінің дәрежесі, оның кәсіби іскерлік шеберлігі, бизнес пен кәсіпкерліктің нәтижелілігі, жаңалық ашуы тұлғаның шығармашылық ойлауына қатысты анықталады.

Мұғалім жеке көзқарасы бар, соны қорғай білетін жігерлі тұлға, зерттеушілік, ойшылдық қасиеті бар маман, білімді де білікті, көп оқитын, көп тоқитын, білімін күнделікті ісіне шебер қолдана білетін, өзінің оқушысын өз бетінше білім алуға үйрете алатын болу керек. Бұл өмір талабы. Мұғалімде ұйымдастырушылық, құрылымдық, бейімділік, сараптамалық қабілеті болуы шарт. Ол сонымен қоса ұлттық құндылықтарды яғни, этнопедагогика, этнопсихология негіздерін меңгеру қажет. Ғаламдасуға байланысты «интернет» жүйесін жетік меңгерген, әлемдік білімге сай, мәдениеті жоғары, жеке тұлға тәрбиелей алатын ұстаз болуы қажет. Осыған қарап ХХІ ғасырда мұғалімге қойылатын талаптар зор екенін көреміз.

ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Бүгінгі білім мазмұны мұғалім мен оқушының арасындағы байланысты субъективті деңгейде көтерудегі демократиялық бастамалардың барлығы мұғалімдер арқылы жүзеге асырылады. Бүгінгі мұғалімге тек пән мұғалімі ретінде қабылдау олқылық көрсетеді. Мұғалім қоғам айнасы.

Ертеңгі күнімізге аттамас бұрын бүгінгі ұстаздың кім екендігіне баға беріп көрейік. Бүгінгі мұғалім ата-ана, бала бағбаны, қоғам қайраткері. Мұғалім – оқытушы, мұғалім – ұстаз, мұғалім – оқулық авторы, мұғалім – технолог, мұғалім-жаңалықты дәріптеуші, таратушы.

Қазіргі таңда дәстүрлі оқыту әдістемесінің заман талабына сай толық білім беруге, меңгертуге кепілдік бермейтіндігін мектеп тәжірибесі көрсетіп отыр. Сондықтан жаңартылған әдістемелік жүйенің оқыту процесінде іске асу үшін оны технологияландыру қажеттілігі туады.

Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді.

Жаңа ақпараттық технологияларға (ЖАТ) ғалымдар әр түрлі анықтама беріп отыр. Мысалы, Н.Макарова «ЖАТ – қысқаша компьютер негізіндегі технология» деп тұжырымдайды. М.И.Жильдак бұл терминнің неғұрлым кеңірек анықтамасын береді. Ол «ЖАТ – адамдардың білімін кеңейтіп, олардың техникалық және әлеуметтік үрдістерді басқару мүмкіндігін дамытатын, ақпаратты жинау, ұйымдастыру, сақтау, өңдеу, тасымалдау және жеткізудің техникалық құралдары мен әдістерінің жиынтығы» дейді.

Біз жоғарыдағы анықтамаларды өз іс-тәжірибемізге қолдану бағытында оларды негізге  ала отырып жұмыс істеп жатырмыз. Әсіресе ақпаратты оқушыға компьютер арқылы әзірлеу мен тарату үрдісіне ерекше мән беріп отырамын. Себебі әр түрлі зерттеулерге қарағанда дәстүрлі оқыту кезінде кез келген жақсы оқитын оқушы информатика  заңдылықтарын тұжырымдайды, мысалдар келтіреді. Оқушылардың көпшілігі алған білімдерін практикада қолдана алады. Бұл оқушылардың оқу материалын формальды жағынан да жақсы білетінін көрсетеді. Кез келген сабақта электронды оқулықты пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуге жағдай жасайды.

Электрондық оқулықпен оқытудың негізгі мақсаты: Оқыту үрдісін үздіксіз және толық деңгейде бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту.

Компьютерлік оқыту үрдісінің құрылымдық сызбасын қарастырайық. 

 

Оның құраушы элементтері мұғалім, оқушы, дидактикалық материалдар мен дербес компьютер. (Сызба 1) Осы элементтердің барлығы да бір-біріне өзара әсер ететін ақпараттар ағынымен байланысқан. Осы құрылымда алғашқы маңызды аспект ролін мұғалім мен оқушының компьютерлік сауаттылығын қамтамасыз етуі, яғни олардың компьютермен және оның сыртқы құрылымдарымен жұмыс істей білу деңгейлері, компьютердің жалпы қызмет ету принциптерін түсінуі, осы жүйенің жалпы мүмкіндіктерін ұғынуы саналады.

Дәстүрлі оқыту меңгерудің 4 деңгейінің (репродуктивтік, алгоритмдік, эвристикалық, шығармашылық) тек алғашқы екеуін ғана қамтиды, нәтижесінде материалдар жеткілікті дәреже меңгерілмейді, білімнің жүйелілігі, беріктілігі қалыптаспайды. Компьютердің көмегімен тақырыпты оқу, зерттеу негізінде меңгеруді эвристикалық және шығармашылық деңгейге жатқызуға болады. Оқушылар электронды оқулықтан оқығанын, көргенін елестете отырып тақырыпқа берілген тест  сұрақтарын шешеді. Ал электронды оқулықта тест сұрақтары күрделенген тест және жеңілдетілген тест түрінде болады. Қорыта айтқанда компьютерді сабақта қолдану барысында оқушылар:

1.          Қарастырылып отырған тақырыптың мағынасын терең түсінеді;

2.          Оқушы жұмысты орындау барысында ғылыми зерттеу жұмысына тартылады, оның бойында зерттеушілік қабілет пен ынта қалыптаса бастайды.

Кез келген  пән мұғалімін компьютерлік кабинетке тартып отырған не? Ең бірінші кезекте сабақты түрлендіру және оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру. Компьютерлік сыныпта өткен сабақта үйреншікті тыныштық жоқ. Сабақ кезінде оқушылар проблемаларды талқылайды, сабақтың барысын қызығушылықпен бақылайды. Бұл кезде мұғалім – оқушы арақашықтығын ұстау болмайды. 

 

 

 

Енді электронды оқулықты пайдаланудың тиімді және тиімсіз жақтарына тоқталайық. 

 

Тиімді жақтары

Тиімсіз жақтары

Ø           Оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалын іздеп отырмайды.

Ø           Оқушы оқулықты қажет етпей-ақ информатика негіздерінен кез келген мәліметті алып, оқып үйренуіне болады.

Ø           Тақырыптың үлкен, қиын бөліктерін өткенде қосымша бейнехабар, клиптер, аудиохабарларды пайдаланады.

Ø           Таңдап алған хабарды көшіруге мүмкіндік бар.

Ø           Сарамандық жұмыстар жылдам түсіндіріледі.

Ø           Бағдарламаны меңгеруге арналған тест сұрақтармен қамтамасыз етілген.

Ø           Көрнекілік құралдарға деген мұқтаждықты азайтады.

Ø           Мүғалім әр оқушымен дербес жеке жұмыс жүргізуіне мүмкіндік туғызады.

Ø           Оқушының ой өрісін, дүниетанымын кеңейтуге, тану үрдісіне ықпал етеді.

Ø           Зерттеушілік қабілеті бар тұлға қалыптасады.

Ø           ҰБТ-ге даярлаудағы тиімділігі жоғары

Ø           Психология-педагогикалық талаптардың жоқтығы.

Ø           Пән аралық байланыстың аздығы.

Ø           Көрнекілік материалдарда бірыңғай таңдау.

Ø           Оқып үйренудегі мамандық бойынша бағыты ескерілмеген.

Ø           Материалды толық қамтуы немесе оқулықтарды толық аудару.

Ø           Оқушының жеке ерекшелігі, денсаулық жағдайы ескерілмеген.

Ø           Берілген материалдағы санитарлық-гигиеналық нормалардың сақталмауы.

Ø           Компьютердің графикалық мүмкіншілігінің қолданылуының нашарлығы және әлсіздігі.

Ø           Оқушының тіл мәдениетінің төмендеуі «тірі» қарым-қатынасқа түсе алмауы. 


 

 

Жоғарыда айтылған тиімсіз жақтарды болдырмау үшін төмендегідей ұсыныс жасауға болады:

1.          Компьютерді сабақтың белгілі бір кезеңдерінде ғана пайдалану;

2.          Компьютерді пайдалану уақытын сақтау;

3.          Компьютерді пайдалануда қауіпсіздік ережесін сақтау;

4.          Дәстүрлі және электронды оқытуды кіріктіру арқылы жүргізу. Себебі электронды оқыту – оқу пәнінің негізгі ғылыми мазмұнын қамтитын компьютерлік технологияға негізделген оқыту, бақылау, модельдеу, тестілеу т.б. бағдарламалар жиынтығы. Электрондық оқулық жай оқулықтарға өте тиімді қосымша мүмкіндіктер береді. Атап айтқанда:

ü          Кері байланысты іс жүзінде тез арада қамтамасыз етеді;

ü          Жай оқулықтағы кездеспейтін қосымша материалдарды электронды оқулықтардан қысқа уақытта табуға болады;

ü          Гипермәтінді түсіндірмелерге өту барысында уақытты үнемдеуге көмектеседі.

Кез келген сабақ бойынша ең бастысы электронды оқулықтарды дайындаудың бір жүйеге келтірілген заңдылығы болуы керек.

Осыған байланысты электронды оқулықтарды дайындауда мынадай дидактикалық шарттарды ескерген жөн:

ü          Белгілі бір пәнге байланысты дайындалған оқулықтың сол пәннің типтік бағдарлаиасына сәйкес болуы;

ü          Электрондық оқулықтар курста оқытылатын тараулар мен тақырыптарға қатысты дәріс конспектісін қамтитын негізгі сарамандық және тәжірибелік тапсырмаларды орындауға арналған қосымша материалдарға анықтама, библиографиялық көмекші, аралық және қорытынды бақылау сұрақтарынан тұратын тест материалдарды дайындауда пайдаланылған әдебиеттер тізімдері бөлімдерін қамтуы;

ü          Белгілі бір тақырыпқа қатысты материал 2-3 экрандық беттен артық болмау.

Түрлі сабақтарда электронды оқулықпен жұмыс нәтижелерін бағалау үшін түрлі диагностикалық зерттеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік бар:

1.          Білім мониторингісі;

2.          Сауалнамалар;

3.          Түрліше тестілік бақылаулар;

4.          Жеке оқушылармен әңгіме, пікір алмасу т.б.

5.          Оқушыларды сырттай бақылау

Электрондық оқулықтарды қолдану барысында оқушылардың сабаққа деген қызығушылығының күрт артқандығын жоғарыда айттық. Сондай-ақ мұғалімдер де өздеріне қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекші құралдарды молынан қолдана алады.

Заман табына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде электрондық оқулықтарды география сабағында пайдалану – оқытудың жаңа технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады. Ой өрісі дамыған шетелдік білім жүйесінен қалыспайтын жас ұрпаққа білім беру жолындағы ортақ міндетті өз мәнінде жүргізу қажет деп ойлаймыз. 

 

ЭО негізгі қасиеттері:

l     Жинақтылық

l     Жүйелілік

l     Эстетикалық көркемділігі

l     Жылдамдылығы және т.б. 

 

ЭО құрылымы

1.          Материалдың мәтін, сурет,график, кескін, кесте және т.б. түрде баяндалуы. Ол оның дәстүрлі оқулықтан ерекшелігін көрсетеді.

2.          Материалддың кескін түрінде баяндалуы-оқулық мазмұнының графиктік-мәтіндік түрде бейнеленуі. Онда оқу материалының негізгі идеясын айқындайтын үзінділерін оқушының меңгеруіне ыңғайлы етіп, графиктік түрде бейнелеу.

3.          Өзіндік тексерудің (өзіндік бақылаудың)  тестілік жүйесі. Онда оқу материалын қаншалықты деңгейде меңгергенін айқындайтын сұрақтар мен тапсырмалар беріледі. 

 

ЭО құрылымдық элементтері:

n     Сыртқы беті;

n     Титулдық экран;

n     Мазмұны;

n     Аннотация;

n     Оқу материалының толық баяндалуы;

n     Оқу материалының қысқаша мазмұны;

n     Қосымша әдебиеттер;

n     Өзіндік білімді тексеру жүйесі;

n     Өзіндік бақылау жүйесі;

n     Мәтіндік үзінділерді іздеу функциясы;

n     Авторлар тізімі;

n     Терминдік сөздер;

n     Оқулықтың элементтерін басқару бойынша анықтамалық жүйе;

n     Оқулықпен жұмысты басқару жүйесі. 

 

ЭО қойылатын талаптар:

1.     Жан-жақтылығы

2.     Ізгіліктілік

3.     Бейімділігі

4.     Модульдік

5.     Экономикалық тиімділігі

6.     Тұтынушыға бағдарлау 

 

 

 

 

ЭО топтау 

 

ЭО құрастыру алгоритмі:  

 

Ø     Оқу пәнінің мазмұндық көлемін бағалау

Ø     Үйренушінің білімділік, икемділік дағдыларын қалыптастыру

Ø     Оқу материалын өзіндік білім алу деңгейіне бөлу

Ø     Глоссарий дайындау

Ø     Лекциялар конспектісін дайындау

Ø     Тест материалын дайындау

Ø     Материалдарды электрондық түрде дайындау

Ø     Өзіндік және практикалық сабақтардың материалын дайындау 

 

 

 

ЭО құрамы: 

 

l     аннотация;

l     пән туралы қысқаша ақпарат;

l     жұмыс бағдарламалары;

l     электрондық оқулықпен және оның бөлiктерiмен жұмыс жасау туралы әдiстемелiк нұсқаулар;

l     ұсынылатын бiлiм беру бағдарламалары;

l     теориялық материалдар (лекция конспектiлерi);

l     теориялық материалдарға негiзделген оқу құралы;

l     практикалық жұмыстарды орындауға негiзделген әдiстемелiк құрал;

l     практикалық жұмыс пен бақылау жұмыстарының тапсырмаларының тiзiмi;

l     бақылау тапсырмалары;

l     лабораториялық жұмыстардың әдiстемелiк нұсқалары;

l     бiлiмдi бағалау критерийлерiн айқындайтын тапсырмалар;

l     бақылау тестiлерiнiң жинағы;

l     телекоммуникациялық құрылғыларды қолдану арқылы консультация түрлерi мен графигi;

Информация о работе Электронды оқулықтар