Электрондық оқулықтар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Сентября 2013 в 15:42, автореферат

Краткое описание

Бүгінгі күннің басты ерекшелігі оқу процесінде жетілдіру жолында ең озық әдістемелер іздестіріліп, оқу орындары әртүрлі оқу бағдарламамен жұмыс істеуде.
Солардың ішінде оқушы үшін электронды оқулықты пайдалану арқылы:
- оқу материалдары туралы оқушыларға дәл және толық ақпарат беру арқылы оқыту сапасын арттырады. Оқытудың көрнектілігін арттырып, оқу материалын саналы игеруге жеткізеді;
- абстрактылы оқу материалдарын нақтылыққа жеткізіп, оқытудың тиімділігін жетілдіреді;
- оқу материалының маңызын арттырып, уақыттан ұтып, есте сақтау қабілеттерін жетілдіруге қол жеткізеді. Есте сақтаудың әсер алу, қайталау ассоциация арқылы оқу материалдарын терең игеруге жеткізеді;
- мұғалім мен оқушы еңбектерін жеңілдетіп, пікір алысып, байланыстарын арттырады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

KITAPSHA.docx

— 21.63 Кб (Скачать документ)

Электрондық оқулықтар

 

Бүгінгі күннің басты ерекшелігі оқу процесінде жетілдіру жолында ең озық әдістемелер  іздестіріліп, оқу орындары әртүрлі  оқу бағдарламамен  жұмыс істеуде.

 

 Солардың ішінде оқушы үшін электронды  оқулықты пайдалану арқылы:

-  оқу материалдары туралы оқушыларға дәл және толық ақпарат беру арқылы оқыту сапасын арттырады. Оқытудың көрнектілігін арттырып, оқу материалын саналы игеруге жеткізеді;

-  абстрактылы оқу  материалдарын нақтылыққа жеткізіп, оқытудың тиімділігін жетілдіреді;

-  оқу материалының  маңызын арттырып, уақыттан ұтып, есте сақтау қабілеттерін жетілдіруге  қол жеткізеді. Есте сақтаудың  әсер алу, қайталау ассоциация  арқылы оқу материалдарын терең  игеруге жеткізеді;

-  мұғалім мен оқушы  еңбектерін жеңілдетіп, пікір алысып, байланыстарын арттырады. 

 

      Қазіргі таңда дайындалған электронды оқулықтарда мынадай жағдайларды ескеру керек:

  • белгілі бір пәнге байланысты дайындалған электронды оқулықтың сол пәннің типтік бағдарламасына сәйкес болуын, тақырыпқа қатысты нақты әрі қысқа берілуін ескеру керек;
  • электрондық оқулықтар оқытылатын тараулар мен тақырыптарға қатысты дәріс конспектісін қамтитын негізгі материалдар;
  • зертханалық және тәжірибелік тапсырмаларды орындауға арналған қосымша материалдар;
  • материалға қатысты анықтама, библиографиядан тұратын көмекші материалдар;
  • аралық және қорытынды бақылау сұрақтарынан тұратын тест;
  • материалды дайындауда пайдаланылған әдебиеттер тізімдері қамтылуы.

 

    Электронды оқулықты қолдана отырып оқушыларға төмендегідей жұмыс жасауға мүмкіншілігі болады:

-  Өтілетін материалдарды дұрыс әрі жеңіл түрде түсінуге;

-  Оқушының өздігімен  дайындалып, жұмыстың барлық кезеңдерінде  өзін - өзі тексеруге;

-  Жұмысты тиянақты  түрде орындап, мұғалімге файл  түрінде тапсыруға;

-  Түсінбеген тақырыптарды  шексіз қайталауға;

-  Оқулықты сабақтарда  қолданып, оқушының өз деңгейінде  тапсырмаларды таңдауға;

-  Қажетті материалдарды  жылдам іздеп табуға мүмкіндік  туғызады.

 

Ақпараттық  технологиялардың  мүмкіндері пайдаланып жасалынған электронды баспа оқулығын пайдалану арқылы мұғалімдер мен оқушылардың өздігінен жұмыс жасай алады. Әсіресе аталған электронды оқулықты пайдалану оқушылардың сабаққа деген ынтасын жоғарылатып, өздігінен мұғалімнің нұсқауынсыз тақырыптарды игеруіне және зертханалық жұмыстарға алдын ала дайындалуларына мүмкіндік туғызады.

 

Оқу үрдісінде  кеңінен қолданылатын ақпараттық-коммуникативті технология элементтеріне:

 

  • Электронды оқулықтар мен әдістемелер,
  • интерактивті тақта,
  • электронды энциклопедия мен анықтамалар,
  • Интернет желісі,
  • суреттер мен көрнекіліктері бар DVD және CD дискілер,
  • видео и аудиотехника,
  • ғылыми-зерттеу жұмыстары мен жобалар

Power Point бағдарламасында жасалынған презентациялар жатады.

 

Электронды оқулықты қолдану барысында графикалық безендірулер және сұқбат терезесі түрінде пайдаланушы интерфейсі оқушыларды бұл кітап пайдалануға деген қызығушылығын арттырады.

Электрондық оқулықты құрастырған кезде оның мәтiндiк ақпараттан гөрi графиктiк ақпарат көбiрек қамтылуы керек, себебi ол оқушының ақпаратты тез, әрi көрнекi түрде қабылдауына жағдай жасайды.

Электрондық оқулықтың мазмұны оқушының интеллектiлiк  ойлау қабiлетiн дамытуға бағытталуы қажет және оның мына қасиеттердi қанағаттандыруы  жеткiлiктi:

l     Жинақтылық

l     Жүйелілік

l     Эстетикалық көркемділігі

l     Жылдамдылығы және т.б. 

 

ЭО  құрылымы

1.          Материалдың мәтін, сурет,график, кескін, кесте және т.б. түрде баяндалуы. Ол оның дәстүрлі оқулықтан ерекшелігін көрсетеді.

2.          Материалддың кескін түрінде баяндалуы - оқулық мазмұнының графиктік-мәтіндік түрде бейнеленуі. Онда оқу материалының негізгі идеясын айқындайтын үзінділерін оқушының меңгеруіне ыңғайлы етіп, графиктік түрде бейнелеу.

3.          Өзіндік тексерудің (өзіндік бақылаудың)  тестілік жүйесі. Онда оқу материалын қаншалықты деңгейде меңгергенін айқындайтын сұрақтар мен тапсырмалар беріледі. 

 

ЭО  құрылымдық элементтері:

n     Сыртқы беті;

n     Титулдық экран;

n     Мазмұны;

n     Аннотация;

n     Оқу материалының толық баяндалуы;

n     Оқу материалының қысқаша мазмұны;

n     Қосымша әдебиеттер;

n     Өзіндік білімді тексеру жүйесі;

n     Өзіндік бақылау жүйесі;

n     Мәтіндік үзінділерді іздеу функциясы;

n     Авторлар тізімі;

n     Терминдік сөздер;

n     Оқулықтың элементтерін басқару бойынша анықтамалық жүйе;

n     Оқулықпен жұмысты басқару жүйесі. 

 

ЭО  қойылатын талаптар:

1.     Жан-жақтылығы

2.     Ізгіліктілік

3.     Бейімділігі

4.     Модульдік

5.     Экономикалық тиімділігі

6.     Тұтынушыға бағдарлау

 

Электронды оқулықты пайдалану  арқылы:

  • сабақта техникалық құралдарды, дидактикалық материалдарды қолдану тиімділігі;
  • мұғалімнің ақпараттық – коммуникациялық технологияны меңгеруі;
  • оқушының пәнге қызығушылығы;
  • алынған білім, дағды деңгейі;
  • білімнің тереңдігі;
  • тексеру түрлері, бағалау;
  • практикалық дағдыларды игеру мүмкіндігі артады.

 

      Электронды оқулықты пайдаланудың тиімді жақтары

  • Оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалын іздеп отырмайды. 
  • Оқушы оқулықты қажет етпей-ақ информатика негіздерінен кез келген мәліметті алып, оқып үйренуіне болады.
  • Тақырыптың үлкен, қиын бөліктерін өткенде қосымша бейнехабар, клиптер, аудиохабарларды пайдаланады.
  • Таңдап алған хабарды көшіруге мүмкіндік бар.
  • Сарамандық жұмыстар жылдам түсіндіріледі.
  • Бағдарламаны меңгеруге арналған тест сұрақтармен қамтамасыз етілген.
  • Көрнекілік құралдарға деген мұқтаждықты азайтады.
  • Мүғалім әр оқушымен дербес жеке жұмыс жүргізуіне мүмкіндік туғызады.
  • Оқушының ой өрісін, дүниетанымын кеңейтуге, тану үрдісіне ықпал етеді.
  • Зерттеушілік қабілеті бар тұлға қалыптасады.

Білім берудің кез-келген саласында  «Электронды оқулықтарды» пайдалану  оқушылардың танымдық белсенділігін  арттырып қана қоймай, логикалық ойлау  жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен  еңбек етуіне жағдай жасайды.

 


Информация о работе Электрондық оқулықтар