Электронды есептеуіш машиналар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Мая 2013 в 20:24, курсовая работа

Краткое описание

Адамзат баласы дамудың барлық тарихи кезеңдерінде есептеу жұмыстарын жүргізіп отыруға әрқашан мұқтаж болды. Алғашқы кезеңдерде қол-аяқ саусақтары секілді қарапайым құралдар жеткілікті болды. Ғылым мен техника дамуына байланысты есептеу жұмыстарының қажеттілігі артып, оны жеңілдету үшін арнайы құралдар –абак, есепшот, арифмометр, арнаулы математикалық кестелер шығарыла бастады. ХХ ғасырдың ортасында информацияны өңдеуді автоматтандыру ісінің қажеттілігі электрондық техника мен технологияның қарқынды дамуына себепші боды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

ЭВМ курс жұмыс.docx

— 183.98 Кб (Скачать документ)
  • Кванттық компьютер
  • Механикалық компьютер
  • Оптикалық компьютер
  • Пневматикалық компьютер
  • Электрондық компьютер

 

 

Құрылыс ерекшеліктері. Қазіргі заманғы компьютерлер есептеуіш техниканың даму барысында жасалған конструкторлық шешімдерді қолданады. Бұл шешімдер, негізінде компьютерлердің физикалық жүзеге асырылуына байланысты емес, керісінше, компьютер жасаушылар сүйенетін негіз болып табылады.

Цифрлық немесе аналогтық. Компьютерді құру кезінде, оның цифрлық немесе аналогтық  жүйе болатынын анықтап алу керек.Егер цифрлық компьютерлер дискретті сандық және таңбалық айнымалылармен жұмыс жасайтын болса,аналогтық компьютерлер келіп түсетін мәліметтер ағынын үзіліссіз өңдеуге арналған. Қазір цифрлық компьютерлер кеңінен қолданылады, бірақ аналогтық компьютерлер де кейбір арнайы мақсаттарда қолданылады. Бұл жерде импульстік немесе кванттық есептеулер туралы айтпай отырған себебіміз –олар арнайы салаларда ғана қолданылады, немесе  әзірге тек тәжірбие жүзінде қолданылады.

Аналогтық компьютерлер:сызғыш,астролябия,осциллограф,теледидар, аналогтық дыбыстық процессор, автопилот, ми.

Ең қарапайым  дискретті есептегіштер ретінде абакты айтсақ,ең күрделісі суперкомпьютер болып табылады.    

 

ІV.6.  V буындағы  компьютерлер

      V буындағы  компьютерлер қазақ тілінде шықса, біздің болашақ жарқын болар еді. Қазіргі кезде көптеген елдерде бесінші буындағы ЭЕМ-ді жасау қолға қолға алынуда. V буындағы ЭЕМ- де, адаммен адам  сөйлескен сияқты, компьютер мен адам сөйлесетін жағдай  туу керек. Қалта телефондары сияқты, болашақта барлығында жеке компьютер болу керек. Егер, бұл компьютерлер  адам сөйлейтін тілге жуық  тілді түсінетін, яғни «жасанды интелект» ЭЕМ-дері болуы керек. Бұл идея  толығымен іске асқанда, ЭЕМ-ге кәдімгі сөзбен мәселені шешетін болады.  Біздің Отанымыз-Қазақстанда, компьютерлер  қазақ  тілінде әзірленген  компьютерлік бағдарламалармен қамтылса, мектептегі компьютерлер жаңа бағдарламалармен жабдықталып,  электрондық оқулықтар қазақ тілінде жаңа бағдарламаға сай құрастырылса, онда  біз бәсекеге қабілетті елдер қатарына енеміз. Бұл арманымыз  жақын уақытта орындалады деп ойлаймын. Себебі, бүгінгі таңда, компьютер қарым-қатынас құралы және  әлемнің кілті болып саналады. Өйткені, компьютер адамға тәуелді, адам компьютерге тәуелді.

         Адамзат өзінің индустриялық  даму сатысына, дәлірек айтсақ, информациялық  сатыға біртіндеп көшіп келеді, өйткені мемлекеттін экономикасын, техникасын, ғылымын осы заманның  одан арғы даму кезеңі компьютермен  тығыз байланысты.Сондықтанда қазіргі  заманда  жеке адамның да  өмірі уақыт өткен сайын информатикамен  тығыз байланысты. Адамзаттың постиндустриялық  даму   кезеңінің одан арғы  даму кезеңі ретінде информациялық  қоғамның сипаттамасы және біздің  елемізде, шетелдерде ықтимал қалыптасу  керек.

             Электронды-есептеуіш машиналардың  дамуы

 

 

 

 

 

 

 

 

V. Қорытынды

Қазіргі заманда қоғамды ақпараттандыру бағытында кең көлемде қолданысқа енген электрондық есептеуіш  машиналар күннен күнге даму үстінде. Жаңа заман талабына сай білім  беру үшін жаңа технология қажет және сол технологияның жұмысын басқаратын озық бағдарламаларды меңгеру арқылы ғана дамыған елдер қатарына қосыла аламыз.

 Ғылымға  енген жаңалықтарға ілесу мүмкін  емес, алайда мүмкіндігінше елбасымыз  Н.Ә.Назарбаев халыққа жаппай  ақпараттық техниканы меңгеріп, қоғамдық өмірде де білім беру  саласында да қолдануына жағдай  жасауда. Мәселен қазіргі кезде  білім беру ордалары жаңадан  заманға сай бағдарламалармен  жабдықталған компьютерлер және  интерактивті тақталармен жабдықталған. Интерактивті тақталар оқу сапасын  арттыруда, сабақты көрнекі түрде  өткізуге үлесін тигізуде. Медицина  саласында денсаулық сақтау мекемелері  де озық технологияның пайдасын  көріп отыр. Ал қоғамдық өмірде  халықтың тұрмыстық қажеттіліктеріне  жарап жатқан есептеуіш техниканың  пайдасында шек жоқ. Мәселен  қазіргі қалта телефондары, смартфондар,  сандық фотоаппараттар, видеоаппараттар,  ақша аударымдарын жүзеге асыратын  банкоматтар т.б. бәрін компьютермен  басқаруға болады. Қазіргі заман  талабына сай дамыған есептеуіш  техника уақыт өткен сайын  жаңаруда, ендеше біздің де жаңа  технологиямен бірге алға өрлей  береріміз сөзсіз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. «Оқушының қысқаша анықтамалығы» Алматакітап-2004
  2. «Информатика 7-сынып» Н.Ермеков, Н.Стифутина, оқулық, алматы, Атамұра-2007
  3. «Информатика негіздері» журнал,№ 6 2004,34-бет
  4. «От абака до компьютера» Р.С.Гутер,Ю.Л.Полунов,Знание,Москва-1981
  5. «Есептеуіш техника тарихы» қазақша ашық энциклопедия (интернеттен алынған)
  6. «Компьютер» қазақша ашық энциклопедия (интернеттен алынған)
  7. «Информатика негіздері» жүрнал,№5 2006,45-бет
  8. «Информатика негіздері» жүрнал,№5 2004,35-бет
  9. «Информатика негіздері»оқулық,Алматы экономика 2006

                 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша

Ада Лавлейс

Чарльз  Бэббидж – ұзақ өмір сүріп, әр түрлі  тақырыптарға арналған 80-нен аса  мақалалар мен кітаптар жазған адам. Дегенмен айырымдық және аналитикалық машинаның жұмыс істеу принцинтерін тиянақты түрде жазып қалдырған  ол емес болатын. Айырымдық машина жұмысы толығынан Ларднердің мақаласында, аналитикалық машина жұмысы-Л. Ф. Менабреа мақаласында жазылып, оларды ағылшын  тіліне леди Лавлейс  аударып шыққан. Леди Лавлейс Менабреа мақаласын  тек қана аударып қоймай, оның Бэббидж  есептеу машинасының жұмысын  жақсы білетін дәлелдейтін өзінің тамаша түсініктемелерін толықтырып жазған болатын. Оған қоса, ол машинаны практика  жүзінде қалай пайдалануға болатыны жайлы мысалдар келтіріп, сол машинада күрделі алгоритм арқылы Бернулли сандарын қалай есептеуге болатынын көрсетіп, қазіргі тілмен айтқанда, оның программасын жазып шыққан.

 Менабреа  мақаласы көбінесе жұмыстың тек  техникалық жағын қарастырса, леди  Лавлейс түсініктемелері негізінен  машинаның математикалық мәселелеріне  арналған. Осыған байланысты Менабреа  мақаласының тек тарихы маңызы  бар,өйткені қазіргі машиналар  басқа техникалық принциптер  бойынша жұмыс істейді. Ал, Лавлейс  түсініктемелері  мен оның  айтқандары қазіргі программалау  ғылымының нақты негізгі принциптері  деуге болады.

  Леди  Лавлейс атақты ақын Джордж  Гордон Байронның «жүрегін жарып  шыққан жалғыз қызы» болатын.  Ақынның отбасын құрған өмірлік  кезеңі сәтсіз аяқталды. Ол 1815-жылы 2-қаңтарда Аннабеле Милбэнкке   үйленеді де, 10-желтоқсанда олар сәбилі болып, дүниеге келген қыздың атын Августа Ада қояды.  Ал, 1816-жылы қаңтар айында олар біржола ажырасып кетеді. Лорд Байрон қызын ең соңғы рет оның бір айлығында ғана көреді.

 

 

Ада Лавлейс

 

 

 

 

 

Чарльз  Бэббидж

(1791-1871)

Универсалдық  есептеуіш машинаның программасын аналитикалық тұрғыда қамтамасыз еткен  Чарльз Бэббидждің  информатикада  алатын орны ерекше.Чарьлз Бэббидж  Оңтүстік-батыс Англияда 1791-жылы 26-желтоқсанда  дүниеге келген.Бала кезден математикаға бейім  Чарльз көбінесе математикалық  әдебиеттерді қызыға оқып,механикалық  ойыншықтар құрастыруға әуес болған.1810- жылы Чарьлз Кембридж  университетінің  Тринити колледжіне түсіп,зеректігімен көзге ілініп,құрдастарының алды болған.1814-жылы Бэббидж аталған коледжден  әулие Петр атындағы колледжге ауысып,оны  үздіктерінің бірі болып аяқтаған.Екі  жылдан кейін Бэббидж өзінің «Функцианалдық есептегіш»атты еңбегі үшін,корольдық  ғалымдар қоғамына  мүше болып кірген.Астрономия ғылымда алатын орны ерекше екенін біліп,жас ғалым астрономиямен  шұғылданған.

Ол 1820-жылы Лондондағы Астрономия қоғамына мүше болады.1822-жылы Чарльз есептеуіш машиналарын  құрастыра бастап,1823-жылы 6-жоғарғы 18-ондық  жүйедегі белгі табатын  үлкен есептеуіш машинаның жобасын  жасайды.Чарльздің жобаларына король маңындағылар қаржы  мәселесіне байланысты кең қолдау көрсетті.Енді Чарльз есептеуіш  машина құрылғысының жаңа түрінің жобасымен  айналысады.Өзінің жиған –терген  ақшасына,король маңындағылардың бөлген 13 мың фунт стерлингін қосып машина құрылғысының сызбасын жасайды.Бэббидждің жұмыс аяқталғаннан кейін түсірген табысы ойлаған пайдадан асып түседі.Бэббидж  машиналарының қозғалыс жылдамдығы шапшаң болды.Жұмысы сәтті аяқталған  Чарльз универсал есептеуіш машинасының  жобасын жасай бастады.Машина жобасы қарапайым,нақты,ұғынықты болды.

1840-жылы  Бэббидж өзінің математик досы  М.Планның шақыртуымен Италияға  барады.Италиядағы Чарльздің шығармашылық  еңбектері жемісті болып,еңбектері  арнаулы жинаққа енеді.1852-жылы  Бэббидж  үшін өте ауыр қайғылы  жыл болды.Ол өзінің адал көмекшісі,орындаушысы  ақын Байронның  қызы Ада Лавейстан айырылады.Бұл қайғыға Англия қаржы министірінің қаржылай көмек көрсетуден бас тартқаны қосылады.

1871-жылы  Бэббидж ғылымға деген зор  қызығушылықпен өмірден өтті.

 

 

 

 


Информация о работе Электронды есептеуіш машиналар