Жоспар-қаржы бөлімі
- Жоғары оқу орнының құрылымдық бөлімшелері
- Экономика және қаржы департаменті
Іс-әрекетінің бағыты
Экономика және қаржы департаментінің
жоспар-қаржы бөлімінің іс-әрекеті
келесі функциялардың жүзеге асыруларына
бағытталған.
- Жыл сайын қаржы көздеріне байланысты табыс және шығын сметаларының жобасын құрастыру және іс-әреккет түрлері, жұмсалған қаражаттың негізін дайындау, бекітілген ретте шығын сметаларын жүйелеу.
- ЖОО-ның қаржы-шаруашылық іс-әрекетінің жоспары және басшылық шығынның сметасын құрастыру және өңдеу
- Профессор-оқытушылар құрамының штаты және саныны анықтау, оқу-көмекшілері, әкімшілік-басшылығы және қызмет көрсететін персоналдарын бөлімнің нормасыныа сәйкес анықтау.
- Профессор-оқытушылар құрамының штатық кестесін құру, оқу-көмекшілері, әкімшілік-басшылығы және қызмет көрсететін персоналдарын университеттің құрамымен сәйкес және шығын сметасы, бекітілген ретте беітуге ұсынылды.
- Шатат тәртібін, еңбек ақысы қорының шығынын, тариф ставкаларын қолдану және лауазымды окладтар, еңбек ақыға қосымша төлем және үстемені бақылауды жүзеге асыру.
- Штаттардың ауысу фактілерін есепке жүргізу.
- ЖОО жұмыскерлерінің лауазымдық окладтарын стажды анықтау комиссияларының шешімдерінің келісімдерімен мамандық бойынша стаждың өзгеруіне байланысты жиі нақты ескерулер жүргізу.
- Ақша төлемін және лауазымдық окладтарының өзгеруінің бекітуге бұйрық жобасын дайындау.
- Білім және басқа ақылы қызметтің , университетпен көрсетілетін, бекіту және келісу үшін тарифтарын өңдеуін ұсыну.
- Кіріс көзінің разрезінде түскен қаржылардың есебін бақылау және талдауды жүзеге асыру, шығынның сметасын орындалуын талдау.
- ЖОО семинарлар, конференциялар, мәдени, спорттық және басқа шаралардың өткізулеріне ұсынылған шаралардың сметасын құру.
- Қосымша қаржы қорларының ішкі резервтарды қолдану және әшкерлеу мақсатында білім маркетингісін, ғылым және басқа қызметтерді өткізу.
- Ішкі және сыртқы қолданушыларға беітілген ретте қаржының мәліметін жіберу.
- Экономика және қаржы департаментінің директоры, бас бухгалтерінің тапсырысы бойынша жоғары ұйыдарға бекітілген қаржы және статикалық есептің түрлерін жіберу.
- Тәжірибелі көмек көрсету және университетің бөлімшелеріне қаржы сұрақтары бойынша кеңес беру жұмыстарын өткізу.
- Есепберу, анықтама, хаттарды және бөлімнің іс-әрекет профиліне шектеулі компетенциясында қажет құжаттарды дайындау.
- ЖОО шаруашылық қызметіне бекітілген келісім жобаларын қарастыру.
- Келісіммен бөлмелерді жалдауға дайындау, жалдаушылармен есеп және талдау жасау.
- Бөлімнің кәсіби іс әрекеті бойынша жетік білу шектеуінде құқық актілерін қарастыру.
- Жүйенің сақталуына және қолдануына байланысты менеджмент жүйесінің сапасын жаңаландыру, менеджменттің сапасының жүйелі бірінғай қолдап отыру.
Артықшылықты
мақсат және міндет
Экономика және қаржы департаментінің
жоспар-қаржылы бөлімінің мақсаттары:
- Қаржы-шаруашылық іс-әрекетінің жүзеге асыруына байланысты табыстың жоғарлау негізінде жоо экономикалық дамуын сақтау.
- ЖОО қызметкелерінің қаражат жағдайларын жақсарту.
- ЖОО экономикалық қызығушылықтарын сақтау.
Экономика және қаржы департаментінің
жоспар-қаржылы бөлімінің келесі
негізгі міндеттері жүзеге асырады:
- ЖОО қаржымен қамтамасыз етуді жоспарлау және ұйымдастыру.
- Унисерситеттің іс-әрекет түрлеріне байланысты жыл бойы табыс пен шығындарын құрастыру.
- Қаржы қаражатын тиімді қолдану қозғалысы бойынша ұйымдастыру жұмысы және университеттің экономикалық қызығушылығын сақтау.
- Білім маркетингісін және басқа қызметтерді өткізу.
- ЖОО қаржы-шаруашылық іс-әрекетін талдау.
- Штат кестесін, жүргізілетін нормалардың келісімі мен құрастыру.
- Саясатты жүзеге асыру және облыстық сапасы мақсатында шешілетін міндетте.
Қаржы бөлімі
Мемлекеттік мекеменің
кызметі:
Аудандық Мәслихаттың
тиісті қаржы жылына арналған облыстық
бюджеті туралы шешімдерінің жобасын
және оны жүзеге асыру жөніндегі
аудан Әкімиятының қаулыларын әзірлеуге
қатысу, аудандық бюджеттің орындалуын
ұйымдастыру және жетілдіру, бюджеттің
орындалуын талдау, жергілікті бюджеттік
бағдарламалардың тиімділігін бағалау,
жергілікті бюджет қаржысының мақсатты
және үнемді жұмсалуына бақылауды қамтамасыз
ету, қолданыстағы заңдылықтарға сәйкес
орындалатын өзге де міндеттер.
Аудан қаржысын басқару аясында
мемлекеттік саясаттың мақсаттары
мен басымдықтарын белгілеуге қатысу,
ауданда мемлекеттің қаржылық мүддесін
қорғауды ұйымдастыру, бюджетке түсетін
түсімдердің көлемін болжап, талдайды
және қолда бар ақшалай қаржыны
басқару жөнінде шешімдер қабылдайды,
жергілікті бюджеттік бағдарлама әкімгерлерінің
міндеттемелері мен төлемдері бойынша
қаржыландыру жоспарын, мемлекеттік
мекемелердің ақылы қызмет көрсетуінің
түрлері бойынша шығыстарын қаржыландыру
және кірістердің жиынтық жоспарын
қарайды, сондай-ақ келіседі, міндеттемелер
мен төлемдер бойынша жиынтық
қаржыландыру жоспарын және түсімдердің
жиынтық жоспарын қалыптастырып, бекітеді,
мемлекеттік мекемелерге бюджеттік
қаражатты жұмсау үшін міндеттемелерді
қабылдауға рұқсат береді.
Тұрғындармен
жұмыс:
Азаматтарды қабылдау және
олардың өтініштері ҚР «Жеке тұлғалардың
өтініштерін қарау тәртібі туралы»
Заңына сәйкес қаралады.
- басқа субъектілер мен лауазымды адамдардан, ақпаратты алуды, орындарға шығып тексеруді талап ететін жеке және (немесе) заңды тұлғалардың өтініштері он бес Күнтізбелік күн ішінде қаралады.
- қосымша танысу мен тексеру қажет етілген жағдайларда өтінішті қарау мерзімі күнтізбелік отыз күннен артық созылмауы тиіс, бұл өтініш берушіге қарау мерзімі ұзартылған соң үш күнтізбелік күннің ішінде хабарлануы тиіс.
- басқа субъектілер мен (немесе) лауазымды адамдардан, акпаратты алуды, орындарға шығып тексеруді талап ететін жеке тұлғаға түскен мерзімнен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде қаралып, ол бойынша шешім шығарылады.
- өтініштерді қарау бойынша мерзім субъекті басшының немесе оңын орынбасарымен ұзартылады.
- өтініштерді қараудың басқа мерзімдері Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленеді.
- Азаматтарға ақпарат алу мүмкіндігін беретін байланыс телефондары: 2-13-40, 2-18-56
- Мемлекеттік мекеменің мекен- жайы: Алматы облысы, Жамбыл ауданы, .Ұзынағаш ауылы, Абай көш. 47
- Электронды пошта: jambulfin@mail.online.kz
- Мемлекеттік мекеменің телефоны мен факс нөмері:
Мемлекеттік
мекеменің қызметі:
Қаржы бөлімінің
негізгі жұмысына жататындар:
Түсімдердің және
жылдық қаржыландыру жоспарын бекіткен
уақыттан бастап екі аптадан кейін
міндеттер бойынша жиынтық қаржыландыру
жоспарын құру және бекіту; бюджеттің
орындалуын сараптау, жергілікті бюджеттік
бағдарламалардың тиімділігін бағалау;
заңдалыққа сәйкес басқа да орындалатын
жұмыстар.
Бөлім келесідей
қызметтерді арқарады:
Мемлекеттік мекемелердің
төлем қызметтері түрлері бойынша
кірістер мен шығындарды қаржыландырудың
жиынтық жоспарларын және бюджеттік
бағдарламалардың әкімшіліктерінің міндеттері
мен төлемдері бойынша қаржыландыру
жоспарларын қарастырып, келісіледі;
міндеттер мен төлемдер бойынша
түсімдердің және қаржыландырудың
жиынтық жоспарын құрып, бекітеді; бюджеттік
қаражаттарды жұмсау үшін міндеттерді
қабылдауға мемлекеттік мекемелерге
қаржы рұқсатын береді.
Халықпен
жұмыс:
Жеке және заңды
тұлғалардың өтініштерін қаблдау
«Жеке және заңды тұлғалардың
өтініштерін қарау тәртібі» туралы
ҚР Заңының 8-бабы негізінде жүзеге
асады.
1. Осы заңда
белгіленген тәртіппен берілген
өтініштер міндетті түрде қабылдануға,
тіркелуге, есепке алынуға және
қаралуға тиіс.
2. Қарау үшін
өзге субьектілерден, лауазымды
тұлғалардан ақпарат алу не
жергілікті жерге барып тексеру
талап етілмейтін жеке және
заңды тұлғаның өтініші күнтізбелік
он бес күн ішінде қаралады.
3. Қарау үшін
өзге субьектілерден , лауазымды
тұлғалардан ақпарат алу не
жергілікті жерге барып тексеру
талап етілетін жеке және заңды
тұлғаның өтініші субьектіге, лауазымды
тұлғаға келіп түскен күнінен
бастап күнтізбелік отыз күн
ішінде қаралады және ол бойынша
шешім қабылданады.
Қосымша зерделеу
немесе тексеру жүргізу қажет
болған жағдайларда , қарау мерзімі
күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге
ұзартылуы мүмкін, бұл туралы қарау
мерзімі ұзартылған кезден бастап күнтізбелік
үш күн ішінде арыз берушіге хабарланады.
4. Егер өтініште
баяндалған мәселелерді шешу
ұзақ мерзімді талап етсе, онда
өтініш түпкілікті орындалғаға
дейін қосымша бақылауға қойылады,
бұл туралы күнтізбелік үш
күн ішінде арыз берушіге хабарланады.
5. Қазақстан Республикасының
заңдарында өтініштерді қараудың
өзге де мерзімдері белгіленуі
мүмкін.
Азаматтардың
ақпарат алуына арналған байланыс телефонымыз: 7-28-00
«Еңбешіқазақ
аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік
мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы
ережелер
1. Еңбекшіқазақ аудандық
қаржы бөлімі (бұдан әрі - бөлім) Еңбекшіқазақ
ауданының аумағында бірыңғай қаржылық
саясатын жүзеге асыратын мемлекеттік
мекеме болып табылады.
2. Бөлім Еңбекшіқазақ
аудан әкімдігі атқарушы органдарының
бірыңғай жүйесіне қосылып, қызметті өзіне
жүктелген функциялары мен өкілдігі шегінде
ұйымдастырады.
3. Бөлім өз қызметін
Қазақстан Республикасының Конституциясына
және заңдарына, аудандық Мәслихаттың
шешімдеріне, Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің
қаулылары мен әкімнің шешімдеріне, басқа
да нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ
осы Ережеге сәйкес іске асырады.
4. Бөлім заңды тұлға
болып табылады, мемлекеттік тілде өз
атауы, бедерленген мөрі мен мөртаңбалары,
белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ
заңдылықтарға сәйкес банктерде есеп
шоттары бар.
5. Бөлім тиісті жылға
сәйкес бөлінген бюджеттік қаржы шегінде
азаматтық-құқықтық қатынастарға өзінің
атынан әрекет етеді.
6. Бөлімнің заңды
мекен-жайы: 040400, Қазақстан Республикасы,
Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік
қаласы, Жамбыл даңғылы, 21.
7. Бөлімнің толық
атауы:
мемлекеттік тілде
- «Еңбекшіқазақ аудандық қаржы бөлімі»
мемлекеттік мекемесі,
орыс тілінде
- государственное учреждение «Енбекшиказахский
районный отдел финансов».
8. «Еңбекшіқазақ
ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік
мекемесі бөлімнің құрылтайшысы болып
табылады. Осы Ереже бөлімнің құрылтайшылық
құжаты болып табылады.
9. Бөлімнің қызметін
қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен
жүргізіледі.
2. Бөлімнің
негізгі міндеттері.
10. Бөлімнің негізгі
міндеттері:
1) Аудандық Мәслихаттың
тиісті қаржы жылына арналған аудандық
бюджеті туралы шешімдерінің жобасын
және оны жүзеге асыру жөніндегі әкімдіктің
қаулыларын әзірлеуге қатысу;
2) Аудандық бюджеттің
орындалуын ұйымдастыру және жетілдіру.
3) Бюджеттің орындалуын
талдау, жергілікті бюджеттік бағдарламалардың
тиімділігін бағалау және аудандық бюджеттің
қаражаттарына басшылық жасау;
4) Қолданыстағы заңдылықтарға
сәйкес орындалатын өзге де міндеттер.
3. Бөлімнің
функциялары.
11. Бөлім заңдарда
белгіленген тәртіппен төмендегі функцияларды
орындайды:
1) Аудан қаржысын
басқару аясында мемлекеттік саясаттың
мақсаттары мен басымдықтарын белгілеуге
қатысу;
2) Ауданда мемлекеттің
қаржылық мүддесін қорғауды ұйымдастыру;
3) Бюджетке түсетін
түсімдердің көлемін болжап, талдайды
және қолда бар ақшалай қаржыны басқару
жөнінде шешімдер қабылдайды;
4) Жергілікті бюджеттік
бағдарлама әкімшілерінің міндеттемелері
мен төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарын,
мемлекеттік мекемелердің ақылы қызмет
көрсетуінің түрлері бойынша шығыстарын
қаржыландыру және кірістердің жиынтық
жоспарын қарайды, сондай-ақ келіседі;
5) Міндеттемелер
мен төлемдер бойынша жиынтық қаржыландыру
жоспарын және түсімдердің жиынтық жоспарын
қалыптастырып, бекітеді;
6) Бағдарлама әкімшілерінің
жылдық сомаларын әр айға бөлуіне және
қаржыландыру жоспарына енгізілген өзгерістердің
негізділігіне талдау жүргізеді және
оларға баға береді;
7) Бюджетті нақтылау
жөнінде ұсыныстар дайындайды және міндеттемелер
мен төлемдер бойынша жиынтық қаржыландыру
жоспарын қалыптастырып, өзгерістер енгізеді;
7 тармағы ЖОЙЫЛҒАН 25.07.11Ж.