Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Апреля 2013 в 16:48, курсовая работа
Адам баласы есептеу үшін саусақтарын қолданудан бастап көптеген есептеу әдістерімен қатар көмекші құралдарды қолдануды талап еткен . Сондықтан да көптеген есептегіш құралдар ойлап табылды.
Әдетте ЭЕМ дербес компьютерлері мынадай 3 бөліктерден (блоктардан) тұрады:
- жүйелік блок (тік немесе жатық қорапта орналасқан)
- мәтіндік және графикалык информацияны кескіндеуге арналған монитор немесе дисплей
- әр түрлі символдарды компьютерге енгізуге арналған перне тақта
Есептеуіш техниканың даму тарихы
Аппараттық жабдықтар
ЭЕМ негізгі блогтары
Графиктік адаптерлер
Компьютердің жедел жады (қысқартылған түрде – ОЗУ немесе RAM) мәліметтерді қысқа мерзімге сақтау үшін қызмет етеді. Кез келген бағдарламаның, ОЖ-ні қамти отырып, жұмыс істеуі үшін іске қосу кезінде бағдарламаның бір бөлігін жүктеуге жетел жадтың біршама көлемі талап етіледі. Бұл қатқыл дискіге қатынамастан бағдарламаның маңызды мәліметтеріне қатынас құру мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Компьютерде бір мезгілде неғұрлым көп бағдарлама жұмыс істесе, солғұрлым үлкен жедел жад талап етіледі. Бағдарламаның жұмысы аяқталған кезде немесе компьютерді ағытқанда жедел жадта сақталынатын мәліметтер өшіріледі. Жедел жад ішкі жад болып саналады да сыртқы жадтың мысалдары бола алатын қатқыл дискі немесе жинақы-дискіден ерекшеленеді. Тіпті компьютер ағытылғаннан кейін де ақпарат сыртқы жадта сақталады. Жедел жадтың көлемі мегабайтармен (Мб) өлшенеді. Қазіргі заманғы қосымша бағдарламалардың көпшілігі жұмыс істеу үшін, ең шекті өлшемде, іске қосылған бағдарламалардың әрбір данасы 64 Мб жедел жад талап етеді. Пәрменді пайдаланылатын бейнелік және дыбыстық үлкен бағдарламаларға (мысалы – компьютерлік ойындарға) оданда үлкен жад талап етіледі. Жаңа компьютерлерге қазір ең аз дегенде 256 Мб-тық жедел жад орнатады. Егерде компьютерде орнатылған жадтан үлкен жатты талап ететін бағдарламаны іске қосатын болсақ, онда оның жұмыс істеу жылдамдығы бірден құлдырайды, тіптен компьютер мүлдем «тұрып қалады». Өнімділік тұрғысынан, компьютерде неғұрлым үлкен жад орнатылса, солғұрлым жақсы. Бұлардан басқа компьютердің жүйелік блогына мынадай құрылғыларды қосуға болады:
3.2 Мәтіндік және графикалык информацияны кескіндеуге арналған монитор немесе дисплей
Монитор немесе дисплей – ДЭЕМ-ге міндетті түрде қажет шеткері құрылғы, ол компьютердің жедел жадында өңделетін информацияны экранда көру үшін қажет. Экран түстеріне қарай дисплейлер монохромды (ақ-қара) және түрлі-түсті болып, ал экранға шығарылатын информация түрлеріне байланысты символдық (тек символдық информация) және графиктік (символдық және оған қоса графиктік информация) болып бөлінеді.
ЭЕМ-нің бейнелік құрылғысы екі бөліктен: монитор мен адаптердан тұрады. Біз тек мониторды көреміз, ал адаптер ЭЕМ қорабының ішінде орналасқан мониторды басқару блогы. Монитордың өзінде тек электрондық-сәулелі түтікше бар. Ал адаптерде бейне сигналдарын беретін логикалық схемалар орналасқан.
Электрондық сәуле экранда секундтің 1/50 бөлігінде жүріп өтеді, бірақ экран бейнесі одан жәй өзгереді. Сондықтан экранның бір көрінісі үшін бейне сигналды бірнеше рет қайталап беріп отыру керек. Адаптерде бейнелер көрінісін сақтауға арналған бейнелік жад бар.
Көбінесе символдық режимде дисплей экранына 80 таңбадан тұратын 25 жол мәлімет шығарылады (барлығы – 2000 таңбадан тұратын стандартты машинка қағазындағы символдар саны), ал графикалық режимдегі экранның бейнелеу (көрсету мүмкіндігі) қабілеті адаптер тақшасын жүйелік блокты байланыстыру құрылғысының мүмкіндіктеріне сәйкес болады.
Экрандағы кескін көрінісінің сапасы графикалық адаптердің типіне қарай өзгеріп отырады.
Кең тараған адаптерлерге мыналар жатады: EGA, VGA және SVGA. Қазіргі кезде VGA және SVGA (Super VGA) кеңінен қолданылады, SVGA-ның көрсету қабілеті өте жоғары. Адаптерлер бейнелерді айқындап көрсету қабілетімен ерекшеленеді.
Адаптердің бейнелеу қабілеті
оның графикалық режимде экранда
көрсетіле алатын бір жолдағы
нүктелер (пиксельдер) санына байланысты.
Мысалы, 720*348 мүмкіндікті немесе одан
да жоғары монитор вертикаль (тік) бағытты
348 жол-нүктені көрсете алады, ал
оның әр жолында 720 нүкте бар. Баспағана
жүйелерінде 800*600 және 1024*768 мүмкіндікті
немесе одан да жоғары мониторлар қолданылып
жүр. Бірақ олар қымбатырақ тұрады.
Экран бетінің мөлшері
Адаптерлер стандартты түрлі түсті монитордағы түстер палитрасын (жиынын) анықтайды: CGA (ескі модель) стнадартты режимде 4 түспен, EGA – 64 түспен, VGA – 256 түске дейін, ал SVGA – млн-нан аса түстермен жұмыс істе алады. Бірақ символдық рнжимде көрсетілген стандарттағы экрандардың барлығы да 16 түсті ғана қолданылады.
Монитор типін ЭЕМ-де қойылған
мақсатқа байланысты таңдау керек. Егер
тек мәтіндік информациямен жұмыс
істейтін болсақ, онда монохромды символдық
монитор жеткілікті. Ал, егер де автоматтандырылған
жобалау жұмыстарымен айналасу қажет
болса, онда түрлі түсті графикалық
монитор қажет болады. Бірақ көптеген
программалармен жұмыс істеу
кезінде түрлі түсті графикалық
мониторды қолданған өте
Сурет – 4. Мониторлардың түрлері
Ең көп тараған түрі
– электронды-сәулелі
Қазіргі кезде портативті компьютерлерден (ноутбуктерден) қолданылатын сұйық кристалды мониторлар бар.
Сұйық кристалды мониторда люминофор емес, оған келетін тоқтың әсерімен өзінің түстік сипаттамаларымен өзгертетін миниатюрлі сұйық кристалды элемент жарқырайды. Бұл ғажайып – кристалдардың қабаты өте жіңішке болуы мүмкін – яғни, монитор қалыңдығы кішірейеді. Сұйық кристалды – мониторлар активті және пассивті болып бөлінеді. Активті матрицалық мониторлар (ТҒТ) – ең сапалы және ең қымбаты. Пассивті матрица (DSTN)-дағы бейнелер ТҒТ-ға қарағанда күңгірт болады. Дегенмен DSTN – мониторлр 30 пайызға дейін арзанырақ.
Үшінші ең жаңа технология бар – плазменді. Бұл монитордағы бейнелерді тоқтың әсерімен өзінің түстерін өзгертетін плазма түрлендіреді. Плазменді дисплейлер әзірге үлкен өлшемді экрандарды дайындау үшін қолданылады. Плазменді мониторлар жұмысы төмен қысымды инертті газбен толтырылған, түтікше түрінде жасалған неонды лампалар жұмысына ұқсас.
Экран диагоналының өлшемі дюйммен өлшенеді (1 дюйм–2,5 смшамасында).
Рұқсатты мүмкінділігі – бұл өлшем монитор экранында қанша минималды бейнелеу элементтері, яғни нүктелері орналасуы мүмкін екенін көрсетеді.
- 640х480 (14 дюймдік мониторлар үшін стандартты режим)
- 800х600 (15 дюймдік мониторлар үшін стандартты режим)
- 1024х768 (17 дюймдік мониторлар үшін стандартты режим)
- 1152х864 (19 дюймдік мониторлар үшін стандартты режим)
- 1280х1024 (20 дюймдік мониторлар үшін стандартты режим)
- 1600х1200 (21 дюймдік мониторлар үшін стандартты режим)
Біздің көзімізге монитордың ыңғайлылығы өлшемі мен сапасына байланысты.
Біріншіден, монитор барынша денсаулық үшін қауіпсіз болуы керек. Екіншіден, монитор тек қауіпсіз емес, сонымен қатар пайдаланушыға сапалы көрініс ұсына отырып ыңғайлы жұмысты қамтамасыз етуі керек.
Мониторды таңдаған кезде, біріншіден қауіпсіздіктің негізгі стандарттарына сай келуі керек. Шын мәнінде, стандарттар саны көп, соның ішінде айта кететін үшеуі:
ТСО 92 – қазіргі кезде танымал швед стандарты.
ТСО 95/99 – жаңашыл, яғни ТСО 92-ге қарағанда жақсырақ.
Energy Star – бұл стандарттың
денсаулыққа қатысы аз
Экран алдында көп отыруға болмайды, себебі:
1. Көз тез шаршайды.
2. Дисплей жұмыс атқарып
тұрғанда электромагниттік
Сәулелену деңгейін азайту мақсатында қазіргі компьютерлердің экранына қорғайтын экрандар немесе сақтаушы фильтрлер қояды, ең жақсысы жерге қосылған шыны пластиналарын пайдаланған жөн.
Мониторларды өндірушілер:
Acer, ADI, Belinea ,Bliss, CTX Gpoup, Daewoo, Daytek
Electronics Corporation, Digiview Monitors,Hansol,Hewlett-
3.3 Әр түрлі символдарды компьютерге енгізуге арналған перне тақта
Пернетақта (Клавиатура; keyboard) — 1) компьютерге мәліметтер мен командаларды енгізуге арналған құрылғы. Ол пернелерден тұрады, оның көмегімен сандық және мәтіндік ақпараттарды немесе түрлі командаларды енгізуге болады. Пернені басқанда, осыған сәйкес жазылған символ немесе басқа амал орындалады. Қазіргі кезде көптеген компьютердің пернетақталары 101 пернеден, бірнеше жарық индикатордан тұрады. Олар перненің жұмыс режімдері туралы хабар беріп отырады. Пернетақтада мыналар бар: а) жазба машиналарының стандартты цифлары бар пернелер, латын және орыс әріптері мен тыныс белгілері; ә) кішкене цифрлық пернетақта; б) редакциялайтын пернелер; в) меңзерді басқару пернесі; г) қызметтік пернелер; ғ) арнаулы пернелер. Әріптік-цифрлық пернелер негізінде операциялық жүйелердің командалары мен мәтіндерін енгізу үшін пайдаланылады. Кіші цифрлық пернетақталар негізгі пернетақталардағы цифрларды қайталайды және ол сандық мәліметтерді енгізу үшін ыңғайлы. Редакциялайтын пернелер мен меңзерді басқару пернелері экранға шыққан ақпараттармен жұмыс істеу үшін пайдаланылады. Қызметтік пернелер есептеу жүйесінің түрлі міндеттерін немесе жеке программаларды басқаруға арналған. Арнаулы пернелер компьютерлерді басқару және пернетақта режімдерін орындау үшін қажет; 2) түрлі операцияларды басқару және мәліметтерді енгізу мен редакциялауға пайдаланылатын белгілі бір тәртіппен орналасқан пернелер жиынтығы. Компьютердің пернетақтасы — үлгіқалыпты қосқыш орны бар және жүйелік тақшамен байланысқан тізбекті интерфейсі бар біркелкіленген құрылғы. Оларда 83 (84), 101 (102), 104 (105) немесе 122 перне болады.
Пернетақтада бірнеше түрлі пернелер бар. Оларды мынадай санаттар бойынша жіктеуге болады:
Әріптік-цифрлық пернетақта : бұлар әріптер мен сандар пернелері.
Тыныс белгі пернелері: бұлар қос нүкте (:), нүктелі үтір (;), сұрақ белгісі (?), дәйекше (') және тырнақшалар (") сияқты пернелер.
Арнайы пернелер: оларға, мысалы, жүгіргі пернелер, Control пернелері мен қызметтік пернелер (F1–F12) жатады. Бұл пернелер қолданылу мақсатына байланысты әр түрлі іс-қимыл жасайды. Мысалы, мәтін өңдегіште ENTER пернесін басқаннан кейін жаңа жол басталады, ал іздеу жүйесінде ол қажетті мәтін енгізілгеннен кейін іздеу үрдісін белсендіреді.
Қызметтік пернелер – бұл белгілі бір тапсырмалар орындауға арналған арнайы пернелер. Олар былайша белгіленеді: F1, F2, F3 және F12 пернесіне дейін. Бұл пернелердің мақсаты бағдарламаға байланысты болады. Мысалы, F5 пернесі әдетте бейнебетте көрсетілетін деректерді жаңарту қызметін атқарады
Сурет – 5. Пернетақтаның орналасу реті
Бұлардан басқа компьютердің
жүйелік блогына мынадай
-Графикалық курсормен басқарылатын құрылғы -”тышқан” графикалық қолтетігі. Тышқан (ағылш. mouse — тышқан) — бейнебетте көрсетілген белгілі бір тілдесу элементтерін меңзеп, оларды бөлектеу үшін пайдаланушы қолданатын құрылғы.
Тышқанның бір қолмен ұстауға арналған, жайпақ табанды қаптамасы, үстінде бір немесе бірнеше батырмасы, түп жағында көп бағытты бергіш құрылғысы (әдетте кішкентай шар) және оны компьютерге жалғайтын сымы болады.
Тышқанды қозғай отырып, пайдалану бейнебеттегі жүгіргіні басқарады. Бейнебетте элементтер мен әмірлер таңдау үшін пайдаланушы тышқан батырмаларының бірін басып, тышқан нұқымын жасауы керек.
Сурет – 6. Қазіргі заманғы тышқан
Түрлері:
Тышқан меңзері (Курсор мыши; mouse cursor) — тышқан арқылы дисплей экраны бойынша орын ауыстыратын графикалық символ
Тінтуір нұсқағышы (Указатель мыши; mouse pointer) — егер тышқан компьютерге қосылса және тышқан драйвері жүктелсе, онда тышқан нұсқағышы өрқашан экранда түрады. Мөтіндік режімде нұсқағыш кәдімгі тіктөртбүрыш пішінінде болады. Графикалық режімде нұсқағыштың стандартты пішіні солға қарай жоғары бағытгалған жебелікке үқсас, алайда көбінесе орындайтын операциясына карай нұсқағыш басқа пішінді: кос жебелікті, кресті, жақтауды жөне т.б. қабылдайды. Уақыт көбірек жүмсалатын операцияларда нұскағыш қүмсағатқа айналады. Бүл өрекетімен программа "шамалы күтіңіз, ақпаратты енгізу әзірге мүмкін емес" дегенді хабарлайды; тышқан нұсқағышын мөтіндік меңзерден ажьірата білу керек.
-Джойстик – компьютерлік ойындарда колданылатын қолмен баскарылатын тетік;
Джойстик (ағылш. Joystick) - экран курсорымен басқарылатын және берілген тапсырманың графикалық жүйедегі координатасын көрсетуге арналған иінді манипулятор. Компьютерлік ойындарда тышқанның орнына қолданылады
Сурет- 7. Джостик бейнесі
-Сканер (ізкескіш) – графикалық немесе мәтінді информацияларды окуга арналған оптикалық құрылғы;м Сканер Компьютерге мәтінді немесе бейнені енгізу жиі кездеседі. Көп жағдайда мәтінді енгізу перне тақтаның көмегімен жүзеге асырылады, бірақ бұл көп еңбек пен уақытты қажет етеді. Қолданушылар қазіргі кезде сканер құрылғысын пайдаланады. Сканер – электронды механикалық құрылғы. Сканерді планшетті, барабанды және қолмен басқарылатын деп бөлуге болады. Планшетті сканер бейнені оригиналдан ғана сканерлейді. Барабанды сканер факсте қолданылса, ал қолмен басқарылатын сканер оригиналды кез-келген бағытқа айналдырады. Сканерді қолданушылар өз үйінде де қолдана алатын деңгейге жетті. Саудада сканерлердің түрлі модельдері кездеседі. Олар бағасымен, программамен жабдықтауымен, интерфейсімен және технологиясымен бір-бірінен айрықша.