Интерактивті тақтаны пайдаланудың тиімділігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2013 в 18:39, реферат

Краткое описание

Оқытушының педагогикалық шеберлігінің негізгі өлшемдерінің бірі – оқушының өзіндік танымдық жұмысын ұйымдастыру, ал екіншісі оқушының өздігінен оқып, ой-өрісін тереңдетуге баулу, ғылыми ізденіске жетелеу. Мектеп қабырғасында оқушының шығармашылық қабілетін дамытуға мән берілуі тиіс. Осы дарындылықты арттыруда, шығармашылықты дамытуда интерактивті оқыту тәсілін пайдалану үлкен нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Содержание

I. КІРІСПЕ БӨЛІМ
II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. ИТ және оның түрлері
2. Интерактивті тақтаны пайдаланудың тиімділігі
3. Интерактивті тақтаны математикада қолдану
4. Оқыту тәсілдері мен технологиясы
III. ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ
IV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Прикрепленные файлы: 1 файл

stud.kz_838525507.docx

— 43.33 Кб (Скачать документ)

Осы тәсілдердің бәрі өз кезегінде технологиямен қамтамасыз етіледі. Мысалы, проблемалық оқыту  тәсілі: проблемалы-сұхбаттасып оқыту, проблемалы-тапсырмалар, проблемалы-алгоритмдік, проблемалы-бағдарламалық, проблемалы-контекстік, проблемалы-модульдік, проблемалық-компьютерлік оқыту.

Интерактивтік оқыту технологиясы мен тәсілі интеракция (ағлш. Interaction –өзара әсер, бір-біріне әсер ету) құбылысына негізделген. Оқыту барысында жеке тұлғалар арасында танымдық қарым-қатынас орнап, оның субъектілерінің бәрі өзара қатынасқа түседі. Әр оқушының жеке жұмысы мен оның жеке тұлғасын дамыту адамдардың бір-бірімен сөйлесу және өзара пікіралмасу барысында жүзеге асады.

Осы тәсілді қолданушылардың  ойынша, осындай жағдайдың жиі  қолданылатыны және ыңғайлы түрі оқу ойындары болып табылады. Ойындар  мұғалімге оқытудың (білім, білік, дағды) қолданылуын, жаттығу мен өңделуін, әркімнің мүмкіндігін ескеруді, білім  деңгейі әртүрлі оқушыларды ойынға тең дәрежеде қатыстыру нәтижелерін  көрсететін мүмкіндік береді. Сонымен  қатар ойындарда барынша эмоциялық-тұлғалық әсер ету, коммуникативті біліктілік пен  дағды қалыптастыру, қарым-қатынас  құндылығы сияқты мүмкіндіктер бар. Сондықтан оқу ойындарын қолдану  мектеп оқушыларының жеке және тұлғалық сапаларын тәрбиелеуге қолайлы.

Интерактивтік оқу технологиясы – оқу әрекеті барысында олардың  өзара мотивациялық, интеллектуалдық, эмоциялық және басқада жақтарынан жетістіктерге жетуді сезінуді тудыра алатын, оқушыларға педагогикалық әсерлі танымдық қарым-қатынас құруға кепілдік беретін, мұғалім мен оқушының іс-әркетін оқу ойындары түрінде ұйымдастыру тәсілдерін айтамыз. Интерактивтік оқу технологиясын қолданылатын оқыту процесінің құрылымында мына кезеңдерді бөліп көрсетуге болады:

Бағыттау. Ойынға қатысушылар мен сараптаушыларды дайындау кезеңі. Мұғалім жұмыс тәртібін ұсынады, оқушылармен бірге сабақтың басты мақсаты мен тапсырмаларын жасайды, оқу проблемасын құрастырады.

Ойын-сабақты  өткізуге дайындық. Бұл жағдайлар, нұсқаулар, қойылымдар мен басқа да материалдарды оқыту кезеңі. Мұғалім сценарий жасайды, ойын тапсырмаларына, ережесіне, рөлдерге, ойын бөлімдеріне, ұпай санау тәртібіне түсінік береді. Оқушылар қосымша ақпарат жинайды, мұғаліммен ақылдасады, ойын барысын және мазмұны туралы өзара талқылайды.

Ойынды  өткізу. Бұл кезеңде ойын процесінің өзі жүзеге асады. Ойын басталғаннан кейін оған ешкімнің араласуға және бағытын өзгертуге қақысы жоқ. Тек жүргізуші ғана қатысушының әрекетін бағыттап отырады, егер ол бастапқы мақсаттан ауытқып бара жатса. Мұғалім ойынды бастағаннан кейін, аса қажет болмаса оған қатынаспауы керек. Бұл жерде мұғалімнің міндеті; ойын әрекеттерін, нәтижелерін, ұпай санауды бақылау және түсініспеушілік болған жағдайда түсіндіру, оқушылардың сұрағына жауап беру немесе өтініші бойынша оның жұмысына көмектесу.

Ойынды  талқылау. Ойын нәтижесін талдау, талқылау және бағалау кезеңі. Мұғалім талқылау жүргізеді, оның барысында сарапшылар сөйлейді, қатысушылар өз пікірлерін айтады, өз ұстанымдарын және шешімдерін қорғайды, өорытынды жасайды, ойын барысында туындаған қиындықтары, ой-пікірлері туралы әңгімелейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Қорытындылай келе бүкіл  оқыту барысында оның әртүрлі  жақтарын қамтамасыз ететіндей бір  мезетте бірнеше технология қолдану  керектігіне мұғалім назар аударуы  қажет. Бұл оқыту тәсілі әртүрлі  технологиямен жан-жақты қамтылуды  талап етеді, сонда ғана технология педагогикалық тұрғыда әсерлі болады.

Қазіргі заман мұғалімнен тек өз пәнінің терең білгірі  болуы емес, тарихи танымдық, педагогикалық – психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады.

ХХІ ғасырда ақпараттанған  қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр: компьютерлік техниканы, интернет, компьютерлік желі, электрондық оқулықтарды оқу  үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім  сапасын көтеру.

Ғылым мен техниканың даму қарқыны оқу-ағарту саласының оқыту  үрдісіне жаңа технологиялық әдістер  оның ішінде интерактивті құралдарды кең көлемде қолдануды қажет  етеді. Интерактивті құралдарды қолдану  негізінде мектепте жаратылыстану  бағытының пәндерін оқыту сапасын  арттырып, білім беруді ақпараттандыру жүйелі түрде іске асады деуге  болады.

Оқу үрдісінде, оның ішінде практикалық сабақтарда интерактивті құралдарды қолдану мұғалімнің жеке тәрбиесіне, шығармашылық ізденісіне байланысты. Интерактивті құралдар оқыту формасын ұйымдастыруды түрлендіруге, дәстүрлі оқыту әдістеріне жаңа элементтер енгізуге мүмкіншіліктер жасайды. Бұл оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады. Интерактивті құралдарды орынды қолдану оқыту сапасын жетілдіруге көмектеседі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

 

  Павелко Г.  
    Оқыту үрдісінде интерактивті экранды қолдану әдістемесі [Текст] / Г. Павелко, С. Искакова // Информатика негіздері . - 2008.-№1. - С. 9-11 

 

 

start="2"

 Әмірғалиева, Т.  
    Информатика оқытуда интерактивті тақтаны қолдану [Текст] / Т. Әмірғалиева, А. Каипова // Информатика негіздері. - 2008.-№5. - С. 4-5  

  1. Интерактивті тақтаны қолдану жолдары [Текст] // Мектеп. - 2009.-№9. - С. 37-40  
      
  2. Шаудирова, Л.  
        Сабақта интерактивті тақтаны қолдану [Текст] / Л. Шаудирова // Математика және физика. - 2010.-№1. - С. 29-30  
     
  3. Сағымбаева, А.  
        Оқушылардың білімін бақылауда интерактивті тақтаны пайдалану мүмкіндіктері [Текст] / А. Сағымбаева, Ж. Базаева // Информатика негіздері. - 2009.-№6. - С. 12-14 

Информация о работе Интерактивті тақтаны пайдаланудың тиімділігі