Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Октября 2013 в 17:22, реферат
Мультимедиялық технологиялармен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.
Прожектор және Шторка құралдары
экранның белгілі бір кішігірім аумағын
көрсетуге арналған. Прожектор құралы
аудиторияның назарын бір объектіге аударуға
арналған. Экран бетінде бір мезгілде
бірнеше объектілер орналасқан болса,
оның қажет объектісін ерекшелеп, қалғанын
жауып қоюға арналған. Шторка экранның
бір бөлігін жауып қоюға арналған ( есеп
шығаруда дұрыс жауаптарын, оқушыларға
әзір белгісіз ақпаратты ) және материалды
оқу барысында мүмкіндігінше тақтаның
қажет бөлігін көрсету.
Қазіргі уақытта « қоғамды ақпараттандыру
», «білім беруді ақпараттандыру » деген
сөз тіркестері біздің сөздік қорымызға
еніп кетті. Олай болса, қоғамды ақпараттандыру
дегеніміз не ?Қоғамдық ақпараттандыру
дегеніміз – ғылыми техникалық прогресс
жетістіктерінің күнделікті тұрмысқа
ауқымды енуінің нәтижесі, яғни адам өміріне
іс – әрекеттің интеллектуалды түрлерінің
жан – жақты әсер етуі мен ролінің жоғарылауына
байланысты объективті процесс.
Ол оқыту мазмұны, әдісі мен ұйымдастыру
түрлерінің өзгерісін тездетеді. Бұл процестегі
негізгі мәселе білім берудің мазмұны
мен мақсатын өзгерту болып табылады,
ал оны технологиялық жағынан қамтамасыз
ету – өндірістік мәселе.
Қоғамды индустрияландыру кезеңінде білім
беру жүйесі алдыңғы кезекте, маманданған
сауатты тұтынушыларды дайындауға бағытталса,
ал білім беруді ақпараттандыру жағдайында
бұл мәселе білім берудің негізгі мақсатына
ауысады. Мұндағы негізгі мақсат – оқушының
қоршаған әлем жайында табиғи ғылыми болжамын
қалыптастырумен жалпы ізгілікті адамгершілікке
дайындау болып саналады.
Қазіргі заман мұғалімнен тек өз пәнінің
терең білгірі болуы емес, тарихи танымдық,
педагогикалық – психологиялық сауаттылық,
саяси экономикалық білімділік және ақпараттық
сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына
сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар,
шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен
тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын
шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі
мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде
ұлағатты саналады.
Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың
негізгі мақсаты оқушылардың ақпараттық
мәдениетін қалыптастыру. Осы мақсатты
орындау барысында оқушылардың ақпараттық
мәдениетін қалыптастыруда жаңа әдістерді
қолдану қажеттілігі туындап отыр. XXI ғасырда
ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру
үшін білім беру саласында төмендегідей
міндеттерді шешу көзделіп отыр : компьютерлік
техниканы, интернет, компьютерлік желі,
электрондық және телекоммуникациялық
құралдарды, интерактивті құралдарды,
электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне
тиімді пайдалану арқылы білім сапасын
көтеру.
Еліміздегі саяси, әлеуметтік – экономикалық
өзгерістерге сай білім беруді ақпараттандыру
бағытында мектебімізде жүргізіліп жатқан
жұмыстар ақпараттандырудың мемлекеттік
бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылуда.
XXI ғасыр – ақпарат ғасыры болғандықтан
адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет.
Бүгінгі таңда мектеп пәндерін компьютер,
интерактивті құралдардың көмегімен оқыту
нәтижелерін зерттеудегі ғылыми проблемаларды
шешу ең басты орын алады. Бұған себеп
оқыту процесінде туындайтын компьютерлендірудің
педагогикалық- психологиялық жаңа проблемалары
әлі толық шешілмегені.
Білім беру жүйесін ақпараттандыру білім
беру үшін үлкен перспективалар ашады.
Соңғы жылдары компьютерлік, телекоммуникациялық
техника мен технологиялардың қоғам өміріндегі
ролі мен орнында түбегейлі өзгерістер
болды. Ақпараттық және телекоммуникациялық
технологияларды игеру қазіргі заманда
әрбір жеке тұлға оқу және жазу қабілеті
сияқты сапалармен бірге қатарға және
әрбір адам үшін қажетті шартқа айналды.
Әрбір елдің технологиялық даму дәрежесіне
оның экономикалық қуаты мен халқының
тұрмыс деңгейі ғана емес, сол елдің әлемдік
қоғамдастықта алатын орны, басқа елдермен
экономикалық және саяси ықпалдасу мүмкіндіктері,
сондай – ақ ұлттық қауіпсіздік мәселелерін
шешуіне байланысты. Сонымен қатар, әлдебір
елде қазіргі технологияның дамуы мен
қолдануының деңгейі оның материалдық
базасының дамуымен қатар емес, негізінен
қоғамды парасаттандыру деңгейімен, оның
жаңа білімді туындату, игеру және қолдана
білу қабілетімен де анықталады.
Жедел дамып отырған ғылыми – техникалық
прогресс қоғам өмірінің барлық салаларын
ақпараттандырудың ғаламдық процесінің
негізіне айналады. Ақпараттық – технологиялық
дамуға және оның қарқынына экономиканың
жағдайы, адамдардың тұрмыс деңгейі, ұлттық
қауіпсіздік, бүкіл дүниежүзілік қауымдастықтағы
мемлекеттің ролі тәуелді болады. Тұтас
дүние қалыптастыру мен қоғамдастықтар,
жеке адам мен бүкіл дүниежүзілік қоғамдастықтың
өмір сүруі үшін жаңа жағдайларды қамтамасыз
етуде ақпараттық – телекоммуникациялық
технологиялар маңызды роль атқарады.
Ғылым мен техниканың даму қарқыны оқу
– ағарту саласының оқыту үрдісіне жаңа
технологиялық әдістер оның ішінде интерактивті
құралдарды кең көлемде қолдануды қажет
етеді.
Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде
қалыптасуы орта білім беру жүйесінің
дамуымен тығыз байланысты. Қай халықтың,
қай ұлттың болсын толығып өсуіне, рухани
әрі мәдени дамуына басты ықпал жасайтын
тірегі де, түп қазығыда – мектеп.
Мектептердің білім деңгейін көтеру және
онда интерактивті құралдарды пайдалану
арқылы оқу – тәрбие процесін тиісті деңгейге
көтеру, мектеп ұстаздарының, басшыларының,
педагогикалық ұжжымның жүйелі басшылыққа
алған бағыты деп есептейміз. Интерактивті
құралдарды қолдану негізінде мектепте
жаратылыстану бағытының пәндерін оқыту
сапасын арттырып, білім беруді ақпараттандыру
жүйелі түрде іске асады деуге болады.
Мектепті ақпараттандыруға осылай мемлекет
тарапынан үлкен экономикалық қолдау
көрсетіліп, оны оқыту, үйрету мәселесі
бүкіл халықтық деңгейге көтерілсе ғана
біздің еліміз өндірістің жоғары психологиясын
меңгерген дүиежүзілік бәсекеге төтеп
беретін, өндіріс өнімдерін өндіре алатын
алдыңғы қатарлы мемлекетке айналады.
Ол дәрежеге жетуге қажетті білім алуына
біздің жас ұрпақтың қабілетінің жететініне
сенім мол.
«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық
технологиямен байланысты әлемдік стандартқа
сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет
» деп, Ел басы атап көрсеткендей жас ұрпаққа
білім беру жолында ақпараттық технологияны
оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін
арттырудың маңызы зор.
Компьютер және интерактивті құралдар
арқылы жасалып жатқан оқыту процесі оқушының
жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып,
оларды жүйелік байланыстармен заңдылықтарды
табуға итеріп, нәтижесінде – өздерінің
кәсіби потенциалдарының қалыптасуына
жол ашу керек. Бүгінгі таңдағы ақпараттық
қоғам аймағында, оқушылардың ойлау қабілетін
қалыптастыратын және компьютерлік оқыту
ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан
тарайтын педагогикалық технологияларды
ғана тиімді деп санауға болады.
Оқушылардың интерактивті құралдар көмегімен
қалыптасатын және жүзеге асырылатын
ойлау қабілеті бұрынғы технологиялар
арқылы берілетін ойлау жүйесінен өзгеше
болатындықтан, тек ойлау қабілеті түсінігі
ғана емес, қабылдау, есте сақтау жоғарғы
деңгейде болады.
Интерактивті құралдардың келесі ерекшеліктерін атап өтуге болады:
1.Бормен тақтаға жазылған
кескінді интерактивті тақтадағы түрлі
– түсті айқын, ұқыпты кескінмен салыстыруға
болмайды
2. Тақта мен бордың көмегімен әр түрлі
қосымшалары бар жұмысты түсіндіру қиын
әрі мүмкін емес.
3. Слайдтарда, флипчартта қателер жіберілсе,
тез арада түзетуге болады
4. Сабақта ACTIVote тестілеу жүйесі арқылы
тест алу мүмкіндігін қолдануға болады
5. ACTIVwand указкасының көмегімен тақтаның
жоғарғы бөлігіне кішкентайларға да қол
жеткізуге мүмкіндік береді.
6. Сабақта көрнекілікті қолдану деңгейі
артады.
7. Сабақтың өнімділігі артады.
8. Оқушылардың білім деңгейіне оң әсер
етеді
Біз бейбіт елде, мемлекеттік білімді жетілдіруге аса мән берген елде тұрамыз. Жалпы білім берудің мақсаты – терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін – өзі дамытуға адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдерді қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру, яғни жеке тұлғаны қалыптастыруға негізделген, ақпаратты технологияны терең меңгерген, жылдам өзгеріп жататын бүгінгі заманға лайықты, жаңашыл тұлғаны қалыптастыру.