Информатиканы оқытуда ақпараттық технологияны пайдалану

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2014 в 10:51, статья

Краткое описание

Ақпараттық технологияны информатика пәні сабақтарында пайдалану, оқушылардың шығармашылық, интеллектуалдық қабілетінің дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына әкеледі. Компьютерлік техниканың дидактикалық мүмкіндіктерін педагогикалық мақсаттарға қолдану,
білім мазмұнын анықтауда, оқыту формалары мен әдістерін жетілдіруде жақсы әсерін тигізеді. Компьютермен, интерактив тақтамен жұмыс жасау оқушының алгоритмдік дүниетанымын қалыптастырады:
- Өз әрекетін саналы түрде жоспарлайды;
- Құбылыстарға модельдер құра біледі.

Прикрепленные файлы: 1 файл

керек.docx

— 347.25 Кб (Скачать документ)

ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА АҚПАРАТТЫҚ

ТЕХНОЛОГИЯНЫ ПАЙДАЛАНУ

 

 

 

Соңғы жылдар ақпараттық технологияның дамуы мен қоғамның барлық салаларына енгізілуі болашақ ұрпақтың жеке тұлға ретінде дамып – жетілуіне елеулі іздерін қалдырды. Ақпараттық технологиялар жағдайындағы оқыту процесі жеке тұлға теориясына сүйенеді. Әрбір жеке тұлға қоршаған ортаға өзіндік көзқарасымен және өзіндік талаптарымен, белсенділіктің түрлі сатысымен және басқа да маңызды

қасиеттерімен сипатталады.

Ақпараттық технологияны информатика пәні сабақтарында пайдалану, оқушылардың шығармашылық, интеллектуалдық қабілетінің дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына әкеледі. Компьютерлік техниканың дидактикалық мүмкіндіктерін педагогикалық мақсаттарға қолдану,

білім мазмұнын анықтауда, оқыту формалары мен әдістерін жетілдіруде жақсы әсерін тигізеді. Компьютермен, интерактив тақтамен жұмыс жасау оқушының алгоритмдік дүниетанымын қалыптастырады:

- Өз әрекетін саналы түрде жоспарлайды;

- Құбылыстарға модельдер құра біледі.

Бағдарламалау арқылы оқыту оқушылардың логикалық қабілетін дамытады, өзін-өзі бақылауын қалыптастырады, жалпы мәдени-дүниетанымын қалыптастыруға мүмкіндік туғызады.

 Оқушыға тиянақты білім беріп, білім сапасын көтеру жолында информатика пәніне қызығушылығын ояту үшін, АКТ-ны қолдану тиімді:

- Уақыт ұтамыз /көрнекілік дайындау т.б./

- Ұстаздардың өз білімін жетілдіруі, өзара тәжірибе алмасу. /

Internet жүйесі /

-Тәжірибе жинақтау. /компьютермен жұмыс істеу дағдысы

қалыптасады/.

-Бақылау мен бағалаудың объективлігін қамтамасыз етеміз.

-Оқушылардың қосымша білім алуына мүмкіндік туғызамыз.

Қызығушылық /мотивация/ оятуға болады.

-Эстетикалық талғам ескеріледі.

-Заман талабына сай қажеттілікті ақтаймыз.

-Оқушылармен кері байланыс орнатылады.

Ақпараттық технологияның өзектілігі қоғамның ақпараттандыру жылдамдығының артуымен сипатталады. Сабақта жаңа ақпараттық технологияны пайдалану білім мазмұнын жаңартумен, ақпараттық ортаны қалыптастырумен, сандай-ақ сапалы білім беру мүмкіндігінің жоғары болуымен ерекшеленеді.

 


Информация о работе Информатиканы оқытуда ақпараттық технологияны пайдалану