Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 13:20, дипломная работа
Болашақ информатика мамандарын имитациялық модельдеуге оқыту қажеттігі келесі негізгі факторлармен, яғни имитациялық модельдеу әдістері мен модельдері экономикалық, физикалық, биологиялық, химиялық және т.б. адам қызметі салаларының көптеген мәселелерін шешуде қолданылатыны, болашақ информатика мамандарына ақпаратты басқарудың бағдарламалық қамтамасыздандырылуын жүзеге асыру қажеттігі, имитациялық модельдеудің ақпараттық модельдеудің негізгі бағыты ретінде бағдарламалық қамтамасыздандырылуы және информатика әдіснамасы болып табылатын есептеуіш эксперимент болашақ информатика мамандарына имитациялық модельдеу бойынша қалыптастырылатын білім мен дағдыларды меңгертуді қажет ететіндігімен анықталады.
КІРІСПЕ .................................................................................................................. 3
1. ИНФОРМАТИКА МАМАНДЫҒЫ СТУДЕНТТЕРІН ИМИТАЦИЯЛЫҚ МОДЕЛЬДЕУГЕ ҮЙРЕТУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ………………….. 4
1.1. Информатика мамандарына имитациялық модельдеуді оқытудың ролі мен орны …………………………………………………………………………. 4
1.2. Имитациялық модельдеу курсын оқытудың құрылымы мен мазмұны .. 17
1.3. Имитациялық модельдеуді құзырлылық тұрғыда оқытудың теориялық негіздері ................................................................................................................ 26
1.4. Имитациялық модельдеудің аспектілері
2. ИНФОРМАТИКА МАМАНДЫҒЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІН ИМИТАЦИЯЛЫҚ МОДЕЛЬДЕУГЕ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЕРЕШЕЛІКТЕРІ .................................................................................................. 45
2.1 Имитациялық модельдеуді оқытудың ақпараттық құралдары ................. 45
2.2 Информатика мамандығының студенттерін имитациялық модельдеуге оқыту әдістемесі .................................................................................................. 50
2.3 Педагогикалық тәжірибені жүргізу және оның нәтижелері ……………. 56
ҚОРЫТЫНДЫ …………………………………………………………………. 59
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ………………………………………… 60
ҚОСЫМША ……………………………………………………………………. 61
Құзырлылық оқу үдерісінің нәтижесі деген түсінік негізінде Еуропа елдерінде бұл ұғым практикадағы өз орнын анықтай бастады.
Үшінші кезең - 90-жылдардан бері құзырлылық тәсілінің ғылыми категория ретінде білім беруде қолданысымен кең таралуы сипатталады.
1993 -1996 жылдары көптеген ғалымдардың жарық көрген еңбектерінде «кәсіби құзырлылық», «педагогикалық құзырлылық» жаппай зерттеу пәніне айналды. Құзырлылықтың білім, білік дағдыдан басқа осы білім, білік, дағдыны тұлғаның қызмет, қарым-қатынас өздік дамуы арқылы жүзеге асыру тәсілдері мен әдістерін камтитындығы көрсетілді. Педагогикалық құзырлылықтың қызметтік, коммуникативтік деген екі компоненті және білім саласындағы құзыр, құзырлылық ұғымдарына тән белгілері ажыратылады. Бұл кезеңге тән зерттеулер келесі ғалымдардың еңбектерінен табылады. Үшінші сатының дамуы ЮНЕСКО тарапынан қолдау тауып, білімнің күтілетін нәтижесі ретінде қарастырылады.
Білім беруде құзырлылық тәсілдің мәселелерін талқылау барысында құзыр және құзырлылық ұғымдарын анықтау негізгі міндеттердің бірі болып табылады. Ендеше, ұғымдардың сөздік мәнін түсіну үшін аударма сөздіктердегі түсініктерді қарастырайық:
Қазақша-орысша сөздікте құзыр – «компетенция» (подчинение, непосредственное ведение) деп аударылып, бұл іс сіздің құзырыңызда деген түсіндірме беріледі.
Құзырлы (латынша «competens» - компетентный - жоғары тұрған, қабілетті) - білгір, белгілі бір аймаққа жинақтаушы, өзінің білімі немесе қызметі бойынша бір нәрсені істеуге немесе шешуге уәкілдігі бар деген мағынаны білдіреді.
Құзыр (латынша «competentia» - компетенция - құқы бойынша жатады «принадлежит») қандайда бір мекеменің немесе адамның уәкілет шеңбері; адамның танымы, тәжірибесі бар сұрақтар шеңбері.
А.Бергсон эволюциялық қозғалыс немесе сапа өзгерісі жөнінде сөз болғанда, ақыл-ойдың өзі біріншіден, сапа, екіншіден, форма немесе мән, үшіншіден әрекетке сай келетін тілдің бастапқы категориялары сын есім, зат есім, етістіктерге жүгінеді дейді. Сондықтан да ғалымдардың зерттеулерінде бұл үш термин сөз үш түрлі мағынада сын есімдік (құзырлы), зат есім (құзырлылық), етістік формасында (құзыр) қолданылады.
Құзыр термині қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде арнаулы зат есім формасында «әмір», «билік» деп, ал құзырлы сөзі сын есім формасында диалект сөз ретінде беріледі.
Құзыр және құзырлы ұғымдарына сөздікте құзыр: біріншіден, кімнің болмаса да, жақсы хабардар болған сұрақтар төңірегі; ал екіншіден, қандай-да біреулердің билігі, құкы; құзырлы: біріншіден, бір сұрақтар төңірегіне жинақтаушы; екіншіден, бір нәрселерді шешу құқы бар деген екі түрлі мағына беріледі.
Құзырлылық ұғымына мынандай анықтама да берілген: Әлеуметтік-кәсіби мәртебесіне оның нақты орындалатын және шешетін мәселелерінің күрделілік деңгейіне сай білімінің, біліктілігінің және тәжірибесінің өлшемі. Айтылған анықтамаға сәйкес бірінші мағынада «құзырлылық» ұғымының «мамандық» ұғымынан айырмасы мамандықты сипаттайтын кәсіби білім және біліктіліктен басқа ынтымақтастық, бастамашылық, оқу біліктілігі, топтағы жұмысқа қабілеттілігі, қарым-қатынас жасау қабілеттілігі, бағалау, қисынды ойлау, ақпаратты тандау және қолдану секілді сапаларды біріктіру, ал екінші мағынада билік орнындағы адамның, басқару органдарының билігі; қандай да бір сұрақтар төңірегінде шешім қабылдау құқы деп көрсетеді.
Сөздіктерде берілген «құзыр» ұғымының мәні уәкілеті, билігі атаулары арқылы ашылады. Әйтсе де, білім беру ұйымдары түлектерінің және олардың білім алу жолындағы күш жігерінің «заң бойынша бағыныштылығын» негізге ала отырып, келтірілген анықтаманың бірінші және анықтамаларының екінші мағынасындағы түсіндірмесін негізге ала отырып, бұл мағына мемлекеттік қызметкердің қызмет ерекшеліктеріне және кәсіби қызметінің құзырлылық категориясы мәнінің жүйелі байланысына сай келетін, сол секілді құзырлы уәкілдік көзі деген толымды мағынаны білдіретіндігін алуымызға болады.
Оқу мен өмір жағдайларын шешу кезінде білім алушылардың білімді, іскерлікті, дағдыны және қызметтің әмбебап тәсілдерін меңгеруі көрінетін білім берудің нәтижесі құзырлылық деп анықталған.
«Құзырлылық» ұғымының педагогика ғьлымындағы орны толық анықталмаған, ол көп жағдайда интуициялық түрде маманның кәсіби шеберлігін, мамандық деңгейін анықгау үшін қолданылады. Ол «құзырлылық» маманның «айналымға» түсудегі қажетті шарты: білімін ұдайы жаңарту нақты жағдайларда білімін ұтымды пайдалану үшін жаңа ақпараттарды меңгеру деп қарастырады да, тұлғаралық және еңбектегі байланыс мәдениеті, қызметтің экономикалық, әлеуметтік, құқықтық, адамгершілік қырларын меңгеруі, қызметті жаңа жағдайға бейімдеудегі, басқару шешімін қабылдаудағы дайындығы, практикалық кәсіби тапсырмаларды орындаудағы дайындық әлеуеті, нақты жағдайларға байланысты қандай да бір әдістерді пайдалану біліктілігі сияқты белгілерін айқын көрсеткен.
Жоғары оқу орны маманының «құзырлылығы» - бұл кәсіби және әлеуметтік ортадағы қызмет нәтижесінің әлеуметтік маңыздылығы мен оны үнемі жетілдіру қажеттілігін, оған деген тұлғалық жауапкершілігін түсіне отырып, шығармашылық, яғни өнімді қызметінің жетістіктері үшін практикада байқалатын оның ынтасы және өз әлеуетін, яғни білімін, біліктілігін, тәжірибесін, тұлғалық сапаларын және т.б. жүзеге асырудағы қабілеті деген анықтама жоғары оқу орындары жүйесіндегі «құзырлылық» ұғымының мағынасын ашатындай.
Білім берудегі құзырлылық тәсілі дегеніміз білім беру ордалары мен қазіргі еңбек нарығының қажеттілігі арасындағы сәйкестікті келтіру болып табылады.
Қай уақытта адамды «ол бір нәрсеге құзырлы» деп айта аламыз? Оның қандай да бір есептің немесе мәселенің шешімін таба алатындығын көрсеткенде ғана біз ол адамның құзырлылығы туралы айтамыз және оны адам өзінің алдында тұрған есепті немесе мәселені табысты шеше білгендігін ғана айтпай, оның осы есептерге, мәселелерге жақын болатын есептерді, мәселелерді шеше білуіне дайын екендігін айтамыз. Әдетте, мұндай жағдайда «тығырықтан шығу жолын тапты» деп те айтамыз. Ендеше, қандай да болсын кездескен есептің, мәселенің, жағдайдың шешімін тапса, таба білсе, таба білуге дайын болса, онда ол адам құзырлы, яғни құзырлылық адамның әрекеттерінің тиімділігін, нәтижелілігін бағалау нәтижесінде оған берілетін мінездеме деуге де болады. Жоғары оқу орнының түлегі үшін оқу орнын бітіргеннен кейін өзінің кәсіби саласында кездесетін есептерді шеше білу оның басты мінездемесі болып табылады.
Ендеше, құзырлылықты қандай да бір анықталмағандық, белгісіздік, шарасыздық жағдайларында әрекет ете білу қабілеттілігі деп қорытындылауға болады.
Білім берудегі құзырлылық тәсілі Еуропа Кеңесінде жас еуропалықтардың қамтылуы керек бес кілтті (саяси және әлеуметтік құзырлылықтар, көпмәдениетті қоғам өмірімен байланысты құзырлылықтар, әлеуметтік өмірі мен қызметі үшін ауызша және жазбаша коммуникацияны меңгеру қажетті құзырлылықтар, қоғамның ақпараттану ағынына байланысты құзырлылықтар және тікелей өзінің кәсіби және әлеуметтік өміріне қатысты үздіксіз білім негізінде өмір бойына оқу қабілеттілігі) құзырлылықтары қабылданғаннан кейін кеңінен талқылауға ұшырады. Бұл аталған құзырлылықтар әртүрлі елдердің білім беру жүйесін жалпы сипаттағы мәселелерді шешуге шақырады. Кілтті құзырлылықтар әртүрлі кәсіби қоғамдарда бейімдену және өнімді қызмет үшін қажетті мәдениетаралық және салааралық білім, білік және қабілеттіліктер ретінде де анықталады.
Бүгінгі ақпараттық қоғамда жұмыс беруші мекемелер жас мамандарда құзырлылық, яғни біліктілік, бәсекеге қабілеттілік және жұмыс барысында болатын қандай да бір жағдайларға тез әрекет жасауға дайын болу сияқты қасиеттерін алға қояды. Сондай-ақ олардың бойынан ақпаратты өңдеуге байланысты жаңа білімді, іскерлікті жылдам және нәтижелі меңгеру, өздерінің кәсіби қызметтерін заман талабына сай бейімдей алу қабілеттіліктерінің де бар болуын талап етеді. Сондықтан да болашақ информатика мамандарын құзырлылық тұрғыда дайындау қоғамның, әсіресе педагогика ғылымының оқыту теориясы мен әдістемесінің негізгі мәселелерінің бірі.
Білім беру саласын заман
талабына сай дамыту бағыттарының бірі
– білім беруде құзырлылық тәсілді
енгізу қажеттілігін негіздейді. Болашақ
мамандарды даярлаудың мазмұны олардың
кәсіби құзырлылықтарының
Кәсіби құзырлылық кілттік, негізгі және арнайы құзырлылықтарды қалыптастырады. Кілттік құзырлылықтар ақпаратты, коммуникацияны қолдану негізінде кәсіби есептерді шеше білу қабілеттіктерін құрайды. Негізгі құзырлылықтары нақты кәсіби қызметтерінің ерекшелігін көрсетеді. Арнайы құзырлылықтар нақты пәндік қызметтерінің ерекшеліктерін бейнелейді. Кәсіби қызметтің нақты саласында оқу пәнінің көлемінде кілтті және негізгі құзырлылықтар арнайы құзырлылықпен жүзеге асырылады.
Имитациялық модельдеуге құзырлылық тұрғыда оқытудың негізінде кәсіби құзырлылықтың келесі құрылымы алынды: кәсіби қажеттілік, кәсіби жарамдылық, кәсіби қанағаттанушылық және кәсіби табыстылық. Кәсіби қажеттілік – имитациялық модельдеу әдістерін қолданып, күрделі жүйелерді жобалау мен модельдеудің мәселелерін шеше білуі; кәсіби жарамдылық – болашақ информатика мамандарының әртүрлі салада шынайы жүйелерді модельдеу, олардың есептерін шығару бойынша кәсіби қызметінде пайдалана білуі, кәсіби қанағаттанушылық – жоғары оқу орнында имитациялық модельдеу пәнінен алған білім, білік және дағдыларының болашақ кәсіби қызметінде жеткілікті болуы, жоғарыда аталғандарды кәсіби қолдануы кәсіби табыстылыққа әкеледі.
Білім берудің жаңа парадигмасына сәйкес қарастырылатын құзырлылық болашақ маманның біліктіліктерінің деңгейін, нақты құзырлылыққа сәйкес деңгейін анықтайды және қоғамның дамуында болып жататын өзгермелі әлеуметтік шарттарда жылдам әрекет ету мүмкіндігіне тәрбиелейді.
Еуропа мен АҚШ-та білім беру құзырлылықтары «жеке тұлғаның өзінің меңгерген негізгі қабілеттерінің даму нәтижесі» ретінде түсіндіріледі. Сондықтан олар адамдарға жеке өздерінің мақсаттарына жетуге мүмкіндік береді.
Кілттік құзырлылықтар басқа құзырлылықтар үшін нақты және пәндік бағытталған құзырлылықтрдың негізі, яғни кілті болатындығын көрсетеді. Кілттік құзырлылықтар кәсібиүстілік сипатта болады және адам қызметінің кез келген саласында қажет.
Әрине бұл аталаған қасиеттер
болашақ информатика
«Кілттік құзырлылықтарды анықтау және іріктеу» еуропалық жобасында беделді пікірлерді тәжірибелік жалпылау негізінде тізімге келесілер қабылданған:
- автономды рефлексивті әрекет;
- құралдарды интерактивті қолдану;
- бір текті емес топтардың жұмысына қатысу;
- сын тұрғысынан ойлау;
- есептерді шешу.
А.В.Хуторской құзырлылықтың үш деңгейлі иерархиясын ұсынды:
- кілттік құзырлар – білім берудің жалпы мазмұнына қатысты;
- жалпы пәндік құзырлылықтар – оқу пәндерінің нақты бір шеңбері мен білім беру аймақтарына қатысты;
- пәндік құзырлылықтар – кілттік және жалпы пәндік құзырлылықтарға қарағанда дербес, нақты сипаты мен оқу пәндері шеңберінде қалыптасады.
Болашақ информатика
мамандарына имитациялық
050602-Информатика мамандығы бакалаврының
алдыңғы тарауда айтылған құзырлылықтарына
және қазіргі замандық білім беру саласында
қарастырылатын негізгі кілтті құзырлылықтарға
талдау жасай келе, біз өзіміздің зерттеу
жұмысымызда қарастырып отырған имитациялық
модельдеу оқу курсы болашақ информатика
мамандарының бойында ақпараттық, коммуникативті
және жобалау құзырлылықтары сияқты кілтті
құзырлылықтар қалыптасады деген қорытындыға
келдік:
Болашақ информатика мамандығы студенттерінде жоғарыда аталған кілтті құзырлылықтар олардың бойларында шығармашылықтарын арттырып, өз бетімен оқу және іздену, жұмыс берушілердің талаптарына бәсекелес болуға ұмтылдырады.
«Құзырлылық тұрғыда оқыту» жоғарыда атап өткендей АҚШ-та көрнекті оқытушалардың тәжірибелерін оқып-үйрену үдерісінде пайда болды. Бұл ұғым берілген тәжірибені бірнеше рет талдаудың нәтижесі болып табылды. Негізінен құзырлылық тәсілмен оқытудың дамуы жалпы компьютерлендірумен де тығыз байланысты. Құзырлылық тәсілмен оқытудың негізгі үш құраушысын: білім, білік және құндылықты АҚШ мамандары анықтады. Профессор Дж.Стретч құзырлылықтың келесі категорияларын нақтылады (1-кесте).
Информация о работе Информатика мамандығы студенттерін имитациялық модельдеуге үйрету әдістемесі