Информация және информатика

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Сентября 2013 в 20:52, реферат

Краткое описание

Информация мәні.
Информатика негіздері.
Информация және ЕМ.
Жаңа информациялық технологиялар.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Модуль 1.docx

— 33.50 Кб (Скачать документ)

Модуль 1. Информация және информатика

                                  Жоспар

  1. Информация мәні.
  2. Информатика негіздері.
  3. Информация және ЕМ.
  4. Жаңа информациялық технологиялар.

Информация мәні.

"Информация" термині латынның  түсіндіру, баяндау, білу деген  ұғымынан туындаған ағылшынның information сөзінен шыққан. Информацияны біз ауызша немесе жазбаша түрде, қимыл не қозғалыс түрінде бере аламыз. Кез келген керекті информацияның мағынасын түсініп, оны басқаларға жеткізіп,соның негізінде белгілі бір ой түйеміз. 
Сабақ үстінде мұғалім жаңа информацияны оқушыларға жеткізеді, ал оқушылар оны қабылдап, мағынасын түсініп, естерінде сақтайды және жауап береді. Оқып үйренуге керекті информацияны компьютерден де алуға болады, мәселен ол суреттерді, оған қажет түсіндіру мәтіндерін, тексеру сүрақтарын арнайы программа көмегімен экранға шығарып береді.

Біз өзімізге қажет информацияны оқулық пен кітаптардан, газет-журналдардан, теледидар хабарлары мен кинофильмдерден  алып, керектілерін дәптерге конспект түрінде жазып аламыз. Өндірістегі информация жиыны сызулар мен мәтіндер түрінде, анықтамалар мен есеп беру, кестелер түрінде кездеседі.

Осындай информацияларды ЭЕМ арқылы да алуға болады. Информация кез келген түрде бізге белгілі бір мағлүматтар береді. Ол біздің айналамызда не болғаны немесе не болып жатқаны туралы деректер бере алады, мысалы: кеше не істедік, ертең не істейміз, мектеп бітіру кешінде қандай көйлек киеміз немесе қайда жүмыс істейміз деген сүрақтарға жауап бере алады. Бірақ информация әрқашан белгілі бір түрде - әңгіме, сурет, мақала және т.б. түрінде болуға тиіс. Сызулар мен музыкалық шығармалар, кітаптар мен суреттер, спектакльдер мен кинофильмдер - бәрі де информацияны жеткізу түрлері болып саналады. Қандай түрде берілсе де информация өзімізді қоршаған ортаның нақты немесе қиялдағы көрінісі болады.

Жалпы түрғыдан алғанда, информация - таңбалар мен сигналдар түрінде берілген әлемнің, заттың бейнесі болып саналады. Информация алу дегеніміз - бізді қоршаған қүбылыстар меи нысандардың өзара байланыстары, қүрылымы шмесе олардың бір-біріне қатысуы жөнінде нақты мағлүматтар мен мәліметтер алу дегш сөз. 
Сонымен, информация - белгілі бір нәрсе (адам, жануар, зат, құбылыс) туралы таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін мағлұматтар.

Информацияның түпкі заттық мазмұны  оның негізгі қасиеттерін - дәлдігі  мен толықтығын, бағалылығы мен қажеттілігін, анықтылығы мен түсініктілігін ашуға  көмектеседі. Информация істің ақиқаттық жағдайын толық ашатын болса, оның дәл болғаны. Дәлдігі жоқ информация оны түсінбеушілікке және соған байланысты теріс шешім қабылдауға әкеліп соқтыруы мүмкін.

Егер информация оны түсінуге және белгілі бір шешім қабылдауға жеткілікті болса, онда оның толық болғаны. Информацияның толық болмауы ол жөнінде белгілі бір түжырымға келуге кедергісін тигізіп, қателікке ұрындыруы мүмкін. Информацияның бағалылығы, оны пайдалана отырып, қандай мәселелер шеше алатынымызға байланысты болады. Өзекті (дер кезінде берілген) информация жүмыс шарттары өзгерген жағдайда өте керек болады. 
Егер бағалы, әрі өзекті информация түсініксіз сөздермен жазылса, оның пайдаға аспайтыны өзінен-ақ белгілі. Егер информацияны пайдаланушылар тілінде жазса, ол түсінікті болады.  
Информация түрлері: мәтін, сурет, фотобейне, дыбыстық сигналдар, электр сигналдары, магниттік жазба және т. б. Қоғамның даму кезеңдерінде адамдар көптеген тілдерді пайдаланды, олар: қимылдар мен мимика тілі, сызу-сурет тілдері, музыка тілі мен сөйлесу тілдері, т.б. Көптеген тілдердің негізі алфавит (әліпби) болып саналады.  
Алфавит - белгілі бір тілдің кез келген сөздерін құрай алатын символдарының жиыны.

Алфавит мысалдары:1. Латын алфавиті: A, B, С, D, E, F, G, H, I, J, K, L, M, N, О, Р, Q, R, S, T, U, V, W, X, Ү, Z.

2. Қазақ алфавиті: А, Ә, Б, В,  Г, F, Д, Е, Ё, Ж, 3, И, Й, К,  Қ, Л, 
м, н, ң, о, ө, п, р, с, т, у, ұ, ү, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ, ъ, Ы, I, Ь, Э, Ю, Я. 
3. Табиғи (натурал) сандар алфавиті: 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9. 
4. Екілік сандар алфавиті: 0, 1.

Екілік сандар алфавитінің қарапайымдылығы  оны есептеу техникасында кең  қолдануға мүмкіндік берді. 0 жәж 1 мәндері ЭЕМ-дерде "магниттелген - магниттелмеген", "заряды бар - заряды жоқ", "іске қосылған - қосылмаған" деген сияқты және тағы да басқа физикалық қалыптармен көрсетіледі. Екілік сандар көмегімен кез келген алфавиттің символдары кодтар түрінде таңбалана алады, яғни бұл - кез келген тілде жазылған мәлімет екілік кодтар түрінде бейнелешді деген сөз. 
Мысалы, ЭЕМ-де латын, қазақ алфавиттерінің әріптері және цифрлар 0 мен 1 тізбегінен тұратын сегіз екілік таңбамен бейнеленеді: 
Әріп Код Әріп Код Сан Код 
A 10000000 A 01000001 0 00110000 
Ә 11110000 В 01000010 1 00110001 
Б 10000001 С 01000011 2 00110010 
В 10000010 D 01000100 3 00110011 
Г 10000011 Е 01000101 4 00110100 
F 11110001 F 01000110 5 00110101

"AHA" деген сөз 24-разрядты  мынадай екілік сандармен бейнеленеді: 
AHA - 10000000 10001011 10000000 
Компьютердің жадында сақталатын информацияның барлық түрлері - сөздер, сандар, суреттер, компьютер жұмысын басқару программалары - бәрі де екілік сандар тізбегі түрінде жазылады. Сондықтан есептеу техникасында 0 мен 1-ден тұратын екілік сан таңбалары арнайы терминмен бит деп аталады. Бит - ағылшын тіліндегі bit (binary digit - екілік таңба) деген қысқарған сөз. ЭЕМ-де қолданылатын символдық таңбаларды бейнелейтін сегіз разрядты екілік санды "байт" (ағылшынның byte деган сөзінен) деп атау келісілген. 
Сонымен 1 байт бір-бірімен қатарласа тізбек түрінде орналасқан 8 биттен тұрады, мысалы, Е - 10000101, е - 10100101, / - 00101111, 8 - 00111000 
т.с.с. 
Кез келген ондық сан белгілі бір ереже арқылы екілік санға айналады және екілік санды қайтадан ондық санға айналдыру қиын емес. Ал әріптер мен символдарға келетін болсақ, олар ретті түрде жазылып, әрқайсысы тұрған нөміріне сәйкес екілік кодқа ие болады. Екілік сандарды ондық сандар тәрізді қосуға, азайтуға, көбейтуге және бөлуге болады.  
Екілік сандарды ондық сандарға айналдыру ережесі қиын емес, ол үшін мына жолдарды карастырайық. 
Ондық сан: 010 1Ш 210 310 410 510 610 1010 11]0 
Екілік сан: 02 12 102 112 1002 1012 1102 10102 1011, 
Мұнда жоғарғы жолда 1-ден 11-ге дейінгі ондық сандар, ал төменгі жолда соларға сәйкес екілік сандар жазылған. Екілік сандарды ондық сандарға айналдыру олардың әрбір разрядын (1 немесе 0 санын) түрған орнына байланысты екінің дәрежелеріне - 1, 2, 4, 8, 16, т.с.с. көбейтіп, шыққан сандарды қосу арқылы жүргізіледі. Мысалы, 1011 болып жазылатын екілік сан ондық санға былай түрлендіріледі: 23 22 21 2° - екінің осындай дәрежелері санның разрядтарымен көбейтіліп қосылады 1 0 1 12 = 1*23+0*22+1*2'+1*2°=8 + 0 + 2+ 1 =11]0 
Керісінше ондық сандарды, екілік сандарға айналдыру үшін: сол санды екіге бөлеміз, шыққан бөліндіні тағы екіге бөлеміз, одан шыққан санды да, осылайша бөлінді бірге тең болғанша, біртіндеп екіге бөле береміз. Ең соңғы бөліндіден басталып жазылатын қалдық сандар тізбегі ізделініп отырған екілік 
санның таңбаларын құрайды. Енді 12 ондық санын екілік санға айналдыру мысалын қарастырайық:

12│2 
12│6│2 
06│3│2 
02|1 
1

Нәтижесі - 11002деген екілік сан болып шығады.

 

 Информатика негіздері. 
Информатика - ЭЕМ арқылы информацияны жинау, 
сақтау, түрлендіру, жеткізу және оны пайдалану заңдылық- 
тары мен тәсілдерін зерттейтін жаңа ғылыми пән. 
Информатиканы оқытудың маңыздылығы бұл ғылымның тек ЭЕМ- 
дерді пайдалану мүмкіндіктері мен олардың жұмыс істеу принциптерін түсіндіріп қана қоймай, қоғамдық өмірде және адамдар арасында информацияны кеңінен тарату заңдары мен тәсілдері туралы түсініктер

береді. 

Қазіргі кезде жаңа ЭЕМ-дер күнбе-күн  пайда болып, олардың даму процесі  үздіксіз ғылыми-техникалық процеске айналып отыр. Сонымен қатар информацияны өңдеу, жинау және беру тәсілдері  де күннен күнге дамып келеді. Осы  себептерге байланысты информатика  жиі өзгеріске ұшырайтын 
ғылыми пән болып саналады да, оны оқып-үйрену күннен күнге күрделіленіп барады. Информатиканың негізгі объектісі, яғни оның шикізаты мен беретін өнімі информация болып саналады. Сондықтан "информация" ұғымы информатика мен ЭЕМ-де жұмыс істеудің ең түбегейлі атауларының бірі болып есептеледі. 

Информация және есептеу  машиналары 
Бұл күнде ЭЕМ информацияны өндірудің ең негізгі құралы болып саналады. 70-жылдарда электрониканың дамуы компьютердің жаңа түрін - жеке пайдаланылатын дербес компьютерлерді көптеп шығаруға жол ашты. Олар қазір де мектептерде, институттарда, баспаханаларда, т.б. орындарда кеңінен қолданыла бастады. Мұндай компьютерлерді оқуда, жұмыста, ойнау үшін, тағы да басқа көптеген мақсаттарда пайдалануға болады. Осы компьютерлерді өндіріс пен жобалау ісінде, ғылыми-зерттеу істері мен білім беруде пайдалану миллиондаған адамдардың жүмыстарының мазмүны мен 
орындалуын түбегейлі түрде өзгертті деуге болады. 
Ең алдымен ЭЕМ-дер өндірістің автоматтандырылған технологиясын жасауға мүмкіндіктер ашып береді. Оның үстінг, сол технология көмегімен ЭЕМ-дермен басқарылатын жаңа машина, құрал-сайман және құрылғылар жасалынады. 
Осылардың негізінде XXI ғасырдың басында есептеу машиналары "адамсыз" жүмыс атқара алатын өндіріс технологиясын жасау мүмкіндіктерін беріп отыр. Осы сияқты "болашақтың" фабрикаларында қолмен істелетін жұмыстардың бәрін роботтар орындайды да, адамдардың рөлі өндірісті жоспарлау, роботтар жұмысын басқару және ЭЕМ көмегімеи жаңа бұйым жасау істерін жобалау ғана болып қалады. 
Бүгіннің өзінде-ақ көптеген қызмет салаларында ЭЕМ-дерді пайдалану адамдарға информацияны жинау, дайындау және өңдеу жұмыстарын оңайлатып, жобалау және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жылдам жүргізуге мүмкіндік берді. ЭЕМ-дер мектептерге келе бастады, олар физика мен математика, химия мен биология сияқты және басқа да пәндерді оқып-үйрену ісіне үлкен көмек береді. 
ЭЕМ-мен қарым-қатынас жасау және оларды өз жұмысында пайдалана білу бұдан бұрынғы аталарымыздың қаламсаппен сауат ашқаны сияқты, алдағы 10-15 жылда біздер үшін ең керекті зат болып, компьютерлік сауаттылықтың негізін қалайды. 
Компьютерлік сауаттылық деп компьютерді пайдалана отырып, оқу, жазу, есептеу, сурет салу және информация іздеу жолдарын меңгеруді айтады. 
ЭЕМ-ді жұмыста тиімді пайдалану белгілі бір мәдениет иесі болуды талап етеді, яғни ол мәдениеттіліктің белгісі болып саналады. Ол үшін ЭЕМ-нің

 

нггізгі мүмкіндіктерін жақсы білу қажет, олар: мәселелерді (есептерді) айқын  түрде қоя білу, оларды шешудің  жоспарын жасау және ЭЕМ-ге түсінікті  түрде жазу; есеп шығаруға керекті  мәліметтерді айқындай білу мея алынған  нәтижелерді талдау тәсілдерін әрбір  адамның жетік меңгеруі болып  табылады. Мұндай мәдениеттілікті игеру  логика мен информатика заңдарын білуге барып тіреледі. 

Жаца информациялық технологиялар.

Кәдімгі информациялық технологиялар  деп көбінесе қағаз жүзінде әртүрлі  информацияларды дайындау, жинау, өңдеу  және жеткізу процестерін айтады. Жаңа информациялық технологиялар  деп ЭЕМ-дер мен олардың желілері арқылы - әсіресе дербес компьютерлер көмегі арқылы – информацияны дайындау, жинау, жеткізу және өндеу технологияларын  айтады. 
Информациялық процестер - адамдар арасында, тірі организмдерде, техникалық құрылғыларда және қоғамдық өмірде информацияны жеткізу, жинақтау жөне түрлендіру процестері. 
Дербес ЭЕМ-дер - жұмыста жөне үйде адамның пайдалануына арналған шағын компьютерлер. Дербес ЭЕМ-дер журналдар, кітаптар және әртүрлі құжаттар дайындауда мәтін теріп, оны түзету үшін кеңінен қолданылады. Мұндай жұмыста компьютерлердің баспа машинкаларынан артықшылығы талас тудырмайды, олар: қателердің азаюы, материалдарды дайындау жылдамдағының өсуі, оларды безендіру сапасының да артуы. Басып шығарылуға тиіс әдебиеттің жоғарғы сапасын қамтамасыз ететін лазерлік принтері бар компьютерлер негізінде істейтін шағын баспа жүйелері одан да ыңғайлы жабдық болып есептеледі. 
Сондай-ақ жаңа информациялық технологиялар дегеніміз - ЭЕМ жадындағы сақталған картотекадағы, каталогтардағы, әртүрлі архивтер мен кітапханалардағы информацияларды жинақтауға, біріктіріп сақтауға, керектілерін жылдам іздеп табуға бо латын ә р т ү р л і мәліметтер базасы мен 
информациялық жүйелер. Жаңа информацияльщ технологиялардың дамуын ЭЕМ желілеріне негізделген электрондық почтасыз, байланыс желілері мен информациялық коммуникацияларсыз көзге елестету мүмкін емес. 
Қоғамымызды дербес компьютерлермен, ЭЕМ желілерімен, информациялық қорлармен толық қамтамасыз етсек, информацияны пайдалану, алу және тарату істерін ұйымдастыру жаңа сатыға көтеріледі. Олар бұған дейінгі қолданылған "қағаздағы" информацияны алу мен таратуды толықтыра отырып, қоғамымызды ақпараттандыру процестерін арттыра түседі. Жаңа информациялық  технологиялардың жан-жақтылығын дүрыс түсіну үшін "технология" ұғымының мәнін ашып алу қажет. Қоғамдық дамудың алғашқы кезеңдерінде "технология" деп белгілі бір бұйымдарды жасау кезіндегі тәсілдер жиынын айтатын еді. 
Өндірістің күрделіленуі, оны механикаландыру мен автоматтандыру

технология ұғымын машиналар, механизмдер, құрал-саймандар және т.б. өндіруді ұйымдастыру тәсілдері мен оған керекті техникалық жабдықтар жиыны  ретінде қабылдауды қалыптастырды. 
Есептеу машиналарын басқару құрылғылары ретінде пайдалану мен автоматтандыруға негізделген осы кездегі жаңа өндіріс технологиялары оны қайта құру істері мен оған кететін жұмыс көлемін әлдеқайда оңайлатып жіберді. Осыған орай қазіргі "технология" ұғымына, аз дегеннің өзінде үш компонент - өндіріске керекті жабдықтар, оны құрастыру тәсілдері мен оны ойдағыдай ұйымдастыру жолдары және оның ішіне мәліметтер базасы мен білім базалары, ЭЕМ-да жобалау жабдықтары және т.б. компьютерлік техникалар кіреді. Бірақ олардың бәрі де мәліметтер базасы мен информация қорлары бар, ЭЕМ арқылы жобалау жабдықтары және т.с.с. мүмкіндіктері бар компьютерлік техникаға негізделгеи болуы тиіс. Ал бұларды қарастыру үшін ЭЕМ жұмысын қалай басқаруға болатынын анықтайтын программаларды білуіміз керек. Кез келген жаңа жұмысқа ЭЕМ-ді пайдалану үшін оған жаңа қосымша қүрылғылар алғаннан гөрі соған керекті жаңа программалар aлу қажет болады. 
ЭЕМ жұмысында программалар оның іс-әрекетінің реттілігі мен ережелерін және оған қосылған құрылғылардың да қызмет ету ерекшеліктерін анықтауға жол ашады. Әрбір компьютердің программалар жиыны оны пайдаланудың бар мүмкіндіктерін анықтап береді. Егер программалары болмаса, машина ешқандай да жұмыс атқара алмайды. 
Кез келген ЭЕМ-мен жұмыс істеу  оның программаларын оқып үйренуден басталады. Ал әрбір үлкен, орташа, шағын немесе дербес ЭЕМ түрлерінде көптегеы программалық жабдықтар бар, сондықтан ЭЕМ-ді үйрену оның программаларымен танысудан басталады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ                  

                                          МИНИСТРЛІГІ

                       ҚАЙНАР ( СЕМЕЙ ) УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

 

 

 

 

 

               Модуль 1.


       Информация және                                    

            информатика.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                 Орындаған: Абдуллаева А.Е.

                                                                     Топ: ИС-21

                                                                     Тексерген: Қасқабаева И.Қ.

 

 

 

 

 

 

                                             Семей 2013 жыл.

Информация о работе Информация және информатика