Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Мая 2013 в 11:25, дипломная работа
Дипломдық жұмыстың мақсаты:«HTML - тілін оқыту» электрондық оқулығын Delphi ортасында құру, қолданушыға ыңғайлы түрде өңдеу және программалауда тиімді пайдалану жолдарын көрсету. Осы мақсатқа жету үшін алдыма келесі міндеттерді қойдым:
Delphi программалау тілін терең оқып үйрену;
Арнайы оқулықтармен танысу;
Delphi ортасында электронды оқулық жасау үшін қажетті компоненттерді, олардың қасиеттерін оқып үйрену;
Delphi-де «HTML тілін оқыту» электрондық оқулық құру
КІРІСПЕ 3
1 HTML тілінің негіздері 4
1.1 Мәтіндермен жұмыс 6
1.2 Сілтемелер 13
1.3 Бейне суреттермен жұмыс 25
1.4 Тізімдер, кестелер, стильдер, түстер, фрейімдер, тегтер 32
1.5 НTML тілінің қосымша мүмкіндіктері 34
2 «HTML- тілін оқыту» электрондық қабықшасын жасау 56
2.1 Delphi-да жоба құру жолдары 56
2.2 Объектілер инспекторы терезесі 57
2.3 Мәтіндермен жұмыс істеуде пайдаланылған компоненттер 57
2.4 Жұмыс сипаты 58
ҚОРЫТЫНДЫ 61
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 62
2 «HTML- ТІЛІН ОҚЫТУ» ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚАБЫҚШАСЫН ЖАСАУ
Жаңа бағдарламамен жұмыс бастау үшін Delphi-ді іске қосқаннан соң менюден File/ New/Application командасын таңдаймыз. Жұмыс басталысымен-ақ Delphi қолданбаның Windows – та қалыпты жұмысын қамтамасыз етуге қажетті бағдарлама кодын құрады, яғни қарапайым жоба жасалады. Delphi – ортасында құрылатын бағдарлама бірнеше файлдан тұрады. Ол файлдардың жиынтығы жоба деп аталады. Ең қарапайым жағдайда жоба мына файлдардан: жобаны сипаттау файлы (DOF-файл), бас модуль файлы (DPR-файл), ресурстар файлы (RES-файл), форманы сипаттау файлы (DFM-файл), форма модулі файлы (PAS-файл), конфигурация файлы (CFG-файл) тұрады. Осы файлдардан компилятор бағдарламаның орындалатын файлын (EXE-файл) құрастырады. Интерфейсті жобалау барысының кез келген кезеңінде қолданбаны орындауға жіберуге болады. Қолданбаны алғаш орындау алдында жобаны сақтап қойған жөн. Кезекті жобаны сақтау үшін менюдің File/Save All командасын немесе құралдар тақтасының сәйкес батырмасын басу керек. Алдымен форма модулі файлын (Unit1.Pas), сонан соң жоба (Project1.Dpr) файлын сақтау ұсынылады. Әр жобаны жеке бумаларға сақтаған дұрыс. Жобаны келесі сақтауларда құралдар тақтасының сәйкес батырмасын басса болғаны.
Сонымен, қолданбаның алғашқы жобасы жасалды. Әрине, бұл бағдарлама ешнәрсе орындамайды. Экранда бос форма. Жаңа қолданба жасау жұмысы осы форманы белгілі бір түрге келтіріп, оған компоненттер оналастырудан басталады
Delphi ортасында қолданба құру жобалары біріктірілген бірнеше элементтерден тұрады. Жоба құрамында келесідей элементтер шығады.
Delphi іске қосылғанда автоматты
түрде Project1 атты жаңа жоба құрылады.
Бұл жоба өзінің құрамында
бір ғана форманы Form1 иеленеді.
Талдаушы жобаның атын
Жоба файлы. Жоба файлы орталық жоба файлын құрайды. Жоба аты жоба файл атымен сәйкес келеді және бұл файлды дискіге сақтар алдында бұйрық береді. Бастапқыда бұл Project1 аты болады. Сондай –ақ файл ресурстарымен жоба параметрінің аттары болады. Берілген файлдың аттары ауысар алдында автоматты түрде іске асады.
Uses бөлімінде форма
құрамына кіретін, барлық
Қолданбада пайдаланылатын кез-келген компонент белгілі бір параметрлер (орнымен, өлшемімен, түсімен, оқиғалармен т.б) жиынымен сипатталынады. Компоненттердің кейбір параметрлерін, мысалы, орнын, өлшемін қолданушы форма терезесінде компонентпен әртүрлі әрекеттер жасау арқылы өзгертуіне болады. Ал басқа параметрлерді өзгертуге Объектілер инспекторы терезесі арналған, ол терезе Объектілер тармағы терезесінің астында экранның сол жағында орналасады. Объектілер инспекторы терезесі экранда болмаса оны менюдың View\Object Inspector командасының немесе <F11> пернесінің көмегімен ашуға болады. Объектілер инспекторы терезесі кезекті компоненттің қасиеттері мен оқиғаларын көрсететін сәйкес Properties (Қасиеттер) және Events (Оқиғалар) парақтарынан тұрады. Объектілер инспекторы терезесінің парақтары екі бағаналы кесте. Сол жақ бағанада қасиеттері немесе оқиғалары, ал оң жағы қасиеттердің нақты мәндері немесе сәйкес оқиғаларды өңдейтін ішкі бағдарламалардың (процедуралардың) атауларынан тұрады. Кесте жолдары жай (қарапайым) және күрделі қасиеттерді көрсетеді. Қарапайым қасиеттер жеке мәндермен санмен, символдар тізбегімен, ақиқат немесе жалған мәндерімен т.с.с беріледі. Мысалы, Caption қасиеті символдар жолымен, Height және Width қасиеттері санмен, Enabled қасиеті True немесе False мәндерімен беріледі т.с.с. Оларды пернетақтадан енгізуге немесе ашылатын тізімнен таңдап алуға болады. Күрделі қасиеттер бірнеше мәндер жиынтығымен анықталады. Ондай қасиеттер атауларының сол жағында «+» белгісі көрсетілген. Осы символға шерту таңдалған қасиет құрастырушыларының тізімін ашады. Кейбір қасиеттердің мәндерінің жанында үш нүктелі батырма бейнеленген. Ол қасиеттің мәнін орнату үшін қосымша диалогтық терезе пайдаланатынын көрсетеді. Мысалы, Font күрделі қасиетінің мәнін анықтау үшін Шрифт стандартты терезесін пайдалануға болады. Объектілер Инспекторы терезесінің жоғарғы жағында формада орналасқан компонентер тізімін көрсететін ашылатын тізім орналасқан. Форманың өзі де компонент болғандықтан, ол да осы тізімге кіреді.
Delphi ортасында мәтіндермен жұмыс жасау үшін стандартты диалогтік терезесі арналған. Бұл диалогтік терезе көптеген Windows қосымшаларында файлдарды ашу, сақтау, және баспаға жіберу үшін және т.б. операцияларды орындау үшін пайдаланады. Сондықтан да оларды стандартты деп атайды және бұл компоненттер визуалды емес болып табылады. Сонымен қатар Delphi ортасында т.б. визуалды емес компоненттер бар. Төмендегі 8- кестеде бағдарламаға қолданылған визуалды емес компоненттер тізімі келтірілген.
8-кесте.
Аты |
Белгісі |
Орындайтын операциясы |
OpenDialog |
Ашылатын файлды таңдау | |
SaveDialog |
Редактор мәтінін сақтау | |
FontDialog |
Шрифт параметрлерін түзеу | |
ColorDialog |
Түс таңдау | |
PrintDialog |
Баспаға беру | |
FintDialog |
Іздеу үшін мәтін жолын енгізу | |
ReplaceDialog |
Алмастыру үшін мәтін жолын енгізу | |
ActionList |
Операциялар базасы | |
RzTrayIcon |
*.ico кеңейтілімдегі суреттер базасы | |
Timer |
Уақытты шығаруға арналған объекті | |
RzBalloonHints |
Қалқыма меню пішімін өңдеу | |
ApplicationEvents |
Анықтамаларды қалып күйге шығару | |
LMDSysInfo |
Компьютер жүйесінің ақпараттар базасының жинағы | |
MainMenu |
Күрделі сатылы менюларды құрып, олардың қызметін іске асырады. | |
PopupMenu |
Контекстік немесе жанама меню шығару | |
ListBox |
Бірнеше объектілі суреттерді жинақтау |
Бұл компоненттерді пайдалану үшін сәйкес компонентті формаға орналастыру керек және оның қасиеттеріне қажетті мәндерін орнату керек.
Сонымен қатар Delphi ортасында визуалды емес компоненттермен бірге визуалды компоненттер болады. Олардың айырмашылығы орындау барысында көрініп тұрады. Бұл компоненттерді де форма бетіне орналастырғаннан кейін қасиеттеріне керекті мәндерін көрсетіп, код жолын жазу арқылы іске қосамыз. Бағдарламада қолданылған визуалды компонеттердің сипаттамасы төменде келтірілген [3].
Кез келген программаны құрмас бұрын оның зерттейтін аймағымен танысу керек. Яғни программаны орындамас бұрын буманы ашамыз.
Манипулятор тышқанның көмегімен ашамыз.
Программаны мына файылды екі рет шерту арқылы іске қосамыз.
Сол кезде заставка шығады. Ол 18- суретте көрсетілген.
18-сурет.
«Басы» тетігін басу арқылы,
негізгі формаға көшеміз. Яғни
HTML тілінен электрондық
19-сурет.
Мысалы: «Мәтінді түзету» сөзін манипулятор тышқанның көмегімен белгілеп бассақ, төмендегі көрініс шығады. Ол 20- суретте көрсетілген.
20-сурет.
Лабораториялық жұмыстар тапсырмаларымен жоғарыда аталғандай қолданамыз.
Қолданушы тақырыптарды қаншалықты меңгергенін, тест арқылы анықтау мүмкіндігі бар.
менюін шерсек болғаны. «
21-Сурет.
Қолданушы өзіне керекті тақырыпты таңдай отырып тест тапсырады.Ол 22- суретте көрсетілген.
22-сурет.
Тапсырып болғанда хабар шығады. «ОК» батырмасын шертсек бағамыз шығады.
«Глоссарий» менюі арқылы түсінбеген сөз тұралы мағлумат алуға болады. Ол 23- суретте көрсетілген).
23-Сурет.
«Жабу» тетігін шерткеде, «Сіз шынымен жұмысты аяқтайсыз ба ?» деген сұраққа қалауыңызша жауап беріп аяқтауыңызға немесе қайталауыңызға мүмкіндігіңіз бар.