Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Сентября 2014 в 23:54, реферат
1. Механикалық есептеу принциптерін қолданатын құрылғылары мен аспаптарын
жасау. 1623 жыл – 6 разрядты сандар мен арифметикалық амалдар орындауға арналған
Шикардтың алғашқы машинасы. Ол көбейтетін, қосатын, сандарды жадтың тәуелсіз
құрылғылардан тұратын.
Қазіргі компьютерлер архитектурасының анықталу принциптері
1. Программалық басқару принципі компьютердегі есептеу процестерін
автоматтандыру істерін атқаруға негізделген. Бұған байланысты кез келген есепті шығару үшін соған сәйкес орындалатын компьютер командаларының тізбегін анықтайтын программа құрылады. Программалық басқару ісінің тиімділігі бастапқы мәліметтерді өзгерте отырып бір программаны бірнеше рет қайталап пайдаланған сайын арта түседі.
2. Прогамманы жедел жадта сақтау принципі бойынша программа командалары сандар секілді сақталып, сандар сияқты өңделеді. Программаның орындалуын жеделдету үшін ол алдын ала компьютер жедел жадына толық жүктелуі тиіс.
3. Жедел жадындағы мәліметтерді кез келген тәттіппен алу (произвольный
доступ к памяти) принципі бойынша программалар мән мәліметтер жедел
жадының кез келген жеріне жазыла береді, кейіннен оны берілген адресімен басқа мәліметтерді қарамастан тауып алуға болады.
Осы принциптер негізінде компьютер – оның жадына сандық кодтар түрінде жазылған алғашқы мәліметтер мен программаны енгізгеннен кейін есептеу процесін толық автоматты түрде өзі жүргізіп, нәтежиесін адамға түсінікті түрде бере алатын техникалық құрылғы болып табылады.
Компьютерлерді жіктеу тәсілдері. Қазірде компьютерлер түрлері сан алуан,
оларды жұмысына қарай, қуаттылығына байланысты, элементтік базасының түрлеріне сәйкес топтарға жіктеу қалыптасқан. Кез келген жіктеу тәсілі шартты түрде ғана жасалады. өйткені бүгінгі ДК кешегі үлкен ЭЕМ-дерден қуаттырақ болып келеді. Оның үстіне компьютерді бір нақты топқа жатқызу да қиын, себебі көптеген компьютерлер өз тапсырушының талабы бойынша жеке нұсқада жасалады. Әйтсе де техникада компьютерлерді жіктеудің қалыптасқан бірнеше тәсілдерін қарастырып
өтейік.
Атқаратын қызметіне қарай жіктеу Үлкен электрондық есептеу машиналары (ЭЕМ);
миниЭЕМ;
микроЭЕМ;
дербес компьютерлер.
Үлкен ЭЕМ-дер (Main Frame) халық шаруашылығының ірілендірілген
аймақтарында қолданылады. Олар 64-разрядты параллель жұмыс істейтін
процессорлармен (100 процессорға дейін) жабдықталады, процессорлардың
біріктірілген жылдамдығы секундына ондаған миллиард операцияларға дейін болады,бұларда көптеген тұтынушылар қатар жұмыс істей береді, Үлкен компьютерлер шығаруда IBM (АҚШ) фирмасы алда келеді, олар шығарған супер ЭЕМ-дердің танымал болған модельдеріне мыналар жатады: IBM 360, IBM 370, IBM ES/9000, Cray 3, Cray 4, VAX-100, Hitachi, Fujitsu VP2000. МиниЭЕМ-дер жоғарыда айтылған үлкен ЭЕМ-дерге ұқсайды, бірақ шағындау болады. Ірі ұйымдарда, ғылыми мекемелерде қолданылады. Көбінесе өндірістік процестерді басқару мақсатында пайдаланады.Микро ЭЕМ-дер Кӛптеген мекемелерде болады, бұлардың жұмыс істеуі үшін құрамында программалаушы мамандары бар шағын лабораториялар жеткілікті. Керекті жүйелік программаларды микроЭЕМ-мен бірге сатып алу қажет, ал қолданбалы прогаммаларды дайындауда есептеу орталықтарымен байланыс орнатылып, соларға тапсырма беріледі.
Дербес компьютерлер соңғы кезде кең таралып кетті. Бұлар бір жұмыс орнында ғана пайдаланылады. Интернет жүйесінің қолданылуына байланысты ДК-лер көптеп шығарылып жатыр. Бұлар ғылымда, білім алуда, ойындарда жиі қолданылып келеді. дербес компьтерлерді шартты түрде мамандандырылған және тұрмыстық деп екіге бөлуге болады, бірақ олардың бағасының түсуіне байланысты бұл екі топ араласып кетті. 1999 жылдан бастап дербес компьтерлерге халықаралық сертификациялық стандарт – РС99 спецификациясы енгізілді, осы стандарт бойынша дербес компьтерлер мынадай топтарға жіктеледі:
көпшілікке арналған дербес компьтерлер \Consumer PC\ жұмыс бабында қолданылатын дербес компьютерлер \Office PC\ алып жүруге ыңғайлы \портативті\ дербес компьютер \Mobile PC\ жұмыс станциясы \WorkStation\көңіл көтеруге арналған \развлекательный\ дербес компьютерлер \Entertaiment PC\.
Мамандандырылу деңгейіне қарай жіктеп әмбебап (универсальные) компьютерлер;
арнайы (специализированные) компьютерлер.
Әмбебап компьютерлер негізінде кез келген бағытта – графикамен, мәтінмен,музыкамен, бейнелік құжаттармен, т.б. жұмыс істей алатын конфигурация жасауға болады. Ал белгілі бір жұмыс түрін орындауға бейімделген арнайы дербес компьтерлер нақты бір жұмысты жақсы атқара алады, мысалы, ұшақтағы немесе автомобильдегі басқару (борттық) компьютерлері.Графикалық мәліметтермен (кино, бейнефильмдер, жарнама) жұмыс істейтін миниЭЕМ–дер графикалық станциялар деп аталады. Компьютерлерді бір желіге біріктіретін арнаулы компьютерлер файлдық серверлер деп аталса, интернет желісі бойынша информация тасымалдау ісін атқаратын компьютерлер желі серверлері деп аталады.
Көлемдеріне қарай жіктеу үстелге қойылатын (desktop) компьютерлер;
алып жүруге ыңғайлы портативті (notebook) компьютерлер;
қалтаға салынатын (palmtop) компьютерлер.
Ең көп таралған топқа үстелге қойылатын компьютерлер жатады, олардың
конфигуациясын (құрамы мен құрлымын) жеңіл өзгертуге болады. Портативті компьютерлердің байланысу мүмкіндіктері жоғары, олар жолда жүргенде пайдалануға ыңғайлы, ал қалтаға салынатын модельдерді ―интеллектуальды‖ (зерделі) қойын кітапшалары тәрізді керекті жазбаларды сақтап қоюға, тауып алуға мүмкіндік береді.