Дербес компьютердің құрылғылары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2013 в 08:04, лекция

Краткое описание

Жеке қолданылатын дербес жұмыс істейтін есептеуіш құралдары 1975 жылдардан бері қарай шығарыла бастады. Оларға IBM PC тәріздес дербес ЭЕМ-дер жатады. Бұлар бүкіл әлемге әйгілі АҚШ-тың International Business Machines фирмасы жасаған дербес ЭЕМ-дер (Personal Computer) негізінде жұмыс істейтін шағын, кең тараған компьютерлер (computer-есептеуіш).

Содержание

1. Дербес компьютердің жіктелуі
2. Дербес компьютерді іске қосу және өшіру

Прикрепленные файлы: 1 файл

2 Компьютердің негізгі құрылғылары және оларға сипаттама.docx

— 24.89 Кб (Скачать документ)

Дербес компьютердің құрылғылары

 

1. Дербес компьютердің  жіктелуі

2. Дербес компьютерді  іске қосу және өшіру

Жеке қолданылатын дербес жұмыс істейтін есептеуіш құралдары 1975 жылдардан бері қарай шығарыла бастады. Оларға IBM PC тәріздес дербес ЭЕМ-дер жатады. Бұлар бүкіл әлемге әйгілі АҚШ-тың International Business Machines фирмасы жасаған дербес ЭЕМ-дер  (Personal Computer) негізінде жұмыс істейтін шағын, кең тараған компьютерлер (computer-есептеуіш). Дербес компьютерлер тұрмыстық, оқып үйренуге арналған және мамандандырылған деп аталатын үш түрге бөлінеді:

1.Тұрмыстық компьютерлер- үй шаруашылығында  әртүрлі компьютерлік ойындар  ойнау үшін және жеке кәсіби  жұмыстар атқару үшін қолданылады.

2.Оқып үйренуге арналған  дербес компьютерлер- мектептерде,  жоғары оқу орындарында әртүрлі  пәндерді (физика, математика, тарих)  оқу ісінде кеңінен қолданылады.

З.Мамандандырылған дербес компьютерлер- белгілі бір жұмыс  саласында пайдалануға арналған. Мамандықка қажетті күрделі программалармен  қамтамасыз етілген. Үйренуге жеңіл, әрі  жылдам меңгеріп алуға болады. Бұл  ДЭЕМ-дер ғылыми қызметкерлерге, инженерлерге, экономистерге және т.с.с. басқа мамандарға арналған.

Олардың негізгі техникалық көрсеткіштері: разрядтылығы 16 немесе 32 бит. Есептеу жылдамдығы шамамен  алғанда секундына 1 млн. қарапайым  арифметикалық амалдар орындайды. Жедел жадының көлемі 640-8000 Кбайт, қатты магниттік дискідегі мәлімет  жинақтауыш көлемі 20-З00 Мбайт, иілгіш магниттік  дискідегі мәлімет жинақтауыш көлемі 360-1440 Кбайт.

 

ДЭЕМ кұрамына кіретін  кұрылғылар екіге бөлінеді. Олар: жүйелік  блок және сыртқы құрылғылар.

ДЭЕМ-нің құрамы:

•жүйелік блок - берілгендерді  өңдеуге арналған кұрылғы;

•монитор немесе дисплей-текстік және графикалық информацияны кескіндеуге арналған кұрылғы;

•пернелі тақта (клавиатура)-берілгендерді, информацияларды компьютерге енгізуге арналған кұрылғы;

•баспа құрылғысы (принтер) -текстік және графикалық информацияларды  қағаз бетіне басып шығаруға арналған құрылғы;

•тышқан- графикалық курсорды басқаратын кұрылғы;

    • сканер - текстік немесе графикалық информацияны оқуға арналған құрылғы:

•модем-телефон желісі арқылы басқа компьютерлермен информация алмасуға арналған кұрылғы;

•стример-мәліметтерді (информацияны) магниттік таспаға сақтауға арналған құрылғы;

•CD-ROM - компакт-дискілерді оқуға арналған кұрылғы.

Жүйелік блок

 

Жүйелік блок –прооцессор, жад, адаптер (бақылаушы), жүйелік шина, таймер, қоректену  блогы мен енгізу/шығару порттары орналасқан компьютердің негізгі блогы. Жүйелік блоктың ішіне орналасқан құрылғылар ішкі құрылғылар деп, ал басқалары (пернетақта, монитор, принтер т.б.) сыртқы құрылғылар деп аталады. Жүйелік блок мыналардан тұрады:

    1. Микропроцессор-компьютерді басқаруды және барлық есептеу процестерін орындайтын кұрылғы.
    2. Жедел (оперативный) жад- компьютердің жұмысы кезінде пайдаланылатын программалар мен берілгендерді уақытша (компьютер сөндірілгенге дейін) сақтайды.
    3. Тұрақты есте сақтау құрылғысы (постоянное запоминающее устройство) — ол компьютерге зауыттан шыққан кезде жазылып келеді және оны өзгертуге болмайды. Компьютер жаңадан іске қосылған кезде бірінші болып осы тұрақты жадты оқып компьютерді тесттен өткізеді және жұмысты одан әрі қарай жалғастыру үшін басқа программаларға жол береді (операциялық жүйеге). Информацияны ендіру-шығару командалары осы ТЕСҚ арқылы орындалады.
    4. Қатты жад (винчестер) — информацияны тұрақты түрде сақтайды, ол орнынан алынбайды, ауа кірмейтіндей жабық қорапшаға салынып, жүйелік блокта орналасады. Ол екі жағынан да мәлімет жазылатын бір дестеге біріктірілген бірнеше программалар: операциялық жүйе, көп қолданылатын программалар пакеті және т.б. жазылған.
    5. Иілгіш жад (дискет)- бір компьютерден екінші компьютерге мәліметтерді тасымалдау, информацияны сақтау үшін кажет. Көп жағдайда иілгіш жадтардың екі түрін пайдаланамыз, олар көлемі мен сыйымдылығына қарай бөлінеді:

1.Көлемі 5,25 дьюйм, яғни  133 мм - оның сыйымдылығы 1,2 Мб;

2.Көлемі 3,5 дьюйм, яғни  89 мм - оның сыйымдылығы 1,44 Мб.

Процессордың өте жылдам істейтін тағы бір шағын көлемді  жады бар, оны кэш-жад (Сасһ) деп атайды. Ол жедел жад пен процессор  арасында дәнекерлік қызмет атқарады.


Бейнемонитор

 

Бейнемонитор екі құрылғыдан тұрады: монитор және бейнеадаптер. Монитор-кәдімгі телевизор экраны сияқты электрондық құрылғы. Ол компьютердің жедел жадында өнделіп жатқан информацияны экранда көруге мүмкіндік береді. Бейнеадаптер- монитор экранына шығарылатын бейнелардың кодтарын сақтайтын өз жады бар (бейнежады) бар құрылғы. Ол бейне құраушы символдарды, график және түрлі түсті түстерді түзетін сигналдарды монитор экранына жіберетін интрегралдық микросхема. Бейнеадаптердің бейнелердің тудыру мүмкіндігіне қарай монитор жұмысының режимі мәтіндік және графикалық болып екіге бөлінеді. Монитор үлгілерін бір-бірінен ажырату ең алдымен оның экранының көлденеңі мен биіктігіне сыятын символдар мен нүктелер санына байланысты. Мәтіндік режимде кәсіби компьютер экранына 80х25 символ сыяды(экран жолына 80 символдан 25 жол). Графикалық режимде, монитор үлгісіне қарай экран бетіне 320х200 не одан да көп пиксельдерді орналастыру мүмкін.

Экранда бейненің көріну сапасы және нүктелердің экранда бір  түсті не түрлі түсті боялып көрсетілуі бенйадаптердің үлгісіне байланысты. Бейнеадаптердің үлгілері CGA, EGA, VGA және SVGA болып келеді.

 

Бейнеадаптер үлгілері

Экран сыйымдылығы

Мәтіндік режим

Графикалық режим

CGA

80х25, 16 түс

320х200, 4 түс

EGA

80х25, 16 түс

640х350,16 түс

VGA

80х25, 16 түс

720х350,16..256 түс

SVGA

80х25, 16…256 түс

800х600, 16.. 256 түс


 

  Соңғы кездері көбірек пайдаланатын бейнеадаптер- SVGA. SVGA-ның басқа адаптерлерге қарағанда бағасы қымбат, онда пайдаланатын түстердің саны көп және мониторда символдар мен нүктелер экранда анығырақ көрінеді. Соңғы кездерде шығарылған Pentium типті дербес компьютерлерде осы бейнеадаптерлер орналастырылған.

 

Пернетақта 

Пернетақта компьютерге  берілгендер мен командаларды енгізу құрылғысы. IBM PC компьютерлерінің 101 пернелі пернетақтасы бар. Пернетақта төмендегі пернелерден тұрады:

•функционалды пернелер (F1-F12 - әрқайсысы түрлі режимде әр түрлі  қызмет атқарады);

•алфавиттік-цифрлық пернелер (әріптер, символдар, цифрлар);

•басқару пернелері;

 

Басқару пернелері:


ENTER — бір жолда пернетақтадан терілген деректер соңын белгілеп не жадқа енгізіп, курсорды келесі жолдың басына өткізу, әрі ендіру командасын орындайды (enter-енгізу);

SHIFT – регистрді ауыстыру, жоғарғы регистрге өту (shift-ауыстыру, жылжыту);

BACKSPACE - курсордың сол жағындағы символды өшіріп, курсорды сол кері қайтару (backspace- кері аралыққа);

DELETE - курсор тұрған орындағы символды өшіру (delete-жою, алып тастау);

INSERT - курсорды символдар арасына ығыстырып кірістіру (insert-кірістіру);

TAB – курсорды тұрған орнынан 8 орындық позицияға оңға жылжыту (tabulator-есептеуіш);

ESC - берілген команданы өзгертіп, алғашқы режимге өту (escape-құтылу, шығу);

CAPSLOCK - бас әріптерді енгізу;

CTRL, ALT - өз бетінше ешкаңдай қызмет атқармайды, көмекші пернелер. Басқа пернелермен қосылып түрлі режимде әр түрлі қызмет атқарады;

HOME - курсорды жол басына бірден алып бару;

END - курсорды жол соңына бірден алып бару;

PAGE UP - экран бетін жоғары қарай аудару;

PAGE DOWN - экран бетін төмен қарай аудару;


[       ], [        ], [   ], [    ]  -курсорды  басқару клавишалары;


 

Қосымша пернелер — пернелі  тақтаның оң жақ бөлігінде орналасқан. Оны іске қосу үшін NUM LOCK пернесін бассақ қосу немесе өшіру режимі қосылады. Егер де индикатор жанып тұрса  онда ол онда 1-ден 9-ға дейінгі, 0 және нүкте  пернелері іске қосылады және олар цифрларды ендіруге өте ынғайлы. Егер де индикатор өшіп тұрған болса  онда курсорды басқару(бағыттауыш) және [Home], [End], [PgUp], [PgDn]   пернелері іске қосылады.

 

Баспа құрылғысы (принтер)

Баспа құрылғысы информацияны қағазға басып шығару құрылғысы. Оның өз жады және матрицалық, лазерлік, сия бүріккіш т.б. типтрі бар. Олардың  ішіндегі арзаны – символдарды қағазға  нүктелер жиынтығы арқылы басып шығаратын  матрицалық принтер. 

 Матрицалық принтер -жұмыс істеу  принципі: Баспа кұрылғысының басатын  бастиегінде (головка) қатар вертикаль  түрде орналасқан металл инелерден (стержень) тұрады, олардың инелеріне  қарай сапасы да әр түрлі болады. 9 инелік баспаның сапасы орташа, ал 24, 48 инелік баспаның сапасы әлдеқайда  жоғары болады.


Сия бүріккіш принтер- символдарды  арнайы сия тамшыларын бүрку арқылы шығарады. Бұл матрицалық баспалардан  сапасы жоғары болады, бірақ жылдамдығы жағынан шамамен бірдей болады.

Лазерлік принтер- бұл  баспа кұрылғысы ксерографияның принципімен жұмыс істейді, көрініс  қағаз бетіне бояу бөлшектері электрлік  тартылыспен тартылған арнайы барабанынан  түсіріледі. Ксерогрфафия мен лазерлік баспаның айырмашылығы, лазерлік баспа  барабаны компьютерден берілетін командамен лазер арқылы электрленеді. Бұл баспа  кұрылғысы алдыңғы екі баспа  түріне қарағанда сапасы мен жылдамдығы жоғары болады.

Плоттер - график сызғыш, графиктік информацияны қағазға басып шығарады.

Тышқан - ЭЕМ-ді басқару үшін қолданылады. Ол екі немесе үш түймесі бар кішкентай пластмасса қорапша. Түймелерді басу арқылы белгілі бір іс-әрекетті орындауға болады.

Сканер - сурет, сызба, кітап, текстті компьютер жадына енгізуге мүмкіндік беретін кұрылғы.

Модем - компьютерлерді бір-бірімен телефон желісі арқылы байланыстырады. Компьютер желісіне (Internet, Relcom, FidoNet, т.б.) немесе электрондық почтаға байланысты ең керекті құрылғы осы модем болып табылады.

Мультимедиа -   информацияны бейнелеудің ең керекті түрі. Ол экранға мәліметтерді түрлі түсті мәтіндік, графикалық, дыбыстық мүмкіндіктерді біріктіре отырып,  ЭЕМ-нің барлық жылжыту, сөйлету, музыка беру жақтарын толық пайдаланады. Мұндай мүмкіндікті компьютердің қосымша дыбыстық құрылғысы мен CD-ROM дискісі бар және онда бейнелік фильмдерді, фонограммаларды көрсету жақтары толық қамтылған.

Дербес компьютерді іске қосу және өшіру

Компьютерді іске қосу үшін мынадай әрекеттерді орындау  қажет:

    1. ДЭЕМ-ге жалғанып тұрған шеттік құрылғыларды токқа қосу керек (принтер, сканер және т.б.);
    2. Жүйелік блокты іске қосу;
    3. Мониторды іске қосу;

Бұл іс әрекеттерден кейін  экранға компьютерді алғашқы  жүктеу және құрылғыларды тексеру жүріп  жатқаны жайлы мәліметтер шығады. Операциялық жүйе жүктелген соң, компьютер жұмыс істеуге дайын  күйге енеді.

Жұмыс істеп болған соң  компьютерді өшіру үшін:

Орындалып жатқан программалар жұмысын доғару керек;

ДЭЕМ-ге жалғанып тұрған шеттік құрылғыларды токтан ағыту керек;

Мониторды өшіру;

Жүйелік блокты өшіру керек.



Информация о работе Дербес компьютердің құрылғылары