Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Сентября 2013 в 19:15, реферат
Дербес компьютердің «дербес» деп аталуының себебі - компьютер тек қана бір адамның жұмыс істеуіне арналған. Яғни бір мезгілде компьтерді бір ғана адам басқарады деген сөз. Бұл компьютерлердің үлкен ЭЕМ-дерге қарағанда сипаты мен мүмкіндіктері басқаша болғанымен, осыған ұқсас операцияларды орындай алады. Дербес компьютерлердің үстел үстіне қоятын, портативті және қалтаға салып жүретін түрлері кездеседі. Алдағы уақытта біз үстел үстіне қойылатын(desktop) компьютердерді қарастыратын боламыз. Өйткені дербес компьютердің осы түрі басқаларына қарағанда кең таралған.
Модем немесе модемдік плата бір-бірінен алшақ орналасқан компьютерлерді телефон желісі арқылы өзара байланыстыру үшін қолданылады. Модем (екі сөздің қосындысынан шыққан модулятор/демодулятор) – телефон желісі арқылы сырттан келіп түскен аналогті сигналды сандық кодқа өзгерту үшін немесе осыған кері әрекетті орындау үшін қолданылатын құрылғы. Модемнің ақпаратты өткізу жылдамдығы Кбит/секундпен (қабылдау - 56 Кбит/c, жөнелту - 33 Кбит/c) өлшенеді.
|
Iшкі және сыртқы модемдер |
Модемнің ішкі
(жүйелік блоктың ішінде орналасады)
және сырқы (жүйелік блоктан
Модемдердің сонымен қатар дауыстық модем, факс-модем және ADSL-модем деген түрлері бар. Дауыстық модемдер дауыстық хабарламаларды (голосовые сообщения) жіберуге мүмкіндік береді және автожауапберуші қызметін атқара алады. Факс-модемдер факс-машинаға немесе өзі секілді факс-модемдерге факстарды жөнелтіп, қабылдай алады. Соңғы кездері ADSL-модемдер қолданысқа еніп келеді. Еліміздегі танымал Megaline қызметін пайдалану үшін осындай модемдердің болуы қажет. ADSL-модемдерді пайдаланып интернетке шығу үшін телефон желісінің өзі болса жеткілікті («сегіздіктің» қажеті жоқ). Бұл модемдер компьютерді интернетпен үздіксіз байланыстырып тұрады және бұрынғы модемдер секілді арасында «қосылып» тұрудың қажеті жоқ. ADSL-модемдердің ақпаратты өткізу жылдамдығы өте жоғары (қабылдау 8 Мбит/с, жөнелту 1 Мбит/с-ке дейін).
Жүйелік блоктың ішінде орналасатын барлық құрылғыларды ішкі құрылғылар деп атайды. Ішкі құрылғыларға аналық плата, процессор, оперативті жад, қатқыл диск, видеоадаптер, дыбыстық адаптер, желілік карта, компакт дискілерді оқитын CD-ROM немесе DVD-ROM құрылғысы, 3,5-дюймдік дискетаны оқитын дискжетек (floppy) және процессорды сыртқы құрылғылармен байланыстыратын әр түрлі коммуникациялық порттар жатады.
Аналық плата – дербес компьютердің ең маңызды құрылғыларының бірі. Аналық платада процессор мен оперативті жадты байланыстыратын ақпараттық кеңарна – басқаша айтқанда «шина» орналасады. Шина сонымен қатар компьютердің басқа да ішкі құрылғыларын бір-бірімен байланыстырып тұрады. Аналық платаның жұмысын микропроцессордың микросхемалар жиынтығы – чипсет басқарып отырады.
Чипсет – процессорды
оперативті жадпен және басқа да ішкі
құрылғыларменбайланыстыра
Бұрынғы компьютерлердің аналық тақшасында 200-ге жуық микросхемалар орналасатын. Қазіргі компьютерлерде екі негізгі чипсет микросхемасы орналасады:
|
Чипсет |
· жад контроллері немесе Солтүстік көпір (North Bridge), процессордың жадпен және бейненің қосалқы жүйесімен жұмысын қамтамасыз етеді
· енгізу-шығару контроллері немесе Оңтүстік көпір (South Bridge), сыртқы құрылғылармен жұмысты қамтамасыз етеді.
Солтүстік және оңтүстік көпірлер екеуі екі микросхемада орналасады. Аналық тақшаның техникалық мүмкіндігі осы екі көпірге байланысты болады. Екі көпірдің техникалық сипаттамаларына қарап аналық тақшаға қандай құрылғыларды қосып-қоспауға болатындығын шешуге болады.
|
Микропроцессор |
Процессор, дәлірек айтсақ микропроцессор – дербес
компьютердің басты микросхемасы. Компьютердегі
барлық программалардың командаларын
осы микропроцессор орындайды. Микропроцессорды
компьютердің «миы» десе де болады. Микропроцессор
аналық платаның орта тұсында орналасады.
Жұмыс кезінде қатты қызатындықтан оны
салқындату үшін бетіне кішкене желдеткіш
орналастырылады. Қазіргі кездегі процессорларда
кремнийдің өте кішкене кристалында ойып
жасалған миллиондаған транзисторлар
бар. Оның өлшемі қолдың үлкен саусағының
тырнағындай-ақ.
Сипаттамасы |
Pentium II |
Pentium III |
Pentium 4 |
Транзисторлардың саны |
7.5 млн. |
9.5 млн. |
42 млн. |
Тактілік жиілігі |
0.45 ГГц |
1 ГГц |
1.4 ГГц және одан жоғары |
|
Оперативті жад |
Компьютер жұмыс істеп
тұрған кезде процессор оперативті
жадпен бірігіп үздіксіз жұмыс істейді.
Оперативті жадтың микросхемасынан
процессор өзіне қажетті ақпаратты алады
және өз жұмысының нәтижесін қайтадан
жадқа жібереді.
Оперативті
жад (ОЖҚ) – процессор жұмыс істеп тұрған кезде
пайдаланылатын барлық бағдарламалар
мен деректерді cақтауға арналған негізгі
жад. Оперативті жадты осы бағдарламалар
мен деректерді сақтау үшін қолданылатын
ұяшықтардың жиынтығы десе де болады.
Компьютер жұмыс жасап тұрған кезде процессор
өзіне қажетті деректерді осы ұяшықтардан
алып отырады. Оперативті жадта деректерді
сақтау үшін оны үздіксіз электрмен қоректендіріп
отыру керек. Компьютерді ажыратқанда
– оперативті жадтағының бәрі өшеді, ал
компьютерді қосқанда – барлық бағдарламалар
мен деректерді процессордың өңдеуі үшін
оперативті жадқа қайта жүктейді.
Қазіргі операциялық
жүйелер бірнеше
Қатқыл диск |
Компьютердегі бағдарламалар мен деректерді ұзақ уақытқа сақтау үшін қатқыл диск немесе винчестер қолданылады. Компьютерді өшіргенде қатқыл дискідегі ақпарат ешқайда жоғалмайды. Қатқыл диск бір емес, сырты магнитпен қоршалған айналмалы бірнеше дискілерден тұрады. Қатқыл дискінің басты параметрі ретінде оның ақпарат сыйымдылығын айтуға болады. Қатқыл дискідегі ақпарат гигабайтпен (1 гигабайт = 1024 мегабайт) өлшенеді. Қазіргі қатқыл дисклерде 80-160 гигабайтқа дейін ақпарат сыйғызуға болады.
Қатқыл дискіге «винчестер» деген атау әуелі қалжың ретінде берілген болатын, өйткені бұл құрылғының кейбір техникалық сипаттамалары шынында да осы бір американдықтардың сүйікті мылтығына ұқсас келетін. Кейін бұл атау үйреншікті болып кеткендіктен, винчестер деп тек қана мылтықты емес қатқыл дискіні де атайтын болды.
|
Видеоадаптер |
Қатқыл дискінің «қатқыл» деген атауына қарамастан, бұл құрылғы аса күтімді қажет етеді. Қатқыл дискіні қатты соққылардан, вибрациядан, магниттік өрістерден және суық пен ыстықтан қорғау қажет. Қатқыл дискіні басқа жерге тасымалдағанда аса ұқыпты, абай болу қажет.
Видеоадаптер (графикалық карта, видеокарта) – процессордан немесе оперативті жадтан мониторға келіп түсетін ақпаратты өңдеу үшін қолданылатын ішкі құрылғы. Аналық тақша қосқыштарының біріне орнатылады.
Алғашқы дербес компьютерлерде видеоадаптерлер болған жоқ. Оның орнына оперативті жадта видеодеректерді сақтау үшін кішкене ғана аймақ бөлінетін. Қазіргі видеоадаптерлердің өз есептегіш процессорлары (видеопроцессор) болады. Аналық тақшаның кейбір модельдерінде видеоадаптердің қызметін чипсеттің арнайы микросхемалары атқарады. Бұндай видеоадаптерлерді аналық тақшамен біріктірілген дейді. Ал егер видеодаптер бөлек құрылғы ретінде орналасса, оны видеокарта дейді.
Видеокартаның қосқышы
жүйелік блоктың артқы
Дыбыстық адаптер (дыбыстық карта, музыкалық тақша деп те аталады.) Дыбыстық адаптер компьютерде дыбыспен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Алғашқы пайда болған IBM PC дербес компьютерлері дыбыстық құралдармен жабдықталған жоқ. Дербес компьютерлер алғаш пайда болғаннан кейін он жылға жуық офистік техника ретінде қолданылып, дыбыстық құрылғылардың онша керегі де болған жоқ. Ол кезде компьютерде дыбыс шығаратын жалғыз құрылғы - компьютерде ақау туралы хабар беретін динамик болатын. Қазіргі кезде дыбыстық құралдар стандартты болып есептеледі. Ол үшін аналық тақшада дыбыстық адаптер орнатылады. Дыбыстық адаптердің аналық тақшаға жеке құрылғы ретінде қосылатын түрлері болады, оларды дыбыстық карта деп атайды.
|
Желілік карта |
Дыбыстық картаның қосқыштары жүйелік блоктың артқы жағында орналасады. Дыбысты есту үшін осы қосқыштарға дыбыс колонкаларын немесе құлаққаптарды жалғау керек. Осы қосқыштардың біріне дыбысты жазу үшін қолданылатын микрофонды жалғауға да болады.
Желілік карта (немесе жергілікті желіні байланыстыру картасы, желілік адаптер) - бір ғимаратта немесе бөлмеде орналасқан компьютерлерді өзара байланыстыру үшін қолданылады.
Желілік картаның негізгі параметрі – оның ақпаратты жеткізу жылдамдығы – мегабайт/секундпен өлшенеді. Желілік картаның орташа жылдамдығы 10 мегабайттан 100 мегабайтқа дейін жетеді.
|
Дискета мен дискжетек |
Бір компьютерден екіншісіне ақпарат тасымалдау үшін дискеталар мен оптикалық дисклер (CD-ROM, DVD-ROM, BD-ROM) қолданылады.
Иілгіш диск (дискета). Иілгіш магниттік дискіге (дискета) 1,44 Мбайт көлемінде ақпарат сыйғызуға болады. Кейбір ақпарат түрлерін сақтап, тасымалдау үшін бұның жеткіліксіз екені айтпаса да түсінікті. Дегенмен бұл ақпарат тасымалдаушылар 1970,1980-жылдары және 1990-жылдардың басына дейін қолданылып келді. (Қазір оларды flash-тасымалдаушылар ауыстырды)
Иілгіш магниттік дискідегі ақпаратты арнайы дискжетек оқып жазады. Дискжетек дегеніміз – ақпаратты дискетаға жазуға мүмкіндік беретін құрылғы.
Дискетаның ақпарат тасымалдау сенімділігі төмен. Егер дискетаға механикалық зақым тисе, электромагниттік өріс әсер етсе немесе т.б. факторлар әсер етсе дискетадағы мәліметтің жоғалып кетуі әбден мүмкін. Қарапайым мәтіндік құжаттарды, шағын программаларды сақтау үшін қазірдің өзінде дискеталар жиі қолданылады. Өйткені дискетаның бағасы flash-тасымалдаушыдан ондаған есе арзан
Үлкен көлемде ақпарат тасымалдау үшін CD-ROM компакт-дискілерін қолданған тиімді. CD-ROM («Compact Disk Read Only Memory» - жады оқылатын компакт диск) ақпаратты сақтау үшін кең көлемде қолданылатын ақпарат тасымалдаушылардың бірі. Компакт дискінің ақпарат сыйымдылығы 650-700 МБайт шамасында.
|
CD-ROM дискжетегі |
Компакт-дискілерде барлық мәлімет иілгіш дискілердегідей магнитті емес, оптикалық принциппен сақталады. Дискідегі барлық мәлімет лазерлік сәуленің көмегімен оқылады.
Компакт-дискідегі мәліметтерді оқу үшін CD-ROM дискжетегі қолданылады. CD-ROM дискжетегінің негізгі параметрі – оқу жылдамдығы. Оқу жылдамдығының өлшем бірлігі ретінде 80-жылдары музыкалық компакт дискілердің (аудиодискілер) оқу жылдамдығы ретінде белгіленген өлшем бірліктер қолданылады. Қазіргі заманғы CD-ROM дискжетектерінің оқу жылдамдығы 40х – 52х.
Компакт-дискілердің CD-R (Compact Disk Recordable) және CD-RW (Compact Disk ReWritable) деген түрлері болады. CD-R дискілерге ақпаратты бір рет, ал CD-RW дискілерге бірнеше рет жазуға болады.