Дербес компьютердің қосымша құрылғылары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2014 в 19:51, реферат

Краткое описание

Дербес компьютер – бұл өзара бір-бірімен байланысқан, әрі әрқайсысы өзіндік белгілі бір қызмет атқаратын электронды құрылғылардың жиынтығы.
Бүгінгі күні дербес компьютерлер (ДК) көпшілік арасында кең тарады. Дербес компьютерлердің осылай аталу себебі — ол бір-ақ адам жұмыс істеуге арналған.

Содержание

Кіріспе.
І. Дербес компьютердің қосымша құрылғылары: Стриммер, сканер, дыбыстық карта.
1.1. Желілік адаптер, плоттер, резограф.
ІІ. Модем.
2.1. Енгізу және шығару құрылғылары.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер.

Прикрепленные файлы: 1 файл

информат реферат.docx

— 31.23 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

РЕФЕРАТ

 

Такырыбы: Дербес компьютердің қосымша құрылғылары

 

 

Орындаған: Асимхан Г.Э. ОПЭ-11с

 

Тексерген: Қосыбаева У.А.

 

 

 

 

 

Қарағанды 2014 жыл

 

Жоспары:

Кіріспе.

І. Дербес компьютердің қосымша құрылғылары: Стриммер, сканер, дыбыстық карта.

1.1. Желілік адаптер, плоттер, резограф.

ІІ. Модем.

2.1. Енгізу және шығару құрылғылары.

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

         Дербес компьютер – бұл өзара бір-бірімен байланысқан, әрі әрқайсысы өзіндік белгілі бір қызмет атқаратын электронды құрылғылардың жиынтығы.    

         Бүгінгі күні дербес компьютерлер (ДК) көпшілік арасында кең тарады. Дербес компьютерлердің осылай аталу себебі — ол бір-ақ адам жұмыс істеуге арналған. Дербес компьютерлердің түрлері өте көп, бірақ олардың құрылысында ұқсастық та бар. Бұл тарауда біз дербес компьютер қандай құрылғылардан тұратынын, яғни дербес ЭЕМ-ның архитектурасын және олардың жұмыс істеу принциптерін қарастырамыз.

      Кез келген дербес компьютер бірнеше құрылғылардан (блоктардан) тұрады. Бұл құрылғылардың кейбірі өте маңызды — бұлар монитор, жүйелік блок пен пернетақта, өйткені компьютер оларсыз жұмыс істемейді. Басқа құрылғылар да пайдалы міндеттер атқарады, бірақ компьютер оларсыз да жұмыс істей алады.

 Компьютердің барлық құрылғылары оның артқы тақтасындағы арнайы ажыратып-қосқыштар арқылы байланыстырғыш баулармен (шнур) өзара жалғастырылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 І. Дербес компьютердің базалық толық жинағының функциясы қосымша құрылғыларды енгізгенде кеңейе түседі. Олардың көр тараған түрлерін қысқаша сипаттап өтейік.

Стриммер – мәліметтерді магниттік таспада жазып сақтауға арналған құрылғы (компьютерлік магнитофон). Стримерлер шағын магниттік таспалы касетаға үлкен көлемдегі ақпараттарды жазады. Стриммер картриджі кәдімгі магнитафонның кассетасына ұқсайды, бірақ ол әлдеқайда орнықты жасалған. Стример қондырғысы ақпаратты жазған кезде автоматты түрде оның көлемін сығып тығыздайды да, оқыған кезде сақталған ақпаратты қалпына келтіріп көлемін ұлғайтады. Стримерлердің кемшілігі ақпараттарды жазу, іздеу және оқу кезіндегі жылдамдығының салыстырмалы түрде төмендігі болып табылады.

Сканер — графикалық бейнелерді, құжаттарды компьютердің жадысына енгізетін құрылғы. Егер принтер компьютердегі ақпаратты қағазға шығарса, сканер керісінше қағаздағы құжаттарды компьютердің жадысына ауыстырады. Сканерлердің құжат бетінде қолмен жылжыта отырып істейтін және көшіретін машинаға ұқсас планшетті түрлері бар. Мәтінді сканер арқылы өткізгенде компьютер оны символдар тізбегі түрінде емес, сурет ретінде қабылдайды. Графикалық мәтінді кәдімгі символдық форматқа түрлендіру үшін образды оптикалық түрде танитын программалар пайдаланылады.

Сканерлер бір-бірінен түстер немесе түс белгілерін қаншалықты дәрежеде ұйғара алатын қабілетімен айрықшаланады.

Дыбыстық карта — дербес компьютердің ең артынан, яғни кейін де ғана жетілдірілген құрылғылардың бірі. Ол туынды карта түрінде аналық тақшаның бір слотынан қосылады және дыбысты, сөзді, әуенді өңдеумен байланысты есептелетін операцияларды орындайды.

Дыбыстық картаның шыға берісіне қосылған сыртқы дыбыстық колонка арқылы шығады. Арнайы ажыратушы дыбыстық сигналды сыртқы күшейткішке жөнелтуге мүмкіндік береді. Микрофонды қосудың да ажыратқышы болады, ол сөзді немесе әуенді жазып алуға және оларды одан әрі өңдеп, пайдалану үшін қатқыл дискіде сақтауға мүмкіндік береді.

Дыбыстық картаның негізгі параметрлеріне цифрлік формадағы немесе керісінше аналогтыдан сигналдарды қалыптастыруды пайдаланылатын биттердің санын анықтайтын разрядтылық жатады. Разрядтылық неғұрлым жоғары болса, цифрлау мен байланысты кемшіліктер аз әрі дыбыс сапасы жоғары болады.

        1.1. Желілік адаптер компьютерді жергілікті желіге қосуға мүмкіндік тудырады. Мұнда пайдаланушы басқа компьютерді мәліметтеуге қатынаса алады.

        Ол ДЭЕМ кеңейтетін стандартты  тақша түрінде жинақталған, әдетте  өзінің микропроцессоры мен тиісті  алмасу алгаритм жүзеге асырушы  тұрақты жад құрылғысына ие  болады. Оның үстіне, желілік адаптер  оны баптауға арналған бірқатар  ауыстырып қосушыларды қамтиды.

Плоттер (графопостроитель) — компьютердің басқаруымен графиктер, суреттер және диограммалар сызатын құрылғы. Плоттерлер күрделі конструкторлық сызбалар, архитекторлық жоспарлар, географиялық және метеорологиялық карталар іскерлік схемалар алу үшін пайдаланылады. Плоттерлер қаламұштың көмегімен бейнелерді сызады.

Роликті плоттерлер қағазды қаламұштың астына орап алып келсе, планшетті плоттерлер қаламұшты горизонталь жатқан қағаздың бетінде жылжыта отырып сызады. Плоттерге де принтердегі сияқты арнайы программа драйвер қажет. Ол программа қаламұштың жоғары, төмен қозғалысын реттеп, берілген қалыңдықта сызық сызуды орындатады.

        Плоттердің өнімділігі құжатта  қалыптастыратын сапаға қажетті  мүмкіндіктермен және қағаз/қалам ауыстыру тетігінің мүмкіндіктерімен анықталады. Кескіннің түс гаммасы сияқты сапа үшін де ең алдымен қалам констукциясы жауапты болады.

        Лазерлік пинтерге қарағанда  плоттер біршама арзан тұрады, алайда оның басу жылдамдығы  төмен. Плотерлер барабандық тұрпатта  және планшеттік тұртпатта болады.

        Ризограф — компьютерге қосылғанда принтер ретінде де, сканер ретінде де жұмыс істей алатын көбейткіш аппарат.

        Онда кескінді жасау былайша  жүзеге асырылады.

        Алдымен кескіннің түпнұсқасы  ішкі сканермен саналады. Алынған  цифрлық портрет арнайы есте сақтау буферінде сақталады. Термоголовка цифрлық түрге еніп, арнайы тасушыда трафарет тудырады. Мастер-пленкидің қиындысы трафаратпен раскаттық барабанға бекітіліп, бояумен боялады. Тек осыдан кейін ғана резограф алғашқы бақылау оттискісін жасайды. Бұл кезең қағаздың форматына қарай (А3-А6) 17-35 секундқа созылады, ал басу жылдамдығы 60-тан 130-ға дейін көшіреді.

        Дербес компьютердің сыртқы құрылғысы  ретінде ризографтың пайдаланылуы  барсында оның машинамен алмасуы  көрсетілген жадында сақтау буфері  арқылы жүзеге асады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ. Модем — компьютердегі мәліметтерді алыс қашықтықтарға телефон желісінің байланысы арқылы тарату құрылғысы. Модем компьютердегі сандық сигналдарды дыбыс жиілігі диапазонындағы айнымалы токқа түрлендіруді қамтамасыз етеді — бұл процесс модуляция деп аталады, ал оны кері түрлендіру демодуляция деп аталады. Осыдан қондырғы модем атауы шыққан. Байланыс орнату үшін бір модем телефон номері арқылы келесісін шақырады, ал ол шақыруға жауап береді. Сонан соң модемдер өздеріне тиімді байланыс режимінде бір-біріне сигналдар жібереді. Бұдан кейін таратушы модем модуляцияланған мәліметтерді келісілген жылдамдықпен(өлшемі бит/секунд) және келісілген форматта жібереді. Байланыстың екінші жағындағы модем қабылдап алған ақпаратты сандық түрге түрлендіреді және оны өзі қосылған компьютерге береді. Байланыс сеансын аяқтағаннан кейін модем ізбектен ажыратылады. Модемді басқару арнайы коммутациялық программалық қамтамасыз арқылы жүзеге асырылады. Модемдер конструктивті түрде сыртқы (шағын қорап) және ішкі (компьютерлік плата) құрылғылар түрінде жасалынады. Екі түрінің де өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Сыртқы модемдер компьютерге кабель арқылы жалғанады. Олар жұмысы орнықты, жағдайын көрсетіп тұратын индикаторлары бар. Бірақ сыртқы модемдер электр тогы көзіне жеке жалғанады, белгілі бір көлемдегі орын алады. Ішкі модемдер компьютердің ішінде жүйелік платаға орнатылады, қорек көзін компьютерден алады, олар сыртқы модемге қарағанда арзан. Бірақ помех ықплына сезімтал, модемнің жұмысын бақылап отратын мүмкіндігі жоқ. Модемдердің көпшілігі факстің функциясын атқара алады.

2.2. Енгізу-шығару құрылғылары: енгізу құрылғысы арқылы ӛңделетін ақпараттар, бағдарламалар компьютердің жедел жадысына енгізіледі, ал шығару құрылғысы арқылы нәтижелерді, аралық мәндерді адам түсінетін тілде шығарылады. Енгізу құрылғыларына пернетақта, тышқан, джойстик, ӛлшеу кұралдары, түрлі түсті қалам, сканер жатады. Пернетақта - компьютерге ақпарат енгізуге арналған құрылғы. Ондағы әріпті және цифрлі пернелер арқылы компьютерге кез келген ақпараттарды енгізуге болады. Тышқан – экран бетінде курсорды тезірек қозғалтуға арналған құрылғы.

Шығару құрылғысына принтер, монитор және график тұрғызушылар жатады. Монитор - компьютердің экранына ақпарат шығаруға арналған құрылғы. Принтер - ақпараттарды кағазға басып шығаратын құрылғы. Принтердің үш түрі болады: матрицалық, сия бүріккіш және лазерлік. Сыртқы жады ретінде магниттік дискілер, яғни көбінесе диаметрі 3,5 дюйм, сыйымдылығы 1,44 Мбайт дискеттер пайдаланылады. Компакт-дискіні лазерлік дискі деп те атайды. Лазерлік дискіден оқу үшін CD-ROM қолданылады. Жаңа ақпараттарды қайта жазу үшін арнайы қондырғы – CDRITTER қолданылады.

 

 

Қорытынды

Дербес компьютер – бұл өзара бір-бірімен байланысқан, әрі әр қайсысы өзіндік белгілі бір қызмет атқаратын электронды құрылғылардың жиынтығы.

Компьютердің қосымша құрылғылары:

Басу құрылғысы (принтер)-бұл кез-келген ақпараттарды компьютерден қағаз бетіне шығаруға негізделген құрылғы. Принтердің үш түрі болады:

Матрицалық, лазерлік, сия бүріккіш

Сканер-бұл графиктік немесе текстік ақпараттарды компьютерден тікелей оқитын құрылғы.

Дыбыс колонкалары -дыбыстық ақпаратты шығаруға арналған құрылғы.

Құлақшын - дыбыстық ақпаратты шығаруға арналған құрылғы.

Микрофон- дыбыстық ақпаратты енгізуге арналған құрылғы.

Джойстик- компьютерлік ойындарда қолданылатын қолмен басқарылатын тетік.

Стример- мәліметтерді магниттік таспада сақтауға арналған құрылғы.

Плоттер- сызбаларды (графиктерді) қағазға шығаруға арналған құрылғы.

Модем-бұл телефон желісі арқылы басқа компьютерлермен ақпараттарды алмасуға арналған құрылғы.

Желілік адаптер- компьютерді жергілікті желіде қолдануға мүмкіндік береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

 

  1. «Инфоматика» Ақпараттық жүйелер. А.М.Джумагалиев, А.Ж.Нургазинова, Л.Қ. Смаилова, А.Ш. Қүлмұратов “ Ғылым” ғылыми баспа орталығы Алматы 2011 ж (41-44б) .
  2. «Информатика негіздері»  Алматы 2004 ж(26-28б).
  3. «Жаңа информациялық технологиялар» Б.Бөрібаев, Е. Балапанов, Г., А.Б. Дәулетқұлов Алматы 2003 ж.

 

 


Информация о работе Дербес компьютердің қосымша құрылғылары