Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2013 в 19:20, реферат
Дербес компьютер (қысқаша ДК) — компьютердің қазіргі уақытта ең кең тараған түрі болып табылады. Дербес компьютер бір мезгілде бір адамның пайдалануына арналған. Дербес компьютерлердің негізгі екі санаты бар: стационарлық және тасымалы компьютерлер. Стационарлық компьютерлер үстел басында отырып жұмыс істеуге арналған. Тасымалы компьютерлерге қолкомпьютерлер, қалта компьютерлері және планшетті ДК жатады.
Дербес компьютер (қысқаша ДК) — компьютердің қазіргі уақытта ең кең тараған түрі болып табылады. Дербес компьютер бір мезгілде бір адамның пайдалануына арналған. Дербес компьютерлердің негізгі екі санаты бар: стационарлық және тасымалы компьютерлер. Стационарлық компьютерлер үстел басында отырып жұмыс істеуге арналған. Тасымалы компьютерлерге қолкомпьютерлер, қалта компьютерлері және планшетті ДК жатады.
Компьютер(ағылшынша: computer — «есептегіш»), ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) — есептеулерді
жүргізуге,
және
ақпаратты
алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу,
сақтау
және
нәтиже шығару үшін арналған машина. Компьютер дәуірінің бастапқы кезеңдерінде компьютердің негізгі қызметі — есептеу деп саналатын. Қазіргі
кезде олардың негізгі қызметі — басқару болып табылады.
Негізгі принциптері:Өзінің алдына қойылған
тапсырманы орындау үшін компьютер механикалық
бөліктердің орын ауыстырылуын, электрондардың,
фотондардың, кванттық бөлшектердің ағынын
немесе басқа да жақсы зерттелген физикалық
құбылыс әсерлерін қолданады. Көбімізге
компьютерлердің ең көп таралған түрі
— дербес компьютер жақсы таныс.
Компьютер архитектурасы алға қойылған
мәселені, зерттеліп отырған физикалық
құбылысты максималды айқын көрсетіп,
модельдеуге мүмкіндік береді. Мысалы,
электрондық ағындар бөгеттер салу кезіндегі
су ағынының үлгісі ретінде қолданылуы
мүмкін. Осылай құрастырылған аналогтық
компьютерлер ХХ ғасырдың 60-жылдары көп
болғанымен, қазір сирек кездеседі.
Қазіргі заманғы компьютерлердің басым
бөлігінде алға қойылған мәселе әуелі
математикалық терминдерде сипатталады,
бұл кезде барлық қажетті ақпарат екілік
жүйеде (бір және ноль ретінде) көрсетіледі,
содан кейін оны өңдеу үшін қарапайым
логика алгебрасы қолданылады. Іс жүзінде
барлық математикалық есептерді бульдік
операциялар жиынына айналдыруға болатындықтан,
жылдам жұмыс жасайтын электронды компьютерді
математикалық есептердің, сонымен қатар,
ақпаратты басқару есептерінің көпшілігін
шешу үшін қолдануға болады.
Бірақ, компьютерлер кез-келген математикалық
есепті шеше алмайды. Компьютер шеше алмайтын
есептерді ағылшын математигі Аланом
Тьюринг сипаттаған болатын.
Орындалған есеп нәтижесі пайдаланушыға
әр түрлі енгізу-шығару құрылғыларының
көмегімен көрсетіледі, мысалы, лампалық
индикаторлар, мониторлар, принтерлер
және т.б.
Компьютер — жай ғана машина, ол өзі көрсетіп
тұрған сөздерді «түсінбейді» және өз
бетінше «ойламайды». Компьютер тек қана
бағдарламада көрсетілген сызықтар мен
түстерді енгізу-шығару құрылғыларының
көмегімен механикалық түрде көрсетеді.
Адам миы экрандағы көріністі қабылдап,
оған белгілі бір мән береді.
Этимология.
Компьютерсөзі ағылшын тілінің ағылшынша:
tocompute, ағылшынша: computerсөздерінен шыққан.
Бұл сөздер «есептеу», «есептегіш» мағынасында
аударылады (ағылшын сөзі, өз кезегінде,
латын тілінің латынша: computo — «есептеймін»
сөзінен шыққан). Алғашында ағылшын тілінде
бұл сөз механикалық құрылғыларды қолданбай
немесе қолдана отырып, арифметикалық
есептеулер жүргізетін адамға қатысты
айтылған. Содан кейін бұл сөз машиналарға
қатысты айтылатын болды, бірақ, қазіргі
заманғы компьютерлер математикамен тікелей
байланысты емес мәселелермен де айналысады.
Компьютерсөзінің анықтамасы алғаш рет
1897 жылы ағылшындық Оксфорд сөздігінде
пайда болған болатын. Бұл сөздікте компьютер
механикалық есептеуіш құрылғы ретінде
көрсетілген. 1946 жылы бұл сөздікте цифрлық
компьютер, аналогтық есептеуіш машинасы
және электронды компьютер түсініктерінің
мағынасы ажыратылып көрсетілді.
Есептеуіш техникаесептеу және мәліметтерді
өңдеу процессінің маңызды компоненті
болып табылады. Есептеуге арналған алғашқы
құрал ретінде есептеу таяқшаларын атауға
болады, бұл құрал қазіргі кезде де бастауыш
сынып оқушыларын есепке үйрету үшін қолданылады.
Даму жолында бұл құралдар күрделене түсті
(мысалы, финикиялық саз фигуралары).
Уақыт өте келе, қарапайым құрылғылардан
күрделі құралдар пайда бола бастады:
абак, логарифмдік сызғыш, механикалық
арифмометр, электронды компьютер. Алғашқы
есептеуіш құрылғылардың қарапайымдылығына
қарамастан, олармен жұмыс жасауға үйренген
адам, қазіргі заманғы калькуляторларды
пайдаланғаннан да жылдам есептер жүргізе
алады. Әрине, қазіргі заманғы есептеуіш
құрылғыларының жұмыс өнімділігі және
есептеу жылдамдығы ең жылдам есептегіш
адамның өзін шаң қаптырып кетеді.
Нөлдік буын.
б.э.д. 3000 жыл — Ежелгі Вавилонда алғашқы
есептегіштер — абак пайда болды.
б.э.д. 500 жыл — Қытайда абактың «жаңа»
нұсқасы пайда болды.
1492 жыл — Леонардо да Винчи өзінің бір
күнделігінде он тісті сақиналары бар
13-разрядты есептегіш құрылғының сызбасын
көрсеткен. Бұл сызбалар негізінде жұмыс
жасайтын құрылғы ХХ ғасырда ғана жасалғанымен
Леонардо да Винчи жобасының дұрыстығы
расталды.
1623 жыл — Вильгельм Шиккард, Тюбинген
университетінің профессорі, тісті сақиналар
неізінде алты разрядты ондық сандарды
қосып және азайта алатын құрылғы жасап
шығарды. 1960 жылы профессордың сызбасы
бойынша қайта жасалып, дұрыс жұмыс жасайтындығын
көрсетті.
1630 жыл — Ричард Деламейн шеңберлік логарифмдік
сызғыш жасады.
1642 жыл — Блез Паскаль «Паскалин» — алғашқы
нақты жүзеге асырылған және кең танылған
цифрлық есептеуіш құрылғыны ұсынды. Құрылғы
прототипі бес разрядты ондық сандарды
қосып және азайта алатын еді. Паскаль
бұндай есептегіштердің оннан астамын
жасады, соңғы үлгілері сегіз разрядты
сандармен де жұмыс жасай алатын еді.
1673 жыл — көрнекті неміс философы және
математигі Готфрид Вильгельм Лейбниц
механикалық калькулятор жасады, ол екілік
санау жүйесінің көмегімен көбейту, бөлу,
қосу және азайтуды орындай алатын еді.
Осы кездер шамасында Исаак Ньютон математикалық
анализ негіздерін қалады.
1723 жыл — неміс математигі және астрономы
Христиан Людвиг Герстен, Лейбниц жұмыстарының
негізінде арифметикалық машина жасады.
Машина сандарды көбейту кезінде бүтін
бөлігін және тізбектелген қосу амалдарының
санын есептей алатын еді. Сонымен қатар
бұл машина енгізілген мәліметтерді енгізудің
дұрыстығын тексере алатын еді.
1786 жыл — неміс әскери инженері Иоганн
Мюллер «айырмалық машина» идеясын ұсынды
— бұл машина айырмалық әдіспен есептелетін
логарифмдерді табуляциялай алатын еді.
Лейбництің тісті доңғалақтары негізінде
жасалған бұл машина біршама кішкентай
(биіктігі 13 см, диаметрі 30 см) болғанымен,
14-разрядты сандармен негізгі төрт арифметикалық
амалды орындай алатын еді.
1801 жыл — Жозеф Мария Жаккард бағдарлама
арқылы басқарылатын тігін станогын құрды,
оның жұмысы перфокарталар жиыны көмегімен
көрсетілетін еді.
1820 жыл — француз Тома де Кальмар арифмометрлерді
алғаш рет өндірістік жағдайда шығарды.
1822 жыл — ағылшын математигі Чарльз Бэббидж
айырмалық машинаны (математикалық кестелерді
автоматты түрде құруға арналған арифмометр)
ойлап тапты, бірақ іс жүзінде жасап көрсете
алмады.
1855 жыл — Стокгольм қаласында ағайынды
Георг және Эдвард Шутц Чарльз Бэббидж
жұмыстарының негізінде алғашқы айырмалық
машина жасады.
1876 жыл — орыс математигі П.Л.Чебышев
ондықтарды үзіліссіз тасымалдайтын қосқыш
аппарат құрды. Бұл ғалым 1881 жылы осы машинаға
көбейту және бөлуге арнап қосымша бөліктер
жасады.
1884—1887 жж — Герман Холлерит электрлік
табуляциялық жүйе (Холлерит табуляторын)
жасап шығарды, бұл жүйе 1890 және 1900 жылдары
АҚШ-тағы, 1897 жылы Ресейдегі халық санағында
қолданылды.
1912 жыл — орыс ғалымы А.Н.Крылов жобасы
бойынша қарапайым дифференциалдық теңдеулерді
интеграциялауға арналған машина жасалды.
1927 жыл — Массачусетс технологиялық университетінде
аналогтық компьютер жасап шығарылды.
1938 жыл — неміс инженері Конрад Цузе өзінің
алғашқы есептеуіш машинасын жасап, оған
Z1 деген ат берді (Оның соавторы ретінде
Гельмут Шрейердің есімі де аталады). Бұл
толықтай механикалық, бағдарламаланатын
цифрлық машина еді. Бұл үлгі іс жүзінде
қолданылмады. Оның қалпына келтірілген
нұсқасы Берлиндегі неміс техникалық
мұражайында сақталған. Осы жылы Цузе
Z2 машинасын жасауға кірісіп кетті.
1941 жыл — Конрад Цузе Z3 машинасын жасады.
Бұл машина қазіргі заманғы компьютердің
барлық қасиеттерін ие болатын.
1942 жыл — Айова штатының университетінде
Джон Атанасов және оның аспиранты Клиффорд
Берри АҚШ-тағы алғашқы электрондық цифрлық
компьютерді жасап бастады. Бұл машина
толықтай аяқталмағанымен (Атанасов әскерге
кетті), тарихшылардың айтуына қарағанда,
американ ғалымы Джон Мочлидің екі жылдан
кейін Эниак ЭЕМ-ін жасап шығаруыны көп
әсерін тигізді.
1943 жылдың басында алғашқы американдық
есептеуіш машина — Марк I жасалды. Бұл
машина АҚШ әскери-әуе күштерінің күрделі
баллистикалық есептерін шығаруға арналған
еді.
1943 жылдың соңында арнайы мақсаттарда
қолданылатын ағылшын есептеуіш машинасы
— Колосс жасалды. Машина фашисттік Германияның
құпия кодтарын шешумен айналысты.
1944 жылы Конрад Цузе Z4 компьютерін жасап
шығарды.
1946 жылы алғашқы әмбебап электронды цифрлық
есептеуіш машина — Эниак жасап шығарылды.
Кеңес Одағында алғашқы электрондық есептеуіш
машинасы Киевте Сергей Алексеевич Лебедевтің
басшылығымен 1950 жылы жасалды.
Қазірігі заманғы компьютерді бағдарламалық қамтамасыз ету.
Бағдарламалық қамтамасыз ету (БҚ)-компьютерде ақпаратты автоматтандырып өндеуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бағдарламалар жиынтығы.
Мақсаты мен жүзеге асыратын қызметтеріне қарай кез келген бағдарлама екі топтың біріне: БҚ-ның жүйелік (жалпы) және қолданбалы (арнайы) тобының біріне жатады.Жүйелік БҚ компьютердің міндет атқаруы мен оған қызмет көрсетуін, сондай-ақ, жаңа бағдарламалар жасау процесінде автоматтандыруды қамтамасыз етеді.
Жүйелік БҚ-ға:
Операциялық жүйе (ОЖ)- бағдарламалардың ұйымдық жинтығы, олардың мақсаты – компьютер жұмысын басқару. ОЖ- нің бұл бөлігі ақпаратты енгізудің, сақтаудың, өндеу мен құжаттаудың кейбір әмбебап құралдары ретінде компьютердің қызмет атқаруын қамтамасыз етеді.
Бағдарламалау жүйесі- БҚ-ның бір бөлігі, оны пайдалана отырып бағдарламалар жасалады. Бағдарламалау жүйелерінің мақсаты- бағдарламалау тілдерінде жазылған бағдарламалардың бастапқы мәтіндерін жасау процесін оңайлату, сондай- ақ, оларды компьютер атқаратын бағдарламаға түрлендіру. Бағдарламалау жүйесіне бағдарламалаудың әр түрлі тілдеріндегі таратқыштар (компиляторлар немесе имтерпретаторлар) жатады.
Техникалық және сервистік (ұйымдасқан) қызмет көрсету бағдарламалары компьютердің, дискілердің және басқаларының жұмыс қабілетін бақылаудың, анықтау мен қалпына келтірудің бағдарламалық құралдары болып саналады.
Қолданбалы БҚ пайдалану міндеттерін шешуді қамтамасыз етеді. Мұндағы шешуші ұғым қолданбалы бағдарламалардың дестесі (пакеті) болып табылады.
Қолданбалы бағдарламалардың дестесі (ҚБД) – белгілі бір тақырып немесе пән бойынша міндеттер ауқымын шешуге арналған бағдарламалар жиынтығы. ҚБД мына төмендегі түрлерге бөлінеді:
Жалпы мақсаттағы ҚБД міндеттердің кең тобын автоматтандыруға бағдарланған.
ҚБД- нің тобына:
ҚБД-нің әдістемелік – бағдарлау негізіне:
Проблемалық -бағдарланған ҚБД нақты мәселе саласындағы белгілі бір міндеттерді (проблемаларды) шешуге бағытталған .Бұл қолданбалы бағдарламалар дестелерінің ең кең тобы.
Олардан мыналарды: банктік дестелерді, бухгалтерлік есеп дестелерін, қаржы менеджментін, құқықтық анықтамалық жүйелерді және басқаларын бөліп атаған жөн.:Қолданбалы БҚ-ға сервистік қызметің бағдарламалық құралдары жатады, олар пайдаланушының қолайлы жұмыс ортасын ұйымдастыру үшін (мысалы, ақпараттық менеджрлер, аудармашылар және басқалары) қызмет атқарады.
Пайдаланушының интерфейсі (User Interface) ақпараттық және бағдарламалық құралдармен қамтамасыз етіледі. Интерфейстің ақпараттық бөлігі экран, пернетақта (клавиатура), және тышқан (маус-мышь) болып табылады. Бағдарламалық бөлігі қазір ең алдымен графикалық бейнелеу түрінде (Graphical User Interface- GUI) анықталады.
GUI мына төмендегі төрт принципке негізделген:
Бағдарламалық құралдар
- әр түрлі
мақсаттарға арналған
бағдарламалар
жиынтығы. Компьютердің бағдарламалық құралдарын
бағдарламалық жасақтама
деп те атайды. Олар:
► Жүйелік деп аталатын, компьютердің барлық кұрылғылары мен мәліметтерді өңдеуді жасақтау қорларының жұмыстарын басқаратын;
► Қолданбалы деп аталатын,
мәліметтерді өңдеуге арналған;
► Бағдарламалау жүйелері деп аталатын, басқа бағдарламаларды өңдеу қызметін атқаратын бағдарламалардан тұрады.
БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМАЛАР
Компьютердің бағдарламалық жасақтамалары жүйелік, қолданбалы бағдарламалардан және бағдарламалау жүйелерінен тұрады.
Жүйелік бағдарламалардың ішінде операциялық жүйе (ОЖ) (операционная система
- ОС) негізгі болып табылады.
ОЖ — компьютердің барлық мәліметтерді өндеу жұмысын ұйымдастыратын бағдарламалар жүйесі. Ол компьютердің барлық құрылғыларын басқарады, компьютер құрылғыларының арасында және компьютер мен адам
арасында мәліметтер алмасуын жүзеге асырады. Сонымен қатар ОЖ - әмбебап жүйе, оны әр түрлі типтегі компьютерлерге,
компьютерге қосылған қосымша құрылғыларға сәйкестендіріп баптауға болады. компьютерді дербес түрде баптауға мүмкіндік береді.
ОЖ - лер өте көп, бірақ біздің арнайы қарастыратынымыз — үйде және мектептерде тұрған компьютерлердің операциялық жүйелері. Бұдан аз - ақ уақыт бұрын мұндай компьютерлерде ОЖ
МS DОS тұратын. Қазіргі кезде кең тараған жүйелер: WINDOWS 95, WINDOWS 98, WINDOWS
NT.
Бұл операциялық жүйелердің және көптеген өте маңызды қолданбалы бағдарламалардың, бағдарламалау жүйелерінің негізгі әзірлеушісі (жасаушысы)
— американың Місrosoft фирмасы.
Компьютерде жұмыс істеу - негізінде оның ОЖ - мен жұмыс істеу. Сондықтан компьютер мен адамның қатынасу тәсілі қаншалықты қарапайым, түсінікті және "жақын достықта" екендігі өте маңызды.