Дербес компьютер.
Компьютер (ағылшынша: computer — «есептегіш»), ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) —
есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты
алдын ала белгіленген алгоритм бойынша
қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже
шығару үшін арналғанмашина. Компьютер
дәуірінің бастапқы кезеңдерінде компьютердің
негізгі қызметі — есептеу деп саналатын.
Қазіргі кезде олардың негізгі қызметі —
басқару болып табылады.
Негізгі принциптері: Өзінің алдына
қойылған тапсырманы орындау үшін компьютер
механикалық бөліктердің орын ауыстырылуын,
электрондардың, фотондардың, кванттық
бөлшектердің ағынын немесе басқа да жақсы
зерттелген физикалық құбылыс әсерлерін
қолданады. Көбімізге компьютерлердің
ең көп таралған түрі — дербес компьютер
жақсы таныс.
Компьютер
архитектурасы алға қойылған мәселені,
зерттеліп отырған физикалық құбылысты
максималды айқын көрсетіп, модельдеуге
мүмкіндік береді. Мысалы, электрондық
ағындар бөгеттер салу кезіндегі су ағынының
үлгісі ретінде қолданылуы мүмкін. Осылай
құрастырылған аналогтық компьютерлер
ХХ ғасырдың 60-жылдары көп болғанымен,
қазір сирек кездеседі.
Қазіргі
заманғы компьютерлердің басым
бөлігінде алға қойылған мәселе әуелі
математикалық терминдерде сипатталады,
бұл кезде барлық қажетті ақпарат
екілік жүйеде (бір және ноль ретінде)
көрсетіледі, содан кейін оны өңдеу үшін
қарапайым логика алгебрасы қолданылады.
Іс жүзінде барлық математикалық есептерді
бульдік операциялар жиынына айналдыруға
болатындықтан, жылдам жұмыс жасайтын
электронды компьютерді математикалық
есептердің, сонымен қатар, ақпаратты
басқару есептерінің көпшілігін шешу
үшін қолдануға болады.
Бірақ,
компьютерлер кез-келген математикалық
есепті шеше алмайды. Компьютер шеше алмайтын
есептерді ағылшын математигі Аланом
Тьюринг сипаттаған болатын.
Орындалған
есеп нәтижесі пайдаланушыға әр түрлі
енгізу-шығару құрылғыларының көмегімен
көрсетіледі, мысалы, лампалық индикаторлар,
мониторлар, принтерлер және т.б.
Компьютер —
жай ғана машина, ол өзі көрсетіп тұрған
сөздерді «түсінбейді» және өз бетінше
«ойламайды». Компьютер тек қана бағдарламада
көрсетілген сызықтар мен түстерді енгізу-шығару
құрылғыларының көмегімен механикалық
түрде көрсетеді. Адам миы экрандағы көріністі
қабылдап, оған белгілі бір мән береді.
Этимология.
Компьютер сөзі ағылшын тілінің ағылшынша: to compute, ағылшынша: computerсөздерінен шыққан.
Бұл сөздер «есептеу», «есептегіш» мағынасында
аударылады (ағылшын сөзі, өз кезегінде,
латын тілінің латынша: computo — «есептеймін» сөзінен
шыққан). Алғашында ағылшын тілінде бұл
сөз механикалық құрылғыларды қолданбай
немесе қолдана отырып, арифметикалық
есептеулер жүргізетін адамға қатысты
айтылған. Содан кейін бұл сөз машиналарға
қатысты айтылатын болды, бірақ, қазіргі
заманғы компьютерлер математикамен тікелей
байланысты емес мәселелермен де айналысады.
Компьютер сөзінің анықтамасы алғаш рет 1897 жылы
ағылшындық Оксфорд сөздігінде пайда
болған болатын. Бұл сөздікте компьютер
механикалық есептеуіш құрылғы ретінде
көрсетілген. 1946 жылы бұл сөздікте цифрлық
компьютер, аналогтық есептеуіш машинасы
және электронды компьютер түсініктерінің
мағынасы ажыратылып көрсетілді.
Есептеуіш техника есептеу
және мәліметтерді өңдеу процессінің
маңызды компоненті болып табылады. Есептеуге
арналған алғашқы құрал ретінде есептеу
таяқшаларын атауға болады, бұл құрал
қазіргі кезде де бастауыш сынып оқушыларын
есепке үйрету үшін қолданылады. Даму
жолында бұл құралдар күрделене түсті
(мысалы, финикиялық саз фигуралары).
Уақыт
өте келе, қарапайым құрылғылардан
күрделі құралдар пайда бола бастады:
абак, логарифмдік сызғыш, механикалық
арифмометр, электронды компьютер. Алғашқы
есептеуіш құрылғылардың қарапайымдылығына
қарамастан, олармен жұмыс жасауға үйренген
адам, қазіргі заманғы калькуляторларды
пайдаланғаннан да жылдам есептер жүргізе
алады. Әрине, қазіргі заманғы есептеуіш
құрылғыларының жұмыс өнімділігі және
есептеу жылдамдығы ең жылдам есептегіш
адамның өзін шаң қаптырып кетеді.
Нөлдік буын.
- б.э.д. 3000 жыл — Ежелгі Вавилонда алғашқы есептегіштер — абак пайда болды.
- б.э.д. 500 жыл — Қытайда абактың «жаңа» нұсқасы пайда болды.
- 1492 жыл — Леонардо да Винчи өзінің бір күнделігінде он тісті сақиналары бар 13-разрядты есептегіш құрылғының сызбасын көрсеткен. Бұл сызбалар негізінде жұмыс жасайтын құрылғы ХХ ғасырда ғана жасалғанымен Леонардо да Винчи жобасының дұрыстығы расталды.
- 1623 жыл — Вильгельм Шиккард, Тюбинген университетінің профессорі, тісті сақиналар неізінде алты разрядты ондық сандарды қосып және азайта алатын құрылғы жасап шығарды. 1960 жылы профессордың сызбасы бойынша қайта жасалып, дұрыс жұмыс жасайтындығын көрсетті.
- 1630 жыл — Ричард Деламейн шеңберлік логарифмдік сызғыш жасады.
- 1642 жыл — Блез Паскаль «Паскалин» — алғашқы нақты жүзеге асырылған және кең танылған цифрлық есептеуіш құрылғыны ұсынды. Құрылғы прототипі бес разрядты ондық сандарды қосып және азайта алатын еді. Паскаль бұндай есептегіштердің оннан астамын жасады, соңғы үлгілері сегіз разрядты сандармен де жұмыс жасай алатын еді.
- 1673 жыл — көрнекті неміс философы және математигі Готфрид Вильгельм Лейбниц механикалық калькулятор жасады, ол екілік санау жүйесінің көмегімен көбейту, бөлу, қосу және азайтуды орындай алатын еді.
- Осы кездер шамасында Исаак Ньютон математикалық анализ негіздерін қалады.
- 1723 жыл — неміс математигі және астрономы Христиан Людвиг Герстен, Лейбниц жұмыстарының негізінде арифметикалық машина жасады. Машина сандарды көбейту кезінде бүтін бөлігін және тізбектелген қосу амалдарының санын есептей алатын еді. Сонымен қатар бұл машина енгізілген мәліметтерді енгізудің дұрыстығын тексере алатын еді.
- 1786 жыл — неміс әскери инженері Иоганн Мюллер «айырмалық машина» идеясын ұсынды — бұл машина айырмалық әдіспен есептелетін логарифмдерді табуляциялай алатын еді. Лейбництің тісті доңғалақтары негізінде жасалған бұл машина біршама кішкентай
(биіктігі 13 см, диаметрі
30 см) болғанымен, 14-разрядты сандармен негізгі төрт арифметикалық амалды орындай алатын еді.
- 1801 жыл — Жозеф Мария Жаккард бағдарлама арқылы басқарылатын тігін станогын құрды, оның жұмысы перфокарталар жиыны көмегімен көрсетілетін еді.
- 1820 жыл — француз Тома де Кальмар арифмометрлерді алғаш рет өндірістік жағдайда шығарды.
- 1822 жыл — ағылшын математигі Чарльз Бэббидж айырмалық машинаны (математикалық кестелерді автоматты түрде құруға арналған арифмометр) ойлап тапты, бірақ іс жүзінде жасап көрсете алмады.
- 1855 жыл — Стокгольм қаласында ағайынды Георг және Эдвард Шутц Чарльз Бэббидж жұмыстарының негізінде алғашқы айырмалық машина жасады.
- 1876 жыл — орыс математигі П.Л.Чебышев ондықтарды үзіліссіз тасымалдайтын қосқыш аппарат құрды. Бұл ғалым
1881 жылы осы машинаға көбейту және бөлуге арнап қосымша бөліктер жасады.
- 1884—1887 жж — Герман Холлерит электрлік табуляциялық жүйе (Холлерит табуляторын) жасап шығарды, бұл жүйе 1890 және 1900 жылдары АҚШ-тағы, 1897 жылы Ресейдегі халық санағында қолданылды.
- 1912 жыл — орыс ғалымы А.Н.Крылов жобасы бойынша қарапайым дифференциалдық теңдеулерді интеграциялауға арналған машина жасалды.
- 1927 жыл — Массачусетс технологиялық университетінде аналогтық компьютер жасап шығарылды.
- 1938 жыл — неміс инженері Конрад Цузе өзінің алғашқы есептеуіш машинасын жасап, оған Z1 деген ат берді
(Оның соавторы ретінде Гельмут Шрейердің есімі де аталады). Бұл толықтай механикалық, бағдарламаланатын цифрлық машина еді. Бұл үлгі іс жүзінде қолданылмады. Оның қалпына келтірілген нұсқасы Берлиндегі неміс техникалық мұражайында сақталған. Осы жылы Цузе Z2 машинасын жасауға кірісіп кетті.
- 1941 жыл — Конрад Цузе Z3 машинасын жасады. Бұл машина қазіргі заманғы компьютердің барлық қасиеттерін ие болатын.
- 1942 жыл — Айова штатының университетінде Джон Атанасов және оның аспиранты Клиффорд Берри АҚШ-тағы алғашқы электрондық цифрлық компьютерді жасап бастады. Бұл машина толықтай аяқталмағанымен (Атанасов әскерге кетті), тарихшылардың айтуына қарағанда, американ ғалымы Джон Мочлидің екі жылдан кейін Эниак ЭЕМ-ін жасап шығаруыны көп әсерін тигізді.
- 1943 жылдың басында алғашқы американдық есептеуіш машина — Марк I жасалды. Бұл машина АҚШ әскери-әуе күштерінің күрделі баллистикалық есептерін шығаруға арналған еді.
- 1943 жылдың соңында арнайы мақсаттарда қолданылатын ағылшын есептеуіш машинасы — Колосс жасалды. Машина фашисттік Германияның құпия кодтарын шешумен айналысты.
- 1944 жылы Конрад Цузе
Z4 компьютерін жасап шығарды.
- 1946 жылы алғашқы әмбебап электронды цифрлық есептеуіш машина — Эниак жасап шығарылды.
- Кеңес Одағында алғашқы электрондық есептеуіш машинасы Киевте Сергей Алексеевич Лебедевтің басшылығымен
1950 жылы жасалды.
Компьютер техникасының экспоненциалды
дамуы.
Егер
есептеуіш құрылғылардың 1900 жылдан
бастап даму тарихына көз жүгіртетін
болсақ, машиналардың жұмыс өнімділігі
әрбір 18-24 айда екі есеге өсіп отырғанын
байқаймыз. Бұл ерекшелікті алғаш рет
1965 жылы «Intel» компаниясының басшыларының
бірі Гордон Е. Мур сипаттаған болатын.
Компьютерлер көлеміні кішірею процессі
де осындай жылдамдықпен жүріп келеді.
Алғашқы электрондық есептеуіш машиналар
көптеген тонна салмағы бар, бірнеше бөлмеде
орналасқан үлкен құрылғылар болатын.
Олардың қымбат екені сонша, оларды тек
үкіметтер мен үлкен зерттеу ұйымдары
ғана пайдалана алатын еді. Олармен салыстырғанда,
қазіргі заманғы компьютерлер біршама
қуатты, кішкентай және арзан болып табылады.