Delphi туралы түсiнiк

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Марта 2014 в 11:04, дипломная работа

Краткое описание

Мектепте информатикадан білім беруді қайта құру осы жұмыстың басты мақсаттарының бірі болып табылады. Оқушылардың информатикаға даярлауды жақсарту проблемасы, әсіресе қазіргі кезеңде, барынша алуан түрлі ғылымдарға информатиканың жедел енуі өмір шындығына айналып отырған кезде ерекше артып отыр. Алайда, оқушыларды мектепке оқыту мен тәрбиелеу ісін жетілдіру болашақ мұғалімді педагогтік институттар мен университеттерде әдістемелік-математикалық, психология-педагогикалық және кәсіптік даярлауды жетілдірумен барынша тығыз байланысты.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Delphi-программалау-тілін-пайдалану.doc

— 469.50 Кб (Скачать документ)

Кестені қазақ алфавиті әріптерімен теру тәсілі әдеттегідей. Егер бұл тәсіл жүрмесе, Data Desktop мәзірінен Edit — Preferences (Редакциялау – (Ұнамды) командасын беріп, ашылған терезенің Generel (негізгі) қосымша бетінен Change (Өзгерту) түймесін шерту керек. Change Font (Шрифті өзгерту) терезесі көрінеді. Терезеден қажетті шрифті таңдап, Ok түймесін шертеміз. Сосын Database Desktop жұмыс столын жауып, оны қайта қосуымыз керек. Сонда ғана амалымыз орындалады.

Алиас құру. Берілгендер қорымен жұмыс істеу кезінде кестеге қол жеткізетін жолды енгізу көп қиындық туғызатыны белгілі. Delphi-гe жолды тек берілгендер қорының атауымен алмастыратын тәсіл енгізілген. Мұндай атау бүркеншік атау не алиас (aIias) деп аталады. Арнайы құрылған БҚ бумасын алиас түрінде қарастыру үшін Delphi құрамына енгізілген DBE утилитасы пайдаланылады (BDE — Borland Database Engine - Borland корпорациясының берілгендер қоры құрамы).

Жалпы, BDE — Delphi-дің құрылған қосымшамен берілгендер қоры арасында байланыс орнату, олармен жұмыс істеу жүйесі. Ол Paradox, dBase берілгендер қоры жүйелері үшін, ал соңғы кездегі Access, FoxPro үшін де басқару жүйесі болып табылады. Бірақ соңғы жүйелерге қол жеткізу үшін арнайы программаны пайдалану керек.

BDE утилитасы берілгендер қоры кестелерімен жұмыс істеу үшін драйверлер деп аталатын арнайы программаларды пайдаланады. Оларға БҚБЖ-лерінің атауларымен бірдей атаулар берілген, мысалы, Paradox__7, dBase_IV. Олардың бірін таңдау үшін сәйкес БҚБЖ-сінде құрылатын кестенің өріс типтерін білу жеткілікті. Мысалы, Paradox жүйесі үшін пайдаланылатын типтер жоғарғыдағы кестеде көрсетілген.

BDE-де драйверлер екі түрлі жиынтықты. Біріншісі — жергілікті деп аталатын Paradox, dbase, FoxPro, Access жүйелерімен.

Екіншісі — күрделі SQL — серверлік InterBase, т.б. жүйелерімен жұмыс істеу үшін бірінші жиынтықтың Paradox драйверлермен жұмыс тәсілі көрсетілген.

Delphi құрамында берілгендер қоры алиасын дайындауға арналған екіутилита бар:

  1. SQL Explorer(SQL зерттеушісі (браузері));
  2. BDE Administrator (BDE басқарушысы);
  3. SQL Explorer-ді пайдаланып, алиас дайындау технологиясы:
  4. Database — Explore (Берілгендер қоры - Браузер) командасын беру.

SQL Explorer терезесі шығады. Терезенің сол бөлігінде көрінгені — BDE жүйесінде тіркелген барлық берілгендер қорының тізімі (тізімінен ағымдық қор таңдалған кезде оң жағында оның қасиеттері көрінеді).

Терезеден Object — New (Объект-Жаңа) командасын бер. New Data Alias сұхбаттық терезесі ашылады. Алғашқы рет онда көрінетіні Paradox форматында құрылатын STANDARD алиасы таңдап аламыз. Садан кейін Ok түймесін шертеміз. SQL Explorer терезесінде көрінген тізімге төртбұрыш ішіне алынған жаңа алиас кірістіріліп қойылады. Төртбұрыш - алиас үшін пайдаланылатын БК, құрудың әлі аяқталмағандығының белгісі. 3. STANDARD1 алиас Database Desktop терезесінің ішінде құрылған берілгендер қоры атауын My Databases деп алмастырамыз. Ол үшін STANDARD1 атауын таңдап, Object — Rename (Объект — Атын өзгерту) командасын беру және пернетақта арқылы My Databases атауын енгізіп, кез келген пернені басу керек. Егер дайындалған алиас таңдалса, тізімнен терезенің қасиеттер жазылған бөлігінде DEFAULT DRIVER (үндемелер кездегі драйвер) қасиетіне PARADOX форматы жазулы тұруы тиіс. Оның PATH (Жол) қасиетіне толық жолды енгізіп қоюға болады. Толық жолы PATH қатарының оң жағын шертіп, ашылған терезеден таңдауға болады. Таңдау тәсілі Select Directory сұхбат терезесі арқылы орындалады. Терезеде көрінген My Databases бумасы таңдалған кезде терезенің оң жағында онда сақтаулы кестелер тізімі көрінеді. Дайындалған кестені Database Desktop утилитасының My Databases бумасында (Берілгендер қоры файлында) сақталған жөн. Оны іске қосу үшін файлға баратын жолды көрсету керек (PATH).

Мысалы, My Databases-ке баратын жол: C:\ ProgramFiles\ Borland\ DatabaseDeasktop\ MyDatabases

BDE жүйесіне енгізілген алиасты BDE-де тіркеу (сақтау). Ол үшін тізімнен My Databases атауын таңдап, Object — Apply (Объект - Қолдану) командасын орындау керек. Алиасты өзгеру сұралатын сұхбаттық терезе көрінеді. Оның Ok түймесін шертеміз.

SQL Explorer терезесін жабу алдын My Databases алиасының ерекшеліну белгісін алып тастаған жөн. Алиасты формаға кестені не сұранысты шығару үшін пайдалануға болады. Оны төменде қарастырып кетеміз.

 

2.2  Алиасты BDE Administrator арқылы дайындау

 

1.Windows терезесінен Программы — Borland Delphi 3 — BDE Administrator командасын орындаймыз. BDE Administrator сұхбаттық терезесі көрінеді. Оның сол жақ бетінде көрінгендер - SQL Explorer терезесінде көрінетін BDE жүйесінде тіркелген барлық берілгендер қорының тізімі.

2.Терезеден Object — New (Объект-Жаңа) командасын бер. New Data Alias сұхбаттық терезесі ашылады. Алғашқы рет онда көрінетіні Paradox форматында құрылатын STANDARD алиасы таңдап аламыз. Садан кейін Ok түймесін шертеміз. BDE Administrator терезесінде көрінген тізімге төртбұрыш ішіне алынған жаңа алиас кірістіріліп қойылады. Төртбұрыш алиас үшін пайдаланылатын БК, құрудың әлі аяқталмағандығының белгісі.

3. STANDARD1 алиас Database Desktop терезесінің ішінде құрылған берілгендер қоры атауын My Databases деп алмастырамыз. Ол үшін STANDARD1 атауын таңдап, Object — Rename (Объект — Атын өзгерту) командасын беру және пернетақта арқылы My Databases атауын енгізіп, кез келген пернені басу керек. Егер дайындалған алиас таңдалса, тізімнен терезенің қасиеттер жазылған бөлігінде DEFAULT DRIVER (үндемелер кездегі драйвер) қасиетіне PARADOX форматы жазулы тұруы тиіс. Оның PATH (Жол) қасиетіне толық жолды енгізіп қоюға болады. Толық жолы PATH қатарының оң жағын шертіп, ашылған терезеден таңдауға болады. Таңдау тәсілі Select Directory сұхбат терезесі арқылы орындалады. Терезеде көрінген My Databases бумасы таңдалған кезде терезенің оң жағында онда сақтаулы кестелер тізімі көрінеді. Дайындалған кестені Database Desktop утилитасының My Databases бумасында (Берілгендер қоры файлында) сақталған жөн. Оны іске қосу үшін файлға баратын жолды көрсету керек (PATH).

Мысалы, My Databases-ке баратын жол:

C:\ProgramFiles\Borland\DatabaseDeasktop\MyDatabases

4.BDE жүйесіне енгізілген алиасты BDE-де тіркеу (сақтау). Ол үшін тізімнен My Databases атауын таңдап, Object — Apply (Объект - Қолдану) командасын орындау керек. Алиасты өзгеру сұралатын сұхбаттық терезе көрінеді. Оның Ok түймесін шертеміз.

5. BDE Administrator терезесін жабу алдын My Databases алиасының ерекшеліну белгісін алып тастаған жөн. Алиасты формаға кестені не сұранысты шығару үшін пайдалануға болады. Оны төменде қарастырып кетеміз.

Database Desktop утилитасында сақтаулы кестені экранға шығару үшін оның терезесін ашу керек. Ол мыны амал арқылы орындалады: File — Open — Table (Файл — Ашу - Кесте). Open Table (Кестені ашу) терезесі көрінеді. Терезенің My Databases бумысын ашып, әдеттегідей, онда жазылған кесте атауын таңдау керек. Одан кейін Ашу түймесін шерту жеткілікті.

Database Desktop утилитасында сақталған кестені редакциялау қажет болса, кестені ашып, жөнделетін өріске курсорды орналастыру керек. Одан кейін Table-Edit Data, беріп, өрісті редакциялап шығу қиын емес.

Кестеге жаңа жазу қосу үшін кестені ашып, курсорды соңғы жазудың бірінші өрісіне орналастыру және Table — Edit Data комндасын орындау керек. Одан кейін кестеге жаңа жазуларды әдеттегідей енгізіп, кестені жабу жіткілікті.

Кестені жаратудың екінші бір түрі бар. Ол программа бойынша жарату.

Database Desktop утилитасы арқылы дайындалған бос кестені программа арқылы (динамикалық түрде) дайындауға болады. Мысалы, Paradox типті My Databases алиасында Нөмірі, Шығарған завод, Маркасы, Шығарған жылы, Түсі, Бағасы атаулы алты өрістен түратын Rous5.db кестенің өріс тақырыптарын дайындау тәсілі мына амалдар арқылы орындалады.

1. Жаңа проект ашып, формада Tablel, Buttonl компоненттерін орнату.

2. Код терезесінде Buttonl компонентінің OnClick оқиғасын өңдеуіш процедурасын құру керек.

Procedure Tforml.ButtonlCIick(Sender:TObject)

Begin

With Table do Begin

DatabaseName: = 'My Databases';

TableType:=ttParadox;

TableName: = 'Rous5.db';

With FieldDefs do

Begin

With AddFieldDef do

Begin

Name: = 'Шығарған завод';

DataType:=ftString;

Size:=20; End;

With AddFieldDef do Begin

Name: = 'MapKacbi'; DataType:=ftString; Size:=20; End;

With AddFieldDef do Begin

Name: = 'Tyci';

DataType:=ftString;

Size:=20;

End;

End;

CreateTable;

End;

End;

мұндағы Create Table (Кесте құру) - TTable компонентінің кесте құру әдісі. Ол таңдалған құрылым бойынша бос кесте құрады (әдісті Paradox не dBase форматында ғана пайдалану мүмкін); Table — берілгендер қоры кестесіне қол жеткізу компоненті. Программада пайдаланылған қасиеттер: DatabaseName — алиас атауын анықтау; TableType — кесте типі; TableName — кесте атауы;

FieIdDefs — кесте өрістерін массив ретінде сипаттау;

AddFieIdDef - өріс қосу;

Процедура өрістер string типті етіп сипатталды.

1) Программада Create Table әдісі барлық қасиеттерді орындап, Add әдісін енгізген соң ғана жазылады.

2) TableType қасиеттерінің мүмкін болатын мәндерін анықтауға арналған TTabIeType типінің сипаттамасы DBTabIes модулінде сақталған. Ол модульдің Uses бөліміне кірістіріліп қойылуы тиіс (оның автоматты түрде кірістірілуі де мүмкін).

3) Процедураны іске қосып, көрінген форманың Button 1 түймесін шерту. Кесте алиас түрінде сақталған берілгендер қорына жазылып қойылады. Оны ашып, толтыру тәсілін жоғарыда айтып кеткенбіз.

 

2.3 Формада берілгендер қорымен объектілерді

байланыстыру.

 

Формада Database Desktop утилитасында құрылған кестеге қол жеткізу компоненттер панелінің Data Access (Берілгендерге кіру) қосымша бетіне енгізілген Table, DataSource және Data Controls (Берілгендерді басқару) қосымша бетіне енгізілген DBGrid компоненттері арқылы орындалуы мүмкін. Формаға орнатылған төмендегі компоненттердің негізгі іс-әрекеттері.

TTabIe (Кесте)-кез келген БҚ кестесіне қол жеткізу;

TDataSource (Берілгендер көзі) - DataSet (Берілгендер жиынтығы) қасиеті арқылы нақты кестемен байланыс орнату;

TDBGrid (Берілгендер кестесі)- DataSource қасиетіне DataSource берілгендер көзін меншіктеп, терезесіне нақты берілгендерді (кестені не сұранысты) енгізу. Ол үшін алдымен Tablel, DataSourcel компонентеріне ретімен төмендегі кестеде көрсетілгендей, қажетті қасиеттерді меншіктеп алса болғаны.

Осы амалдарды орындау төмендегі жолдарды іске асыру қажет.

1. Жаңа проект ашу.

2. Формаға Tablel, DataSourcel, DBGridl компоненттерін енгізу.

3. Төмендегі кестеде жазалған ретімен компоненттер қасиеттерін орнату:

Компонент

Қасиет

Мән

Table 1

Name

Table 1

 

DatabaseName

My Database ▼

 

TableName

Rousl.db ▼

 

Active

True

DataSourcel

Name

DataSourcel

 

DataSet

Table 1

DBGridl

Name

DBGridl

 

DataSource

DataSourcel

 

Font

Times Kaz, 10


Мұндағы Tablel компонентінің DatabaseName, TableName қасиеттерінің мәндері мәндер тізімдерінен (▼) таңдалу тиіс (DatabaseName қасиетінің мәні — кесте сақталған берілгендер қоры атауы (алиасы). Оның орнына БҚ-на баратын жолды енгізген де мүмкін).

DBGridl компонентінің DataSource (Берілгендер көзі) қасиетіне DataSourcel мәні меншіктелген кезде, Tablel объектісінің Active қасиетіне True мәні меншіктелуіне байланысты, DBGrid компоненті терезесінің ішіне Rousl.db кестесі енгізіліп қойылады.

Жалпы, Active қасиеті арқылы берілгендер Rousl.db жиынтығы ашылады және жабылады. БК, - мен жұмыс істейтін қосымшасының құрамына бір Table және бір DataSource компоненттерінің болуы қажет. Олар формада орнатылған соң қасиеттеріне мәндер жоғарыда кестеде көрсетілген ретпен меншіктелуі тиіс.

DataSourcel компоненті өзінің DataSet (Берілгендер жиынтығы) қасиеті арқылы нақты кестемен байланысады. Ол — Tablel және DBGridl компоненттерін келістіруші де.

Delphi-де TDataSet класы берілгендер қоры объектілерінің негізгілерінің бірі. Ол кестені ашуға пайдаланылады, яғни, Table компаненті — TDataSet класының мүрагері DataSet DataSource компонентінің қасиеті ретінде пайдалануы да мүмкін.

Сұранысты формаға түсіру. Delphi-де сұраныс құрудың көп пайдаланатын тәсілі — формаға орнатылған Query, Table, DataSource, DBGrid компаненттерін пайдалану. Құрылған сұраныс DBGrid терезесіне енгізіледі.

Database Desktop-та құрылған Rousl.db кестесінен + + + және онан кейінгі жылдары туылған адамдардың тізімінен тұратын сұраныс құру керек.

1. Жаңа проект ашып, формасына TabIel, DataSOurcel, Queryl, DBGridl компоненттерін орнату.

2. Ретімен компоненттер қасиеттеріне мәндер меншіктеу:

Компонент

Қасиет

Мән

Table 1

DatabaseName

My Databases

 

TableName

Rousl.db

DataSourcel

Name

DataSourcel

 

DataSet

Queryl

Queryl

DatabaseName

MY Databases

 

SQL

[Tstring]

DBGridl

DataSource

DataSourcel

Form 1

Font

Times Kaz, 10

Информация о работе Delphi туралы түсiнiк