Delphi программалау жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Сентября 2014 в 15:45, курсовая работа

Краткое описание

Менің курстық жұмысымда Delphi-дің мультимедиалық мүмкіндіктер жалпы толығымен қарастырылғалы отыр. Delphi ортасында мультимедиалық құралдарды пайдалануды жеңілдететін арнайы кластар қарастырылған . Delphi программистке экранға графикалық бейнелерді шығаратын программаларды жасауға мүмкіндік береді.Осы крустық жұмысымды бойынша програмамды қиындатып анимациялап қозғалыстарға келтіріуге, мультимедия көмегімен іске асыруға тырысамын.
Әлемдегі миллиондаған программистер Delphi-де жұмыс жасайды және олардың көбісі Delphi-де мәліметтерді өңдеуге және сақтауға арналған программалар құрады. Күнбе-күн коммерциялық және жеке мәліметтерді санамағанда (адам аттары, мекен-жайлар, есепшоттар) визуальды интерфейс көмегімен жұмыс істеу керек болатын көптеген ақпараттар бар: дыбыс файлдары, видео көріністер, WEB –парақшалары және т.б. Осындай көп ақпарат арасында өзімізге керекті мәліметтерді алу үшін, оларды өңдейтін программалар қажет.

Содержание

КІPІСПЕ
3
II.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Delphi программалау ортасы

Delphi программалау жүйесі………. 6
Delphi–дің артықшылықтары……….. 7
Өнімнің негізгі сипаттамалары………… 7
Ұйымдастырушының ортасын икемдеу … 13
Компоненттер………. 16
Delphi программалау ортасының графикалық мүмкіндіктері
Мәті шығару
Canvas объектінің қасиеттері
2. Delphi ортасынның графикалық мүмкіндіктерін сипаттайтын программа 21
2.1
Delphi-дің мультимедиалық мүмкіндіктері
5
2.2
Мультимедия және анимация
6
2.3.
Animate компоненті
7
2.4.
III.
Media Player кoмпоненті
Программалық бөлім
8 9
3.1
3.2
Есептің берілгені
Есептің алгоритимі
10
11
3.3
Порограмма листигі
12
IV.
ҚОРЫТЫНДЫ
13



V. Қолданылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

Delphi-дің мультимедиалық мүмкіндіктері 24.doc

— 715.50 Кб (Скачать документ)

2.1. Delphi-дің мультимедиалық мүмкіндіктері

Қазіргі замндағы  көптеген Windows ортасында жұмыс істейтін программалар мультимедиялық болып табылады.Осындай программалар видеороликтер мен мультипликацияларды, музыка қосуды,қолданылатын амалдарды, дыбыстық эффектілерді көрсетуге мүмкіндік береді. Мультимедиалық программаларға нақты мысал ретінде ойындар мен оқылатын программалар жатады.

Delphi-ортасында мультимедиялық программалар  жасау үшін екі компоненттің  қызыметін пайдалануға болады.Олар  мультимедиялық программамен жұмыс істеуге мүмкіндік береді:     

  • Animate — Жәй анимацияны шығаруға мүмкіндік береді (қолданушы файлды көшіру уақытында көрген кезде)
  • MediaPlayer —Аса қиын есептерді шығаруға мүмкіндік береді.Мысалы: видеороликтерді, дыбысты, дыбысы бар анимацияны шығаруға және т.б.

2.2 Мультимедиа және анимация

   Көптеген графикалық файлдар  форматы секілді дыбыстық файлдар  мен мультимедиа саны да баршылық. Бұл екі файлдар тобын бірдей  дәрежеде сипаттап өткен жөн, өйткені мультимедиа файлдары  көптеген жағдайда дыбыс жолағымен  кездеседі.Сондықтан да дыбыс  туралы сөз болғанда, мультимедиадағы дыбыстың ролін атап өтпеген қателік болар.

     Ең қарапайым дыбыстық  файл ретінде .wav деген толқындық  файлды атап өтуге болады. Онда  әр дыбысқа сәйкес келетін  электрлік сигналдың сандық мәлімет  жазылған толқындық формасы көрсетілген. Толқындық файл дыбыстың негізі екенін, ол қалай жұмыс істейтіні туралы ештеңе “білмейді”,сол себепті дыбыстық клипті сақтау үшін үлкен көлемдегі мәліметті есте сақтауы тиіс.

     Басқа көп қолданылатын  файл – тасымалдаушылар қатарына  да музыкалық аспаптардың сандық интерфейс  (MIDI) файлы жатады. .Midi файлдары музыкалық фрагменттерді сақтау үшін қолданылады. Бұл файлдарда дыбыс белгілі бір ноталардың қандай аспаптарда орындалып, қанша уақытқа созылатынын көрсететін берілімдер ретінде сақталады. MIDI файлдарының басты артықшылықтарының бірі файлдар салыстырмалы түрде үлкен емес болады. MIDI файлдары толқындық файлдарға жатады, оны метафайлдардың - .bmp файлдарына жату мысалдарымен түсіндіруге болады.Екі жағдайда да бірінші типті файлдар қандай берілімдерді көрсететінін анықтаса, екінші типті файлдар шығаратын құрылымға кететін ішкі берілімдерді көрсетеді.

     Толқындық және MIDI файлдар  тек қана дыбыс немесе музыканы  сақтауы мүмкін. Видео мәліметті  сақтауы үшін бірнеше форматтар  тізімі жасалынған.

Олардың ішінде AVI және MPEG файлдары көптеген видеофайлдармен қатар дыбыстық жолақтарды да сақтай алады. Сол себепті дыбыс суретпен бір уақытта шығып отырады. Видеофайл дегеніміз және ол қалай жұмыс істейді? Адамның миы бір бірінен онша айрықшаланбайтын суреттер тізбегін қозғалыс кейпінде қабылдайды.Осы суреттердің әр қайсысы кадр деп аталады. Әр келесі кадр алдыңғысынан кішкене айрықшаланады. Адам миы кадрлардың алмасуын қозғалыс ретінде қабылдау үшін, секундына 30 кадрды шығару жақсы болар еді.Одан да көп жиелікпен шығару сапаның айтарлықтай өсуіне алып келмейді, ал егер жиелікті төмендетсек, экран жарқырайтындай көрініс байқалады.

     Егер файлда әрбір  кадр экранның биттік матрицасындай (ал ол  бірнеше килобайт) сақталса, онда өте үлкен дискілік жадыға  қажеттілік туар еді: осындай қарапайым сызба бойынша компакт дискіге 72 секундты видеофильм жазуға болар еді.

Сондықтан видеофильмдерді сақтау үшін видеоберілімдерді сығу техникасы қолданылады.

     Егер сығудың әдістерінің  күрделі математикасына терең  қарамасақ, онда бар мағынасы келесіге тіреледі. Келесі кадр түскенде, аппаратура немесе сығу программасы “Бұл кадрды аз көлемде сақтауға бола ма, егер тек екеуінен айрықшаланатынды ғана жазсақ, әлде бәрін тұтас жазу керек пе?” деген сауал қояды. Көбінесе тек өзгеретін бөліктерді сақтау ыңғайлы. Мысалы,басқа камераны қосқанда өзгерістің бейнеленуі кадрдан көп орын алатын еді.

     Мультимедианы сақтау  әдістерінде үлкен жетістіктер  алынуда. Тіпті қазір тұтас метражды  кинофильмді стандартты CD-ROM да жазуға  болады.

BEEP, MESSAGEBEEP дыбыстарын шығару  процедуралары

     Дыбысты басқарудың  ең қарапайым процедурасы BEEP болып  табылады. Оның параметрлері жоқ, егер компьютердің дыбыстық картасы  болып, сандартты сигналы берілсе, Windows- тағы стандартты дыбыстық  сигналды да шығарады. Егер дыбыстық карта болмай немесе стандартты сигнал орнатылмаса, дыбыс компьютердің динамикасы арқылы қарапайым щелчок ретінде шығарылады.

    Жаңа приложение ашып, щелчок артында тек бір сөз  жазатын перне енгіземіз:

  BEEP;

Приложениені жіберіп, пернеде шертіп Windows-тың стандартты дыбысын ести аламыз.

  MESSAGEBEEP күрделі процедура болып  табылады. Ол

Function MESSAGEBEEP (uType:Word):Boolean; ретінде анықталған uType параметрі шығарылатын дыбысты [sounds] реестрдің идентификатор ретінде  көрсетеді.

 Онда Windows-тың әр түрлі жағдайларын  шығарып салып отыратын дыбыстар  жазылған “ Бақылау панеліндегі  “ дыбыс атты приложение көмегімен  қолданушы белгілі бір дыбыстарды  өшіруге немесе керісінше орнатуға  әбден болады.

     uType келесі мағыналарға ие бола алады:

Мағына

Дыбыс

MB_ICONASTERISK

SYSTEM  ASTERISK- жұлдызша

MB_ICONEXCLAMATION

SYSTEMEXCLAMATION- леп берлгі

MB_ICONHAND

SYSTEMHAND- критикалық қате

MB_ICONQUESTION

SYSTEMQUESTION-сұрақ

MB_OK

SYSTEMDEFAULT- стандартты дыбыс


    Дыбысты шақырғаннан кейін MESSAGEBEEP функциясы шақырылған функцияны басқаруы қайтарады және дыбысты асинхронды түрде шығарады.

Шығару кезінде приложение жұмыс істеуін тоқтатпауға да болады.

    Дыбыс функциясында көрсетілгенді  шығару мүмкін болмаса, үнсіздік  бойынша орнатылған стандартты жүйелік дыбысты шығаруға іс жасалады. Егер бұл да орындамаса, онда стандартты сигнал динамик арқылы шығарылады.

    Сәтті орындалған кезде  бастапқы  (яғни  мөлдір ) мәні  қайтып келеді.

       2.3 Animate компоненті

Animate компоненті Windows стандартты видео клипін формада дыбысты орындауға мүмкіндік береді(файлдық көшірменің типі, файлдарды іздеу және т.б)және үнсіз видео файл .avi - Audio Video Interleaved. Бұл файлдар биттік матрицалардың ізбасарлық кадрын көрсетеді. Олар дыбыстық  Avi клиптерін ғана дыбысты орындай алады.

Дыбысты орындалатын бейне мынадай екі қасиеттің бірімен беріледі

FileName немесе Common Avi.FileName проектілеу  процесінде және дыбысты орындалатын  файлдың атын программалау беру  мүмкіндігіне ие.

Ал CommonAVI қасиеті Windows-тағы стандартты мультипликацияны дыбысты орындау мүмкіндігін береді. Бұл қасит төмендегідей жүзеге асады:

Type TCommonAVI=(aviNone, aviFindFile, aviFileComputer, aviCopyFile, aviCopy File, aviRecycleFile, aviEmptyRecycle, aviDeleteFile);

Propery CommoneAVI:CommanAVI;

TCommonAVI типі Windows-та алдын ала  анықталған файлдарды көшіру, файлдарды  іздеу, файлдарды өшіру және т.б. Мультипликациялық типтердің жиынын  анықтайды. Олардың әрқайсысының  мағынасын текстік қосымшада  қарастырамыз.

Ал әзірге CommonAVI-дің мағынасын орнатсақ, мәселен, тең   aviCopyFile деп. Бұл файлдық көшірмені стандартты бйнелеуге сәйкес келеді. Animate компонентіндегі Repetitions қасиеті дыбысты орындалатын клиптің қайталануы санын береді. Егер ол 0-ге тең болса (мәңгі үнсіз), онда Stop әдісі орындалғанша дыбысты орындау үсті-үстіне қайталанады. Бұл әдіс орындалу кезінде OnStop оқиғасы генерирленеді.OnStop-ты, мысалы, бейнені өшіруге –көрінбейтіндей етіп жасау үшін қолданылады.

Егер Repetitions қасиетіне 0-ден үлкен мән берсек, онда клиптің қайталануы санын анықтайды. Animate компонентіндегі Active Қасиетін  “true” деп өзгертеміз. Сонда бейнені орындау жүзеге асып, клип сан ретінде қайталанады.

Орындалған бейнені кадр бойынша көре аласыз. Ол үшін компонентте тышқанның оң жақ батырмасын басыңыз және шыққан менюден NextFrame  (келесі кадр) немесе PreviousFrame(алдындағы кадр) бөлімін таңдаңыз. Бұл сізге клиптің фрагментін таңдауға мүмкіндік берді, егер сіз клиптің толығымен дыбысты орындалуын қаламасаңыз. Клиптің фрагмент дыбысты орындау үшін StartFrame-дыбысты орындалудың бастапқы кадры, және StopFrame дыбысты орындалудың  соңғы кадры қасиеттерін орындау керек.

Төменде көрсетілгендей клиптың фрагментін дыбысты орындатуды

  Play  арқылы жүзеге асыруға  болады.

Procedure Play(FormFrame6ToFrame:word;Count:integer);

Кадрлық клиптің берілген ізбасар әдісін FromFrame-нан ToFrame-ға дейін кірсе, дыбысты орындалу бір рет Count қайталанады. Егер FromFrame=1,  онда дыбысты орындалу бірінші кадрдан басталады. ToFrame  FromFrame-нен кем болмау керек  және FrameCount(тек оқуға арналған қасиет) қасиетімен анықталатын және клиптегі кадрлардың толық сан мәнін көрсететін  мағынадан үлкен болмауы керек . Егер Count=0 болса, онда stop әдісі орындалмайнша  дыбысты орындалу қайталана береді.

Play –ң орындалуы StartFrame FormFrame-ге тең, StopFrame ToFrame-ге тең, Repetition Count-ке және true болатын Active-тың келесі орнатуына тең болатын орындалуымен пар.

  Animate компонентінде компонентті  ашу және жабу дыбысты орындалудың  басы мен аяғын генерирлейтін OnClose OnOpen OnStart және OnStop оқиғалары қарастырылған.

   Енді Animate компонентің мүмкіндіктерін  көрсететін текстік қосымша құрсақ.... Осы қосымшада Animate компонентінің Visible қасиетін  false-қа өзгертсек. Бұл  файлдарды көшіру, файлдарды іздеу және т.б. оқиғалары болған кезде бейнелер шығу үшін қажет. Текстік қосымшада дыбысты орындауды тоқтату және ену батырмасын басу арқылы мультипликация лы орындалатын оқиғаның басын және аяғын өзгертуге болады.

Сондықтан, дыбысты орындалу соңына дейін орындалу үшін        Repetitions қасиетін 0-ге тең деп беру керек. Active қасиетін false-қа орнатамыз. Сол сияқты бейне экранның центрінде пайда болу үшін    AutoSize қасиетін false-қа, ал Center қасиетін  true,яғни ақиқат мән орнатамыз.

 Animate компоненттінің қасиеттері

Animate компоненттінің Win32 (1-сурет.) қосымшасында орналасқан.Ол кадрлары AVI-файлдарында орналасқан анимациямен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

 
 Animate компоненттінің белгісі

Десе де, AVI-файлында орналасқан анимацияны дыбыстық,эфект арқылы жылжытуға болады(сондай болуын тексеру үшін,мысалы Windows Media программасы арқылы көруге болады). Animate компаненті суреттің ойнатылуына ғана қолданылады.Ал толық дыбысы арқылы жүретін анимацияларға Media Player компонентін қолданамыз.  

Animate компоненті формаға әдеттегідей  орнатылады.Қосқаннан кейін оның  сәйкесінше қасиеттерін тағайындау  керек. Animate компоненттінің қасиеттері  төменде келтірілген кестеде көрсетілген.

1-кесте. Animate компоненттінің қасиеттері

 

Қасиет

Анықтамасы

 
 

Name

Компонент аты. Компонент қасиетіне кіру мүмкіндігін алу үшін падаланылатын компонент атауы.

 
 

FileName

Компонент көмегімен бейнеленетін анимация орналасқан AVI-файлының аты.

 
 

StartFrame

Анимация бейнесі басталатын кадр номері

 
 

stopFrame

Анимация бейнесі аяқталатын кадр номері

 
 

Activate

Анимация кадрларын бейнелеу прцесін екпінді жасау белгісі

 
 

Color

Анимация өтетін компонент фонының түсі

 
 

Transparent

Анимацияны бейнелеу кезінде «мөлдір» түсті пайдалану

 
 

Repetitions

Анимация бейнесін қайталау мөлшері

 
       

Animate компаненті теқ қана AVI-файлдарын  ұйымдастыру үшін ғана қолданылады. FileName қасиетіне дыбыс шығаратын  файл атын енгізсеңіз, онда Delphi сізге қате туралы хабар береді. AVI-файлының ішіндегісін көргіңіз келсе, онда Windows- де керекті AVI-файлын белгілеп Қасиет командасын орындаңыз. Нәтижесінде Қасиет терезесі ашылады, осы жерде файл туралы толық ақпарат берілген.

 

       Сводка батырмасында AVI-файлы жайлы информация көрінеді

                                              

                            Программа формасы Анимация көру

Формаға  программа құрғаннан кейін анимацияның бірінші кадры шығады.Анимацияны көру үшін программа  екі режиммен жүреді: непрерывный и покадровый .

 Animate1 компонентінің қасиетінің түсінігі

       
 

Қасиет

Түсінігі

 
 

FileName

bart.avi

 
 

Active

False

 
 

Transparent

True

 

Button1 кнопкасы анимацияны қозғалту  үшін және тоқтату үшін қолданылады. Тоқтаусыз айналатын анимация  процедурасын жөндеу Onclick оқиғасы  Пуск кнопкасында, Active қасиетіне True ұғымын қойғанда. Дәл осы батырма (Button1) Пуск-тан Стопқа ауысады.Анимацияны ойнату үшін Ra-dioButton1 және RadioButton2 ауыстырғыш қосқыштар арқылы таңдалады.Процедураларды өңдеуге Onclick оқиғасы ауыстырғыш қосқыштарға Enabled қасиетінің мағынасы басқаруға мүмкін немесе мүмкін емес жасайды:Анимацияны жандандырушы қозғалтқыш (Button1), келесіге өту үшін(Button2)   және келесіге өту үшін(Button3).Анимация тоқтаусыз ойналғанда Onclick оқиғасы Стоп батырмасы  Active қасиетіне False ұғымын қояды,сол арқылы ойналған анимациялық процесс тоқтатылады.

                    

                     

 

        

              

 

                 Delphi  ортасында анимациялық бейне  көрінісі.

2.4 Media Player компоненті

   Берілген компонент өзінде Windows Media Player-ң мүмкіндік тізімін  ұсынады және программа шекарасында әртүрлі форматтағы музыкаларды және видеоклиптерді шығаруға арналған. Оны басқару батырмалар наборы көмегімен жүзеге асады. Медиа- плеер System бетінде орналасқан.

Информация о работе Delphi программалау жүйесі