Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Января 2015 в 18:46, курсовая работа
Есептеуіш техниканың қарқынмен дамуы тиімді программалық құралдарды жасау – объектілі бағдарланған программалау жүйелерінің жасалуына әкелді. Жылдам құру жүйесінің негізіне (RAD-Rapid Application Development –қосымшаларды жылдам құру ортасы)визуалды жобалау мен оқиғалы объектілі бағдарланған программалау технологиясы алынған.
Кіріспе
1 Теориялық негізі және ақпаратпен жабдықталуы
1.1. Объектілі бағыттылған программалау ортасының мүмкіндіктері
1.2. Delphi тілінде айнымалыларды түрлендіру функциялары
1.3 Матрицаларды өңдеуде қолданылатын компоненттер
2 Массив элементтерін ЕНГІЗУ ЖӘНЕ ШЫҒАРУ
2.1 Массивтерді сипаттау
2.2 Массив элементтерін өңдеу
2.3 Екі өлшемді массивтерді өңдеу алгоритмі
3 dELLLPHI ОРТАСЫНДА есептерді шешу және талдау
3.1 Delphi программалау тілінде есепті реализациялау
3.2 Есептің нәтижесін талдау
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Мазмұны
Кіріспе
1 Теориялық негізі және ақпаратпен жабдықталуы
1.1. Объектілі бағыттылған программалау ортасының мүмкіндіктері
1.2. Delphi тілінде айнымалыларды түрлендіру функциялары
1.3 Матрицаларды өңдеуде қолданылатын компоненттер
2 Массив элементтерін ЕНГІЗУ ЖӘНЕ ШЫҒАРУ
2.1 Массивтерді сипаттау
2.2 Массив элементтерін өңдеу
2.3 Екі өлшемді массивтерді өңдеу алгоритмі
3 dELLLPHI ОРТАСЫНДА есептерді шешу және талдау
3.1 Delphi программалау тілінде есепті реализациялау
3.2 Есептің нәтижесін талдау
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ҚОСЫМША
Кіріспе
Ақпараттық коммуникациялық технологиялардың қарқынмен дамып, күнделікті тұрмысқа енуіне байланысты соңғы кездері программалауға деген қызығушылықтың арта түскені белгілі. Қазіргі уақытта компьютерсіз қандай да бір жұмыс істейтін адамға қандай да бір ұмтылысты тудыруы мүмкін.
Есептеуіш техниканың қарқынмен дамуы тиімді программалық құралдарды жасау – объектілі бағдарланған программалау жүйелерінің жасалуына әкелді. Жылдам құру жүйесінің негізіне (RAD-Rapid Application Development –қосымшаларды жылдам құру ортасы)визуалды жобалау мен оқиғалы объектілі бағдарланған программалау технологиясы алынған. Мұндай программалаудың мәні – программа жасаушы құрал жұмыстың көп бөлігін өзі атқарып, программистке диолог терезелерін құрастыру мен оқиға өңдеушіні құру жұмыстарын қалдырады. RAD жүйелерінің ішінде Borland Delphi және Visual Basic орталары әртүрлі программалар құруға мүмкіндік береді: қарапайым бір терезелік қосымшалардан бастап, үлестірілген мәліметтер қорын басқару программаларына дейін. Borland Delphi ортасындағы программалау тілі Object Pascal тілі.
Курстық жұмыстың тақырыбы: Екі өлшемді массивтерге әртүрлі амалдар қолдану
Курстық жұмыстың мақсаты: Объектілі -бағытталған программалау ортасында бір өлшемді және екі өлшемді массивтерге әртүрлі амалдар қолданып, күрделі есептерді шешуде қолдануды үйрену.
Программалау іскерлігін үйрену үшін нақты есептер шығарып, программасын жаза білу қажет. Ол үшін программалау тілі мен оны құру ортасын меңгеру керек. Объектілі бағдарланған программалау жүйелерінде программалаудағы негізгі ерекшелік алдымен программалау синтаксисі мен компоненттерді пайдалануды үйренуде болып табылады.
Бұл ұсынылып отырған оқу құралдарында объектілі бағдарланған программалау жүйелерінің негіздері берілген. Оқу құралын Delphi ортасында программалауға қажетті теорилық материалдар мен мысалдар келтірілген. Әрбір тараудың соңында теориялық материалдарды бекітуге арналған бақылау сұрақтары мен жаттығулар берілген.
1 Теориялық негізі және ақпаратпен жабдықталуы
1.1. Объектілі бағыттылған
программалау ортасының
Delphi тіліндегі қолданбалы
Delphi-дің интеграцияланған
Жоба құру үшін формаға Компоненттер палитрасынан түрлі компоненттер орналастырылады. Компоненттер палитрасы негізгі терезеде негізгі мәзірдің оң жақ төменгі бөлігінде орналасқан. Компонент- қосымша формасы жасалатын құрастыру блогы болып табылады. Барлық компонент әрбіреуі жеке парақта орналасқан топтарға бөлінген, ал әрбір компонент шартбелгімен берілген. Компонент палитрасы келесі парақтардан тұрады: Standard – стандарт компоненттер Additional- қосымша компоненттер 111Win32- Windows-тың 32 разрядты инсерфейсі System- жүйелік функцияларды қосу Data Access- деректер қоймасындағы ақпаратпен жұмыс Data Сontrols- деректерді басқару элементін жасау т.с.с.
Программадан объект қасиеті мен әдістеріне қатынау қалай жүзеге асыратынын қарастырайық. Объект қасиетін көрсету келесі форматта жүзеге асырылады: . Объект атауынан кейін бос орынсыз нүкте белгісі қойылады да, төмен қарай ашылатын тізімнен қажетті қасиет атауы таңдалады.
Мысалы: Label1. Caption:=’Delphi тілі’;
Кейде объект қасиетінің өзі объект болуы мүмкін. Онда бұл қасиетке сілтеу арасына нүкте қойылған объектілер тізбекшесі арқылы көрсетіледі. Мысалы: Label1.Font.Color:=clRed;
Нәтижеде Label1 объектісіндегі жазу түсі қызыл болады. Қосымша интерфейсін жасау кезінде әрбір компонент үшін екі операция орындалады:
1. Компоненттер палитрасынан
2. Қойылған компоненттің қасиетін орнату. Компонент қасиеті экранның сол жақ төменгі бөлігінде орналасқан Объект бақылаушысының терезесі арқылы өзгертіледі. Ол екі астарлы беттен тұрады:
Properties (Қасиеттер) және Events (Оқиғалар).
Қасиет (сипаттама, параметр)- объектілердің түрлі мүмкіндіктерін сипаттап, ағымдық күйін анықтайтын атрибуттар.
Әр компоненттің қалыпты жағдайда берілген аты және қасиет мәндері болады. Оны қалауымызша өзгертуге болады.
Жобаның сипаттамасы Delphi ортасында жасалған қосымша біріктірілген бірнеше элементтен тұрады. Олар бірге төменде көрсетілген:
жоба файлы (.dpr)
форманы сипаттау файлы (.dfm)
форма фодулінің файлы (.pas)
модульдер (.pas)
жоба параметрлері (.dof)
ресурсты сипаттау (.res)
Жоба файлы. Дельфиді іске қосқан кезде автоматты түрде Project1.dpr атты жаңа жоба жасалады. Бұл жобаның Form1 атты формасы болады. Жоба файлы жобаның орталық файлы болып табылады және оның жеке программасы болады.
1 формадан тұратын қосымша үшін жоба файлының түрі былайша болады:
program Project1;
uses Forms, Unit1 in 'Unit1.pas' {Form1};
{$R *.res} begin
Application.Initialize;
Application.CreateForm(TForm1, Form1);
Application.Run;
end.
Бұл файл мазмұнын экранға шығару үшін келесі командалар тізбегі орындалады: View Units Project1 (немесе CTRL+F12).
Форма файлдары Жоба құрамындағы әрбір форма үшін автоматты түрде форманы сипаттау файлы (.dfm) және модуль файлы (.pas) жасалады. Форманы сипаттау файлы форманы және оның компоненттерін сипаттаудан тұрады. Формаға компонент қойып, оның қасиеттерін өзгерткен кезде форманы сипаттау файлында автоматты түрде сәйкес өзгерістер енгізіледі.Бұл файлдың мазмұнын экранға шығару үшін форманың контекстік мәзірінен View as Text пунктін шерту қажет. Керісінше, формаға өту үшін контекстік мәзірден View as Form командасы таңдалады.
1.2. Delphi тілінде айнымалыларды түрлендіру функциялары
Массив дегенiмiз индексi бүтiн сан арқылы белгiленген индекстi айнымалылардың тiзбегi, мысалы n элементтен тұратын А бiр өлшемдi массивiнiң элементтерi а1, а2, . . ., аn арқылы анықталады, мұндай массивтi қысқаша , A(n) немесе түрiнде жазуға болады.
Массивке тағы бір анықтама беруге болады: Айнымалы шамалардың бiр ғана атпен аталған реттелген тiзбегi массив деп аталады, ал тiзбектiң айнымалылары массив элементтерi деп аталады.
Массивпен жұмыс iстеу үшiн оның әр элементiнiң мәнi белгiлi болуы тиiс. Оның жалпы түрi :VAR бөлiмiнде осылай сипатталады. Массив аты ARRAY [n,m] of type.
Массивтi сипаттауға ARRAY of сөздерi қолданылады. Массивте әр элементің нөмiрiн элементтiң индексi деп атаймыз. Индекстердiң саны - массивтiң өлшемi. Индекстiң мүмкiн мәндерi оның диапозоны деп аталады. Диапозон мен өлшемi массивтiң формасы деп саналады.
Содан соң массив типінің айнымалылары программаның VAR бөлімінде сипатталады. Массив сияқты айнымалыларды суреттеу осы айнымалыларды суреттеу кезінде болады, массив типін алдын-ала суреттеусіз, мысалы:
VAR A:ARRAY[1….10] OF REAL;
Массив типi - күрделi тип. Ол бiр типтi шамалардың бiр ғана ат берiлiп, реттелген тiзбегi. Массивтi бiр қалыпты анықталатын (регулярлық) тип деп те атайды. Массив екi жолмен сипатталуы мүмкiн. Бiрiншiсiнде программаға енгiзiлетiн типтер бөлiмiнде массив <тип атауы> арқылы сипатталады. Сипаттау үлгiсi:
type<тип атауы>=array [T1] of T2;
var<массив атауы>:<тип атауы>;
Мұндағы: array [T1] of T2 - массивтi анықтау; T2 - массив элементтерiнiң типi (оны негiздiк тип деп те атайды); Т1 - индекстiң типi (ол INTEGER, REAL типтерiнен басқа кез келген жай тип болуы мүмкiн. Әдетте ол үшiн аралық тип алынады);
тип атауы - типтi (массивтi) анықтайтын кез келген белгiлеме(айнымалы);
массив атауы - типi тип атауынан тұратын айнымалы;
TYPE (тип), ARRAY (массив), OF - қызметшi сөздер
Программаға TYPE бөлiмiн енгiзбей, массивтi VAR бөлiмiнде сипаттау да мүмкiн. Мысалы, a, b массивтерiн мынадай түрде сипаттауға болады: var a, b : array [1..10, 1..10] of real;
Бірақ күрделi типтердi TYPE бөлiмiнде анықтау программаны оқуды көп жеңiлдетедi және ол программалаудың жақсы тәсiлi.
Кездейсоқ сандармен жұмыс Форма модулінің файлы unit қызметші сөзінен басталады да, одан кейін модуль аты жазылады. Қалыпты жағдайда бірінші модуль үшін оның аты Unit1, екіншісі үшін Unit2 т.б. болады.
Модуль мәтіні екі негізгі бөлімнен тұрады: interface — модульдің ашық интерфейсі және implementation — модульді жүзеге асыру.
Interface бөлімінде uses сөзінен кейін
программаға қосылатын
Uses , ,… ;
Мысалы:
interface uses Windows, Messages, SysUtils, Variants, Classes, Graphics, Controls, Forms, Dialogs, StdCtrls;
Қосылған модульдер тізіміндегі SysUtils модулінде жолдармен жұмыс жасаудың келесі функциялары анықталған.
IntToStr (Value:Integer): String; - Value бүтін санды өрнегінің мәнін жолға түрлендіру.
StrToInt (const S: String): Integer; - S жолын бүтін санға түрлендіру.
FloatToStr (Value:Extended): String; - Value нақты санды
өрнегінің мәнін жолға
StrToFloat (const S: String): Extended; – S жолын нақты санға түрлендіру
DateToStr(Date:TDateTime) : String; - Date өрнегіндегі дата мәнін жолға түрлендіру.
TimeToStr(Time:TDateTime) : String; - Time өрнегіндегі уақыт мәнін жолға түрлендіру.
StrToDate (const S: String ) : TdateTime; - S жолын датаға түрлендіру.
StrToTime (const S: String ):TdateTime; - S жолын уақытқа түрлендіру.
1.3 Матрицаларды өңдеуде қолданылатын компоненттер
Кесте жасаудың StringGrid компоненті
Кесте жолдар мен бағандардан құралған
деректерді бейнелеуге мүмкіндік береді.
Delphi-де кестемен жұмыс істеу үшін StringGrid
компоненті қолданылады. Бұл компонент
мәтіндік деректерді редакциялау үшін
арналған. Кесте өлшемін longint типті ColCount
және RowCount қасиеттері анықтайды, олар
сәйкес кестедегі жол және баған санын
береді. Қалыпты жағдайда олардың саны
5- ке тең және ол өлшемі 6х6 кестеге сәйкес
келеді. Кестенің шеткі сол жақ бағаны
мен жоғарғы жолын бекітілген етуге болады.
Жол мен бағанды бекіту әдетте, тақырыпты безендіруде
Ескерту! StringGrid компонентінде жол және баған индексі 0-ден басталады.
Мысалы: Label1.Caption:=StringGrid1.
StringGrid1.Cells[1,2]:=’
Label1 комонентіне StringGrid1 кестесінің алтыншы бағаны мен 10- жолының қиылысында орналасқан ұяшық мазмұны шығады және кестенің 3- жолының 2- бағанына “Hello” сөзі шығады.
Мысал113: Кесте жасау мысалын қарастырайық. Кестенің төмендегі қасиеттерін орнатамыз:
Қасиет |
Мәні |
FixedCols |
0 |
FixedRows |
1 |
Options\goEditing |
true |
Информация о работе Delphi программалау тілінде есепті реализациялау