Cisco Packet Tracer бағдарламасы қолданылуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2014 в 15:06, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасының қазіргі уақытта қолданылып жүрген заманға сай талаптарға жауап беретін және болашақта даму тенденциялары жоғары технологиялардың бірі – SDH технологиясы болып табылады. Сондықтан Жетісай қаласында дәл осы технологияның негізінде тасымалдау желісін қайта құру жобаланып отыр. Бұл технологияның басқа да қалалардың тәжірибесінде қолданылуының табысты болуы - менің осы технологияны таңдауыма себеп болды. Сонымен қатар жоғарыда салыстырылған топологиялардың ішінен «сақина» топологиясын таңдаған дұрыс деп ойлаймын.

Содержание

1 Тасымалдау желісін жетілдіру әдістеріне сараптама жасау
1.1 Байланыс жолдары
1.2 Технологиялар
1.3 Топологияларды салыстыру
1.4 сурет - «Жулдызша» топологиясы
1.5 сурет - 1+1 қорғанысы бар «сақина» топологиясы
2 Жетілдіру үшін қолданылатын технологияны, байланыс жолын және топологияны таңдау
2.1 Таңдалған жүйенің техникалық сипаттамасы
2.2 сурет. Е1 интерфейсінің функционалды модулі
2.3 сурет – Жалпы жүйе бойынша PD1, PQ1, PM1 платаларының өзара әрекеттілігі
3 Cisco Packet Tracer бағдарламасы қолданылуы
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Cisco Packet Tracer бағдарламасы қолданылуы.doc

— 1.69 Мб (Скачать документ)

 

2.1 Таңдалған жүйенің техникалық сипаттамасы

 

OptiX Metro 3100 мультиплексорының құрылымын қарастырсақ. OptiX Metro 3100 мультиплексор слоттарының орналасуы 2.1 суретте көрсетілген.

 

 

2.1 сурет – OptiX Metro 3100 мультиплексорының слоттарының орналасуы

 

OptiX Metro 3100 мультиплексоры екі қатарлы құрылымды болып келеді. Бұл мультиплексордың Huawei фирмасы шығарып жатқан басқа мультиплексорларынан айырмашылығы OptiX Metro 3100 қосу бөлігіне жоғарғы қатар арналып, қажетті интерфейсі бар модульдермен толықтырылады. Жоғарғы қатарда 12 слот LTU (1-12) және PMCU, BPIU1, BPIU2 құралған 15 слот орналасқан. Ал төменгі қатарда  IU (1-10) 10 слотынан, XCS қосылған екі платасы мен SCC платасынан құралған 14 слоттан құралған. Құрылғының орта бөлігінде, яғни екі қатар аралығында (FAN) желдеткіші орналасқан. Оптикалық платалары кросс-коннекторы үшін, яғни оларды  IU слоты арқылы қажетті басқа байланыс жолына түрлендіруге қолданса, ал қабылданған оптикалық сигналды электрлік сигналға (мысалы ATM, Ethernet, Е1) мильтиплекстеу үшін жоғарғы панельде орналасқан LTU модулі қолданылады. IU және LTU слоттарының арасындағы қатынасы 3.1 кестеде көрсетілген.

PDH платалары

Е1 арнасын таратуды іске асыратын платалар сериясынан жобаның іске асуы үшін PD1 платасына бірнеше себептер бойынша тоқтала өтеміз: біріншіден басқа PDH платаларымен салыстырғанда бұл плата 32 – Е1 арна саны  аз, екіншіден көптеген станцияларда соның ішінде шығарылатындарында үлкен ағын саны қажет етілмейді. Е1 интерфейсінің платасының функционалды модулі 2.2 суретте көрсетілген.

 

 

2.2 сурет. Е1 интерфейсінің функционалды модулі

 

Бұл суретте тізбектелген процестердің қатары қарастырылған. PPI – физикалық интерфейсі, LPA – бейімделудің төменгі деңгейі, LPT – аяқталудың төменгі деңгейі, HPA – бейімделудің жоғары деңгейі. Физикалық деңгейде біз C-12 деңгейлі контейнерін аламыз. Төмен деңгейлерінде VC-12 дейін байттар қосылады. Ал жоғары деңгейде виртуальді контейнердің  TU-12 трибутарлы блокқа VC-4 виртуальді контейнерін тізбектей жіберу арқылы түрленеді. PDH платаларының барлық Metro 3100 жүйесімен өзара әрекеттілігінің сұлбасы 2.3 суретте көрсетілген.

 

 

2.3 сурет – Жалпы жүйе бойынша PD1, PQ1, PM1 платаларының өзара әрекеттілігі

 

Ең алдымен HDB3 сызықтық сигналды кодтау/декодтау іске асырылады. Әрі қарай Е1 сигналын VC-4-ке сигналды қайта жіберу арқылы XSC блок матрицасында ерекшелеу/қосу әрекеті іске асырылады. Бұл процесте синхронизация блогымен қосу мүмкіншілігі бар, егер Е1 ағыны синхронизация көзі ретінде алынса. Сонымен қатар SCC платасының жұмыс мүмкіншілігі жайлы сұрастырылады.

 

3 Cisco Packet Tracer   бағдарламасы қолданылуы

 

Cisco Packet Tracer   бағдарламасы кабельдерді және басқа да желілерді байланыстыруды үйренуге арналған. Cisco Packet Tracer дегеніміз Cisco компаниясында құралған , желілердің эмуляциялануына арналған бағдарламалық қамтамасыздандыру. Маршрутизаторлар, комутаторлар, сымсыз желілер, дербес компьютерлер, желілік принтер, IP- телефондар және т.б. да желідік құрылғылармен жұмыс істеуді үйренге арналған бағдарлама. Интерактивтік жұмыс он немесе жүзден астап құрылғылардан құралғалған желімен шынайы жұмыс істеп жатқандай сезім тудырады.

Cisco Packet Tracer бағдарламасы қасиеттері арқылы, виртуалды режим түрінде, қолданушы желі арқылы деректердің ауысуын аңдуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, деректердің желі құрылғылары арқылы өту кезіндегі IP-пакеттердің өзгерістері мен параметрлерінің ауысулары, IP-пакеттердің өту жолдары мен жылдамдығын бақылау. Осы бағдарлама арқылы желіде болып жатқан сараптама кезінде,  бізге жұмыс істеу механизмі мен қателіктерді табуға мүмкіндік береді. Cisco Packet Tracer бағдарламасы арқылы қолданушы құрылысты логикалық түрде ғана емес, сонымен қатар желінің физикалық моделін де виртуалды түрде елестете алады, демек жобалауды үйренуге дағдыланады.

 

Жобаға маршрутизаторды қосу

Жоба желісіне маршрутизаторды қосу үшін, тышқанның сол жақ батырмасы арқылы берілген жабдық пен үлгіні таңдап жобаға қосу керек, және бағдарламаның жұмыс орнына тышқынмен шерту керек.

 

 

Жабдық жобаға енгізілгеннен кейін, берілген құрылғының параметрлер терезесі аппараттық конфигурациясын , және де меню жолы мен IOS CLI құрылымының конфигурациясын ашуға болады.

 

 

"Physical" қосымша беті маршрутизатордың аппараттық конфигурациясын басқаруға мүмкіндік береді және келесі элементтерді суреттейді:

  • Үлгілерды қондыруға арналған тізім;
  • Жабдықтың сыртқы көрінісі;
  • Таңдалған үлгінің сипаттамасы;
  • Таңдалған үлгінің сыртқы көрінісі.

 

 

CLI қосымша беті Console 0 маршрутизатордың консолына кіруге мүмкіндік береді.

 

Жобаға коммутатор қосамыз

Коммутаторды жобаға қосқан кезде маршрутизаторды қосқанмен бірдей болады.

 

 

 

Параметрлерде жабдықтың аппараттық конфигурациясын өзгертетін мүмкіндік жоқ.

 

Маршрутизаторларға сияқты CLI қосымша беті Console 0 консолына кіруге мүмкіндік береді.

Желіге соңғы түйінді қосу

Желінің соңғы түйіні, сервер, жұмыс станциялары мен лэптоптар сияқты жобаның басқа жабдықтарына сәйкес топологияға қосылады.

 

 

Соңғы құрылғылардың параметрлер терезесі құрылғының өзіне байланысты түрленеді. Кейбір айырмашылықтар бірден байқалады.

 

Сервер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жеке компьютер

 

 

Лэптоп

 

 

Берілген құрылғының желілік интерфейс параметрлерін меню жолындағы Config қосымша беті арқылы орнатуға болады. Берілген қосымша бет жоғарыда көрсетілген құрылғылармен сәйкес келеді.

 

Config қосымша бетінде орналасқан Setting меню жолағы және FastEthernet желілік интерфейс меню қасиеттерінде желі параметрлері көрсетілген.

 

 

 

Құрылғылардың бірігуі

 

Керек құрылғылар жобаға енгізілгеннен кейін, барлығын сәйкесінше біріктіру қажет. Ол үшін Conenctions менюі қолданылады.

 

 

 

Кабелді қосылу технологиясына және қосылған жабдыққа байланысты таңдалады. Бұл жағдайда Copper Cross-Over болады. Соңғы нәтижеде келесі желінің жобасы шығады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

  1. Лоренс Б. Novell NetWare 4.1 в подлиннике СПб: BHV, 1996.
  2. Ресурсы Microsoft Windows NT Server 4.0 СПб: BHV, 1997.
  3. Сетевые средства   Microsoft Windows NT Server 4.0 СПб: BHV, 1997.
  4. Олифер В.Г., Олифер Н.А. Компьтерные сети, принципы, технологии, протоколы. СПб: Питер, 2000.

 

 

 


Информация о работе Cisco Packet Tracer бағдарламасы қолданылуы