Орта палеолит дәуірі ертедегі
адамның дамуымен, мәдениеті дамуының
жаңакезеңі болуымен ерекшенеледі.
Орта палеолитте Қазақ даласындағы
жер құрылымында күшті тектоникалық (құрылу,
өзгеру процестері–грек сөзі) қозғалыстар
болып өтті. Соның нәтежесінде таулар,
төбелер пайда болып, жерді екі рет топан
суы басты. Солтүстік Мұзды мұхиттың суы
көтеріліп, ол Қазақстан жеріне дейін
келді. Орталық Қазақстанда жер деңгейі
500 метрге дейін көтерілді. Бірнеше мың
жылдардан кейін Оңтүстікте басталған
мұздардың еруіне байланысты Қазақстан
жерінде құмды, шөлді, суы тапшы жерлер
пайда болды. Өзеңдердің қазіргі арналары
қалыптаса бастады.
Қазақстандағы жазық жерлер
(Ертіс пен Балқаш маңы) орманды далалы,
оңтүстігі көбіне жусанды, шөлді болып
қалыптасты. Тянь-Шаньда және басқа да
таулы жерлерде қаптал қарағай, шырша,
жөке, қызыл қайың, қандыағаш өсетін болды.
Қазақ даласында бірнеше хайуанаттардың
түрлері болды: пілдер, жүні сирек мамонттар,
жазық далада түйе, қарақұйрық, бөкендер
т.б. болды.
Адамдар және олардың
тіршілігі.
Орта палеолит дәуірінің адамдары–
неандертальдықтар. Антропологиялық келбеті:
қысқа мойынды, аса ірі тісі бар, сөйлеу
қабілеті дұрыс қалыптаспаған.
Негізгі кәсібі: аң аулау, терімшілік.
Аңды қауым болып бірігіп, топпен аулаған.
Басты ерекшеліктерінің бірі
шақпақ тастарды бір – біріне үйкелеу
арқылы отты шығаруды үйренді. Осы кезде
алғашқы діни наным қалыптаса бастады.
Ең алғашқы дін магия. Бұл арқылы өлікті
бір қырына қарай жатқызып, аяғын бүгіп
жерлеген.
Еңбек құралдары
және археологиялық ескерткіштер.
Тасты өңдеу әдісі жетілді.
Еңбек құралдары негізінен, нуклеуістен
(тастан) жасалды. Пышақ, қару ретінде үшкір
тас, ағаш, тері өңдеу үшін қырғыш тас пайдаланылды.
Археологиялық ескерткіштер
Оңтүстік Қазақстандағы Топалы шатқалы
мен Қызылрысбек тұрағынан таблыған заттар:
үшкір тас, қырғыш т.б.
Соңғы палеолит.
Соңғы палеолит б.з.б. 40-35 мың
жалдан басталып, 12-10 мың жылмен аяқталады.
Бұл жер шарының барлық климаттық аймақтарына
адамның кеңінен тарай қоныстаған және
нәсілдер мен нәсілдік топтардың қалыптасу
уақыты. Бұл тұста адамдардың рулық қауымы
мен топтық ұжымдары қалыптаса бастады.
Рулық қауымдар барлық жерлерде
алдымен отбасының қамқоршысы, бала өсіруші
ана төңірігінде топтасты, осыған байланысты
әйелдер алғашқы қауымда үстемдік жасады,
мұның өзі аналық – матриархаттық дәуір
деп аталды. Сонымен, аналық ру өзара қандас
туыстығы арқылы біріккен және шешелері
жағынан шыққан тегі бір адамдардың экзогамиялық
тобы болды.
Соңғы палеолитте ірі хайуанаттардың
азайюы адамдардың тұрмыс жағдайларын
едәуір өзгертті. Енді орташа және ұсақ
аңдарды аулау үшін жетілдірілген жаңа
құралдар қажет болды. Аңшылар қолдарына
қару алып, тамақ іздеп, ұсақ сапар шекті.
Әр түрлі іске қолданылатын еңбек құралдары
пайда болды. Соңғы палеолитте Қазақстан
жерінде адамзат қоғамының үздіксіз ілгері
дамып отырғаннын көрсетеді.
Мезолит дәуірі (б.з.б.
12-5 мың жылдықтар).
Кейінгі палеолит дәуірінен
кейін орта тас дәуірі (грекше «мезос»
— орта деген сөзден шыққын) мезолит дәуірі
келді. Бұл дәуір тарих ғылымында өте аз
зерттелгендіктен, осы дәуірдің ескерткіштері
Қазақстан жерінен аз табылған.
Табиғаты. Қазақстанның ауа райы қүрт
жылынып, мұздар еріді. Шөбі, өсімдігі
мол далалар сиреп кетті. Бірқатар жануарлар
(мүйізтұмсықтар, мамонттар) құрып кетті,
енді аңшылардың аулайтын көбінесе бизон
мен жылқы, жабайы ешкі мен киік, койы,
үйрек болды.
Мезолит дәуірінің ең маңызды
өнертабысы- садақ пен жебе. Садақ пен
жебенің ойлап табылуы өндіргіш күштер
дамуында шын мәнінде революция еді. Сайып
келгенде бұл ежелгі адамның шаруашылық
өміріндегі түбірлі өзгерістерге жеткізді.
Садақ пен жебеден басқа осы кезде микролиттер-
ұшбұрыш, ромб, трапеция, сегмент тәрізді
ұсақ қалақтар пайда болды.
Дәуірдің ерекшеліктері: жануарларды
қолға үйрету, дәнді дақылдар өсіру.
Неолит дәуірі: (б.з.б.
5-3 мың жылдықтар).
Неолит дәуірі тас дәуірінің
соңғы кезеңі жаңа тас дәуірі болып саналады.
Неолит дәуірінің аса маңызды
белгісі табиғаттың дайын өнімдерін иемдену
яғни терімшіліктің орнына келген өндіруші
шаруашылыққа негіз болған мал шаруашылы
мен егіншіліктің шығуы болып табылады.
Шаруашылықтың жаңа түрлері шығуының
адамзат қоғамының дамыу үшін орасан зор
маңызды болды, адамның еңбек кәсібінің
саласын кеңейтті, сонымен қатар оның
сипатын сапасы жағынан өзгертті. Өндіруші
шаруашылықтың шығыу «неолиттік революция»
деп аталды. Тамақ өндіруге, жеуге жарайтын
өсімдіктерді саналы түрде өсіруге, жануарларды
қолға үйретуге, өсіруге және іріктеуге
көшу адамзат тарихында адамның от жағу
өнерін меңгергенінен кейінгі асқан зор
экономикалық революция болды.
Неолит дәуірінде еңбек құралдары
жетілдіріліп, жаңадан бұрғылау, тастарды
тегістеу ағашты арамен кесу сияқты жаңа
технологиялық әдістері шықты, бірте-бірте
қиын өнделетін тастар тұрмысқа, шаруашылыққа
пайдаланылды, тас балталар, кетпендер,
дән үккіштер, келілер, келсаптар жасала
бастады. Неолит дәуірінде Қазақстан жерінде
кен кәсібі мен тоқымашылықтың бастамалары
шықты. Сонымен бірге керамикалық ыдыс
жасау іске аса бастады.
Әлеуметтік жағынан алғанда
неолит дәуірі рулық қауым дәуірі болды:
онда ұжымдық еңбек және өндіріс құрал-жабдықтарына
ортақ меншік үстем болды. Осы кезде тайпа
бірлестіктері құрылды. Тайпалар тұқымдас
жағынан және шаруашылықтың түріне қарай
біріккен бірнеше рулық қауымдардан тұрды.
Ежелгі Қазақ жеріндегі тайпалар ақшылықпен,
балық аулаумен, өсімдектерді жинаумен
шұғылданды. Кейінректе (неолитте) олар
мал өсіру, егіншілік және кен. өнеркәсібімен
шұгылдана бастады. Адамдар мата тоқып,
киім тігуді уйренді. Керамикалық заттарға
геометриялық өрнектер сала білген.
Тұрақтар. Арал өңіріндегі Сексеуіл тұрағында
малшылар мен аңшылар тұрған. Себебі бұл
жерлерде сиыр, қой, жылқы сияқты үй жануарлардың
сүйектері табылған (Қостанай облысындағы
Ботай тұрағы, Батыс Қазақстан Өңірінлегі
Көктүбек, Темір тұрақтары және т.б.). Қазырғы
уақытта Қазақстан аумағында 600-ден аса
неолиттік және энеолиттік ескерткіш
мәлім.
Тарихқа дейінгі уақыт Қазақстанның
тас ғасыры
Біз кімбіз және қайданбыз -
қайсымызды ынтықтырмады бұл сұрақ. Біздің
арғы аталарымыз қайдан шықты және олар
қалай өмір сүрді? Олар Қазақстан аумағына
қашан қоныстанды және ол қалай жүзеге
асты ?
Тарихтың аса ертедегі кезеңін палеолит
деп атайды. Ол шамамен 2,6 млн. жылды қамтыды
және ол бұдан 10 мың жыл бұрын аяқталды.
Зерттеушілердің көпшілігі палеолитті
ерте және кейінгі деп бөледі. Ерте палеолитті
архантроптардың және палеонтроптардың
тіршілік еткен уақыты. Осы ұзақ кезеңде
бірнеше археологиялық дәуір (олдувэйлік,
ашельдік, мустьерлік) алмасты және материалдық
мәдениет едәуір дамыды. Кейінгі палеолит
- Homo sapiens тіршілік еткен уақыт , оған осы
заманғы адамзат жатады. Жоғарғы палеолиттің
(30-40 мыңға жуық) қысқа ғана созылғанына
қарамастан, адамзат осы уақыт ішінде
үлкен жолдан өтті.
Қазақстан аумағында әзірге палеолиттік
адамның сүйек қалдықтары табылған жоқ.
Алайда бұл миллион жылдар бұрын адамдар
аумақта болған жоқ дегенді білдірмейді.
Бұған Қазақстанның көптеген аймақтарында
- Қызылтауда, Борықазғанда, Шақпақатада,
Семізбұғыда және басқа жерлерде анықталған
қоныстар дәлел бола алады.
Бүкіл тас ғасырының барысында еңбек құралдарын
дайындауда басымдылық тасқа берілген.
Тас бұйымдар түрлері мен сыйпатты типтеріне
қарай шапқы, қырғыш, түйреуіш, соққы, бұрғы,
пышақ, тескіш және басқалары болып бөлінеді.
Алғашқы қауымның ертедегі тарихты зерттеуші
археологтардың міндеті де тасты сөйлету,
олардан барынша ақпарат алу, өйткені
тек тас қана адамзаттың алыстағы өткенінің
куәсі болып табылады.
Төменгі палеолитте (б.д. дейінгі 2,5 млн.жыл
- 10 мың жыл) тасты сындыру үшін адам басқа
тасты пайдаланды, оларды бір-біріне әтейі
ұрғылады. Мұндай техника "жарып түсіру"
техникасы немесе "малтатас мәдениеті"
деген атқа ие болды, өйткені шикізат материалы
ретінде көбіне өзен малтатастары пайдаланылған.
. Кейін жақсы нәтижелерге қол жеткізуге
мүмкіндік беретін соққыштар пайда болды.
Көбіне олар сырты қотыр-қожырлы цилиндрлі
немесе жұмыр түрінде болып келді. . Оңтүстік
Тас ғасырының келесі кезеңі - 10 мың жылдықтан
басталып, б.д. дейінгі 5500 жылы аяқталған
мезолит. Және де тас ғасыры б.д.дейінгі
5500 жылдан 3000 жылға дейінгі уақыт аралығын
қамтитын неолитпен аяқталды.
Қазақстанда (Қаратау қыраты) табылған
құралдар жоғарыда аталған техникамен
өңделген. Тастың екі жағына бірдей өңдеу
ниетімен соққылар беріліп отырған және
осылайша тас шеті кедірлене үшкірленеді.
. Борықазған, Қызылтау және басқа қоныстарында
кездесетін дайындалған құралдардың кейде
шапқыш ретінде пайдаланылғанын көрсетеді.
Ашель дәуірінің ескерткіштері Орталық
Қазақстаннан - Батпақтан, Жаман - Айбаттан,
Сарыарқаның солтүстік-шығыс бөлігі -
Құдайкөлден табылды. Құралдардың арасынан
тастың екі жағынан өңделген құралдарды,
жануарлар терілерін илеуге және ағаш
өңдеуге арналған қырнауыштарды, сондай-ақ
сындырғыштар мен қалақтар жарылып алынған
толып жатқан нуклеустер-домалақ тастарды
атауға болады.
Батыс Қазақстанда осы уақыттың көрнекті
ескерткіштері Шақпақата, ¤нежек кешендері
болып табылады. Тас бұйымдарының ішінен
нуклеустер, қырнауыштар, бифастар, найза
ұштары және леваллуа шапқыштары ерекшеленеді.
Зерттеулер нәтижелері тас өңдеудегі
техника дамуының эволюциясын байқауға
мүмкіндік береді.
Келесі - мустье кезеңінде тас өңдеудің
өзге
тәсілі пайда болды. . Бұл Ш.Уәлиханов атындағы
тұрақтың материалдарында жақсы байқалады.
. Ол 6 мәдени қатпардан тұрады, бұл жерден
көптеген тас бұйымдары, оттың орындары
мен ошақтар, жылқылардың, қодастардың,
қасиетті бұғылардың және ақбөкендердің
сүйектері табылды. . Мәдени қатпарлары
бүлінбеген күйінде жатқан бұл Қазақстан
аумағындағы жалғыз тұрақ болып табылады.
Тереңде (2,30-6,50 м.) жатқанына қармастан,
еңбек құралдарын жасау ісмерханасын
табу және адамдар мұнда ұзақ уақыт бойы,
шын мәнінде мустьеден жоғары палеолитке
дейін үздіксіз тұрғанын анықтау мүмкіндігі
табылды. .
Мустье кезеңінің жаңа ескерткіштері
соңғы жылдары Орталық Қазақстанда - ¤гізтау
1 және 2, ‡лкен Ақмая тұрақтарында табылды.
Табылған балталар, қырнауыштар, оймалы
құралдар және нуклеустер жергілікті
шикізат - сұр кварцтен дайындалған.
Кейінгі дәуір - жоғарғы палеолитте (б.д.дейінгі
10 мың жыл - 5500 жыл) тас құралдарын өңдеу
жетілдіріле түскен. Домалақ тастардан
жұқа қалақшалар жару керек болды. Олар
көбіне сүйек пен ағаш саптарға сына ретінде
қағылды, содан кейін олар пышақ пен қырғыш
ретінде пайдаланылды. Жұқа жүзді құралдар,
мәселен, сүңгі, найза ұштарын жасауға
мүмкіндік бергенқысқыш техника кеңінен
қолданылған..
Шығыс Қазақстандағы Шульбинка тұрағында
5000 тас бұйымдар ішінде қырғыштар, үшкірлер,
кескілер, тескірлер,нуклеустер қашау
тәрізді құралдар, сондай-ақ малтатастан
қаланған ошақтар және баспана іздері
кездеседі. Құралдар дайындауға шикізат
ретінде жартылай асыл тастар-халцедон,
яшма, кремень, тау хрустальдері қолданылған.
Мұндай коллекция Алтай мен Сібір тұрақтарында
бар, бұл олардың мерзімін 30-25 мың жыл кейінге
шегеруге мүмкіндік береді.
Мезолитте шаруашылық пен материалдық
мәдениет елеулі өзгерістерге ұшырайды,
бірақ, өкінішке қарай, бұл кезеңнің ескерткіштері
Қазақстанда онша көп емес. Осы уақытта
микроқұймалар, яғни геометриялық формадағы
үшкірленген құралдар кең пайдаланылады.
Келесі дәуір-неолит республиканың барлық
аймақтарында табылған көптеген ескерткіштерімен
сыйпатталады. Қазақстан неолиттінің
маңызды проблемаларының бірі тас индустриясының
өзгешелігін анықтау және неолит мәдениетінің
таралу вариантын бөлу проблемасы болып
табылады. Аңшылық пен балық аулаушылықпен
қатар егіншілік пен мал бағушылық пайда
болады. Қыш ыдыс-аяқтар жасау, садақ пен
жебені ойлап табу, сондай-ақ тастан тегістелген
құралдардың пайда болуы да маңызды жаңалықтар
болды; аралау мен бұрғылау кең тарайды.
Неолит дәуірінің тұрақтары Қазақстан
аумағының барлық жерінде кездеседі. .
Бірақ солардың ішінде неғұрлым мәндісі
Қараүңгір (Оңтүстік Қазақстан) үңгірі
саналады. Бұлардан тас, сүйек құралдары,
керамика, жанаурлардың-құланның, аюдың,
бұғының, киіктің, қабанның, жылқының және
басқаларының сүйектері табылды.
1.Алғашқы адамның
қалай пайда болғаны туралы.
Адамның шығуы, оның
дамуы мен еңбек қызметіннің тарихы жердің
түпкір-түпкірінің бәрінде бір-біріне
өте ұқсас және өзара тығыз байланысты.
Қазақстанның территориясы –планетаның
шағын бөлігі, сондықтан оның тарихы бүкіл
дүние жүзілік тарихтың бір тарау ғана
болып табылады.
Адамзаттың ежелгі
өткен заманының көп беттері әлі анықталған
жоқ, түсініксіз мәселелер мен даулы қағидалар
әлі көп.
Ғылыми зерттеулер
нәтижесінде жер бетіндегі адам баласы
осыдан 2-2,5 миллион жыл бұрын пайда болған.
Жер жүзінде еңбек етуге қабілетті болған
ең ежелгі өмір сүрген адам хомохабилис
– «шебер адам» (презинджантроп) болып
есептелінеді. Оның сүйек қалдықтары далбарлап
жасалған шапқы құралдармен (чопперлермен)
бірге 1959-1963 жылдары Олдувэй шатқалынан
(Шығыс Африка - Кения) табылды. Ол 1 млн.
750 мың жыл бұрын өмір сүрген. Хомо хабилистің
мыйының көлемі (652 см3) австралопитек маймылдарының
мыйынан біраз асады. Бірқатар басқа ерешеліктері
болған, мәселен, түргеліп жүргендікті
аңғартатын, айқын білінетін табан имектігі.
Алғашқы адамдардың
(олдувэйлік) еңбек құралдары: қырын өткірлеу
үшін ұрып жұқартылған малта тастар мен
дөрекі ауыр тас сынықтары (чопперлер)
болды.
Адамның эволюциясындағы
одан кейінгі қадам хомо эректус – «тік
жүретін адам» сатысына байланысты. Бұл
тұрпаттың өкілдері тас дәуірінің Шелль-ашель
мәдениетінің иелері питекантроп пен
синантроп болды.
Питекантроп 1891 жылы
Ява аралында табылды. Ол бұдан бір миллиондай
жыл бұрын өмір сүрді. Питекантроп Хомо
хабилиспен салыстырғанда елеулі эволюциялық
өзгерістерге ұшырады. Мый көлемі үлкейді
(950 см3), бас сүйегі мен жақ сүйектері кішірейді,
аяқ пен қолдың пропорциясы өзгерді.
Тік жүретін адамның
екінші бір түрі синантроп болды; ол бірінші
рет 1927 жылы Чжоу–коу –дянь үнгірінен
табылды. Синантроптың сыртқы бейнесінен
дамудың неғұрлым процестік белгілері
байқалады. Бұл белгілір: мый қабығының
көлемі үлкен (1075 см3) , мандайының тайқылығы
азырақ, қабағы жатық, иегі ықшам.
Чжоу-коу-дяньда табылған
қазбалардың айтарлықтай ерекшелегі сол,
синантроптың сүйектерімен бірге онда
әр түрлі формадағы дөрекі тас құралдар,
отта көп жатқан тастар және төмеңгі палеолит
жануарлараның көп сүйектері табылды.
Демек, синантроптар сол кездің өзіңде
отты пайданала білген.
Адамның эволюциясындағы
келесі қадам Хомо Сапиенс саналы адамның
пайда болуымен байланысты. Тарихта бұл
кезеңдегі адамды (орта палеолит) неандерталь
деп атайды. Тік жүретін адамға қарағанда,
неандерталь адамның өмірінде мәнді-мәнді
өзгерістер болды. Осы кезде ежелгі адамдардың
дене бітімінің өзгершіліктері біржолата
қалыптасты. Олардың бойы аласа келді
(150-160 млн), мый қауағының көлемі енді 1300-1400
см3 болды.
Неандертальдың өзгеше
белгілірі: қас сүйегі шығыңқы, тайқы маңдай,
бас сүйегі жайпақ, тістері ірі, иегінің
шығыңқылығы аз. Омыртқа жотасының тіктігі,
тізе буынының жазылмайтын қисықтығы
неандертальдардың жүрісінің ебедейсіз
болғанын көрсетеді.
Дене бітімі қазіргі
кездегідей адамның (Хомо Сапиенс) пайда
болуы соңғы палеолит дәуірімен байланысты.
Осы уақыттан бастап адамдардың эволюциясында
шешуші өзгеріс болады және нағыз адамзат
тарихына біржолата көшу басталады.
Алғашқы Хомо Сапиенс
өкілдерінің пайда болуы әдетте б.з. 50-45
мың жыл бұрын болған делінеді. Оған тән
белгілер 1868 ж. Франциядағы Кро-Маньон
үнгірінде табылған бес қанқаны зерттеу
негізінде аңықталды.
Кроманьондық адамның
тұрпатында, осы заманғы адамдарға тән
ерекшеліктер айқын білінеді. Оларға тән
нәрсе – басының сопақтығына қарай маңдайы
кең, беті өте жалпақ, тікше және мый қауағы
кең (1500-1800 см3), бойы биік (168-194 см), сүйектердегі
бұлшық ет бедері айқын көрінеді.
Сойтіп, адамның шығуы,
оның дамуы негізінен үш сатыдан өтіп,
еңбек процестің нәтежесімен байланысты
болғанын көреміз.
2.Тас дәуірі. Палеолит,
мезолит, неолит дәуірлері.
Ежелгі адам өз дамуында
бірінен кейін бірі келетін бірнеше кезеңдерден
өтті. Археологияда қабылданған кезеңдерге
сәйкес адамзат тарихы тас, қола және темір
дәуірлеріне бөлінеді.
Тас дәуірінің кезеңдері:
1. Палеолит (ежелгі тас дәуірі)
А. Ерте палеолит
Ә. Орта палеолит
Б. Кейінгі палеолит
2. Мезолит (орта тас ғасыры)
3. Неолит (жаңа тас ғасыры)
Ежелгі тас дәуірі
адамзат тарихындағы ең ұзаққа созылған
және аса маңызды кезеңдердің бірі болып
табылады.
Ежелгі тас ғасыры-адам мен оның шаруашылығының
қалыптасуының бастапқы уақыты. Алғашқы
адам жабайы өсетін дәндерді жеміс – жидектерді
жинап жануарларды аулаған. Ежелгі тас
дәуіріндегі адамдардың қоғамдық ұйымы
күрделі де ұзақ даму жолынан өтті. Оның
бастапқы кезеңі алғашқы төбыр-бірлесіп
қорғану және шабуыл жасау, аң аулау және
жиын терін үшіп бірлесу болды.
Ежелгі палеолит – ірі-ірі үш кезеңге:
Олдувэй (б.з.б. 2,6 млн
жыл-800 мың жыл);
Ашель (б.з.б. 800-140 мың жыл);
Мустье (40-35 мың жыл) кезеңдерге бөлінеді.
Адам баласынының
ең алғашқы еңбек құралдары тастан жасалған.
Осыған байланысты алғашқы тарихи кезең
тас ғасыры деп аталған.
Табиғаты. Оңтүстіктегі Үнді мухиты
жағынан жылы ауа Қазақстан жеріне келіп
турған. Сондықтан Казақстанда субтропиктік
ормандар болған.
Осы кездегі Қазақстан
жерін мекендеген жануарлар: өзен, көлдердің
жағасында пілдер, шалғында жылқылар,
таулы жерлерде аюлар, мамонттар, бұғылар,
бизондар, тауларда арқарлар, тауешкілер
т.с.с. Б.з.б. 100-80 мың жыл бұрын ауа райы
құрт өзгерген. Осы кезде Қазақстанда
ұзаққа созылған ауа райының суытуы басталған.
Барлық тауларды мұз басқан. Бұл суық мерзім
б.з.б. 12-5 мың жылдарға дейін созылған.