Білімдегі инновациялық - коммуникациялық технологиялар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Июня 2013 в 11:05, реферат

Краткое описание

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың "Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!" атты Қазақстан халқына Жолдауында «Өмір бойы білім алу» әрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс деген. Елбасымыздың алға қойған зор міндеттерін іске асырушылар – жастар. Олай болса, сол жастарға сапалы білім беру әрине ұстаздарға байланысты.
Қазіргі білім жүйесінің ерекшілігі – тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру. Бiлiм беру саласында инновациялық үрдiстi жүзеге асыру мұғалiмдерден өз мінез-құлықтарын, ұстанымдарын, мүмкіндіктерін түрлендiрудi талап eтедi.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Рая Серікқызы магистр.doc

— 45.50 Кб (Скачать документ)

Білімдегі инновациялық - коммуникациялық технологиялар

Кулбасова Рая  Серікқызы   1 - курс магистранты

ҚазҰТУ, ЖмЖПҚкафедрасы   Алматы қ., Қазақстан Raxima85@mail.ru

                         «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас  ұрпақтың қолында, 

                         ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында»

    Н. Ә. Назарбаев

Қазақстан Республикасының  Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  "Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!" атты Қазақстан  халқына  Жолдауында  «Өмір бойы білім алу» әрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс  деген. Елбасымыздың алға қойған зор міндеттерін іске асырушылар – жастар. Олай болса, сол жастарға сапалы білім беру әрине   ұстаздарға байланысты.

Қазіргі білім жүйесінің  ерекшілігі – тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру. Бiлiм беру саласында инновациялық үрдiстi жүзеге асыру мұғалiмдерден өз мінез-құлықтарын, ұстанымдарын, мүмкіндіктерін түрлендiрудi талап eтедi.

Қазіргі кезде  біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңіне көшіп келеді. Бұл кезең ақпараттық кезең, яғни компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық коммуникациялық технологиялар педагогтар қызметінің барлық салаларына кірігіп, оның табиғи ортасына айналып отыр. «Білім берудегі АКТ» ұғымы «оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары», «қазіргі ақпараттық оқыту технологиялары», «компьютерлік оқыту технологиялары» және т.б., тіркестермен тығыз байланысты.

Білім беруді ақпараттандандыру  процесі пән мұғалімдеріне, әдіскерлерге, білім мекемелерін басқарушыларға жаңа ақпараттық технологияны өз қызметтеріне жан-жақты пайдалану саласына үлкен талап қояды. Ақпараттық –коммуникациялық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр. Білім беруді ақпараттандыру, білім салаларының барлық қызметіне ақпараттық технологияны енгізу және ұлттық модельді қалыптастыру қазақстандағы білім беруді сапалы деңгейге көтерудің алғы шарты.

Жоғарыдағы  аталған талаптарды жүзеге асыру  үшін – оқытуда инновацияны қолдану, яғни мұғалімнің жаңа қаруы ретінде инновациялық әдіс–тәсілдерді кеңінен пайдалану қажет. Инновациялар мектептен, мұғалімдердің педагогикалық қызметінен бастау алады.  Инновация дегеніміздің өзі жаңалықты енгізу, жаңалық әкелу, жаңа әдістеме мен жаңа технология.

Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, «Қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз».

Негізгі әдістемелік  инновациялар бүгінгі таңда оқытудың интерактивті әдістерін қолданумен байланысты. «Интерактив» сөзі бізге ағылшын тілінің «interact» деген сөзінен келген. «Іnter»- бұл «өзара», «act» - әрекет ету дегенді білдіреді.

Интерактивті  сөзі - өзара әрекет ету бейімділігін білдіреді немесе әңгімелесу, әлде кіммен (адаммен) не болмаса әлде немен (мысалы, компьютермен) сұхбаттасу режимінде болады. Демек, интерактивті оқыту – бұл, ең алдымен, сұхбаттасып оқыту, оның барысында оқытушы мен оқушының өзара әрекет етуі жүзеге асырылады. 

Интерактивті оқытудың мәні мынада - оқу процесі іс жүзінде барлық оқушы таным үрдісіне тартылатындай болып ұйымдастырылуы тиіс, олардың осыған байланысты не біледі, нені ойлайтынын  түсінуге және рефлекстеуге мүмкіндігі болуы тиіс. Таным процесінде оқушылардың біріккен іс-әрекеті, әркім өзінің жеке-дара үлесін қосатын, оқу материалдарын меңгеруді білдіреді. Білімдерімен, идеяларымен, іс-әрекет тәсілдерімен алмасу жүргізіледі. Және де бұл мейірімділік пен өзара бір-біріне қолдау көрсету аясында болады. Ол тек қана жаңа білім алуға мүмкіндік беріп қоймайды, сонымен қатар таным әрекетінің өзін де дамытады. Оны қызметтестік пен кооперацияның әлде қайда жоғары нысандарына ауыстырады.

Қытай халқының бір нақыл сөзінде: «Маған айтшы – мен ұмытып қаламын; маған көрсетші – менің есімде қалады; өзіме істетші – мен сонда түсінемін» делінген. Осы сөздерден интерактивті оқытудың мәні өз көрінісін табады.

Интерактивті  әдіске  сабақ барысында әр түрлі көмекші құралдарды пайдалана отырып: интерактивті тақта, электронды оқулықтар,  бейне материалдар, аудио материалдар, компьютерлер және т.т. таныстырулар жатады. 

Инновациялық оқытудың  бүгінгі таңдағы тағы бір әдісі – электрондық оқулық пайдалану. Білім беру жүйесінде электронды оқулықтарды пайдаланып, үлкен табыстарға жетуге болады. Электронды оқулықтарды пайдалану барысында оқушы екі жақты білім алады: біріншісі-пәндік білім, екіншісі-компьютерлік білім. Сабақ барысында электронды оқулықтарды пайдалану оқушының өз бетінше шығармашылық  жұмыс жасауына, теориялық білімін практикамен ұштастыруына мүмкіндік береді. Электронды оқулықта  оқу технологиялары жинақталған. Мысалы: ойын арқылы оқыту, блокты оқыту, тірек- сигналдар арқылы оқыту, т.с.с.  Электронды оқулық арқылы оқушы көптеген қосымша материал ала алады, осы алған мәліметтерін компьютерден көргендіктен есінде жақсы сақтайды, өз бетінше жұмыс жасау қабілеті қалыптасады. Осылайша жас ұрпақты оқытуда инновацияны пайдалану – шығармашылық жетістіктің негізгі көзі.

Оқытушы үшін  электрондық оқулық – бұл күнбе-күн дамытылып отыратын ашық түрдегі әдістемелік жүйе. Электрондық оқулық арқылы үй тапсырмасын, жаңа сабақты түсіндіруге және тест тапсырмаларын орындауға болады.

Қазіргі таңда  мен өз тәжірибемде оқушыларға информатика  сабағында электрондық оқулықты пайдаланып келемін.  Онда әр тарауда  тақырыптың мазмұны, тапсырмалар, тараудағы  оқу материалдары бойынша  берілген анимациялық тәжірибелер оқушыларға информатика сабағына көрнекілік түрінде көрсете отырып,  түсіндіруге ыңғайлы.

Сонымен қатар, тақырыпты қорытындылау үшін тест сұрақтары берілген. Бұл тест сұрақтарының  нәтижесі әр оқушыға жауап беру деңгейіне қарай пайыздық көрсеткішпен бағаланып беріледі. Бұл әдіс оқушының білімін көтеруге, сабаққа ынтасын қалыптастыруға оң әсер ететіндігі сөзсіз.

Электрондық оқулықтар мен компьютерлік оқу-әдістемелік құралдарды өз дәрежесінде қолдануды үйренген оқушылар өзі белсенді жеке жұмыс істей алады. Оқытушының жұмысын жеңілдетіп, оқушыны жалқаулықтан құтқарады. Электрондық оқулық пән оқытушылары үшін  бұл күнделікті дамытылып отыратын ашық түрдегі әдістемелік жүйе. Оны сабақта қолдану оқытушының шығармашылықпен жұмыс жасауына, белсенділігін арттыруына мол мүмкіндік береді.

Жаңа ақпараттық технологияның басты тиімділігі – бұл мұғалімге оқу үрдісін  түбегейлі өзгертуге, оқытудағы  пәнаралық байланысты күшейте отырып, оқушылардың дүниетанымдарын кеңейтуге  және қабілеттерін көре біліп, оны дамытуға толық жағдай жасауы. Қазіргі заманның даму қарқыны мұғалімдерден шығармашылығын жаңаша, ғылыми-зерттеу бағытында құруды талап етеді. Сондықтан, ХХІ ғасырдың, яғни ақпараттандыру технологиясы дамыған заманда мемлекетіміздің болашағы – жас ұрпаққа заман талабына сай білім беріп, жан-жақты дамуына ықпал ету мұғалімнен шығармашылық ізденісті, үлкен сұранысты талап етеді.  
Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағындағы оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологиялардың тиімділігі жоғары деп есептеймін.

Қорыта айтқанда, интерактивті тақта  мен электрондық оқулықтарды өз дәрежесінде қолдануды үйренген оқушылар  зерттеуге құштар, дүниені аз уақытта танып білетін, байланыс туралы жеткілікті білім меңгерген технология саласының білгірі болады.

«Ел боламын  десең, бесігіңді түзе» демекші, болашаққа білімді ұсрпақты аттандырғымыз  келсе, заман көшінен қалмай, «жақсыдан  үйреніп, жаманнан жиреніп», тек алға жылжуымыз керек деп ойлаймын.

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Білімдегі инновациялық - коммуникациялық технологиялар