Білімді тексерудің тестілік әдістемесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Января 2014 в 17:52, лекция

Краткое описание

Тест — оқушының білімін, іскерлігі мен дағдысын тексерудің немесе окушы білімінің белгілі бір сапалық қасиеті бар жоғын тексерудің ерекше формасы болып табылады. XIX ғасырдың бас шенінде шет елдерде тексерудің тестілік әдісі өзінің колданылу мақсатына орай бірнеше бағытта дами бастады.
Тарихи тұрғыдан тестердің ең көне түрі окушылардың дарынды-лығы немесе олардың ақыл-ойының жалпылама даму барысын тексеруге колданылған. Бұл тесттер оқушының белгілі бір мәліметті жадында сақтау қабілетін, ынтасын, зеректігін, нақтылы көріністі көз алдына елестету кабілетін т.б.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Білімді тексерудің тестілік әдістемесі.doc

— 38.00 Кб (Скачать документ)

                    Білімді тексерудің тестілік әдістемесі

Тест — оқушының білімін, іскерлігі  мен дағдысын тексерудің немесе окушы  білімінің белгілі бір сапалық  қасиеті бар жоғын тексерудің ерекше формасы болып табылады. XIX ғасырдың бас шенінде шет елдерде тексерудің тестілік әдісі өзінің колданылу мақсатына орай бірнеше бағытта дами бастады.

Тарихи тұрғыдан тестердің ең көне түрі окушылардың дарынды-лығы немесе олардың ақыл-ойының жалпылама даму барысын тексеруге колданылған. Бұл тесттер оқушының белгілі бір мәліметті жадында сақтау қабілетін, ынтасын, зеректігін, нақтылы көріністі көз алдына елестету кабілетін т.б. маңызды сипаттарды анықтауға көмектеседі деп есептеледі.

АҚШ-та тестілеу әдісінің іс-тәжірибеде колданыла бастауы және одан әрі  дамуы Э. Трондайк есімімен байланыстырылады, себебі ол оқушы білімін тез де объективті түрде анықтаудың бірден-бір құралы ретіндегі тестілеу әдісін XX ғасырдың басында алғаш рет ұсынған болатын. Э. Трондайк алғашында тестерді арифметика пәні мен өзге де жекелеген пәндер бойынша колданысқа енгізген болатын. 40-шы жылдары оқушылардың жалпылама үлгерімін анықтау мақсатында бірнеше пәндер тобы бойынша құрастырылған тесттер жиынтығы баспадан шыға бастады.

Бақылау тапсырмалары субъективті  және объективті тапсырмалар болып  екіге бөлінеді. Субъективті бақылау тапсырмаларының қатарына әр түрлі шығармалар мен трактаттар жатады. Олардың субъективті тапсырма ретінде қаралу себебі бұл шығармалар бойынша мұғалім жеке-дара тұжырым жасауға мәжбүр, және де бұл тұжырым окушының іскерлігі мен дағдысын көптеген критерийлер бойынша кешенді түрде саралау нәтижесінде қалыптасады. Ал тесттер - бакылаудың объективті формасына жатады, себебі олардың жауабы сандық тұрғыдан кескінделеді және де тесттер негізінен бағдарлы түрде жасақталады, яғни олардың әрбір түрі білімнің, іскерліктің және дағдының нактылы түрін бағалау мақсатында кұрастырылады.

Тестілерді құрастыру барысында  мейлінше қысқа да нұсқа жауаптарды қажет ететін тапсырмалар қолданылады, немесе тестер бірнеше жауаптар ішінен дұрыс жауапты таңдап алуға негізделген тапсырмаларға құрылады. Жауаптарды іріктеу ыңғайлы болу үшін олар белгілі бір ретпен нақтылы орынға жазылып отырады.

Қысқа да нұсқа жауаптарды қажет ететін тест тапсырмаларынан мысалдар келтіріп көрейік. Мысал ретінде мектептегі информатика курсы бойынша жасалған тест тапсырмаларын қарастырайық.

а:=5; Ь:=а*а; а:=Ь-а; Ь:=а+1 — камандалар сериясын орындаганда қандай нәтиже болады ?

Жауапты тандап алуды қажет ететін бірнеше түрлері болады.

Олар жазылған сөздің дұрыстығын немесе дұрыс еместігін анықтауды талап етуі мүмкін. Әдетте оқушылар «Т» деген (дұрыс — Тгuе) немесе «Ғ» деген (дұрыс емес — Ғаһе) әріптерді жазуы тиіс.

1. - - - - Кампьютерді телекаммуникация желісіне қосу ушін модем қолданылады.

2. - - - - Ақпараттың өлшем бірлігі ретінде мегагерц қолданыла-ды.

Осыған ұқсас кейбір тестерде үстамды (конструкциялық) жауап-тың артықшьшығы  пайдаланыла-ды, сөйтіп дүрыс қүрылған сөйлемнің жанына + белгісі қойылады да дұрыс емес сөйлемнің жанына оны дұрыстаушы сөз қойылады.

Мысалы:

1. + Программа — программалау тілдерінің бірінде жазылган ал-горитм.

2. Дуниежузілік желілер  бірлігі. Интернет — коммерциялық мекеме.

Тестердін сөз болып отырған  типі арасында мейлінше көп тараған түрі — әрбір тапсырмаға қайтарылған бірнеше жауаптардың ішінен дұрыс жауапты тандап алуды кажет ететін тестер. Бүл орайда окушылар жауаптарды саралай білуі және бір-бірімен салыстыра білуі тиіс.

Тәмендегі программа фрагменті орындалганнан кейін а және Ь айнымалыларының мәндері неге тең?

Бейсик Паскаль, алгоритмдік тіл а=5 а-5 Ъ=4   Ь:=4 а=Ь+4               а:=Ь+4

1. а=5; Ь=9

2. а=4; Ь=8

3. а=8; 6=7

4. а=5; Ъ=4

5. а=8; Ь=4

Жауапты тандап алуды  қажет ететін тестердің жеке түрлерінің бірі - әрбір сұрактардың дүрыс жауабын таба білуді қажет ететін тестер.

Мысалы:

1. ----- - баспага  шыгару

қурылгысы больт  табылады.

2. ----- -ақпаратты саңтау

қурылгысы больт табылады.

3__ . _ - _ _ енгізу қурылгысы болып табылады.

а) компакт дискі ә) клалвиатура б) принтер

Тестілердің бүл түрі де оқушылардың  мәліметтерді салыстыра білуін, өзіне белгілі деректермен ұштастыра білуін кажет етеді.

Жауапты тандап алуды қажет ететін тестердің өзге түрлері бар-шылық, олар жіктемелік тестер, яғни белгілі  бір ретпен орналас-тыруды кажет ететін тестер т.б. Алайда бұлар шектеулі түрде та-ралған.

АҚШ-та таңдауға берілетін жауаптардың жалпылама санынын ең тиімді мөлшерін аныктауға арнайы зерттеулер жүргізілген. Бұл зерттеулерде негізінен жауаптар саны 2-ден 5-ке дейінгі аралықта болу мысалдары (кейбір жағдайларда ғана 7 жауап) қарастырылған, сөйтіп олардың нәтижесінде берілмек жауаптардың ең тиімді саны 5 екендігі анықталған. Дүрыс жауаптың орналасу реті ешбір роль атқармайтыны белгілі. Тестерді қолдану ережелерінде сол тестердің жауаптары, әдетге оқушылар жіберетін кателерді ескере отырып, немесе жиі кездесетін қателерді сипаттайтын материалдарды негізге ала отырып таңдалады.

Тест дегеніміз өте күрделі педагогикалык құбылыс болып та-былатын білімді игеру және іскерлік пен дағдыны қалыптастыру мәселелерін бағалауға математикалык әдістерді қолдана білудің ең қолайлы формасы болып табылады.

Кездейсоқ алынған тапсырма-лар  жиынтығын тест деп карасты-руға болмайды. Тест білімді бақылау ретінде колданып, нық және накты әдістемелік талаптарды канағаттандыруы қажет.

Тестер оқушыньщ білім дәрежесін  анықтау ісінде субъективтік элементтің болмауын қамтамасыз ете алады, себебі бұл орайда бүкіл іс дұрыс және дұрыс емес жауаптарды есепке алуға және осы мәліметтерді статистикалык тұрғыдан саралауға ғана негізделген. Тестерді қолдану окушылардың нақтылы мәселелер бойынша білім деңгейін, сол сияқты оларда іскерлік пен дағдының жекелеген түрлері қалыптасуы дәрежесін сипаттайтын мейлінше ауқымды материалды тез арада есептеу және саралау шараларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Солай бола тұрса да, тестілеу дегеніміз оқушылардың үлгерімін тексерудің мейлінше қарабайыр, негізінен алғанда механикалык әдісі екендігін ұғынбау мүмкін емес. Тестер әсіресе олардың дұрыс жауапты тандап алуды қажет ететін түрлері көмегімен оқушының белгілі бір пәннен бағдарлама көлеміндегі білімін жүйелі, толық бағдарлауға мүмкіндік туады, негізгі ұғымдар мен тұжырымдар туралы қандай біліктілігінің бар екендігін аңғаруға болады. Оқушы тестегі әрбір жауапты бір-бірімен салыстыра отырып талдау жасайды, яғни белсенді ойлау процесі жүреді де, окушының логикалык ойлау қабілетінің дамуына мүмкіндік туады.

Тестілеу әдісінің кеңінен таралуына, тестілеу нәтижелерін мейлінше тез және сапалы түрді өндеп шығаруға компьютерлердің үлкен септігі таері сөзсіз.

Тестілеуде компьютерді қолдану окушылардың білім деңгейін сырттан бақылауды және олардын өзін-өзі бақылауын қамтамасыз ету максатында қолданылады және бұл технология оқушы жауабын тандау принципіне немесе өте қысқа да нұска жауаптар (сандар түріндегі немесе әріптегі түріндегі) алу принципіне негізделген.


Информация о работе Білімді тексерудің тестілік әдістемесі