Қашықтан оқытудың білім саласындағы рөлі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2014 в 19:50, реферат

Краткое описание

Соңғы он-он бес жылдан астам уақыт ішінде Қазақстандағы білім беру жүйелерінің кұрылымдарында елеулі өзгерістер болып жатыр. Оқу мен білім технологиясы қаржы қорының байыбына жетіп түсінудің, нарықты өркендету жолында күресудің тиімді құралына айналып отыр. Осы ретте қазіргі замандағы технологиялық жетістіктерге негізделген қашықтықтан білім беру жетекші рөл атқарады. Дүние жүзі бойынша қашықтан білім беру жүйесін еркендетудің басты мақсаттарынын бірі - оқушылардың кез келген мектептер, колледждер мен университеттердегі оқу бағдарламалары бойынша оқып, білім алуларына жағдай туғызу болмақ. Осылай еткенде ғана студенттердің бір елден екінші елге орын ауыстыруларына ідектеу қойып, кедергілер туғызудан гөрі көзқарастар жүйелерінің бір арнаға тоғыстырылған идеяларымен қаруланып, білім беру ресурстарын өзара алмастыру жағдайында болашағы зор жаңа істерді өркендете түсуге мүмкіндік туады.

Содержание

Кіріспе.

1. Қашықтан оқытудың білім саласындағы рөлі

2. Қашықтықтықтан оқыту (ҚО) технологиясын ұйымдастырудың теориялық негіздемесі

3. ҚО-ды ұйымдастырудың теориялық негіздері

4. Қашықтықтықтан оқытуды ұйымдастыру технологиялары

5. Қазақстан Республикасының кәсіптік жоғары, қосымша кәсіптік білім беретін білім беру ұйымдарында қашықтықтық нысаны бойынша оқытуды ұйымдастыру ережесі

6. Қашықтықтан оқыту – білім саласындағы нарықтық қатынастарды жетілдіру жолы

7. Қашықтықтықтан оқыту технологиясын ұйымдастырудың дидактикалық негіздері.

Қашықтықтықтан оқыту технологиясын жетілдіру негізінде оқу матералдарына қойылатын дидактикалық шарттар мен оқыту тәсілдері



Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

Кашыктыктан Окыту.doc

— 205.00 Кб (Скачать документ)

 

Қашықтықтан оқыту  – білім саласындағы нарықтық қатынастарды жетілдіру жолы 

 

Бүгінде, информация өңдеу мен халықаралық деңгейде еңбек түрлерін бөлу әлемдік әкономиканың ең негізгі ерекшеліктері болып отырған кезде, білім алу кез келген маманның жеке және кәсіби табысының негізгі көзі болып қала береді. Білімнің адамнын жұмысқа түру мен өмір сүру деңгейіне тигізетін әсері бұрынғыға қарағанда анағұрлым күшейе бастады. Әрине, білімге қойылатын талаптар да өзгеріске ұшырады: әрбір жанның негізгі білімі мен оның тұрақты жаңарып отыруымен қатар қазіргі маман информациялық қорларды табысты пайдаланып, заң және әкономика негіздерін де игеруі тиіс. Қазіргі мамандардан шығармашылық тұрғыдан ойлай білуі, соның негізінде шешім қабылдауы және өмір бойы оқып үйренуі талап етіледі.

Функциональдық дайындау тұжырымдамасынан жеке тұлғаны дамыту тұжырымдамасына ауысу. Бұл ауысудың негізі тек приоритеттер ауысуы ғана емес, мұнда мамандарды мемлекетгік тапсырыс бойынша дайындаудан жеке тұлғаның талаптарын қанағаттандыруға көшу жүзеге асырылады. Жаңа түжырымдама әрбір нақты адамның өз мүмкіндіктерін есепке ала отырып, соны іс жүзінде көрсету мен жетілдіру арқылы білім беруді жекелеп жүргізудің сипат алғанын көрсетеді. Бұл оқушылардың және мүғалімдердің өздерінің әртүрлі жеке мүмкіндіктеріне сәйкес алуан түрлі білім беру бағдарламаларын жасау  арқылы іске асырылады. Білім беруді жетілдірудің осы бағытындағы маңызды фактор болып оқушылардың қазіргі және болашакта қолданылатын информациялық коммуникациялық технологияларды (ИКТ) пайдалану арқылы оқуға деген өз ынтасын (мүмкіндігін), өздерінің жеке басының когнитивті іс-әрекет жасауға икемділігін қалыптастыру ісі саналады.

Бұдан бұрынырақ көркем етіп қолмен жаза білудің өзі қартайғанша  қам жемей тыныш өмір сүруге кепілдік бере алатын еді. Соңғы онжылдықта әр түрлі қызмет салаларында технологиялар мен білім түрлерінің жаңаруының жылдам үрдіс ала бастағаны байқалды. Мектептен, тіпті жоғары оку орнынан алған білімнің өзі ұзақ уақыт өмірге тірек бола алмайды.

Үздіксіз білім беру тұжырымдамасы, оның іс жүзінде пайдалануға  ұмтылу қоғамдағы ересек адамдардың білім алу мәселесін қиындатып  жіберді. Ересек жандардың білім  алуына деген көзқарас және оның қазіргі  замандағы рөлі түбегейлі өзгеріске  ұшырады. Ол қазіргі білім беру жүйесі кризисін аттап өтудің және жаңа заманға сәйкес білім жүйесін қалыптастырудың тікелей жолы ретінде қарастырылып отыр.

Білімді негізгі қоғамдық капиталға айналдыру және білім  алуға байланысты табыстың өсуі осы  тауарды пайдаланатын адамның, жалпы қоғамның және накты бір мекеменің пайда табуына байланысты болып отыр. Осыдан барып білім беру саласын аралас түрде қаржыландыруға, осы саладағы нарықтық қатынастарды дамытуға негіз болатын мүмкіндіктер пайда бола бастайды.

Мектептегі информациялық технологиялар және информация курстарын бағдарламалау тілдерінің әлементтері бар компьютер құралы алғашқы білім түрлері ретінде қарастыру - кейіннен зиян тигізетін өте қарапайым көзқарас Компьютерлік ғылымдар пәндерін инженерлік білім негіздерсіз (жоғары оку орындарына емес) нашар техникалық жабдықталған ортада үстірт оқып үйренуге талпыну - мектеп түлегінің көзі алдында ИКТ мүмкіндіктерінің рөлін төмен түсіру деген сөз. Балалардың мұндайда Компьютерге байланысты теріс көзқарасы қалыптасып, кейіннен оларды көптеген қиындықтарға душар етуі мүмкін.

Орта мектеп өмірге білікті  программалаушылар беруі тиісті емес (оларды университеттер дайындауы  керек), оның атқаратын қызметі де ондай емес. Балаларды оларға қызыкты, әрі өмірде керек болатын нәрселерге үйрету қажет. Оның үстіне дәл осы сәттегі мәселелер жалпы жеке адамның жан-жақты және гармониялық түрде дамуымен қайшы келмеуі тиіс. Менделеев атап өткендей "орта білімнің негізгі мақсаты оқушыларды жеке жетілдіру, олардың қоршаған ортаға деген дұрыс көзқарасын қалыптастыру және жеке қасиеттерін (байқампаздық, ой таластыра білу, еңбек сүйгіштік, т.б.) дамыту".

Компьютер балалардың шығармашылық белсенділігін дамытуға көмектеседі, әсіресе егер оған үйренуді емес, оны  құрал ретінде пайдалануды игерсе, яғни ИКТ-ның техникалық жағына ғана қарастырмай, оның танымдық жағына көңіл бөлу керек. Мұндайда оны дұрыс пайдаланса, компьютер білімді жетілдіру құралы рөлін жақсы атқара алады.

Компьютер мен оқушының өзара әрекеттесуі қызғылықты процесс, ол педагогикалық новацияларда есепке алынып отыруы қажет.

Педагогиканың негізгі  козғаушы күші ретінде барлық тәрбиелік  әрекеттер негізі ынта болып саналатынын  айтқан артық болмас. Өндірісте де ынталандыруға байланысты менеджмент ең бағалы ресурсты - кадрларды жетілдірудің негізгі құрамды бөлігі болып табылады емес пе? Балалар

ересек адамдар тәрізді  егер оқу нәтижесі ертеңгі күні пайдалы  болатынына көзі жетсе, оған зор ықыласпен  қарап, тез үйренуге тырысады. Егер оқу процесі дұрыс құрастырылып, компьютер оның жылдам игерілуіне көмектесетін болса, оқушылар мақсаттарына жыддам қол жеткізе бастайды.

Мектептерде аппараттық, телекоммуникациялық және программалық жабдықтар аймағында тәжірибелік (немесе арнаулы) емес, индустриялық, яғни әрекеттік шешімі бар жұмыстарды енгізуге тырысу керек - олар практикалық қажетгілік пен ол істі жалғастырудың тиімділігіне кепілдік бере алады. Информациялық технологиялардың екпінді түрде жылдам дамуы аппараттық және программалық жабдықтар өндірісі өзіндік құнынын арзандауына, оған қоса ИКТ-ның негізгі даму бағытында программалар мен құрылғылардың бір-бірімен сәйкес келіп үйлесуіне әкеліп отыр.

ИКТ-ны практикаға енгізу жолында туындайтын мәселелерге  салқын қандылықпен карап, оларды шешу кезінде мектептегі информациялық  жүйелердің мынадай негізгі әлементтеріне  әсер ететінін айту керек:

·        әдістемелік жабдықтау жағына;

·        мұғалімдер мен әкімшілік органдарын дайындауға;

·        қолданбалы программалық жабдықта-маларға (әнциклопедиялар, меди-ресурстар, моделъдеу, әкімшшк-шаруашылық кешенін баскаруға)

·        базалык программалық платформаға (Windows операциялық жүйесі + Office);

·        аппараттык кешенге (компьютерлер, жергілікті желі, Интернетке крсылу).

Интеллектуальды ұлттық қорларды дамытудың басыңқы бағыттарына  бағытталған бағдарламалар мен  білім технологияларын жетілдіру - саяси маңызды стратегия.

Мұндай процестің маңыздылығы  Әкономикалық ынтымақтасу және жетілдіру  ұйымына кіретін көптеген елдердің осындай жоспарларды тиянақты түрде  құрастыруынан көрінеді. Мысал ретінде "Тһе National Сгіd fог Lеаrning" (Ұлыбритания) және "Schulen und Netz" (Германия) жоспарларын көрсетуге болады, осындай жоспарларды АҚШ, Қытай, Индия, Индонезия, Оңтүстік Корея, Тайлан мемлекеттері де жүзеге асыруда. 2000 ж. аяғында АҚШ Білім министрлігі жасап шыққан Білім технологияларының ұлттық приоритет ретінде кдрастырылуы тиіс. Олар білім беру процесінін шет жағында қалмай, оның негізгі ядросы болып қалыптасуы керек".

Жаңа жоспар негізінде  әлектрондық оқыту (е-Lеаrning) тұжырымдамасы  жатыр, оның стратегиялық рөлі бұған  дейін кең тараған әлектрондық бизнес үғымынан гөрі маңызды болып саналады.

Осындай жағдайда біз  не істеуіміз керек? Біздің білімге  деген көзкарасымызды қайта қарайтын кез келді. Алдыңғы қатардағы  дамыған елдердің білім саласындағы  АКТ-ны өмірге енгізу тәжірибесін өз жағдайымызға сай икемдеу қажет. 

 

 

 

2 ТАРАУ. Қашықтықтықтан  оқыту технологиясын ұйымдастырудың  дидактикалық негіздері 

 

Қашықтықтықтан  оқыту технологиясын жетілдіру  негізінде оқу матералдарына  қойылатын дидактикалық шарттар  мен оқыту тәсілдері 

 

Қазіргі кезде адамзат дамуының ерекше артықшылығы-ақпараттық өркениетке көшу, адамдардың интеллектуалдық мүмкіндіктерін арттыратын есептеуіш техника мен ақпараттық технологиялардың жедел дамуы болып табылады.

Қоғамды ақпараттандыру Қазақстан дамуының маңызды бағыттарының бірі болып саналады. Біздің еліміздегі үздіксіз білім беруді қарастыратын болсақ (орта мектеп-жоғарғы оку орны-білім жетілдіру институты-мамандарды қайта даярлау), осы сатылардың барлығында ақпараттандырудың әсерін көруге болады. Оның мақсаты -әффективтілікті радикалды және мамандарды даярлау сапасын дамыған елдердің деңгейіне көтеру. Осы үрдісте келесі әлементтер ерекше маңызды болып саналады:

·        Техникалық құралдармен оқытудың педагогикалық әдістерінің приоритеттілігі.

·        Алгоритмдік білім мен ойлау стилінің өсуі;

·        Студенттердің информатика мен есептеуіш техника құралдарын меңгеру және қажеттеріне   қарай   жаңа   ақпараттық технологияларды қолдану қабілеттіліктерін қалыптастыру.

Осының барлығы жеке тұлғаның ақпараттық мәдениет деңгейінің жоғарылауы мен дамуына әсер етуі керек. Осы тұрғыда үш деңгейді ерекшелеп көрсетуге болады: жалпы, кәсіби және жоғарғы логикалық. Адамдардың ақпараттық мәдениеті олардың еңбек қызметін анықтаушы факторы болып табылады. Акпараттык коғамға, қозғалысқа қарай оның рөлі арта түседі. Ақпарат бағалылығы да арта түседі. Адамның ақпараттық мәдениетінің қалыптасуы - оның күнделікті тіршілігіндегі білім, біліктерімен өз білімІн жетілдіру кезінде жүзеге асады. Бұл - басқарылмайтын үрдіс. Әйтсе де, оның құрылымын анықтап, оқыту және тәрбие жүйесімен жеке түлғаның ақпараттық мәдениетін бағытталған түрде дамыту кезінде күшейтуге, ұйымдастыруға болады. Тәжірибе көрсеткендей, оқытудың компьютерлік технологиясын келесі әдістерді қолдану аркылы жүзеге асыруға әсер етеді:

·        Ақпараттық әдіс, үйренушінің танымдық қызметін;

·        Компьютерлік модельдеу әдісі, мәліметтер базасы мен білімді, гипермәтіндерді қолдану арқылы білім алушының танымдық қызметін жүзеге асыру;

·        Автоматты оқыту және білімді бақылау әдісі, математикалық және логика-лингвистикалық модельдерді қолдануға негізделген, танымдық кызметті дамытады;

·        Авгоматтандырылған оқыту және білімді бағалау әдісі, автоматтандырылған оқыту  жүйелерін.  тестілеу  жүйелері  мен  мультимедианы  қолдануға  негізделген, танымдық қызметті дамытады;

·        Ойындық  әдіс,  компьютерлік,  іскерлік  ойындарды,  әксперттік  жүйелерді қолдануға негізделген танымдык қызметті дамытады.

·        Білім беруде ақпараттық технолоғияларды сәтті тарату, сауатты қолдану және интенсивті дамыту бірнеше факторларға байланысты екендігі аныкталды:

·        Техникалық (компьютерлік) база жағдайы;

·        Ақпараттык жоне компьютерлік аймағындағы маман-оқытушылардың кәсіби дайындық деңгейі;

·        Басқа пән окытушыларының компьютерлік сауаттылығы және ақпараттық мәдениет дәрежесі;

·        Нақты  аймақтағы ақпараттық технологияны дамыту тенденцияларьгна оқу жоспары мен бағдарламалар мазмүндарының сәйкес келуі.

Қазіргі қойылатын талапка  сай жаңа технологиялар - берілетін  білім деңгейінің кенейтілуінің және студенттердің білім дәрежесінің артуын талап етін отыр.

Әсіресе қашықтықтан  оқыту технологиясы білім берудің  ортасында тұратын оқыту жүйесін  құру мүмкіндігін береді. Бұл жүйеде оқытушы студенттің жүмыстарын, жеке қызығушылықтары мен сұраныстарын ескереді. Білім беру жүйесінің ортасында студент тұратынын ескерсек, оқыту жүйесі тұтасымен өзгереді. Оқытушы студентке арналған өзіндік жұмыстарды ұйымдастырумен шұғылданады. Қашықтықтан оқыту технологиясын қолдануда оқытушының рөлі арта түседі және өзгереді.

Осымен байланысты қашықтықтан  оқыту технологиясын қолданып жүргізілетін білім беру сапасын бақылауды  дүрыс жүргізу және жүзеге асыру  мәселесі туындайды

 

 

 

Қорытынды 

 

Президентіміздің ықпал  етуі тарапынан Қазақстан Республикасы орта білім беру жүйесін ақпараттандыру туралы мемлекеттік бағдарламасында «Қазақстан Республикасы дүние жүзінің дамыған елдері сияқты орта білім беру жүйесінен ақпараттандырудың нақты жолына түсуі тиіс, яғни, бірыңғай ақпараттық білім беретін желіге негізделіп оқыту жүйесін жасау қажет» - делінген.  

«Қашықтықтан білім  беруді ұйымдастырудың дидактикалық мүмкіндіктері» тақырыбына орындалған курстық жұмыста  мына мәселелер анықталды:

-         білім беру жүйесіндегі қашықтықтан оқыту технологиясының мәні мен рөлі;

-         Қазақстан Республикасының білім мекемелерінде ҚО технологиясының қолданылу барысы.

Оқытудың ауқымды және жергілікті жүйелерін ойдағыдай  пайдалана білудің нәтижесінде  білімнің базалық және деректердің  банкілік мәліметтеріне еркән қол  жеткізуге болады.

Қорыта келе айтарымыз, қашықтықтан оқыту жүйесінің  рөлі білім саласы үшін өте жоғары, себебі бұл жүйе арқылы мұғалімдеріміз бен окушыларымыз әлемдік ақпараттармен  байланысуга, ғылыми және шығармашылық жұмыстарын жетілдіруге, әлемдік ақпарат  кеңістігінде өздерінің білімдерін шындауга зор мүмкіндік алады.

Қашықтықтан оқыту ақпараттық мәдениет деңгейі дидактикалык бағдарламалар  білім саласында оқытуды басқару  мен бақьлауды автоматтандыру, студентке  өз бетінше қайталанбайтын көпнұсқалы, көпденгейді дидактикалық шарттар негізінде тапсырмалар беру, білім мен дағдыны объективті бағалау, ерекше ақпараттық материалдарды мультимедиалық формада беру, виртуалды өмірге енгізу т.с.с. жаңа мүмкіндіктер ұсынылады. Сонымен қатар, мүндай бағдарламалар қашықтықтан оқытудын материалды өз бетінше игеру жетілдірілген психологиялық педагогикалык әдістерді пайдалану, қашықтықтан оқытуды студенттің жеке психофизиологиялық ерекшеліктеріне қарай таңдауға мүмкіндік береді.

Информация о работе Қашықтан оқытудың білім саласындағы рөлі