Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Января 2013 в 18:12, реферат
Екі және одан көп компьютерлер заттай қосылғанда компьютерлік желі пайда болады. Компьютерлік желі аумақтық жағынан бытыраңқы орналасқан пайдаланушыларға бірдей программаларды, жалпы ақпараттық және ақпараттық ресурстарды қолдануда өзара ақпарат алмасуға мүмкіндік береді
І АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗ КОМПЬЮТЕРЛІК ЖЕЛІЛЕРДІ
АҚПАРАТТЫ ҚОРҒАУ
1.2 ЖЕРГІЛІКТІ ЕСЕПТЕУ ЖЕЛІСІ
1.3АЙМАҚТЫҚ ЕСЕПТЕУ ЖЕЛІСІ
ІІ АҚПАРАТТЫ ҚОРҒАУ МЕН ОНЫҢ ҚҰПИЯЛЫҚ
СТРАТЕГИЯСЫ.
І АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗ КОМПЬЮТЕРЛІК ЖЕЛІЛЕРДІ
АҚПАРАТТЫ ҚОРҒАУ
1.2 ЖЕРГІЛІКТІ ЕСЕПТЕУ ЖЕЛІСІ
1.3АЙМАҚТЫҚ ЕСЕПТЕУ ЖЕЛІСІ
ІІ АҚПАРАТТЫ ҚОРҒАУ МЕН ОНЫҢ ҚҰПИЯЛЫҚ
СТРАТЕГИЯСЫ.
І АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗ КОМПЬЮТЕРЛІК ЖЕЛІЛЕРДІ АҚПАРАТТЫ ҚОРҒАУ
Екі және одан көп компьютерлер заттай қосылғанда компьютерлік желі пайда болады. Компьютерлік желі аумақтық жағынан бытыраңқы орналасқан пайдаланушыларға бірдей программаларды, жалпы ақпараттық және ақпараттық ресурстарды қолдануда өзара ақпарат алмасуға мүмкіндік береді.
Компьютерлік желі бір-бірімен қатынаса алатындай арнаға қосылған, компьютерлік және басқа электронды жабдықтарды іске қосуға қажетгі барлық ақпараттық және программалық қамтамасыз ету кіреді. Желі басқа құрылғылармен өзара әрекеттесетін құрылғылар станциялар, тораптар немесе желілік құрылғылар деп аталады. Тетіктер саны екіден бастап мыңдаған санға жетеді.
Бір рангілі желілер. Желі тораптары бірдей коммуникациялық функцияларды орындауда, олар тең деп аталады. Осындай тораптар арасындағы қатынастар әдетте бір рангілік деп аталады. Бір рангілік жүйелердің маңызды ерекшелігі бар. Олар арнайы программалық қамтамасыз етуге мұқтаж.
Оларға қарама-қайшы жұмыс станциялары немесе клиенттер деп аталатын көптеген компьютерден тұратын желілер болады, олар іс жүзінде сервер деп аталатын бір немесе бірнеше компьютермен гана айырбасталады.
Сервер — басқа компьютер-клиентке (жұмыс стациясына) қызметін үсынатын компьютер. Сервердің көмегімен бақа компъютерлер серверге қосылган принтерлерге, факстарга, серверде тұрган мәліметтер базасына жетеді.
Желілердің типтері. Есептегіш желілерді көбіне қамтыған географиялық ауқым мөлшеріне байланысты үш негізгі типке бөледі. Шағын ауқым әдетте «жергілікті есептеу желісі» (Ьосаі Агеа ) терминімен байланыстырылады. Үлкен ауқымдар -«аймақтық есептеу желісі» (Меігороіііап Агеа №һуогк - МАІЧ) жэне «ғаламдық есептеу желісі» терминдерімен байланысты.
Компьютерлік желінің барлық түрлерін тағайындау екі функциямен анықталады:
— желінің ақпараттық жэне программалық ресурстарын бірлесіп қолдануды қамтамасыз ету;
- мәліметтер ресурсына бірлесе қол жетаізуді қамтамасыз егу. Мысалға жергілікті желінің барлық қатысушылары басудың жалпы құрылғысын (желілік принтер), не болмаса бір ерекшеленген компьютердің (файлдық сервердің) қатқыл дискінің ресурстарын бірлесе қолдана алады. Бұл программалық және ақпараттық қамтамасыз етуге де қатысты.
1.2 ЖЕРГІЛІКТІ ЕСЕПТЕУ ЖЕЛІСІ
Жергілікті есептеу желісі (ЖЕЖ). Егер желі бір орынға (әдетте бір ғимаратқа немесе әртүрлі ғимарат кешеніне) байланса, ол жергілікті деп аталады. ЖЕЖ компьютерлік жүйелер мен перифериялық құрылғыларды (қатқьш дискідегі жинақтағыштар, стримерлер, принтерлер және т.б.) мәліметгерді және перифериялық құрьшғыларды бірлесіп қолданатын топтарға байланыстырады.
ЖЕЖ-дің айрықша қасиеті - мәліметтердің үлкен жылдамдығы, қателердің төмен деңгейі, мәліметтерді берудің арзан ортасын пайдалану. ЖЕЖ-дің кепшілігі оларды қолдайтын қайсібір нақтылы ұйымға жатады.
Жергілікті есептеу желілері жұмыс тобы, белімі, мен корпоративті желілерге бөлінеді. Корпоративті желілердің тез дамуы мен олардың зор болашағына орай кеңірек тоқталайық.
Корпоративті компьютерлік желілер (ККЖ). Корпоративті желілер компьютерлер мен желілерді бір кәсіпорын немесе корпорация аясында біріктіреді. Аумақтық (территориялық) белгінің ешқандай маңызы жоқ. Мұндай желілер жер шарының кез келген бөлігін қамтиды. Қашықтаған жергілікті желілер мен компьютерлерді біріктіру үшін телекоммуникация кұралдары, спутниктік байланыс жэне басқа қазіргі заманғы құралдар қолданылады.
Корпоративті желілердің қолданатын жабдықтары, программалары және технологиялары жоғары дәрежеге ие, әрі сан алуандығымен ерекешеленеді. Сонымен бірге мұндай желілер қолайлы уақытта әсер ететін, кез келген ресурсқа қол жету мүмкіндігімен біртұтастықты құрауы тиіс.
Корпоративті желілер қамтудың едэуір аумағы бар жергілікті желілердің ерекше алуан түрі болып табылады. Қазір корпоративті желілер өте белсенді дамуда және олардың бөлігін Интранет (интражелі) желілері деп атайды.
Интранет (интражелі) - Интернетке кіре алатын, бірақ аз ресурстарына сыртқы пайдаланушылардың қол жетуінен қорғалған, Интернет технологияларын қолданудың арқасында мол мүмкіндіктерге ие болған жеке фирмашілік немесе фирмааралық компьютерлік желі. Оны жергілікті желі мен Интернет желісі құралдарын қолданып, фирмалық және фирмаішілік ақпаратқа жету мен оны сақтау, беру, өңдеу жүйесі ретінде айқындауға болады.
Толық функционалды Интранет
желісі мынадай базалық желілік
технологияларды орындауды
желілік басқару;
барлық қалған қызметтер мен ресурстарды бейнелейтін желілік
каталог;
желілік файл жүйесі;
хабарларды біріктіріп беру (электронды почта, факс,телеконференция
және т.б.)
желілік басу;
ақпаратты рұқсат етілмей қол жетуден сақтау.
Интранет Интернетгің сыртқы пайдаланушылардан желілік қорғау құралы -брандмауэрлердің көмегімен оқшауланады. Әдетте, web-серверлерде немесе прокси-серверлерде орналасатын брандмауэрлерді программалық қамтамасыз ету ең кемінде сыртқы абоненттің өкілетгіктерін және оның парольді білуін тексереді, осылайда желіге рұқсат етілмей, қол жетуден қорғау мен одан ақпаратты алу қамтамасыз етіледі. Интернет желісіндегі ақпарат пен оның барлық көрсетілетін қызметтері корпоративті желінің барлық пайдаланушылары үшін қол жетерліктей мүмкіндіктер қарастырылған.
Қазіргі заманғы бәсекелестік қызып тұрған нарықта жаңаша ақпаратқа қол жеткізу бизнестегі табыстың маңызды компонентіне айналды. Сондықтан Интранет желісін корпоративті қосымша тіркемелерді жүзеге асыруды келешектегі атқарылар істің ортасы ретінде қарауға болады.
Интернет тарихы 1994 ж. басталады, ол кезде бұл термин Интернет желісінен алынған принциптерге құрылған корпоративті компьютерлік желілері үшін ұсынылған еді. Бұл тәсіл нақты өндірістік бейіні мен ауқымына қарамастан, кез келген кәсіпорын үшін әмбебап еді.
Интранет - мақұлданған wеЬ-технологиның корпоративті желіге көшуі. Корпоративті жергілікті құрылым өнімдерінен айырмашылығы Интранет - жүйелері дайын және өте арзан коммуникациялық компоненттерді қолданады. Шетелдік экономистердің бағалары бойынша, ірі корпорацияларда Интернетті енгізу құны бір жұмыс орнынан шаққанда 50 долл. құрайды.
Интернеттен әр тектес техникалық құралдар мен операциялық жүйелерді бір инфрақұрылымға біріктіретін қарапайым байланыс тарайды. Интернеттен транспорттық (ТСР) және желілік (ІР) деңгейлердің негізгі желілік хаттамалары да алынды. Корпоративті желілерді жасау процесі елеулі түрде қарапайымдандырылған, өйткені интеграциялық жоба жасау қажетгілігі болмай қалады. Осылайша жекелеген бөлімшелер өздерінің ЛВС, серверлерін басқа бөлімшелермен байланыстырмай-ақ қолданып, өзіңдік бағынынқы жүйелер құрады. Қажет болған жағдайда олар кәсіпорынның бірыңғай жүйесіне қосылады.
Клиентгік компьютерде W W W объектілеріне жету мен НТМЬ-файлды көрнекі кескінге көшіруді атқаратын броузер-программа болуы тиіс. Бұл файлдар пайдаланушының операциялық ортасына қарамастан қол жетерліктей болуы тиіс. Осылайша, серверлік қосымша тіркемелер клиенттердің инвариантсыз құрылуы тиіс және оларды жасау корпорацияның функционалды міндетгерін жүзеге асыруға және әмбебаб клиенттің болуына толықтай бағытгалуы тиіс.
Ірі кәсіпорындарды басқарудың қазіргі заманғы жүйелері қатаң орталыктандырылған жолдан бөлінген жүйелерге дейінгі жолдан өтті. Бөлінген басқаруды қолдауды қамтамасыз етілген ақпараттық технология «клиент-сервер» архитектурасы бар жүйе негізінде құрылды. Бөлінген басқару мәліметтердің бөлінген базасымен үйлесетін (мәліметгердің тұтастығы мен қарама-қайшы еместігін, актуалдандырудың синхронды үйлесімін, рұқсат етілмей қол жетуден қорғауды қамтамасыз ету), желінің ақ-параттық жэне есептеу ресурстарына әкімшілік жасау және т.б.
Интернет принциптерінде
басқару жүйесін құру бөлінген коммуникациялары
бар ақпарат сақтаудың
Бүгінге біздің көз алдымызда жаңа өнеркәсіп жэне тағы да есептеу техникасы айналасында революция өтіп жатыр. Егер алда болып өткен ақпараттық технологиялар бәрінен бұрын кең мағынадағы мәліметгерді өңдеу ретінде түсініліп келсе, бүгін де акценттер телекоммуникациялық тезнологиялар пайдасына, әртектес мәліметтерге жетудің бірегейлеңдіру пайдасына орай бірлескен бөлінген мен тасымалдау пайдасына қарай өзгереді. Іс-тәжірибе жүзіндегі басты бағыт - бөлінген архитектура. Программалық қамтамасыз ету нарығында Интернет технология мен топтық жұмыс құралдары саласы тез өсуде.
ЖЖҚ (желілік есептеу желісі) топологиясы. Желілер құрылыммен (топологиямен) сипатталады. Жергілікті желі құрылымы ретінде ЭЕМ байланыс желілерімен бірігудің белгілі бір тәсілі түсініледі. Негізінде жергілікті желілер үшін үй стандартты топология: шина, сақина және жұлдыз қолданылады.
Жоғарыда аталған құрылымдарды қисындастыру жолымен пайда болған құрылымдар да бар.
Шиналық (желілік) топологияда (31-сурет) компьютерлер магистраль немесе шина деп атау қабылданған орталық кабельге қосылады. Бұл қосылыс компьютердің әртүрлі құрылғыларын біріктіруге ұқсас.
31-сурет. Желінің шиналык топологиясы
Сақина түріндегі топология (32-сурет) шиналық топологияға ұқсас, бірақ магистральдардың соңдары тұйықталған сақина құрап, қосылған. Шиналық және сақиналық топологиясы бар желілер өте үлкен қашықтықтарды (бірнеше ондаға километрлерді) алады. .
32-сурет. Сақиналык топология
Жүлдыз түріндегі топологияда (33-сурет) барлық компьютерлер бір орталық машинаға қосылған, ол, элбетте, өзіне қосылатындарға қарағанда қуатты.
Ол желіде жетекші рөл атқарады, өйткені желінің қалған басқа компьютерлері арасындағы барлық ақпарат ағыны орталық компьютер арқылы өтеді. Мұндай топология үшін шағын ауқымдар тән.
Топологияның әрқайсысының өз артықшылықтары мен олқылықтары бар. Сондықтан компьютерлерді жобаланатьш желіде қосу тәсілін мамандар мұкият ойлап-толғануы тиіс. Негізінде, желіде тек қаралған стандартты схемалар ғана қолданылып қоймайды, ұйымның өркендеген нақтылы ерекшеліктерін ескеретін сан түрлі ықтимал амалдар да пайдаланылады.
33-сурет. Жұлдыз түріндегі топояогия
1.3АЙМАҚТЫҚ ЕСЕПТЕУ ЖЕЛІСІ
Аймақтық есептеу желісі. Егер желі бүкіл қаланы қамтыса, ол онда аймақтық есептеу желісі (АЕЖ) болып саналады. АЕЖ -желілердің ең жаңа түрі. Аймақтық желілер бірнеше облыстарды, сонымен қатар тұтас елдер мен континетгерді қамти алады.
Аймақтық желілер мысал
Аймақтық есептеу желілерінің (АЕЖ) ЕЖбен көптеген ұқсастықтары бар, бірақ олар көп параметрлер бойынша соңғысынан күрделірек. Мәселен, АЕЖ мәліметтер мен дауыстық алмасудан басқа бейне жэне дыбыс жазу ақпаратын бере алады. АЕЖ ЕЖ-на қарағанда үлкен қашықтықтарды ұстау үшін жасап шығарылған. Олар үлкен жылдамдықтағы бірігіп-кіріккен желі-лік жүйелермен бірге бірнеше ЖЖҚ байланыстыру үшін қолданылады. АЕЖ үлкен географиялық қашықтықпен ЖЖҚ-ның жақсы сипаттамаларын (қателердің аздығы, хабарлардың тез берілуі) ұштайды.
Ғаламдық есептеу желісі. Егер желі кең ауқымға, тіпті тұтас елдерге жаралса, ол ғаламдық есептеу желісі (ҒЕЖ) деп аталады. ҒЕЖ бойынша коммуникациялар телефон желісі, спутниктік байланыс немесе жер бетіндегі микротолқынды жүйе арқылы жүзеге асады. ҒЕЖ көбіне ЖЕЖ бен АЕЖ біріктіру жолымен жасалады. Оқшауланған ЖЕЖ бен АЕЖ-ді іс жүзінде ҒЕЖ-ге біріктіру желі саласындағы қазіргі заманғы тенденция болып табылады. ҒЕЖ, әдетте, көптеген ЖЕЖ бен АЕЖ өзіне біріктірсе, онда олар әр түрлі технологиялардың ретсіз қосын-дысы (конгломерат) болып саналады.
ЖЕЖ-ге қарағанда ҒЕЖ көпшілігі хабарларды баяу берумен және қателердің кеп кетуімен ерекшеленеді. ҒЕЖ саласындагы жаңа технологиялар бұл проблемаларды шешуге арналған.
Ғаламдық есептеу желілерімен жұмыс істеу үшін пайдаланушының тиісті ақпараттық және программалық қамтамасыз етуі болуы тиіс. Апараттық құралдардың қарапайым жағдайында телефон желісі бойынша байланыс жүзеге асуына жэрдемде-сетін модемді қосымша орнату керек.
Интернет және оның
Интернет — кез келген компьютерлер мен бүкіл әлем
бойынша ацпарат алмасу мен беру мүмкіндігі, желічер
жүйесі. Интернет — байланыс арналарын өзара
біріктіретін, тораптардың жиынтығы (коммуникациялыц
жабдық пен серверлері бар),
Әрбір торапта көбіне VNIX операциялық жүйесін басқару арқылы жұмыс істейтін бір немесе бірнеше қуатты компьютер-сервер болады. Мұндай торапты кейде хост деп атайды.