Ақпаратты іздеу, жазу және оқу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2014 в 11:01, лекция

Краткое описание

Сабақтың өту барысы:
1. Оқушыларды ұйымдастыру
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру
4. Компьютермен жұмыс
5. Қорытындылау
6. Үйге тапсырма беру

Прикрепленные файлы: 1 файл

ақпаратты іздеу.docx

— 17.81 Кб (Скачать документ)

Күні: 8.12.2014ж   Сыныбы: 5 «Ә»  Пән мұғалімі: А.Архарова

Сабақтың тақырыбы: Ақпаратты іздеу, жазу және оқу

Сабақтың мақсаты: 
Білімділік: Ақпаратты сақтау ережесін, «Сохранить», және «Сохранить как» командасынан өзге, жұмысты іздестіру алгоритм командасынан «Пуск - Пойск» орындалуымен таныстыру; 
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық - абстракциясын, компьютерлік сауаттылығын дамыту 
Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, жылдамдыққа үйрету. 
Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдісі: түсіндіру, баяндау, көрсету 
Көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, жұмыс дәптері 
Сабақтың өту барысы: 
1. Оқушыларды ұйымдастыру 
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру 
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру 
4. Компьютермен жұмыс 
5. Қорытындылау 
6. Үйге тапсырма беру 
І. Ұйымдастыру кезеңі: 
Оқушыларды түгендеу, сабаққа назарларын аудару 
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 
1. Нысандарға қолданылатын қандай амалдарды білесіңдер? 
- Көшіру, орын алмастыру, жою, атын алмастыру 
2. Бірнеше нысанды қалай ерекшелейміз? 
- Shift пернесін жібермей басып тұрып та ерекшелеуге болады, егер нысандар әр жерде орналасса онда оларды ерекшелеу үшін CTRL пернесін қолданады. 
3. Алмасу буфері дегеніміз не? 
- Алмасу буфері дегеніміз - компьютер жедел жадының Windows нысандарын уақытша сақтауға болатын арнайы аймақ. Алмасу буферінің көмегімен көшіру үшін екі бұйрық орындалады. Көшіру және Кірістіру. 
4. Қоржынды қолданбай нысанды қалай жоямыз? 
- Нысандарды Қоржынға орналастырмай жою үшін пернетақтадан Shift+Del пернелер тіркесімдерін қолданамыз. Қоржынға орналастырмай бірден жою өте қауіпті. 
ІІІ.  Жаңа сабақ 
Нысанды бумадан жылдам іздеу. 
Ізделетін нысан орналасқан буманы ашып, нысанның атауындағы бірінші әріп бар пернені басу керек. Егер жылдам іздеуді тек ізделетін нысанның қандай бумада орналасқанын білетін жағдайда ғана пайдалануға болады. Ал егер олай болмаса, онда кеңейтілген іздеуді қолдану керек. 
Файлдың немесе буманың атауын Бас мәзірдің іздеу терезесіне енгізу керек. Сұраныстарың бойынша табылған файл терезенің жоғарғы бөлігінде көрсетіледі. 
Ақпаратты жазу 
Windows - тің барлық қосымшаларында ақпаратты сақтау мен оқудың жалпы ережелері бар. Құрылған суретті немесе құжатты файлға бірінші рет сақтау үшін мына әрекеттер орындалады. Слайдпен көрсету. 
Программамен жұмыс істегенде файлдарды жиі - жиі сақтап отыру керек. Егер файл бұған дейін сақталған болса, онда сақтау жұмысы жеңілдейді. Бұл жағдайда программа сақтау терезесін шығармайды және сендерден файлдың атын сұрамайды. Слайдпен көрсету. 
Ақпаратты оқу. 
Дискіде жазылған ақпаратты қажетті файлды іске қосу (ашу) арқылы оқиды. 
Файл атауының кеңейтілуі нәтижесінде Windows операциялық жүйесі файлды қандай программаның көмегімен ашу керек екенін өзі анықтайды. Слайдпен көрсету. 
ІV. Жаңа сабақты бекіту: 
1. Қажетті файлды бумадан қалай табуға болады? 
2. Дискідегі файлды қалай табуға болады? 
3. Ақпаратты компьютерге қалай сақтаймыз? 
4. Ақпаратты дискіден қалай оқимыз? 
5. Сақтау және қалай сақтау бұйрықтарының айырмашылығы неде? 
V. Сабақты қорытындылау, бағалау. 
VІ. Үйге тапсырма: §13 Ақпаратты іздеу, жазу және оқу


Информация о работе Ақпаратты іздеу, жазу және оқу