Ақпараттық технологияның ұғымы. Жаңа ақпараттық технологиялар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Мая 2013 в 22:22, реферат

Краткое описание

Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» деп аталады. Қазақстан Республикасы да ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді. Қоғамды ақпараттандыру – экономиканың, ғылымның, мәдениеттің дамуының негізгі шарттарының бірі. Осы мәселені шешудегі басты рөл оөу орындарына жүктеледі.

Содержание

КІРІСПЕ
1. Қоғамды ақпараттандыру

2. Жаңа ақпараттық технологиялар
3. Интернет, World Wide Web (WWW немесе Web) - гипермәтіндік құжат, іздестіру жүйелері.

4 Жаңа ақпараттық технологияларды оқыту технологиясы (схема)

ҚОРТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Прикрепленные файлы: 1 файл

inform_ref_ 99.doc

— 156.00 Кб (Скачать документ)

Ортақ ресурстар орналасқан компьютер сервер деп аталады. Сервердегi акқаратқа жол ашатын және осы ресурстар пайдаланылатын компьютерлер клиенттер немесе жұмыс станциялары деп аталады. Есептеу желiлерi желілік операциялық жүйелер басқаруымен жұмыс істейді. Негiзгi желiлiк операциялық жүйелерге Novell NetWare, Windows NT, OS/2 Warp UNIX кiредi. Windows 95, 98 операциялық жүйелерiнде құрамдас желiлiк құралдар бар.

Желiлiк ОЖ пайдаланушыларға желiнiң бiр компьютерiнен басқасына файлдар көшiруге, желiнiң бiр компьютерiнен басқасында орналасқан деректердi өңдеуге, ал кейбiр жағдайларда басқа компьютер жaдындa орналасқан программаны қосуға мүмкiндiк бередi.

Компьютерлiк  желiлердi қолдану мыналарды жүзеге aсыруға мүмкiндiк бередi:

• ақпаратты өңдеу процесiнiң нақты бiр компьютерден тәуелсiздiгi;

• желiнiң бiр ДК -сында сақталу есебiнен бiр ақпаратты қосарлау мүмкiндiгiнiң жойылуы;

  • ақпарат сақталуы сенiмдiлiгiнiң жоғарылауы;
  • ақпаратты рұқсат етiлмеген енуден қорғауды жақсарту:
  • ұйымның бөлiмшелер және қызметкерлерi мен apacындa жылдам, қағазсыз а қпарат алмасу мүмкiндiгi.

Іnternet торабынан ақпаратты іздей отырып, жер шарында орналасқан жұмыс станцияларына қатынас жасауға болады. Ол ақпараттарды  Интернет торабына миллиондаған мекемелер даярлайды. Бұл ақпараттар дүние-жүзіндегі  адамдардың пікірлесетін пікірсайыс ортасы. Интернет торабына қосылған компьютерлер арасында ақпарат алмасуды қамтамасыз ететін, ақпараттарды бір торапқа келтіру ережелерін қолданатын хаттамасы болады.

Интернет мәліметтерін жеңіл көруге болатын графикалық интерфейс мүмкіндігін береді.

Web- тің әр  бетінің басқа парақтармен байланысын көрсететін сілтеме белгілері бар, оны бір-бірімен байланысқан парақтардан тұратын өте үлкен кітапхана деуге болады.Бір тораптық компьютерде орналасқан мәліметтер Web кітабы секілді, ал оның беттері кітап парақтарын көзге елестетеді.Бұл беттердегі мәліметтер  дүниенің кез келген нүктесінде орналаса береді.Солар арқылы жер шарындағы барлық серверлік компьютерлердегі ақпараттар көз алдыңызда орналасады, мұнда қашықтағы-қымбат, жақындағы-арзан деген ұғым жоқ, олардың бағасы тек мәліметтің  көлеміне немесе сіздің байланысып отырған уақытыңыздың ұзақтығына байланысты.

Түйінді компьютерлердегі мәліметтің бірінші беті кітаптың мазмұны  тәрізді, әрбір беттің URL (Universal Resorse Locator) форматында берілген өзіндік адресі болады.Ол беттердегі  мәліметті оқу «көру жабдықтары» деп аталатын арнайы программалар арқылы орындалады.

Веб парақтардағы мәліметтерді оқу “көру жабдықтары”  деп аталатын арнайы программалар арқылы орындалады, ол “to browse” парақтау, қарау деген ағылшын сөзінен шыққан атау. Интернеттегі Web- парақтарын оқып, экранда көрсетуге арналған программалардың кең тараған түрлері Microsoft Internet Explorer, Netscape Navigator.

Интернет  желісіндегі  мәліметтерді миллиондаған мекемелер даярлайды. Әлемдік желідегі ақпараттарды тез тауып алуда іздеу серверлерінің көмегі зор. Оларда мыңдаған іріктелген құжаттардың, сайттардың  адрестері сақталады. Көптеген іздеу серверлерінің ішінде кең тараған іздеу каталогтары(directories) мен машиналары (search engines) бар.

http:\\www.altavista.com -  AltaVista  ақпараттық іздестіру жүйесі 1995 жылы желтоқсан айында ашылған. Ол қазіргі таңда индекстелген html- құжаттар (350 миллионға жуық) көлемімен алдыңғы қатарда. AltaVista қарапайым және кеңейтілген іздестіру мүмкіндігін және WWW арасында жұмыс істеуде қосымша сервистерді ұсынады. Арнаулы “Help” (көмек) деген бөлімде барлық парақтарды қолданушылар интерфейсі сілтемелермен жабдықталған. Ол қарапайым қолданушыларға өздерінің тапсырыстарын дұрыс құрастыруда көмек бере алады. Әлемнің 25 тілінде ақпарат іздестіру мүмкіндігі бар.

http:\\www.hotbot.com –HotBot – іздестіру жүйесі арқылы  құжаттар ішінде кездесетін бір немесе бірнеше терминдер арқылы, жеке фразалар бойынша іздестіру мүмкіндігін береді. Құрамында аудео, видео немесе анимациялары бар файлдарды іздестіруге де болады.

http:\\www.google.com – GOOGL ақпараттық іздестіру жүйесі 1999 жылы қыркүйек айында ашылған. Бүгінгі күндері Searchenginewatch.com эксперттерінің айтуына қарағанда базаның көлемін 560 млн құжаттар құрайды. Жүйе қолданушыларға қарапайым және кеңейтілген іздестіру интерфейсін ұсынады. Көптеген тілдерде сонымен қатар орыс тілінде ақпарат іздеу мүмкіндігі бар.

http:\\www.yahoo.com – Yahoo – тез іздестіретін анықтамалықтардың бірі. Ақпараттарды жеке сөздер бойынша немесе классификатор бойынша іздеу мүмкіндігін береді.

http:\\www.aport.ru – Апорт - ақпараттық іздестіру жүйесі алдыңғы қатардағы іздестіру жүйесіне кіреді. Бүгінгі күндері мәліметтер көлемін 20 млн индекстелінген құжаттар құрайды. Жүйеде іздестірудің кең спектрлі мүмкіндіктері бар. Онда қарапайым және кеңейтілген іздестіру мүмкіндіктері  ұсынылады. Ақпараттарды ағылшын және орыс тілінде іздеуге болады.

http:\\www.yandex.ru – Яндекс  – ақпараттық іздестіру жүйесі 1997 жылы ашылған. Бүгінгі күндері базадағы индекстелінген  құжаттар көлемі 33 милионға  жуық. Ақпараттық іздестіру жүйесі логикалық операторлармен белгіленген өзінің  меншікті жүйесін қолданады, сонымен қатар көптеген түрлі іздестіру функцияларын ұсынады.  http:\\www.rambler.ru – Rambler – іздестіру жүйесінде Россияның және ТМД елдеріндегі  серверлерде орналасқан 12 миллионға жуық мәліметтер индекстелінген. Өзекті сөз бен қатар классификаторлар арқылы іздестіру мүмкіндігі қарастырылған.

Қазақстан Республикасының  анықтамалық іздестіру жүйелері http:\\www.site.kz - "Весь WWW-Казахстан" – Қазақстандық іздестіру порталы, ол  Интернет әлеміндегі жүздеген мың серверлер мен сайттарды табуда көмек береді. Өзекті сөз бен қатар классификаторлар арқылы іздестіру мүмкіндігі қарастырылған.

 http://tabu.nursat.kz – TABU іздестіру жүйесі KZ доменіндегі ресурстар мен қатар Қазақстаннан тысқары жерлердегі еліміз туалы веб-парақтарды іздестіруге арналған. Өзекті сөз бен қатар классификаторлар арқылы іздестіру мүмкіндігі қарастырылған.

 

 

 

4. Жаңа ақпараттық технологиялармен оқыту технологиясы


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРТЫНДЫ

Жаңа коммуникациялық  технологияларды пайдаланудың басты  мақсаты- оқу материалдарын толық  меңгеруі үшін оқу материалдарының  практикалық жағынан тиімді ұсынылуына мүмкіндік беру. Бұл мақсаттарға жету жолында электрондық оқулықтар, тексеру программалары, оқыту программалары сияқты программалық өнімдер қызмет етеді. Білім саласында компьютер оқушы үшін оқу құралы, ал мұғалім үшін жұмысшы болып табылады. Оның қолданылуы нәтижелі болуы үшін бағдарламалық құралдар толық түрде мұғалімнің және оқушының алдына қойған мақсатына жетуін және шығару жолдарын қамтамасыз ету керек.

Бүгінде біз  орта білім беруді одан әрі ақпараттандырудың  екінші кезеңіне көштік, ол мазмұндық  тұрғыда болады және компьютерлік сауаттылықтан жеке тұлғаның ақпараттық мәдениетінің іргелі операциялық негіздеріне ауысуды білдіреді, мұнда әрбір оқушы ақпаратқа, қазіргі ақпараттық технологияларға назар салып қана қоймай, оны тиімді қолдана білуі, Интернет ғаламдық ақпарат желісін пайдалана алуы тиіс.

Алайда, білім  беру жүйесінде білімдік және ақпараттық технологияларды іс жүзінде үйлестіре  қолдануда кемшіліктер кездеседі. Оның үстіне ақпараттық технологияның  тез жаңаруы мәселені қиындата түседі. Жағдайды жақсарту үшін білім беру технологиялары мен ақпараттық қарым-қатынастық технологияларды кіріктіру қажет, сонда педагог өзі білетін, жақсы меңгерген, бейімделген техникалық құралдарды сабақта тиімді қолданады. Қазіргі технологияларды білім жүйесіне енгізгенде, оқыту материалдарының педагогикалық мазмұндылығы мен әркімнің өзінің үйренуіне жағдай жасаудың маңызы зор. Оқыту ісінің тиімділігі мен сапасы көбінесе өздігінен оқып үйрену процесін тиімді ұйымдастыру мен пайдаланатын материалдардың сапасына тәуелді болады.

Компьютер және ақпараттық технологиялар арқылы жасалып жатқан оқыту процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстар мен заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде - өздерінің кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашуы керек.

Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағындағы оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологиялардың тиімділігі жоғары деп есептейміз.

Қорыта  айтатын болсақ,  білім  беру  саласындағы  ақпараттық технологияны пайдалану қазіргі кезде қалай жүзеге  асып  жатыр десек,  уақыт өте келе  интернет  білім беру  саласында маңызды  орын  алуда. Алайда интернетке  қосылу  үшін  де әлі де біраз қиындықтар кездеседі. 

Жалпы  білім  беретін оқу орындарында салалы білім беру мақсатында

пайдалануға болатын ақпараттық технологияны  дамытудың  негізгі  мақсаттары:

  • Интернет мүмкіндіктерін әр саладағы  білім  алу  сапасын жоғарлату  үшін  кең  көлемді  қолдану;
  • Кәсіптік білім  беру  саласындағы  интернеттің  мүмкіндіктерін  пайдалану,
  • Электрондық почта  мүмкіндіктерін жоғары деңгейге  көтеру;
  • Рассылка тізімдерін пайдалану;
  • ҒТР сервері  арқылы файл беру. Оқушыны  оқулық ақпаратпен қамтамасыз  ету  мүмкіншілігін қолдану;
  • WWW технологиясын қолдану;
  • Әлемдік ақпараттық ресурстарға  қол жеткізу.

Ақпараттық технология жүйесінің бұл мүмкіндіктерінің бәрін білім алушыларға салалы  білім беру  процессінде қолдану өте ыңғайлы , себебі ол білім алушылардың алатын салалы білім сапасын көтеру  және қолданушының білімін, дүниетанымдылық көзқарасын дүниежүзілік  деңгейге көтеріп,  жан-жақты ақпарат алуын  қамтамасыз  етеді.       

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

 

  1. ГАФФИН А.Путеводитель по глобальной компьютерной сети  

     Internet.- М.: Артос, 1996.- 274 с.- (Просто о сложном).       

 

  1. ГИЛСТЕР П.Навигатор INTERNET: Путеводитель для человека с   

     компьютером и модемом.- М.: Джон Уайли энд Санз, 1995.- 735 с. 

 

  1. Интернетке кіріспе «Бүкілдүниежүзілік өрмек»: Әдістемелік құрал.-Алматы, 1999.-25б.

 

  1. Каймин. В.А. Курс информатики: состояние, методика и перспективы. Информатика и образование; 1990; №6; 26-31 бб.

 

  1. СОЛОМЕНЧУК В.Интернет: краткий курс: Пособие для ускоренного 

     обучения.- СПб.: Питер, 2000.- 288 с.: ил.

 

  1. Шөкіш А. Интернет – Америка барлаушылырының туындысы немесе ғаламдық ақпараттар туралы не білеміз?//Алтын орда.-2002.-   ақпан.-Б.19

 

 




Информация о работе Ақпараттық технологияның ұғымы. Жаңа ақпараттық технологиялар