Ақпараттық мәдениетке жалпы түсінік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Мая 2013 в 21:24, реферат

Краткое описание

Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық бағыттарына сәйкес білім беру жүйесін дамыта отырып, әлемдік білім кеңістігіне ықпалдастыруға негізгі бағдар – адамды қоғамның ең маңызды құндылығы ретінде танып, оның рухани жан-дүниесінің дамуына, көзқарастары мен шығармашылық ахуалының, танымдық біліктілігі мен мәдени құндылықтарының жоғары деңгейде дамуына, жеке тұлғасының қалыптасуына жағдай жасау.
Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды болып табылатын мәселелердің бірі – оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану болып табылады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Документ Microsoft Word.docx

— 23.78 Кб (Скачать документ)

АҚПАРАТТЫҚ МӘДЕНИЕТТІ ОҚЫТУ  ПРОЦЕСІН ОҚУШЫ БОЙЫНА ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық бағыттарына  сәйкес білім беру жүйесін дамыта отырып, әлемдік білім кеңістігіне ықпалдастыруға негізгі бағдар – адамды қоғамның ең маңызды құндылығы ретінде танып, оның рухани жан-дүниесінің дамуына, көзқарастары мен шығармашылық ахуалының, танымдық біліктілігі мен мәдени құндылықтарының жоғары деңгейде дамуына, жеке тұлғасының қалыптасуына жағдай жасау.

         Дамыған елдердегі білім беру  жүйесінде ерекше маңызды болып  табылатын мәселелердің бірі – оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану болып табылады.

 Қазіргі таңда елімізде  білім беру жүйесінде жаңашылдық  қатарына ақпараттық кеңістікті  құруға еніп, көкейкесті мәселе ретінде күн тәртібінен түспей отырғандығы мәлім. Ақпарат мемлекеттің даму деңгейін анықтайтын стратегиялық қорға айналып, ақпараттық мәдениетті қалыптастыру, яғни мәлімет өңдеу мен оны тасымалдау ісін атқару өркениетті дамудың қажетті шарты болып табылады.

 Қазіргі кездегі қоғам  индустриялдық кезеңнен кейінгі  дамудың ақпараттық кезеңіне аяқ басты. Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен-күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Оның басты сипаттарына – ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалану адамдардың көптеген қызмет түрлерін компьютерлендіру, коммуникациялардың бірыңғай халықаралық жүйелерін жасау істері жатады. Соңғы кезде біздің қоғамда болып жатқан ауқымды өзгерістер білім саласында да біраз өзгерістердің туындауына себепші болып отыр. Қазақстанда жаңа білім беру жүйесі қалыптасуда.

 Білім жүйесіндегі  инновациялық өзгерістерге де  президентіміз Н.Ә. Назарбаев  назар аударып, ол республикалық  мұғалімдер съзінде:»ХХ ғасырдың екінші жартысында белгілі болған нәрсе – ХХІ ғасырда алдыңғы саптағы елдер қатарына өз жастарының интеллектуалды және рухани ахуалын барынша дамыта алатын мектептер мен жоғары оқу орындарының ең тиімді жүйесін жасаған ел ғана көтеріле алады», — деген болатын. /1/.

 Қазіргі кезеңде білім  жүйесінің барлық салаларын нақты түрде ақпараттандырудың кешенді жоспары жасалуда. Информатикадан мемлекеттік білім стандартында көрсетілгендей бүгінгі таңда оқу мақсатын тек компьютерлік сауаттылық шеңберінде ғана анықтау жеткіліксіз. Қазір «Интернет» желісіне ену қажеттілігі туындап отыр. Біздің елімізде барлық мектептер компьютерлендіріп жатыр.

 Бағдарламалар оқыту  бағдарламалары деп аталады, себебі  олардың ерекшеліктері оқыту  мінездемесінде (түсініктемесімен, ережелерімен, тапсырманы орындау үлгілерімен  және т.б.) құрастырылған.

 Адам мәдениетінің  компоненті қазіргі дүние танудың  ең бастысы екені түсінікті.  Әрбір мәдениетті және тәрбиелі адамның өмір сүріп отырған қоғамда өзін қоршаған ортаның қалай құрылғаны туралы ең болмаса жалпылама түсінігі болуы керек. Табиғатты сүю үшін ондағы болып жатқан құбылыстарды, қандай заңдылықтарға байланысты өзгерістер болып отырғанын білу қажет.

 Адамның жас шағында  жетілдірмеген ойлау қабілеті  сол қалпында қалып қоятыны  белгілі, сондықтан қазіргі ақпараттық қоғамдағы өмірге балаларды дайындау үшін олардың тек ойлау қабілетін, анализ бен синтез жасау мүмкіндіктерін ғана дамытып қоймай, оқыту процесінің ең маңызды бөлігі – ақпараттық мәдениет элементтерін бойларына сіңіріп, ұғындыру керек. Ақпараттық заманда өмір сүретін адам бастауыш мектептің өзінде-ақ, өзін-өзі шектей білетін негізгі нормалар мен ережелерді игеруі тиіс.

 Осыған орай бастауыш  сыныпта «Ақпараттық мәдениет  негіздері» пәнін енгізу мынадай мақсаттарды көздейді:

- сезімді ынталандыру;

- білім, білік дағдыларын дамытуға қызығушылығын арттыру;

- жауапкершілігі мен  міндеттері қалыптастыру;

- есеп пен талдау жасау  дағдыларын үйрету;

- логикалық және ақпараттық  ойлау қабілеттерін дамыту.

Сезімді ынталандыру –  деген білім беруге жағдай жасау, сабақ кезінде мадақтау және көтермелеп отыру, оқытуда ойын түрлерін тиімді пайдалану, алға қойған мақсатын жүйелеу болып табылады.

Ақпараттық технология –  қазіргі компьютерлік техника негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық және кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиыны.

Коммуникация – ақпаратты  тасымалдап жеткізу құралдарын қамтитын жалпы ұғым.

 Жаңа коммуникациялық  технологияларды пайдаланудың басты  мақсаты – оқушылардың оқу  материалдарын толық меңгеруі үшін оқу материалдарының практикалық жағынан тиімді ұсынылуына мүмкіндік беру. Бұл мақсаттарға жетужолында электрондық оқулықтар, тексеру программалары, оқыту программалары сияқты программалық өнімдер қызмет етеді.

 Білім саласында компьютер  оқушы үшін оқу құралы, ал мұғалім үшін жұмысшы болып табылады. Оның қолданылуы нәтижелі болуы үшін бағдарламалық құралдар толық түрде мұғалімнің және оқушының алдында қойған мақсатына жетуін және шығару жолдарын қамтамасыз ету керек.

 Бүгінде біз орта  білім беруді одан әрі ақпараттандырудың екінші кезеңіне көштік, ол мазмұндық тұрғыда болады және компьютерлік сауаттылықтан жеке тұлғаның ақпараттық мәдениетінің іргелі операциялық негіздеріне ауысуды  білдіреді, мұнда әрбір оқушы ақпаратқа, қазіргі ақпараттық технологияларға назар салып қана қоймай, оны тиімді қолдана білуі, Интернет ғаламдық ақпарат желісін пайдалана алуы тиіс.

 Алайда, білім беру  жүйесінде білімдік және ақпараттық  технологияларды іс жүзінде үйлестіре  қолдануда кемшіліктер кездеседі.  Оның үстіне ақпараттық технологияның тез жаңаруы мәселені қиындата түседі. Жағдайды жақсарту үшін білім беру технологиялары мен ақпараттық қарым-қатынастық технологияларды кіріктіру қажет, сонда педагог өзі білетін, жақсы меңгерген, бейімделген техникалық құралдарды сабақта тиімді қолданады.

 Қазіргі технологияларды  білім жүйесіне енгізгенде, оқыту  материалдарының педагогикалық  мазмұндылығы мен әркімнің өзінің  үйренуіне жағдай жасаудың маңызы зор. Оқыту ісінің тиімділігі мен сапасы көбінесе өздігінен оқып үйрену процесін ұйымдастыру мен пайдаланатын материалдардың сапасына тәуелді болады.

 Компьютер және ақпараттық  технологиялар арқылы жасалып  жатқан оқыту процесі оқушының  жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып,  оларды жүйелік байланыстар мен  заңдылықтарды табуға игеріп, нәтижесінде — өздерінің кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашуы керек.

 Электронды оқулықтар  — автоматтандырылған оқыту жүйесін,  өзіне дидактикалық, әдіснамалық  және ақпараттық – анықтамаларды,  оқу тәртьібіндегі мәліметтерді алуға және білімді бақылады қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

 

 Қолданыстағы мультимедиа  көпбейнелі әртүрлі ақпараттарды, сөзді жән әуенді өнімдерді қолданады. Мультимедио оқып үйренушінің назарын тоқтатпай, өзіне аударып оқу сапасын арттырады.

 Қазіргі техникалық  құралдар мен компьютердің көмегімен  көрініс тапқан оқу ұралын жасауда, компбютерде әртүрлі ойындар көрсетуге рұқсат етілген.

Білімді бақылау. Тексеруде және оқытуда кіріктірілген оқытудың бақылау элементтері, ойынды бақылаушы, үлгіледі бақылау элементтерімен және т.б. бағдарламаларда:

- оқу курстары мазмұнының  мәзірін келісіммен қолма-қол өзгертуге болады;

- қиын тапсырманың өзгерту  мүмкіндіктері қамтамасыз етіледі;

- оқушыға жеке қарқынмен  жұмыс жасауға рұқсат етіледі;

 Қазіргі компьютерлік  жүйені ұйымдастыруда білімді  бақылаудың ең көп таралғаны тестілеу жүйесі.

Ғаламдық компьютерлік жүйесі – Интернет.

 Базадағы тізбек технологиясында  оқу ақпараттарының мүлде жаңа  түрі:

- оқулығы пайда болды. Internet — оқулықтың қолдану аймағы  үлкен: өзіндік жұмыс жүйесі  дистанциялық білім беру бірдей  интерфейспен қамтамасыз етуде,  ол тек бір курсқа ғана оқу құралы емес, әр уақытта дамытушы, оқып жетілдіруші және анықтама ортасы болып табылады.

Internet — оқулығы сол  сапамен, компьютерлік оқулық, қосымша  мүмкіндігі практикалық таралымы  тасымалсыз – оқу материалының  қолданылу аясының, бір нұсқасы Internet жүйесі және оқушы – пайдаланушы, алғашқы рет өзі үшін, өз қабілетімен браузер арқылы кіруге болады.

 Бұл интернетті электронды оқулықпен салыстырғанда оның маңызды артықшылығы мен нақтылығы:

- оқулықтың оқушыға жету жолы қысқартылады;

- оқулықтың  мазмұнын  оперативті түрде жаңалау мүмкіндігін  алады;

- оқулықты даярлауда  шығындар қысқартылуда.

 Интернет жүйесіндегі  оқулықтан керекті қосымша материалдардың  кез-келгенін алу мүмкіндігінің пайда болуы.

Дистанциялық оқыту.

        2006 жылдан  бері Қазақстанда дистанциялық  оқыту жүйесі өңделуде. Дистанциялық  оқыту жүйесі күндізгі және  сырттай оқыту түрлерін ауыстырмай, керісінше толықтырады.

 ДОЖ – бұл модульдік  оқыту технологиясының ең ыңғайлы  түрі, ол тұтынушыға және қазіргі ақпараттық және байланыс желісі технологиясының экономикалық тиімділігін және бағытын көрсетеді.

 Дистанциялық оқытуда  – оқыту технологиясы оқытушы мен оқушының аралық қашықтары жанында емес әртүрлі орында болуында. Дистанциялық оқытудың түсінігі оқыту түрінде қолданатын, мұғалім және оқушының бір-бірімен аралық қашықтарына және оқыту процессінің ерекше түрдегі тәсілдерін және әрекеттік нысанын енгізу.

 Қазіргі сапада оқыту  тәсілінің дистанциялық оқытуда қолданатыны: кейс технологиясы, тд – теледидар және жүйелеп оқыту технологиялары.

Кейс технологиясы –әдіснамалық материалдардың жинақтама жиынтығын  және оқушының өзіндік оқып біліп, жұмыс жасауға жіберу (оқытушы маманның кеңесімен — өңірлік орталығы консультантпен).

 

Тд технологиясы — эфирлік, кабельдік және теледидарлық  жүйелеу негіздері арқылы технологияны пайдалануда.

Технология жүйесі – Интернеттік  жүйелеу негіздері арқылы оқушыға  оқу-әдіснамалық материалдармен және өзара оқытушы және оқушының қарым-қатынасында инртерактивті технологияны пайдалануда.

 Дистанциялық оқытуда  — типологияның әртүрлі белгілерімен  өткізуге болады: оқыту мақсатымен; оқыту – тәртібімен; пәндік ерекшеліктерімен; оқушының дайындық деңгейімен; оқушының жасымен хабардар болу; пайдаланатын технологияның базасымен және т.б.

 Бірден — бір ілгерілеудің ең жаңа пайдалы жағы — интернативтілігі.

Жаңа нысанның, жаңа дүниемен қалайда өзара әрекеттесудегі жан-жақты даму түрі. Интерактивті технологиялар. Кешенді шешім: мұғалімдерді оқытып үйрету, интерактивті тақталарды, проекторларды, тестілеу жүйелерін, бағдарламаны қамтамасыз ету.

 Жаңа ғасырда –  ақпараттық іс-әрекет барысын тек қана тышқан ғана емес, клавиатура және монитор басқарады. Сіздің алдыңызда интерактивті тақталарды және тестілеу жүйелерін ашатын, жаңа құрылысты толық технологиялар жасалған.

 Интерактивті тақта проектормен қатар демонстрациялауда, компьютердің тышқанның орнын алмастырады және слайдтар мен компьютерлік анимация жасауда, жұмыс тақтасында және жай кәдімгідей табиғи бормен қолданып жұмыс жасайды.

 Интерактивтік interaction – терминін ағылшын тілінен  аударғанда «өзара әрекеттестік»  деген ұғымды білдіреді.  Интерактивті  түсінігі информатика, коммуникация  және өнеркәсіпті әрлендіру аймағында қолданады. Объекті аралық өзара әрекеттесудегі нысанның ерекшелігін суреттейді.

 Бұл интерактивті тақтаның (ИТ) – құрылысында дәріс беруші  немесе баяндамашы екі түрлі  құрал-сайманды біріктіріп: кәдімгі  маркерлі тақта мен экранда ақпараттың кескінін бейнелейді.

 Интерактивті тақтаны  меңгеруде арнайы машықты немесе  білімді қажет етпейді. Интерактивті  тақта жұмыс бастамай тұрғанда, кез-келген дерек көзіне компьютерге және проекторға қосқанда, экранда проекциялық кескіндер пайда болады, сонда сіз тікелей тақтаның жоғары жағынан жұмыс жасай аласыз.

 Баяндамашы компьютердің  тышқанымен жоғарыдан төмен қарай  қозғалысының әсерінен, толық игеруіне болады. Ол не жасай алады? Тақтада слайдты, көріністі, сурет салуды, әртүрлі сызбалар сызуға, таңба салуға, кәдімгі тақтадағы сияқты нақты сызықтарды жасауға, компьютерлік файл түрінде сақтап, кейінге редакциялауға, принтордан басып шығаруға, факспен жан-жаққа, электрондық почтамен жіберуге болады.

 Интерактивті тақтада  жазу арнайы электрлі қалам  ұшпен және саусақпен жүргізеді.  Баяндамашы қолына арнайы маркерді  алып, экранда: керекті орыдарды  айналдырып сызуға, сурет салуға, жазылған мәтіндерді толықтыруға немесе дәлдеп түзетуде, кескіндермен жұмыс жасайды.

 Сенсорлық ұйымдастыруда  ұсталуға қатысты және тарататын үйлесімді электрондық дыбыстық белгіні, қолдың жазатын имылы тойтарыс береді. Тақта лотпен маркердің үш түрлі түстерімен және өшіргішпен жабдықталған. Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағындағы оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологиялардың тиімділігін жоғары деп есептеуге боалады.

 

 

 

Әдебиеттер:

1. ҚР президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Республикалық мұғалімдер съезінде» жасаған баяндамасы.

2. Молоков Ю.Г., Молокова  А.В. Актуальные вопросы информатизации

3. Образования //Образовательные  технологии: Сб. науч. ст. Вып.1./Под ред.  И.М. Бобко. Новосибирск: СИОТ  РАО, 1997, с.77-81.

4. Новые педагогические  и информационные технологии  в системе образования// Под ред.Е.С. Полат.-М., 2000.

5. Е.Қ. Балапанов, Б.Б.  Бөрібаев, А.Б. Дәулетқұлов. «Жаңа информациялық технологиялар. Информатикадан 30 сабақ» 242-380 бет, 2003 жыл.

6. Г.К. Абдрашева «Информатика: Оқу құралы»-Астана, 2007 жыл. 298-302 бет.

7. Д.Ш. Матрос, Д.М. Полев,  Н.Н. Мельникова. Управление качеством  образования на основе новых  информационных технологий; М:; 2001; 30-33 бб.

Информация о работе Ақпараттық мәдениетке жалпы түсінік