Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Октября 2013 в 12:42, реферат
Ақпарат өлшем бірлігі: Бит (ағылш. binary digit; сонымен қатар сөздер ойыны: ағылш. bit — аздап) - БИТ (ағылш. bіt, bіnary — екілік және dіgіt — белгі, цифр сөздерінен қысқартылып алынған) — ақпарат мөлшерін өлшейтін екілік бірлік;
Ақпарат өлшем бірлігі: Бит (ағылш. binary digit; сонымен қатар сөздер ойыны: ағылш. bit — аздап) - БИТ (ағылш. bіt, bіnary — екілік және dіgіt — белгі, цифр сөздерінен қысқартылып алынған) — ақпарат мөлшерін өлшейтін екілік бірлік;
Есептеу техникасында, екілік цифр — екілік кодтағы екілік цифрдың позициясы; екілік разряд деуге де болады. Таратылатын не сақталатын ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі. Есептеуіш машинаның (дербес компьютердің) жадындағы ақпарат өлшемін анықтайтын Бит саны, яғни жадтың Бит саны осы жадқа сиятын екілік цифрлардың ең көп мөлшерін, ал мәліметтердің Бит саны осы мәліметтерді жазу үшін қажет болатын екілік разрядтың санын білдіреді. Әдетте, есептеуіш машина (компьютер) жадындағы мәліметтер, ақпараттар, бұйрықтар жекелеген Биттермен емес, топтасқан 8 Бит өлшемімен жазылады. Тізбектелген 8 Бит 1 байт өлшемін құрайды; ақпарат теориясында, екілік бірлік — ақпарат мөлшерінің өлшеу бірлігі.
Бақылау биттері (Контрольные биты; check bits) — мәліметтерді жеткізу немесе сақтау кезінде қателерді табуға арналған қолғабыстық биттер; мәліметтердің дұрыстығын тексеруге қосымша берілетін бит. Құрастырылған екілік бірліктің қосындысы, бақылау битінің бірлігін қоса алғанда, әрқашан жұп, әйтпесе тақ болуы тиіс.
Байт (Б) (ағылш. Byte, B) — дерек көлемін өлшеу бірлігі. Сегіз биттен тұратын топ.1) ақпарат мөлшерінің бірлігі немесе 8 битке (екілік цифр) тең компьютердегі жад. Айтарлықтай ірі ақпарат бірлігі: 1 килобайт (Кбайт) 1024 байтқа тең, ал 1 мегабайт (Мбайт) 1042 Кбайтқа тең; 2) адрес иемдене алатын ең аз бірлік. Әрбір байт мәліметтердің бір таңбасына — әріпке, цифрға немесе символға сәйкес келеді. Байттар — компьютердің қуатын өлшеудің немесе оның дискілердегі сақтауыш құрылғысының сыйымдылығының стандартты бірлігі. Өңделетін ақпараттың нысаналық көлемі (жаңа есептеу құралдарында) — секундына 100 килобайт, өндеу көлемі — ақпараттың әрбір байтына 50—55 арифметикалық операция; 3) сегіз биттен және бір бақылау битінен түратын машиналық сөздің стандартты бөлігі. Әрбір байт компьютерде біртұтас бүтін ретінде өңделеді.
Түрлері:Бақылайтын байт (Контрольный байт; check byte) — тексеру мақсатында пайдаланылатын байт, мысалы, мәліметтердің сақталғандығын немесе дұрыстығын тексеретін байт
Байт бойынша мультиплекстеу (Побайтовое мультиплексирование; byte multiplexing) — бір байтты жеткізу үшін арнаға мезгіл-мезгіл уақыт бөлетін уақытша мультиплекстеу.
Байт-мультиплекстік арна (Байт-мультиплексный канал; byte-multi- plexer channel) — жылдамдықтары аз бірнеше енгізу-шығару құрылғыларының бір мезгілде істейтін жұмысын жасақ¬тайтын және өрқайсысында енгізу-шығару операциялары орындалатын бірнеше ішкі арналары бар енгізу-шығару арнасының типі. Әрбір ішкі арна тек қана жеке ақпарат-байт бірлігін жеткізуге арналған арна жабдықтарын пайдаланады.
Байттық команда (Байтовая команда; byte instruction) — 1) байтпен операция орындайтын команда; 2) бір байтқа тең команда.
Байттық құрылым (Байтовая структура; byte structure) — ақпаратты өңдеу мен жеткізу байт бойынша жүргізілетін компьютердің немесе құрылғының құрылымы.
Байттық операнд (Байтовый операнд; byte-oriented operand) — бір байтқа дейінгі дәлдікпен адрестелетін операнд.
Килобайт (КБ) (ағылш. Kilobyte, KB) — дерек көлемін өлшеу бірлігі, 1024 байтқа тең
Мегабайт (МБ) (ағылш. Megabyte, MB) — дерек көлемін өлшеу бірлігі, 1 048 576 байтқа тең.
Гигабайт (ГБ) (ағылш. Gigabyte, GB) — дерек көлемін өлшеу бірлігі, 1024 мегабайтқа тең..
Компьютер тарихындағы ұлы ғалымдар:Қазіргі электронды есептеуіш машиналардың арғы тегі – есепшот. Тарихи деректерге сүйенетін болсақ, есепшоттың жасы 2000-5000 жылдар шамасында, ал пайда болған жері не Қытай, не Египет. Есепшотты гректер мен Батыс-Еуропалықтар «абак» деп, қытайлықтар «суан-пан», жапондықтар «серобян» деп атады. Осы қарапайым құралмен есептеулер оның шұңғыл тақтада орналасқан тастарын жылжыту арқылы жүргізілген. Есепшоттағы тастар піл сүйегінен, шынылардан, қола мен басқа металлдардан жасалған. Есепшоттың жетілдірілген түрі кейбір жерлерде осы күнге дейін қолданылып келеді. Кейін келе XVII ғ басында шотландиялық математик Джон Непер логарифм түсінігін енгізіп, халыққа логарифм кестесін жария қылады. Осы бағыттағы зерттеу жұмыстарын Д.Робертсон да жүргізген. Ол Исаак Ньютонның еңбектеріне негізделе отырып, 1761 жылы жүгіртпесі бар навигациялық есептеулерді жүргізетін логарифмдық сызғыш жасаған болатын. Логарифмдік сызғыш инженерлердің басты есептеуіш құралы болды. Кейін оларды электронды есептеуіш машиналары ығыстырды. Он тоғызға енді толған француз математигі Блез Паскаль жетектер мен дөңгелектерден тұратын механикалық есептеу құрылғысын құрастырды. Бұл құрылғының көмегімен көпорынды сандарды қосу мүмкін болды.1694 жылы атақты неміс математигі Лейбниц Паскальдың идеясын дамытып, өзінің механикалық есептеу машинасын – арифмометрді құрастырды. Дөңгелектің орнына мұнда цифрлар жазылған цилиндр қолданылды. Бұл құрал күрделі қосу мен алу есептеулерін жүргізумен қатар, сандарды бөлу, көбейту, тіпті квадрат түбірін табу амалдарын да орындайтын болды. Кейін арифмометр бірнеше рет жетілдірілді. Бұл бағытта орыс өнертапқыштары П.Л.Чебышев пен В.Т.Однер көп еңбек етті. Арифмометр қазіргі қолданыста жүрген калькуляторлардың негізін салды. Арифмометр мен қарапайым калькулятор есептеу жұмыстарын механикаландыру құралдарының қызметін атқарады, бұларда есептеуде адамның өзі әрекеттер тізбегін анықтап басқарады. Паскальдың идеясын дамытып, өзінің механикалық есептеуіш машинасын – арифмометрді Лейбниц 1694 жылы құрастырды. Лейбництің машинасы қосу, алу, көбейту, бөлу, тіпті квадрат түбірді табу амалдарын орындай алатын. Кейін осы құрылғыны жетілдіру мақсатымен орыс ғалымдары Чебышев пен Однер ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, аянбай еңбек еткен. Солардың арқасында қазір біз калькуляторды қолданып келеміз.
ХХ ғ. ЭЕМ пайда болғандықтан есептеуіш техника дамып, жарты ғасырға жуық уақыт ішінде күрделі өзгерістерге ұшырады. Сондықтан электронды-есептеуіш машиналардың дамуы бірнеше кезеңнен тұрды. І кезең (1945-1955 жылдар) ХХ ғ басында радиотехниканың дамыған кезеңі болатын. Сол кездегі радиоқабылдағыштар электронды-вакуумды шамдармен жұмыс істейтін. Алғашқы электрондық-есептеуіш машиналарды құрастыру үшін осындай электронды-вакуумды шамдар қолданылды. Электронды шамдармен жұмыс істейтін алғашқы электронды есептеуіш машина 1946 жылы АҚШ-та құрастырылды. Дж. Моучли және П. Эккерттің ойлап тапқан машина ENIAC «Electronic Numerical Integrator and Computer» деп аталды. Машина 300 көбейту немесе 5000 қосу амалын орындайтын. Бұл сол кезге дейін қолданылып келген Mark-1 секілді машиналардың жылдамдығымен салыстырғанда мыңдаған есе артық болатын. Американдық ғалым Джон Фон Нейман 1946 жылы жазған «EDVAC машинасы туралы алдын-ала баяндамасында» электронды-машиналарды құрастыру мен басқарудың жаңа тұжырамдамаларын ұсынды. Осының негізінде 1949 жылы EDVAC (Electronic Discrete Variable Computer) пайда болды. EDVAC-тың ENIAC-тан айырмашылығы – онда өңделетін барлық мәлімет ондық сандар түрінде емес екілік сандар түрінде кодталатын және есептеуге қажетті мәліметтер мен оны өңдеуге қажетті программа жадтың бір жерінде сақталатын. Бізде алғашқы ЭЕМ-дер 1951 жылы — МЭСМ (Малая электронная счетная машина) және 1952 жылдары — БЭСМ (Большая электронная счетная машина) жарық көрді. Оларды КСРО-ның ғалымы Сергей Алексеевич Лебедев жасады. БЭСМ-лар ең қуатты компьютерлердің қатарында еді. Алғашқы ЭЕМ-дер он мыңдаған электронды шамдардан тұратын. Сондықтан олар жүздеген киловатт электр энергиясын пайдаланып, жүздеген шаршы метр жер аумағын алып жатты. Жұмыс өнімділігі секундына 20 мың операция ғана еді. Осындай құрылғыларға бағдарламаларды енгізу үшін перфокарталар мен перфоленталар қолданылды.