Аналық тақша

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Февраля 2014 в 19:09, реферат

Краткое описание

Компьютерде жұмыс істеу кезінде барлық мәлімет аналық немесе жүйелік тақша арқылы өңделеді. Аналық тақша - бұл компьютердің барлық құрамдас бөліктері қосылатын күрделі көп қабатты мөрлік тақша. Аналық тақша мыс өткізгіш жолшықтар желісімін қапталған, олардың бойымен мәліметтер тақшада құрастырылған микро-схемалар мен компьютердің басқа құрылғылары қосылатын слоттарға жеткізіледі. Әрбір құрылғы белгілі бір слотқа қосыла алады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Аналык такша.doc

— 595.50 Кб (Скачать документ)

Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған:Жангелдиева А.Ж

                                                Тексерген:Сапакова С.З

 

 

 

Алматы 2013

 

Аналық тақта 

Аналық плата – дербес компьютердің ең маңызды құрылғыларының бірі. Аналық платада процессор мен оперативті жадты байланыстыратын ақпараттық кеңарна – басқаша айтқанда «шина» орналасады. Шина сонымен қатар компьютердің басқа да ішкі құрылғыларын бір-бірімен байланыстырып тұрады. Аналық платаның жұмысын микропроцессордың микросхемалар жиынтығы – чипсет басқарып отырады.     

Чипсет




Чипсет - процессорды оперативті жадпен және басқа да ішкі құрылғылар мен байланыстыра отырып, оның жұмысын басқаратын аналық тақшаның микросхемалар жиынтығы.

Бұрынғы компьютерлердің  аналық тақшасында 200-ге жуық микросхемалар орналасатын. Қазіргі компьютерлерде екі негізгі чипсет микросхемасы орналасады: 

  • жад контроллері немесе Солтүстік көпір (North Bridge), процессордың жадпен және бейненің қосалқы жүйесімен жұмысын қамтамасыз етеді.
  • енгізу-шығару контроллері немесе Оңтүстік көпір (South Bridge), сыртқы құрылғылармен жұмысты қамтамасыз етеді.

Солтүстік және оңтүстік көпірлер екеуі екі микросхемада орналасады. Аналық тақшаның техникалық мүмкіндігі осы екі көпірге байланысты болады. Екі көпірдің техникалық сипаттамаларына қарап аналық тақшаға қандай құрылғыларды қосып-қоспауға болатындығын шешуге болады.

Компьютерде жұмыс істеу  кезінде барлық мәлімет аналық немесе жүйелік тақша арқылы өңделеді. Аналық тақша - бұл компьютердің барлық құрамдас бөліктері қосылатын күрделі көп қабатты мөрлік тақша. Аналық тақша мыс өткізгіш жолшықтар желісімін қапталған, олардың бойымен мәліметтер тақшада құрастырылған микро-схемалар мен компьютердің басқа құрылғылары қосылатын слоттарға жеткізіледі. Әрбір құрылғы белгілі бір слотқа қосыла алады.

Аналық тақша көрінісі:

 

Томато аналық тақшасы

Аналық тақша — бұл белгілі бір құрылғыларды орнатуға арналған үлкен «разъемдар коллекциясы». Тек бірнеше негізгі типтерін атап өтейік.

Процессорды орнату «ұяшығы». Pentium және Pentium MMX, сонымен қатар AMD Кб және Cyrix M2 процессорларын орнатуға арналған аналық платаларда , «ұяшық» — шаршы формалы, рамка бойымен процессорды орнатуға арналған тесіктері бар. Разъемның мұндай типі Socket 7 деп аталады. Pentium II - Pentium IV (Slot 370, Slot A, Slot 487) процессорларына, сонымен қатар AMD фирмасының К7 атты прцессорларына арналған платаларда шаршы «ұяшық» емес ұзын разъем— слот (Slot 1 типі) орналасқан. Көптеген үйге арналған компьютер аналық платаларында сокет немесе слот тек бір экземплярда болады (бірақ екі процессорлы жүйелер құруға арналған платалар да қолданылады).

                                                                                                                                Қуат қосу слоттары: AT және ATX деген екі түрі бар. Барлығы аналық плата класына байланысты. Өлшемдері бірдей, бірақ конструктолы ерекшеліктері бар. Қазір негізінен аналық платаларда АТХ қолданылады.

PCI стандартты  разъем-слоттар. 32 разрядты құрылғыларды қосуға арналған слоттар. Олар төртеу. PCI разъемдары — әдетте платадағы ең қысқасы, ақ түсті, теңсіз екі бөлікке бөлінген. PCI слотқа жалғана алатын құрылғылар: видеокарта, PCI типті дыбыс карталары, ішкі модемдер, контроллера (SCSI) платалары, USB құрамдастарын қосу платалары, тораптық карталар.

AGP разъемдары. AGP форматтағы видеокарталарды орнатуға арналған, өткізгіштігі өте жоғары арнайы слоттар. Соңғы уақытқа дейін AGP стандарты видеокарталарға өте қатты жұмыс істеуге мүмкіндік береді және тек өзінің оперативті жадын ғана емес, сонымен бірге компьютердің де оперативті жадын да қолдануға мүмкіндік беретін еді. Бірақ осы разъеммен жабдықталған Socket 7 ескі форматты платалар келді.

ISA типті разъем-слоттар. 16 разрядты құрылғыларға арналған слот. Өткізгіштік жағынан PCI слоттарынан баяу ISA слоттары 386 типті компьютерлер кезеңінен қалған. Бірақ дәл осы слоттар, PCI слоттары емес, көп сұранысқа ие. Дәл осыларға әлі күнге шейін көптеген қосымша карталар жалғанады: дыбыс платалары, ішкі модемдер, тораптық карталар, сканерлердің арнайы платалары және сол сияқты. Олар Socet 7-де 2-ден 4-ке дейін және 1-ден 2-ге дейін Slot 1-де болады. Сыртқы көрінісі бойынша ISA слотары PCI слоттарына келеді, бірақ олар бір жарым еседей ұзын және түсі ақ емес, қара. Бүгінде ISA слоттарына келетін құрылғылар шығарылмайды.

Оперативті  жадын орнату слоттары. Оперативті жадын орнату слоттары платаларды орнату слоттарынан айырмашылығы – алғашқысында арнайы құлттанатын тетігі бар. Pentium MMX платаларында екі түрлі жадыны орнату қарастырылған — ескі форматты SIMM (72 контакт) және DIMM (168 контакт) типті жылдам жады. DIMM типті слоттар SIMM слоттарынан біраз қысқа болып келеді. Бұл типті слоттардың саны 2-ден 4-ке дейін болады. 20 ғасыр аяғында SIMM жадылар толығымен өндірістен алынған, сөйтіп жылдам әрі арзан DIMM жадыларына өтуге мүмкіндік берген. Pentium IV типті компьютерлер жаңа RIMM разъемдарын қолдануда.

Порттар контроллерлері. «Порт» деп компьютердің артқы қабырғасындағы разъемдарды айтамыз. Оған принтер сыртқы құрылғылар жалғанады: сиымдылығы үлкен мобильді дисковод (ол үшін параллельді порт немесе LPT порт қарастырылған), сонымен қатар сыртқы модем, «mouse» типті монипулятор (9 және 25 разъемды СОМ1 және COM2 тізбекті порттар). Параллельді порт (LPT) тек біреу ғана, ал СОМ порттар саны 2 мен 4 аралығында. АТХ стандартына сай Pentium II және жоғары платаларда клавиатура мен mouse-ты жалғауға арнайы дөңгелек PS/2 порттары бар. USB тізбекті порты көптеген сыртқы құрылғыларды тізбектей жалғайды, яғни бірінші құрылғы компьютерге жалғанады да, ал екіншісі біріншісіне жалғанады және сол сияқты. USB форматты құрылғылар күннен күнге көбеюде: модемдер, принтерлер, сканерлер, mouse монипуляторлары және т.б.

 Процессор немесе микропроцессор компьютердегі орталық мәліметтер өңдеу құрылғысы болып табылады. Процессор микросхема ретінде ұсынылған және оперативті жадымен қатар аналық тақшада орналасады

Ірі компаниялардың бірі Sapphire Technology өздерінің жаңа аналық тақшасын жария етті. Бұл тақша PURE CrossFireX 790GX (код PC-AM2RS790GX), берілген тақшада жүйелік блокта AMD 790GX оң орында AMD SB750 орналасқан және үлкен жиілікті процессоры AMD қамтылған Socket AM3/AM2

Бұл платформа орындау  АТХ және пайдаланушы базада жоғары жиілікті конденсатор ОС-СОN-мен қамтылған. Мұнда графикалық чипсет АТІ Redeon HD 3300 және DirectX 10 Shader Model 4.0 бірлесіп, ATI Avivo HD Technology апаратын қолдап,  VC-1, MPEG-2 и H.264 фидео форматтарын орындайды.


Информация о работе Аналық тақша