Аналық тақша

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Июня 2013 в 14:15, реферат

Краткое описание

Компьютердің негізін қалайтын бөлігі ол жүйелік тақша (main board), басқаша аналық тақша (motherboard) деп аталады. Оған сатып алушылар сөзсіз аз көніл бөлінеді. Себебі қолданушылардың көбісі компьютердің бұл бөлігінің қаншалықты маңызды екендігін білмейтіндігінде.
Орта буындығы сатып алушы компьютерді сатып алар кезде неге көніл бөледі? Біріншіден компьютердің жиілігіне, екіншіден жедел жады мен винчестердің көлеміне, одан әрі қызығушылық танытып қарайтындар шамалы, ал аналық тақшаның мінездемесі мен жиілігіне көніл аударатын қолданушылар мүлдем аз. Егер процессор компьютердің миы болса, онда аналық тақшаныңда маңыздылығы аз емес, ДК-дің функционалды компаненті болып табылады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

аналы0 та0ша.docx

— 31.84 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                        Реферат

 

 

 

 

Тақырыбы: Аналық тақша

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Компьютердің негізін қалайтын бөлігі ол жүйелік тақша (main board), басқаша аналық тақша (motherboard) деп аталады. Оған сатып алушылар сөзсіз аз көніл бөлінеді. Себебі қолданушылардың көбісі компьютердің бұл бөлігінің қаншалықты маңызды екендігін білмейтіндігінде.  
Орта буындығы сатып алушы компьютерді сатып алар кезде неге көніл бөледі? Біріншіден компьютердің жиілігіне, екіншіден жедел жады мен винчестердің көлеміне, одан әрі қызығушылық танытып қарайтындар шамалы, ал аналық тақшаның мінездемесі мен жиілігіне көніл аударатын қолданушылар мүлдем аз. Егер процессор компьютердің миы болса, онда аналық тақшаныңда маңыздылығы аз емес, ДК-дің функционалды компаненті болып табылады. 
Жүйелік тақша барлық компьютерларда орналаспаған. Кейбір ДК-де, әдетте жүйелік тақшада орналасатын элементтер, жүйелік тақшаның разъемдарында орнатылған бөлек кеңейту тақшаларында орналасады – кеңейту слоттары. Бұндай типті компьютерлерде разъемы бар тақшалар біріктіру тақшалары (backplane) деп, ал осындай конструкциялы жүйелік блоктар біріктіру жүйелік блоктары деп аталады.  
Біріктіру тақшалары белсенді және белсенді емес болуы мүмкін. Белсенді емес тақшада шина разъемдары орнатылады, буфер және дискілі жинақтауышты өңдеуге арналған электрондық схемалар орнатылуы мүмкін. Барлық қалған компаненттер біріктіру тақшасының разъемдарына бекітілетін кеңейту тақшаларында орналасады. Кейде барлық схема бір кеңейту тақшасында орналасады, оны жүйелік тақша немесе аналық карта деп атайды. Бұндай жүйелік карта негізінде жүйелік тақша болып табылады, олар белсенді емес біріктіру тақшасына орнатылады. Мұндай типті жүйе өздерінің жоғары өндірістік жүйелік карталарының қымбаттығына байланысты сирек кездеседі. Олар көбінесе өндірісте танымал болып келеді. 
Белсенді біріктіру тақшасында шина контроллеры орнатылған, әдетте онда басқа да компоненттер орналасады. Көпшілік компьютерлердің белсенді біріктіру тақшаларында, көбінесе модульдік процессордан басқа, қарапайым жүйелік тақшаның барлық түйіндері орналасады. Процессорлік модуль – ол орталық процессор және онымен байланысты барлық түйіндер орналасқан тақшаны айтамыз. Процессорлік модулі бар конструкциялы жүйеге басқа процессорды, тек бір ғана тақшаны ауыстыру арқылы, жеңіл орнатуға мүмкіндік береді. Қазіргі уақыттағы көптеген ДК-да белсенді біріктіру тақшалары және жеке процессорлі модулдары бар. Өкінішке орай, процессорлік модулдің басқа жүйелік түйіндермен іс-әрекеттесу әдісінде стандарттың болмауына байланысты, әр фирма өзінің тақшасын шығарады. Нарықта бұндай таршылықтың пайда болуы бұл тақшалардың басқа өндірушілердің толық жүйелік тақшаларынан қымбат болуына әкеп соғады. 
Жүйелік тақшаның стандартты өлшемдері 
Жүйелік тақшалар бірнеше нұсқаларда шығарылады. Олар көлемдерімен ерекшеленеді, сол оларды орнатуға болатын корпустың типін анықтауға болады. Жүйелік тақшаның мынандай негізгі түрлері болады:

Біріктірілген тақша; толық өлшемді АТ тақшасы; Baby-AT; LPX; ATX; NLX.   

Толық өлшемді АТ тақшасы 
АТ тақшасы өзінің сипаттамаларымен IBM АТ компьютерлерінің кейінгі жүйелік тақшаларына сәйкес келеді. 12”Х13” өлшемді үлкен тақша, пернетақта мен слоттардың разъемдары, корпустың саңылауларымен сәйкес болуы керек. Бұндай тақша тек толық өлшемді АТ немесe Tower корпустарына сияды. Оларды қазіргі кең таралған Baby-AT және Mini-Tower корпустарына орнатуға келмейтіндіктен, олардың өндірілуі тоқтатылған.  
 
Baby-AT 
Baby-AT тақшасының өлшемі ХТ жүйелік тақшасымен сәйкес келеді, бірақ саңылаулардың орналасуы ептеп өзгешеленген, АТ типті корпустарына орнатуға мүмкіндік беру үшін. Жүйелік тақшадағы пернетақта разъемдары мен слоттардың орналасуы корпусқа сәйкес болуы керек. Барлық толық өлшемді тақшаларда және Baby-AT тақшаларына пернетақтаның стандартты 5 контактілі разъемы DIN қолданатынын ескерейік. Baby-AT жүйелік тақшаларын барлық корпустарға орнатуға болады, биіктігі кішірейтілген және Slimline корпустарын ескермегенде. Осыған байланысты олар кең таралды. 
LPX 
Келесі танымал тақша болып LPX және Mini LPX табылады. Бұл нұсқа ең бастысы Western Digital фирмасымен өңделіп, кейбір тақшаларына арналған. Бұл жүйелік тақшалардың дамымайтындығына қарамастан, оның конструкциясын басқа өндірушілер қолданылады. Олар кең таралған биіктігі төмен және Slimline корпустарында қолданылады. LPX тақшалары басқалардан өзгеше. Мысалы кеңейту слоттары бөлек тақшаларда бекітілген, олар жүйелік тақшаға орнатылады. Кеңейту слоттары кострукцияға байланысты тақшаның бір жағында да, екінші жағында да орналасады. LPX тақшасының тағы бір ерекшелігі барлық разъемдар тақшаның артқы панельдерінде орнатылған. Мониторға арналған (15 контактілі ), пораллельді порт (25 контактілі), екі кезектескен порттар (9 контактілі) және Mini-DIN разъемы, пернетақта мен тышқанның стандарты PS/2 үшін разъемдары бар. Барлық разъемдар тақшаның өзінде жасалған және орнатудан кейін корпустағы сәйкес саңылауларға қарсы келеді. Кейбір жүйелік тақшаларда қосымша енгізілген разъемдар орнатылады, Мысалы желілі немесе SCSI адаптерлер үшін. 
АТХ 
Жаңа АТХ конструкциясы салыстырмалы жуырда жетілген. Онда Baby-AT және LPX стандарттарының ең жақсы белгілері көрсетілген және қосымша процессорлар, жад және енгізу/шығару разъемдары енгізілген. Толық өлшемді АТХ схемасынан басқа Intel фирмасы Mini АТХ конструкциясын көрсетіп кеткен, ол да сол корпуста орналасады. Корпустағы саңылаулар Baby-AT тақшасындағыдай орын алады. Болашақта АТХ және Baby-ATХ конструкциясын қолдайтын корпустар шығарылуы мүмкін. 
Болашақта өзінің жетістіктеріне байланысты АТХ конструкциясы кең танымал болады, әзірше алдыңғы қатарлы компьютерлермен қатар қолдану мәселесіне байланысты, оған әлі Baby-AT конструкциясын жеңу қиын, және қазіргі уақыттағы нарықта, АТХ версиясына қарағанда, Baby-AT/ға арналған жүйелік тақшалар, корпустар және қорек көздері көпшілік. 
NLX 
NLX технологиясы ДК-дің жүйелік тақшаларының ең соңғы зерттемесі болып табылады, және ол алдағы болашақтың технологиясы болуы мүмкін. Стандарттың бұл тақшалары LPX тақшаларын еске түсіреді, бірақ та олар одан да жетілдіріле түскен. Егер LPX тақшаларына жоғары жылу бөлгіштігіне және үлкен өлшемдеріне байланысты жаңа процессорларды орнатуға болмаса, онда NLX-та бұл мәселелер шешілген Басқа тақшалардың алдындағы негізгі жетістіктері осы. 
Қазіргі процессорлы технологияларды қолдау. Ол әсіресе Pentium II процессорлы жүйелер үшін маңызды, себебі оның корпусының өлшемі Single Edge Contact, Baby-AT және LPX тақшаларына сәйкес келмейді. Оған қарамастан жүйелік тақшаны өндірушілер Pentium II негізінде АТХ жүйесін ұсынады, ондай жағдайда тақшада тек екі 72- контактілі SIMM модульді разъемдарына орын қалады. 
Тез өзгеретін процессорлы технологияларға байланысты иілгіштігі. Иілгіш жүйенің біріктірілген тақша идеясы NLX тақшасының конструкциясында жаңадан іске асты, оның жүйесін бөліктерге бөлмей тез және оңай орнатуға болады. Біріктірілген тақшалы дәстүрлік жүйелерге қарағанда, жаңа NLX стандартын компьютерлік индустрияда келесі лидерлар қолдау көрсетеді: AST, Digital, Gateway, Hewlett-Packard, IBM, Micron, NEC және тағы басқалары.

Chipset – микросхема жиыны. Бұл бір немес бірнеше микросхемалар, таймерлері, микропроцессорлардын "байланысуына” арналып жасалған басқару жүйесі. 
Олар үзіліс конттролерлерінен, жадыға тікелей байланысқан, жады және шинадан құралған – бұл компоненттердің барлығы IBM PC түпнұсқасында жеке микросхемалардан құралған. Кей-кезде жиынтықтың бір микросхемасына CMOS – пен жад жәнеде кейде пернетақталық контроллер кіреді,бірақ бұл блоктарды жеке чиптер түрінде де қосуға болады. Кейінгі зерттемелерде микросхемалық жиынтықтарға сыртқы құрылғылар контроллерін енгізе бастады. 
Chipset-нің сыртқы микросхемасының түрі, процессордан кейінгі ең үлкен бірнеше ондықтан екі жүздікке дейінгі шығару санымен бейнеленеді. Жиынтықтың аты басты микросхеманың маркировкасынан шығады – OPTi495SLC, SiS471, UMC491, i82C437VX т.б. Сонымен қатар микросхема коды тек ішкі серияда қолданылады: мысалы, толық атауы - SiS471-SiS85С471. Кейінгі жинақтарда өзінің аты қолданылады, басқа жағдайларда ол – фирмалық атаулар (Neptun, Mercury, Triton, Viper), немесе үшінші фирмалық (ExpertChip, PC Chips) чиптардың жеке өзіндік маркировкасы. 
Жиын түрлері негізінде тақшаның функционалды қызметтерін анықтайды: процессорлардың түрін қолдайтын, КЭШ-тің құрылысы мен көлемі, жадтын модулінің көлемімен түрінің бірге қолданылу мүмкіндігі, энерго үнемдеу режимдерін қолдау, өлшемдерді бағдарламалық қосылу мүмкіндігі. Сол бір жинақты жүйелік тақшаның бірнеше түрлері шығарылуы мүмкін, ең жай түрінен күрделілеріне дейін – порттар, дисктер, видео т.б.


Информация о работе Аналық тақша