Акпараттык технлогия

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Февраля 2014 в 14:39, реферат

Краткое описание

Жалпы технология, ақпараттык және компьютерлік технология дегеніміз не? Соларға жауап бере кетелік. Анықтама бойынша технология дегеніміз — материалды өңдеу үрдістерінің жиынтығы, немесе материалды өңдеу тәсілдері туралы білім жиынтығы. Мағынасы бойынша технология дегеніміз — түрлендіруді жүзеге асыруга мүмкіндік беретін тәсіл. Бұл бізге «технология» түсінігін тек материалды өндіріс сферасында ғана емес, сонымен қоса адам іс-әрекетінің басқа да сферасында да, соның ішінде білім беру жүйесінде де пайдалануға мүмкіндік береді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

акпрататтык технология.docx

— 38.13 Кб (Скачать документ)

         Жалпы технология, ақпараттык және компьютерлік технология дегеніміз не? Соларға жауап бере кетелік. Анықтама бойынша технология дегеніміз — материалды өңдеу үрдістерінің жиынтығы, немесе материалды өңдеу тәсілдері туралы білім жиынтығы. Мағынасы бойынша технология дегеніміз — түрлендіруді жүзеге асыруга мүмкіндік беретін тәсіл. Бұл бізге «технология» түсінігін тек материалды өндіріс сферасында ғана емес, сонымен қоса адам іс-әрекетінің басқа да сферасында да, соның ішінде білім беру жүйесінде де пайдалануға мүмкіндік береді. Оқыту теориясында «технология» ұғымының үш жүзге жуық анықтамасы бар екенін айту жөн. Ақпараттық технологияның арқасында әрбір тәлімгердің тек дәстүрлі ақпарат көздерімен ғана емес, сонымен қатар дәстүрлі емес ақпарат көздерімен жұмыс істеуге мүмкіндіктері бар. 
«Ақпараттық технология» деген терминді В. Тлушков енгізді. ол оған былай анықтама береді: «Ақпараттық технология дегеніміз — ақпаратты өндеумен байланысты үрдістер». Сонда оқытуда ақпараттық технологиялар үнемі қолданылған деуге болады, себебі оқыту дегеніміз — ақпаратты оқытушыдан тәлімгерге немесе оқушыға жеткізу. В.Апатова, В.Глушковтың берген анықтамасын жоққа шығармай, оны нақтылай түседі: «Ақпаратгық технология дегеніміз — ақпаратты өндеу үрдісі арқылы жүзеге асатын құралдар мен әдістер жиынтығы». 
Д.Матрос «жаңа ақпараттық технология» ұғымын қарастыра отырып, кез келген әдістер немесе педагогикалық технологиялар ақпаратты тәлімгерлер, оқушылар меңгеру үшін қалай өңдеу және жеткізу керектігін суреттейді, яғни, оның анықтамасы бойыңша, кез келген педагогикалық технология дегеніміз — бұл ақпараттық технология. 
Оқу үрдісінде компьютерді пайдалану нәтижесі «компьютерлік технология» терминінің пайда болуына әкелді. Бірақ та есептеуіш техниканың белсенді түрде дамуы және жаңа аппаратты, бағдарламалық құралдардың пайда болуы компьютерді қолдану аясын кеңейтті. Білімді ақпараттандыруды тәлімгерлердің, оқушылардың мәліметтер және білім базасында, электронды мұрағаттарда, аныктамаларда, энциклопедияларда белсенді түрде жұмыс істеуі деп анықтауға болады. Осыдан оқытудың ақпараттық технологиясын анықтауға болады: оқытушылық іс-әрекетті және құралды іске қосу, олардың жұмыс істеуі кезіндегі пайдаланылатын электрондық және бағдарламалық құралдар жиынтығы. 
Кез келген ұйымда басқару қызметтері нәтижелі ақпаратты, қорытылған мәліметтердің қайта құру технологиясына негізделеді. «Технология» ұғымының (мағынасының) өзі өнеркәсіптік өндірісте қолданылады және өндіріс үрдісінде өнімді әзірлеу тәсілдерінен және өзара байланысқан материалдарды өңдеу жүйесі ретінде анықталады. Әдістер жүйесі техникалық құралдарды пайдалану негізінде ақпараттық жинау, жіберу, өндеу, жинақтау. сақтау тәсілдерін қолдану арқылы ақпараттық технологияны анықтаймыз. 
Ақпараттық технологиялар ақпараттық үрдістердің әр қилылығына байланысты мынандай технологияға жіктеледі: 
-ақпаратты жинау; 
-ақпаратты жеткізу; 
-ақпаратгы өндеу; 
-ақпаратгы жинақтау; 
-ақпаратты сақтау; 
-ақпаратты ұсыну; 
-ақпаратты  пайдалану; 
-ақпаратты қорғау. 
Нақты ақпараттық технологияны жүзеге асыру үшін мынадарды орындау қажет: 
- ақпараттық үрдістің өзін жүзеге асыратын тиісті техникалық құралдардың кешені; 
- техникалықкешенмен басқару құралдарының жүйесі; 
- техниқалық құалдардың барлық іс-әрекеттерінің жүзеге асырылуын байданыстыратын ұйымдастырушылықты әдістемелік қамтамасыз ету. Қазіргі заманғы басқарма қызметін қамтамасыз ететін ақпараттық үрдістердің әр түрлерін жинақты түрде пайдалануға негізделген, Соған байланысты көбінесе қазіргі заманғы немесе жаңа ақпаратгық технология деп компьютерлік ақпараттық технологияны ұғынамыз.

         Ақпараттық технологияның қалыптасу кезендері және негізгі ұғымдары 
Қоғамның қазіргі заман дәуіріңдегі ғылыми-техникалық прогрестің дамуына байланысты адам іс-әрекетінің барлық сферасында компьютерлік және желілік технологиялардың бірігуінен пайда болған ақпараттық технологияны пайдалану кең етек жайды. Қоғамды компьютерлендіру, техника құралдарының белсенді түрде енуі оқу орны мен кез келген ғылым саласы алдыңда бірқатар көкейкесті міндеттер қоюда. Ол міңдеттер оқу-тәрбие үрдісінің тиімділігін тарылатуда, компьютерді пайдалану мүмкіндіктерін зерттеуге байланысты.

Жүйелік блок дербес компьютердің электроникасының негізгі компоненттерінен тұрады. Жүйелік блок ішінде келесілер  орналасады: ток көзін қамтамасыз ету блогы, аналық плата (оперативтік  зерде, процессор т.б.), қатгы диск, желдеткіш, диск қозғаушысы және дискеттерді  бақылау, бейнебақылауыштар т.б. 
Ток көзін камтамасыз ететін блогы желіден келетін жоғары кернеуді токты кіші кернеуді тұрақты токқа айналдырады да аналық платаға, желдеткішке т.б. ішкі қондырғыларға береді. 
Аналық платада микропроцессор (үлкен интегралды схемалар тобы), оперативтік есте сақтағыш (схема) қондырғысы, тұрақты есте сақтағыш қондырғысы (схема) және сыртқы қондырғыларды (монитор, принтерлер) басқаратын платаларды (бақылауышты) орнататын ұялар орнатылған. 
Венчестер, немесе қатты диск, арнайы нақты жабылған қорапшада орнатылады. Бұл дискте операциялық жүйенің бағдарламалары, түрлі қолданбалы бағдарламалар жазылады (бағдарламалық жабдық). 
Монитор — компьютердің ақпарат шығаратын эмбебап стандартты кұралы. 
Монитор (дисплей) — мәтіндік және графикалық ақпаратты бейнелейді. Моіштор теледйдарға ұқсайды, себебі олар кинескоп арқылы бейнеленеді, бірақ та олардың іштей айырмашылықтары 
Люминофор — ол фосфор негізіңдегі химиялық қосындылар. Электрон түні түсқен люминофор шағылысады. Электронды сэуле электромагнитгі әріспен басқарылады. Түрлі-түсті мониторда бейне 3 түстен кұрылады: қызыл, жасыл, көк. 3 электронды пушка орнатылады. Әр электронды сәуле жеке басқарылады, зкраі түсті люминоформен жабылады. Сондықтан бейнеба-қылауыш бейнеқұрады, содан кейін араластырып жібереді 
- монитордың электроңды сәулелі құбырлардың жол-жол мен және кадр-кадрменбейнені шығаруын; 
- бейнелердің жарықтығын; 
- бейненің түстерін араластырады. 
Әр бейнебақылауышқа сэйкес монитор типті болуы керек. Монитор сапасы келесілермен сипатталады: 
- бейнедабыл өпсізу жолының еңі. Ол дегеніміз — бейнеба-қылауыш платасынан монитордың басқару сигналдарын қабылдау жылдамдығы. Кең жолды монитордың бейнелері өте анық болады; 
- шығару жылдамдығы. Ол бір уақытта электронды сәуленің экран бетінен жүгіріп өтуі; 
- шепгу қабілеттілігі. 
Люминофор нүктелерінің арақашықтықтары, яғни нүктелер арасы өте жақын болса, нүктелер тығыз орналасады, яғни бейнені кішкентай бөліктері анық көрсетіледі. 640×480 горизонталь бойыңша, 1 дюймде 640 нүкте. Көлденең бойында 1 дюймде 480 нүкте. Өте үлкен кәсіптік мониторда 1600×1280 нүктеге дешн болады. 
Пернелер тактасы — тұтынушыдан компьютерге ақпаратты ешізуге арналған құрал. Пернелер тақтасының 101 немесе 102 пернесі бар. Дайындалу технологиясына байланысты пернелер тагасы механикалық және мембраналы болып бөлінеді. Бірақ та мембраналы пернелер тақтасына қарағанда механикалық перне-лер тақтасы сапалы болып келеді. 
Тышкан — қазіргі заман жүйелерімен және бағдарламаларымен жұмыс істеу үшін қолданылатын қүрылғы, 
Кей жағдайда тышқанды басқа қүрылғьшармен ауыстырады: трекбол, сенсорлы тақта (панель) т.б. Бүл құрылғыларды, бағыт-тауыш қуралғылар деп атайды. Бағыттауыш құрылғыларысыз тугыігушы жұмысы өте қиынболады, яғни мүмкін емес. 
Тышқан дегеніміз — кішігірім қорапша түріндегі (көбінесе сүр түсті), екі немесе үш батырмадан тұратын манипулятор. 
Құрылғьшық принциптеріне байланысты тышқан мынадай болады: 
1)механикалық; 
2)оптомеханикалық; 
3)оптикалық» 
Оптомеханикалық тышқан механикалық тышқанмен салыстырғанда әлдеқайда сенімді, себебі оларда қозғалыс бөліктері аз. Оптикалық тышқаң өте сенімді.. Оптомеханикалық және оптикалық тышқан механикалық тышқанға қарағанда қымбат. 
Тышқан стол бетіңде тайғанамау және кірленбеу үшін кілемше қолданылады. 
Тышқанның 2 немесе 3 батырмасы болады. Үш батырмалы тышқанның ортасындағы батырманы қолданбайды. Бірақ та көп батырмалы тышқандарда да бар, мысалы: 40 батырмаға дейін бар. Ол тышқаңдар жұмыс өнімділігін арттырады. 
Трекбол — қойғыштағы (подставкадағы) шар түріңдегі манипулятор. Бағыттауыштың қозғалуы трекбоддың шарьш қолмен қозғалту арқылы жүзегеасырылады. 
Жүйені  іске қосу 
І.Жүйелік блоктың желілік қосқышын «ашу» жағдайына келтіру.. 
2. Перифериялық құралдардың қосқыштарын жағдайға келтіру.; 
3.Келесілердітексеру: 
а)ток көзінің жұмысшы кернеуінің қосқышы керекті жағдайда тұруы керек; 
б) жүйелік блоктың қақпағы жабық па, монтаждың винттері аяғына дейін бұралған ба? 
4.Монитор мен пернелер тақтасының қосылуына ауысымды. 
Монитор жүйелік блокқа бейнебақылауыш арқылы жалғастырылады. Бейне бақылауыш әдетте жүйелік блокішінде орналасады. 
5.Мониторды қосарда қосқышы «ок» жағдайда болуы керек. 
6. Сигналды кабельді бейнебақылаушы платасына жалғастырып, кабельдің екі винтімен бекітеміз. 
7. Егер монитордың кабелінің вилкасы болса; ол тікелей ток көзіне қосылады Вижа орнына басқа қосқыш болса, онда ол жүйелік блокқа жалғасады. 
8. Пернелер тақтасы жүйелі блокқа жалғастырар алдыңда жүйелік блокты ток көзінен алып тастау керек. Пернелер тақтасы қосатын ұя (разъем) компьютердің моделіне байланысты жүйелік блоктың аддыңда немесе артында  орналасады. 
9. Пернелер тактасыңда АТ-ХТ қосқыштары болуы мүмкін. Компьютердің модификациясына байланысты керекті жағдайға қойылады» 
10.Жүйелік блоктың желіге қосатын кабелін ток көзіне қосамыз. 
11.Ақпараттардың қосқыштарын қосу жағдайына келтіру. Сыртқы қоңдырғылардан кейін жүйелік блок қосылады.

       Компьютер (ағылшынша: computer — «есептегіш»), ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) — есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығару үшін арналған машина. Компьютер дәуірінің бастапқы кезеңдерінде компьютердің негізгі қызметі — есептеу деп саналатын. Қазіргі кезде олардың негізгі қызметі — басқару болып табылады.

 Негізгі принциптері:  Өзінің алдына қойылған тапсырманы  орындау үшін компьютер механикалық  бөліктердің орын ауыстырылуын, электрондардың, фотондардың, кванттық  бөлшектердің ағынын немесе басқа  да жақсы зерттелген физикалық  құбылыс әсерлерін қолданады.  Көбімізге компьютерлердің ең  көп таралған түрі — дербес компьютер жақсы таныс.Компьютер архитектурасы алға қойылған мәселені, зерттеліп отырған физикалық құбылысты максималды айқын көрсетіп, модельдеуге мүмкіндік береді. Мысалы, электрондық ағындар бөгеттер салу кезіндегі су ағынының үлгісі ретінде қолданылуы мүмкін. Осылай құрастырылған аналогтық компьютерлер ХХ ғасырдың 60-жылдары көп болғанымен, қазір сирек кездеседі.Қазіргі заманғы компьютерлердің басым бөлігінде алға қойылған мәселе әуелі математикалық терминдерде сипатталады, бұл кезде барлық қажетті ақпарат екілік жүйеде (бір және ноль ретінде) көрсетіледі, содан кейін оны өңдеу үшін қарапайым логика алгебрасы қолданылады. Іс жүзінде барлық математикалық есептерді бульдік операциялар жиынына айналдыруға болатындықтан, жылдам жұмыс жасайтын электронды компьютерді математикалық есептердің, сонымен қатар, ақпаратты басқару есептерінің көпшілігін шешу үшін қолдануға болады.Бірақ, компьютерлер кез-келген математикалық есепті шеше алмайды. Компьютер шеше алмайтын есептерді ағылшын математигі Аланом Тьюринг сипаттаған болатын.Орындалған есеп нәтижесі пайдаланушыға әр түрлі енгізу-шығару құрылғыларының көмегімен көрсетіледі, мысалы, лампалық индикаторлар, мониторлар, принтерлер және т.б.Компьютер — жай ғана машина, ол өзі көрсетіп тұрған сөздерді «түсінбейді» және өз бетінше «ойламайды». Компьютер тек қана бағдарламада көрсетілген сызықтар мен түстерді енгізу-шығару құрылғыларының көмегімен механикалық түрде көрсетеді. Адам миы экрандағы көріністі қабылдап, оған белгілі бір мән береді.

Этимология

Компьютер сөзі ағылшын тілінің  ағылшынша: to compute, ағылшынша: computer сөздерінен шыққан. Бұл сөздер «есептеу», «есептегіш»  мағынасында аударылады (ағылшын  сөзі, өз кезегінде, латын тілінің  латынша: computo — «есептеймін» сөзінен  шыққан). Алғашында ағылшын тілінде  бұл сөз механикалық құрылғыларды қолданбай немесе қолдана отырып, арифметикалық есептеулер жүргізетін адамға қатысты айтылған. Содан кейін  бұл сөз машиналарға қатысты  айтылатын болды, бірақ, қазіргі  заманғы компьютерлер математикамен  тікелей байланысты емес мәселелермен де айналысады.Компьютер сөзінің анықтамасы алғаш рет 1897 жылы ағылшындық Оксфорд сөздігінде пайда болған болатын. Бұл сөздікте компьютер механикалық есептеуіш құрылғы ретінде көрсетілген. 1946 жылы бұл сөздікте цифрлық компьютер, аналогтық есептеуіш машинасы және электронды компьютер түсініктерінің мағынасы ажыратылып көрсетілдді.

Есептеуіш техника тарихын  қараңыз

Нөлдік буын

б.э.д. 3000 жыл — Ежелгі Вавилонда алғашқы есептегіштер — абак пайда болды.

б.э.д. 500 жыл — Қытайда  абактың «жаңа» нұсқасы пайда  болды.

1492 жыл — Леонардо да  Винчи өзінің бір күнделігінде  он тісті сақиналары бар 13-разрядты  есептегіш құрылғының сызбасын  көрсеткен. Бұл сызбалар негізінде  жұмыс жасайтын құрылғы ХХ  ғасырда ғана жасалғанымен Леонардо  да Винчи жобасының дұрыстығы  расталды.

1623 жыл — Вильгельм  Шиккард, Тюбинген университетінің  профессорі, тісті сақиналар неізінде  алты разрядты ондық сандарды  қосып және азайта алатын құрылғы жасап шығарды. 1960 жылы профессордың сызбасы бойынша қайта жасалып, дұрыс жұмыс жасайтындығын көрсетті.

1630 жыл — Ричард Деламейн  шеңберлік логарифмдік сызғыш  жасады.

1642 жыл — Блез Паскаль  «Паскалин» — алғашқы нақты  жүзеге асырылған және кең  танылған цифрлық есептеуіш құрылғыны  ұсынды. Құрылғы прототипі бес  разрядты ондық сандарды қосып  және азайта алатын еді. Паскаль  бұндай есептегіштердің оннан  астамын жасады, соңғы үлгілері  сегіз разрядты сандармен де  жұмыс жасай алатын еді.

1673 жыл — көрнекті неміс  философы және математигі Готфрид  Вильгельм Лейбниц механикалық  калькулятор жасады, ол екілік  санау жүйесінің көмегімен көбейту,  бөлу, қосу және азайтуды орындай  алатын еді.

Осы кездер шамасында Исаак  Ньютон математикалық анализ негіздерін қалады.

1723 жыл — неміс математигі  және астрономы Христиан Людвиг  Герстен, Лейбниц жұмыстарының  негізінде арифметикалық машина  жасады. Машина сандарды көбейту  кезінде бүтін бөлігін және  тізбектелген қосу амалдарының  санын есептей алатын еді. Сонымен  қатар бұл машина енгізілген  мәліметтерді енгізудің дұрыстығын  тексере алатын еді.

1786 жыл — неміс әскери  инженері Иоганн Мюллер «айырмалық  машина» идеясын ұсынды — бұл  машина айырмалық әдіспен есептелетін  логарифмдерді табуляциялай алатын  еді. Лейбництің тісті доңғалақтары  негізінде жасалған бұл машина  біршама кішкентай (биіктігі 13 см, диаметрі 30 см) болғанымен, 14-разрядты  сандармен негізгі төрт арифметикалық  амалды орындай алатын еді.

 

1801 жыл — Жозеф Мария  Жаккард бағдарлама арқылы басқарылатын  тігін станогын құрды, оның  жұмысы перфокарталар жиыны көмегімен  көрсетілетін еді.

1820 жыл — француз Тома  де Кальмар арифмометрлерді алғаш  рет өндірістік жағдайда шығарды.

1822 жыл — ағылшын математигі  Чарльз Бэббидж айырмалық машинаны (математикалық кестелерді автоматты  түрде құруға арналған арифмометр) ойлап тапты, бірақ іс жүзінде  жасап көрсете алмады.

1855 жыл — Стокгольм  қаласында ағайынды Георг және  Эдвард Шутц Чарльз Бэббидж  жұмыстарының негізінде алғашқы  айырмалық машина жасады.

1876 жыл — орыс математигі  П.Л.Чебышев ондықтарды үзіліссіз  тасымалдайтын қосқыш аппарат  құрды. Бұл ғалым 1881 жылы осы  машинаға көбейту және бөлуге  арнап қосымша бөліктер жасады.

1884—1887 жж — Герман  Холлерит электрлік табуляциялық  жүйе (Холлерит табуляторын) жасап  шығарды, бұл жүйе 1890 және 1900 жылдары  АҚШ-тағы, 1897 жылы Ресейдегі халық  санағында қолданылды.

1912 жыл — орыс ғалымы  А.Н.Крылов жобасы бойынша қарапайым  дифференциалдық теңдеулерді интеграциялауға  арналған машина жасалды.

1927 жыл — Массачусетс  технологиялық университетінде  аналогтық компьютер жасап шығарылды.

1938 жыл — неміс инженері  Конрад Цузе өзінің алғашқы  есептеуіш машинасын жасап, оған Z1 деген ат берді (Оның соавторы  ретінде Гельмут Шрейердің есімі  де аталады). Бұл толықтай механикалық,  бағдарламаланатын цифрлық машина  еді. Бұл үлгі іс жүзінде  қолданылмады. Оның қалпына келтірілген  нұсқасы Берлиндегі неміс техникалық  мұражайында сақталған. Осы жылы Цузе Z2 машинасын жасауға кірісіп кетті.

1941 жыл — Конрад Цузе Z3 машинасын жасады. Бұл машина  қазіргі заманғы компьютердің  барлық қасиеттерін ие болатын.

1942 жыл — Айова штатының  университетінде Джон Атанасов  және оның аспиранты Клиффорд  Берри АҚШ-тағы алғашқы электрондық  цифрлық компьютерді жасап бастады.  Бұл машина толықтай аяқталмағанымен  (Атанасов әскерге кетті), тарихшылардың  айтуына қарағанда, американ ғалымы  Джон Мочлидің екі жылдан кейін  Эниак ЭЕМ-ін жасап шығаруыны  көп әсерін тигізді.

1943 жылдың басында алғашқы  американдық есептеуіш машина  — Марк I жасалды. Бұл машина  АҚШ әскери-әуе күштерінің күрделі  баллистикалық есептерін шығаруға  арналған еді.

1943 жылдың соңында арнайы  мақсаттарда қолданылатын ағылшын  есептеуіш машинасы — Колосс  жасалды. Машина фашисттік Германияның  құпия кодтарын шешумен айналысты.

Информация о работе Акпараттык технлогия