Қорғаншылық және қамқоршылық ұғымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2013 в 16:35, реферат

Краткое описание

Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді.. Жеке адамның бойындағы ар-ұяты, ақыл-ойы, адамгершілігі, басқа адамдармен қарым-қатынаста, мәдениеттілікті тәрбиелеуде отбасы алғашқы қадам. Сондықтан, отбасы өте қажетті, басқадай ешнәрсемен өзгертуге (ауыстыруға) болмайтын баспалдақ. Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қорғаншылық және қамқоршылық (4).docx

— 25.96 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Републикасы  Білім және Ғылым министірлігі

 

«Тұран- Астана»  университеті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

БАЯНДАМА

 

 

 

ТАҚЫРЫБЫ : Қорғаншылық  және қамқоршылық ұғымы

 

 

 

      

 

 

 

 

 

 

Қабылдаған: Біржекеева М.К.

                                                                              Тапсырған:  Мақсұт

 

 

 

 

 

 

 

Астана, 2013

 

 

Қорғаншылық және қамқоршылық ұғымы

 

Адамның жеке басының алғашқы  қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді.. Жеке адамның бойындағы ар-ұяты, ақыл-ойы, адамгершілігі, басқа адамдармен қарым-қатынаста, мәдениеттілікті тәрбиелеуде отбасы алғашқы қадам. Сондықтан, отбасы өте қажетті, басқадай ешнәрсемен өзгертуге (ауыстыруға) болмайтын баспалдақ. Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта.

Отбасы-бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі, өзара сөйлесіп, не болмаса ата-ананың, баланың міндетін атқару ғана емес, береке-бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз.

 - бала тәрбиесінде отбасы ықпалы басқа тәрбиелік ықпалдарға қарағанда ең басым болып келуі; - өркениетті, зайырлы, құқықты қоғамның азаматын тәрбиелеуде отбасы мемлекеттің негізгі буыны; 

- отбасы – болашақ  ұрпақтың бойында ең құнды  адамгершілік қасиеттерді қалыптастыратын  қоғамның ажырмайтын басты тірек 

– арқауы;  отбасы – жеке тұлғаны әлеуметтендіру міндетін жүзеге асырушы. Ол болашақ жас азаматтың дене жетілеуіне, шынығуына, рухани және адами дамуына, ең құнды жалпы адамзаттық құндылықтарды және ұлттық рухани байлықты бағалауға, еңбек ету дағдысын тәрбиелеуге ықпал жасаушы; 

- отбасы бала тәрбиесінде  адамзат қоғамның тарихындағы  ғасырлар сынынан мүдірмей өткен  ұлттық дәстүрлі жалғастырушы; 

- отбасының әлеуметтік  міндеттерінің өзегі тәуелсіздікке  ие болған Қазақстан Республикасының  мемлекеттік заңдарын құрметтеуші,  елжанды азамат тәрбиелеу; - отбасы баланың мамандықты еркін және саналы таңдауына ықпал жасаушы; - отбасы өзінің ұрпағын болашақ отбасылық өмірге дайындаушы;

Қазіргі таңдағы отбасы мәселесіндегі  орын алып жатқан мәселелер оның заңдық негізде шешілуіне және қорғаншылық  пен қамқоршылық функциясының дұрыс  та қалыпты қызмет ету шаралары оңтайлы  ұйымдастырылған. Жалпы қорғаншылық  пен қамқоршылық ұғымына төмендегідей түсінік беріледі.

Неке және отбасы туралы Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 17 желтоқсандағы N 321-I Заңы

 

4-бөлiм. Қорғаншылық және  қамқоршылық 

 

100-бап. Ата-аналарының  қамқорлығынсыз қалған балалардың  
құқықтары мен мүдделерiн қорғау      

1. Ата-анасының қайтыс  болуы, олардың ата-ана құқықтарынан  айырылуы, олардың ата-ана құқықтарының  шектелуi, ата-анасының әрекетке  қабiлетсiз деп танылуы, ата-анасының  сырқаттылығы, ата-аналарының ұзақ  уақыт болмауы, ата-аналардың  балаларын тәрбиелеуден немесе  олардың құқықтары мен мүдделерiн  қорғаудан жалтаруы, соның iшiнде  ата-аналардың тәрбиелеу, емдеу  және басқа да осыған ұқсас  мекемелерден өз балаларын алудан  бас тартуы, сондай-ақ ата-аналардың  қамқорлығы болмаған өзге де  жағдайларда, балалардың құқықтары  мен мүдделерiн қорғау қорғаншы  және қамқоршы органдарға жүктеледi.

2. Қорғаншы және қамқоршы  органдар ата-аналарының қамқорлығынсыз  қалған балаларды анықтайды, осындай  балалардың есебiн алуды жүргiзедi  және ата-анасының қамқорлығынсыз  қалудың нақты мән-жайларын негiзге  ала отырып, балаларды орналастырудың  нысандарын таңдайды (осы Заңның 102-бабы), сондай-ақ оларды асырау  тәрбиелеу және бiлiм беру жағдайларына  одан әрi бақылау жасауды жүзеге  асырады.

Қорғаншы және қамқоршы органдардан  басқа, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру жөнiндегi заңды және жеке тұлғалардың қызметiне жол берiлмейдi.

101-бап. Ата-аналарының  қамқорлығынсыз қалған балаларды   анықтау және есепке алу 

1. Осы Заңның 100-бабының  1-тармағында аталған балалар  туралы мәлiметтер бар мекемелердiң  (мектепке дейiнгi ұйымдар, орта  бiлiм беретiн ұйымдар, емдеу  және басқа да мекемелердiң)  лауазымды адамдары және өзге  де азаматтар олар туралы қорғаншы және қамқоршы органдарға балалардың нақты тұрған жерiн хабарлауға мiндеттi.      

 Қорғаншы және қамқоршы  орган осындай мәлiметтер алған  күннен бастап үш күн iшiнде  баланың тұрмыс жағдайына зерттеу  жүргiзуге және ата-аналарының  немесе оның туыстарының қамқорлығы  жоқ екендiгi фактiсi анықталған  кезде баланы орналастыру туралы  мәселе шешiлгенге дейiн оның  құқықтары мен мүдделерiн қорғауды  қамтамасыз етуге мiндеттi.      

 2. Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар тұратын тәрбие, емдеу және басқа да мекемелердiң басшылары, баланы отбасы тәрбиесiне беру мүмкiн екендiгi белгiлi болған күннен бастап жетi күн мерзiм iшiнде бұл туралы осы мекеменiң тұрған жерi бойынша қорғаншы және қамқоршы органға хабарлауға мiндеттi.      

3. Қорғаншы және қамқоршы  орган осы баптың 1 және 2-тармақтарында  аталған мәлiметтер түскен күннен  бастап бiр ай iшiнде баланы  орналастыруды қамтамасыз етедi (осы Заңның 102-бабы) және баланы  отбасына тәрбиелеуге беру мүмкiндiгi  болмаған кезде орталықтандырылған  есепке алу үшiн және кейiннен  баланы Қазақстан Республикасының  аумағында тұрақты тұратын Қазақстан  Республикасы азаматының отбасына  тәрбиелеуге орналастыруға жәрдем  көрсету үшiн осындай бала туралы  мәлiметтi тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң  бiлiм беру басқармасының органына  жiбередi. Балаларды орталықтандырылған  есепке алуды ұйымдастыру  тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi. Қорғаншылық пен қамқоршылық мақсаты—ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеу болып табылады. Әркениетті қоғам мен мемлекет ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және көмекке мұқтаж балаларды дер кезінде табуды өзінің алдына басты мақсат етіп кояды. Осы міндеттерді орындау жүктелген арнаулы мемлекеттік органдар — қорғаншылық және қамқорлылық органдары жұмыс істейді. Бұл органдар мұндай балаларды іздеп тауып қана қоймай, оларды орналастыру және олардың тұрмыс жағдайларын бақылау міндеттерін жүзеге асыруы тиіс. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және отбасына тәрбиелеуге берілуі тиіс балалар міндетті мемлекеттік есепке алынуы керек.

Ол үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың есебін алуды үйымдастыру ережесі бекітілген.

Республикамызда балаларға қамқорлық көрсету, оларды мемлекеттік қолдау балалар үйлері мен интернат мекемелері жүйесі арқылы жүзеге асырылады..

14 жасқа толмаған балалар  қорғаншылыққа алынады, ал қамқоршылық  14—18 жастағы кәмелетке толмаған  балаларға жасалады. Қорғаншылық  пен қамқоршылықты белгілеу қорғаншы  немесе қамқоршы адамды тағайындау  жолымен іске асырылады. Бұл  адамдарды қорғаншылық және қамқоршылық  органдары тағайындайды.

Кәмелетке толған, іс-әрекетке қабілеттері бар азаматтар ғана қорғаншылар және қамқоршылар бола алады. Бұлардан басқа, жеке басының сапасы, жасы, денсаулық жағдайы ескеріледі.

Баланың қорғаншысының (қамқоршысының) құкықтары мен міндеттері: баланы тәрбиелеуге, оның денсаулығына, рухани және ізгілік адамгершілік көзқарастарының  дамуына қамқорлық жасауға құқықты  әрі міндетті;

• баланың пікірін, корғаншылық  және қамқоршылық органының ұсьшыстарьш  ескере отырып, баланы тәрбиелеудін тәсілдерін өз еркімен дербес белгілеуге құқықты;

• өзінің қамқорлығындағы  баламен бірге тұруға міндетті. Қамқорлығындағы  бала 16-ға толғанда қорғаншылық және қамқоршылық органының келісімімен  бөлек тұруларына жол беріледі;

• қамкорлығындағы баланың өкілі болып табылады және заңға сөйкес кез келген азаматтық-кұқықтық мәмілелер жасай алады.

Қамқоршының қорғаншыдан  айырмашылығы көмелетке толмаған бала жасына байланысты, өзі дербес жасай  алмайтын мәмілелер жасауға келісім береді (мысалы, қамқорлығындағы адамның үйін сату, мұрасынан бас тарту және баскалары).

Қорғаншылар мен қамқоршылар  өз міндеттерін ақша талап етпей тегін орындайды және олардың құқықтарының белгілі мерзімдік сипаты бар. Қамқорлығындағы адам 14 жасқа толғанда оған қамқорлық жасау тоқтатылады, ал қорғаншы міндетін атқарушы адам кәмелетке толмаған баланың қамкоршысы болады. Өз кезегінде, қамқоршылық қамқорлығындағы адам 18-ге толғанда немесе ол кәмелет жасына жетпей некеге тұрса тоқтатылады.

Сонымен қатар келісім -шарт негізінде  ақылы негізде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы шарт бойынша басқа азаматтардың отбасына тәрбиелеуге береді. Бұл шарт баланы тәрбиелеуге алуға ықылас білдірген адам (патронат тәрбиеші) мен корғаншылык және қамқоршылық органы арасында жасалады. Бала патронат тәрбиешіге шартта көзделген мерзімге тәрбиелеуге беріледі. Бұл арада патронат тәрбиешіге баланы бағып күту үшін ай сайын ақша төленіп тұрады.

Баланы тәрбиелеуге беру оның пікірін есепке алу арқылы жүзеге асырылады. Ал жасы 10-ға толған бала өзінің келісімімен ғана тәрбиелеуге беріледі. Ағалары мен қарындастарын медициналық қорытындылар немесе басқа да себептерге байланысты, олардың бірге тәрбиеленуіне мүмкіндігі жоқ жағдайларда болмаса, ажыратуға жол берілмейді.

Патронат тәрбиешілерді іріктеп алу қорғаншы және қамкоршы органдар міндетіне кіреді, патронат тәрбиешілердің жеке басының сапасы, олардың бала тәрбиелуге қабілеті, балаға көзқарасы ескеріледі. Кәмелетке толған екі жыныстың адамдары патронат тәрбиеші бола алады, яғни не әйел не еркек немесе озара некеге тұрған екеуі де шарт жасаса алады. Патронат тәрбиешілерге қорғаншылар мен қамкоршылар сияқты құқықтар мен міндеттер беріледі (баланың жасына қарай). Баланы патронатка алған отбасы немесе адам баланы тәрбиелеу жөніндегі міндетін ақылы түрде орындайды, яғни қорғашпылар мен қамқоршылардан айырмасы бұларға ақша таленеді.

Қазақстан Республикамызда 2000 жылғы 13 желтоқсан- да "Отбасылық  тұрпатмндағы балалар деревнялары  мен жасөспірімдер үйлері туралы" Заңы қабылданды. Отбасы тұрпатындағы балалар деревнялары мен жасөспірімдер  үйлері балаларды қоғамдық пайдалы  еңбекке даярлауды, еңбек нарығы сұранысындағы қандай мамандықтарға  окытуды, әрбір балаға жинақ қорын  ашуды көздейді.

Бұл деревнялар жетім балаларды  қорғаудың жаңа үлгісі болып табылады. Деревнялардың негізгі міндеті  — тәрбиеленушілердің өздерінің  қоғамға қажет екендіктерін сезінетіндей, отбасы жағдайында тәрбиеленіл жатқандай  әсерлі жағдайлар туғызу екендігі кездейсок  емес.

Тәрбиеші-ананың тәрбиелеуіне жасы 18-ге дейінгі 7—10 бала беріледі (отбасы ішіндегі балалардың жасы әр түрлі  — 5,7,10,15 болуы мүмкін). Мұндай әрбір  отбасы балалар деревнясынын құрамына кіреді, пәтер тұрпатындағы тұратын  үй-жайлары бар (отбасы тұратын), үй іргесіндегі және қосалкы шаруашылықтары, өкімшілік үйлері мен құрылыстары бар өзінің окшауланған аумағы болады. Сондай-ақ балалар деревнясынын жанынан жасөспірімдер үйлері кұрылуы мүмкін, олардың негізгі мақсаты — балалар деревнясының тәрбиеленушілері мен балалар үйлерін бітіргендерге әлеуметтік бейімделуден өтуге, қоғамға кірігуге, тәрбиеленушілердін көсіби даярлығы мен еңбекке орналасуына көмектесу. Тәрбиеленушілер жасөспірімдер үйінде 23 жаска дейін бола алады.

Сонымен, ата-аналық құқықтан айыру баланың құқықтары мен  мүдделерін басқа жолмен қорғауға мүмкіндік  болмаған жағдайда қолданылатын ең соңғы  қатал шара. Ата-аналық құқықтан айыру  тек сот арқылы іске асырылады. Бала асырап алынғаннан кейін, асырап алынған  бала мен оның негізгі ата-аналарының арасындағы құқықтық мімдеттер тоқғатылады. Бұл мімдеттерді орындау жүктелген  — қорғаншы және қамқоршы органдар сияқты арнаулы мемлекеттік органдар бар. Бұл органдар мұндай балаларды іздестіріп тауып қоймай, оларды орналастыруды, сондай-ақ бұл балаларды содан арғы тұрмыс жағдайын бақылап отыруды жүзеге асыруға міндетті.


Информация о работе Қорғаншылық және қамқоршылық ұғымы