Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Сентября 2013 в 16:33, реферат
Білім беру жүйесі - әр елдің даму болашағын айқындайтын, әлемдік өркениетке жетудің негізгі бағыттарын көрсететін біртұтас құрылым.Қазіргі таңдағы егеменді еліміздің болашағы дарынды, білімді, ізденімпаз жастарға байланысты. Осыған орай бүгінгі күн мектеп алдында тұрған басты міндет - өзіндік айтар ой-пікірі бар, жоғары сапалы, белсенді азамат тәрбиелеп шығару. Қоғамдағы түбегейлі өзгерістер білім беру жүйесінің алдына жаңа адамды қалыптастыру, дамыту мақсаттарын қойып отыр.
Үнемделген сағаттарды теориялық білімді пайдалана отырып, эксперименттік есептер шығаруға жіберіледі.
Оқушылардың модуль оқу мазмұнын толық игергендігін білу үшін деңгейлік тапсырмалар орындалады, бұл кезде әр оқушының өзінің білімінің олқы жақтары анықталынып, түзету, толықтыру мүмкіндігі болады.
Оқушылардың материалды толық игеруге:
-
ондағы материалды бірнеше рет
салыстырмалы түрде
- әр сабақта барлық оқушыдан іс-әрекет кезінде еске түсіру мүмкіндігінің болуынан;
-
эксперименттік есептер шығару
арқылы теориялық
Сондықтан да мұндай жағдайда мұғалім алдына қойған мақсатқа толық жете алды деп айта аламыз. Мақсаттың анық болуы, білік пен дағдының көрсетілуі, оқушыға да өз бетінше білім алу мен уақтылы толықтырулар жасауға мүмкіндік береді.
Химия пәнін 9-сыныпта модульдік оқытуда деңгейлік тапсырмаларды дайындау – бұл оқу процесінің негізгі жетістіктері мен олардың арасындағы байланыстарды жүзеге асыру болып табылады.
Оқыту тапсырмаларының проблемасының түрлі аспектісін зерттеген М.А. Ушакова тапсырмаларды білімді жүйелі меңгеру құралы ретінде қарастырады. Н.А. Гузиктің айтуынша тапсырма оқушылардың ойлау қабілетін арттыру, ал П.П. Воронина тапсырма – алынған білімінің сапасын бақылау және бағалау деп түсіндіреді [5,6].
Оқушылардың оқу материалын қайта жаңғырту деңгейін, қарапайым білік пен дағдыларды және білімін іс жүзінде бірнеше рет қайта қолдануы сабақтың негізгі бөлімінде жүзеге асырылады. Тақырып мазмұнына «өсу бағытымен – қарапайымнан күрделіге, репродуктивтік тапсырмалардан продуктивтік сипаттағы тапсырмаларға, зерттеушілік қызмет элементтеріне қарай бірнеше мәрте қайта оралып отыру әр оқушыға оқу материалымен жұмыс істей отырып, өз қабілетін, жадын, ынтасын, ойлауын дамытуға мүмкіндік береді.
Модуль І. Металдардың периодтық жүйедегі орны. Металдар атомының құрылысы. Металдардың физикалық қасиеті. Құймалар туралы жалпы түсінік.
Оқушыларға металдардың периодтық жүйедегі орналасу тәртібін және металл атомының құрылысының ерекшеліктерін түсіндіру. Химиялық байланыс типін және кристалдық торын анықтау. Металдардың физикалық және химиялық қасиеттерін химиялық байланыс типі және оның атомының құрылысы негізінде түсіндіру. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Қажетті көрнектілік: “кристалдақ торлардың типтері,” ”Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі” кестелері.Бұл модульде қолданатын әдіс дәріс және әңгімелесу .
Сабақ ұйымдастырудан басталады. Сонан соң мұғалім жаңа сабақтың мазмұнын игеру барысында, яғни “металл” ұғымы және периодтық жүйеде орналасу тәртібі туралы мынадай сұрақтан бастайды.
-
Сіздердің металдар ұғымы
Металдар тек жай зат емес, сонымен қатар химиялық элемент.
- Элементтің қандай қасиетіне қарап металдарға жатқызуға болады?
- Металл- химиялық элемент периодтық жүйеде қайда орналасады?
- Қандай элементтер металдар ма, әлде бейметалдар көп пе?
Осы айтылғандарды мұғалім былай қорытындылайды:
1. Металдар – химиялық элемент және жай заттар.
2.
Химиялық элементтер –
Металдардың атомының құрылысы негізінде физикалық қасиеттерін қарастырып,” металдық байланыс” ұғымына түсінік беру.
Жай зат ретінде металдарға қандай қасиеттер тән?
Металдық жылтырлық , қаттылық, электрөткізгіштік , жылуөткізгіштік, пластикалық.
Осы жай зат – металдарда химиялық байланыстың ерекше түрі - металдық байланыс болады. Оның түзілуі былайша жүреді:
Металдың қызған буы салқындағанда, бір-бірімен ковалентті байланыспен байланысқан атомдар немесе молекулалар жақындасып, үлкен атомдық өлшемдерге жетеді де, молекулалар ара қашықтығы мен молекуладағы атомдар ара қашықтығы бірдей болады. Атом ядросы электрондарды ұстап тұра алмай , оларды оң зарядталған иондарға бөліп жібереді. Электрондар металл бойымен бос қозғалып жүреді.
Төмендегі
берілген коваленттік, иондық және металдық
байланыстарды салыстыру
1-кесте
- Химиялық байланыстарды
Байланыс түрі
Ұқсастығы
Айырмашығы
Коваленттік байланыс
электронның болуы
Екі атомның арасын-дағы электрондар
Иондық байланыс
Ионның болуы
ионның болуы
Металдық байланыс
электронның болуы, ионның болуы
металл атомдарында металл ионының болуы.
Металдардың физикалық қасиетін қалай түсіндіруге болады? Металдық байланыстың болуымен бе?
Мұғалім осы сұрақтарды былай түсіндіреді.
Металдық жылтыр -металдар өз беттерінен күн сәулесін шағылыстырады. Бұл металдың мөлдір еместігін және оның металдық жылтыры болатынын дәлелдейді.
Металдардың электрөткізгіштігі және жылуөткізгіштігі металдардағы бос электрондардың болуына байланысты болады.
Hg Pb Fe Zn Mg AІ Au Cu Ag
жоғарылайды
Металдардың иілімділігі – кристалдық торда иондар байланыспаған, олардың жеке бөліктері бір-біріне салыстырмалы бос қозғала алады. Ең иілімді металл – алтын.
Металдардың қаттылығы – металдық байланыстың беріктігіне себеп болатын қозғалғыш электрондар – бір-бірінің жеке бөліктерінің айырылуына кедергі жасайды. Ең қатты металл – хром, ең жұмсақ металл – литий.
Металдардың мортсынғыштығы – бұл элементтердің атомдарының 5-7-ге дейін бос электрондары болады. Бос электрондардың көп болуы иондардың жеке қабаттарының беріктігін ұлғайтып, электрондардың бос қозғалуына кедергі жасайды, ал металдардың иілімділігі төмендейді.
Металдардың тығыздығы – металл атомының радиусы мен металл атомының массасына байланысты. Металл көлемінің бірлігінде металл атомының саны көп болса, соншалықты оның тығыздығы жоғары болады.Металдардың балқу температурасына тоқталсақ - ең төмен балқу температура - сынапта, ал ең жоғары балқу температура- вольфрамда екен.
Металдық қасиеттері бір-біріне ұқсас болғандықтан әртүрлі металдар кейбір жағдайда металдық байланыс түзеді, осыған байланысты олар балқыған кезде бір-бірімен араласып құйма түзеді. Құймалар металдарға қарағанда әртүрлі қасиеттерге ие. Құймаларды түзілуіне қарай былай бөледі: а) қатты ерітінділер (күміс пен алтын), ә) металдардың механикалық қоспасы (қалайы мен қорғасын), б) интерметалдық қоспалар (магний мен қорғасын, магний мен мырыш).
Өзімізге белгілі мынадай құймалар бар. Қола – мыстан және 40% қалайыдан, мельхиор – мыстан және 33% никельден, жез – мыстан және 50% мырыштан, дюраль – алтын, мыс, марганец және магнийден тұрады, ал 90% платина және 10% цирконийден тұратын құймадан массалық эталондар дайындайды.
Жоғарыда айтылған мәліметтерді бекіту үшін мынадай сұрақтар мен тапсырмаларды орындау қажет.
1)
Металдардың мортсынғыштығын
2)
Металдардың
3) Реттік нөмірі 12 және 20 элементтердің атом құрылысының ұқсастығы мен айырмашылығын салыстырыңдар.
Жалпы айтқанда осылайша ұйымдастырылып өткізілген модуль бойынша өткізілетін сабақтарда мұғалімнің барлық оқушылардың білімдеріндегі олқылықтарын дәл мерзімінде анықтауға мүмкіндігі болады. Сөйтіп оқушы өз бетінше немесе мұғалім көмегімен модуль арқылы мақсатталған нәтижеге жетеді.
Оқушыға химиялық білімді терең меңгертуде деңгейлік тапсырмалардың пайдалану оқушының өзіндік жұмыс жасау қабілетін, химия пәнін оқуға деген ынтасының жоғарылуына мүмкіндік береді.
Пайдаланылған Әдебиеттер ТІЗІМІ
1
Қазақстан Республикасының "
2 Нұрахметов Н.Н, Досанова Б.Б. Химияны модульдік оқыту әдістемесі // Ізденіс. №3, 2004, 187 - 190 бб.
3
Нұрахметов Н.Н, Досанова Б.Б.
Химияны оқыту білігі деңгейін
анықтауда тапсырмалардың
4
Верховский В.Н., Гольдфарб Я.Л.,Сморгонский
Л.М. Методика преподавания
5
Гузик Н.В. Инновации в
6
Воронина Л.П. Межпредметные
МОДУЛЬДІК ТЕХНОЛОГИЯНЫ ХИМИЯ САБАҒЫНДА ҚОЛДАНУ
№ 35 жалпы орта білім беру мектебі, химия пәні мұғалімі
Қазіргі қазақстандық білім беру кеңістігіндегі түбегейлей өзгерістер - тарихи объективті процестер. Білім беру саласын реформалаудағы мақсат білім беру жүйесін қайта қарап, оқушылардың шығармашылық бейімделуіне қарай бағдарлы, сатылы білім алуларына жағдай жасау болып табылады. Бүгінгі таңда оқушының білім, білігі және дағдысымен өлшеу жеткіліксіз. Қазіргі талап білім сапасы оқушының алған білімін жеке басының әрі қарай дамуын, тұлға ретінде қоғамның өркендеуіне пайдалана білумен өлшенеді деп айтылуда. «Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2005 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына» түсініктемеде. «Білімді, білік - дағдыларды механикалық түрде беру емес, ақпараттық - зияткерлік ресурстарды өз бетінше тауып, талдап және пайдалана білетін, идеялардың қуат көзі болатын, жедел өзгеріп отыратын әлем жағдайында дамитын және өзін - өзі ашып көрсете алатын жеке түлғаны қалыптастыру болып табылады» делінген.
Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі балаға оқу қызметінің субьектісі ретінде, өзін-өзі өзектілендіруге, өзін танытуға және өзін - өзі жүзеге асыруға ұмтылатын дамушы тұлға ретінде бағытталған. Мұндай жағдайда педагогикалық процестің маңызды құрамы оқу ісіндегі субьектілер - оқытушы мен оқушының тұлғалық бағытталған өзара әрекеті болып табылады.
Жаңа білім парадигмасы
Қазіргі уақытта педагогикалық ғылымының бір ерекшелігі - баланың түлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы.
«Педагогикалық технологиялар - бүл білімінің басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің; оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мүнда әр позиция басқаларына әсер етіп, ақыр аягында оқушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын қүрайды».
Қазақстан Республикасының „Білім
туралы,, Заңыңда оқыту формасын,
әдістерін технологияларын
Осындай мақсат - міндеттерді орындау үшін оқытудың жаңаша әдіс - тәсілдерін, яғни, инновациялық технологияларды қолдануды талап етеді. Бұл бағытта көптеген ізденістер жүргізілуде. Сабақ жүйесін модернизациялау кезінде пайда болған оқыту технологиялардың бірі Марал Мәденқызы Жанпейісованың модульдік оқыту технологиясы болып саналады. Оқыту технологиясының бір ерекшелігі - оның білімді меңгеруге емес, тұлғаның танымдық қабілеттерін және танымдық процестерді: ягни, жадының алуан түрлерін (есту, көру, қимыл және т.б.), ойлауды, ынтаны , қабылдау қабілетін арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы дамытуга, сондай-ақ түлғаның қауіпсіздігін, өзін-өзі бекіту, қарым - қатынас, ойын, танымдық жэне шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыруға; белсенді сөздік қорын (ауызша және жазба тілінде) дамытуға бағытталуы.
Бұл технологияның тағы бір ерекшелігі дарынды балалармен тұрақты және жүйелі жүмыс істеу мүмкіндігі болып табылады.
Бүл технологияның нұсқасы модульдік сипатта. Модуль дегеніміз - қандай да бір жүйенің, үйымның анықталатын, біршама дербес бөлігі. Оқу модуль қайта жаңғыртушы оқу циклі ретінде үш қүрылымды бөліктен: кіріспеден, сөйлесу бөлімінен және қорытынды бөлімнен тұрады
Модуль дегеніміз - үлкен бір жүйе, мұнда оқушы білімді жеке - жеке тараулар бойынша емес, біртұтас тақырып түрінде жүйеленген білім алады. Өзін - өзі дамытуға, бірін - бірі оқытуға, кітаппен жұмыс істеуге үйренеді. Қосымша әдебиеттен білім алуға баулу арқылы дарынды балалармен жүйелі жүмыс істеуге мүмкіндік туады. Оқу модулінің сөйлеу бөлімінде оқытудың белсенді формаларын қолдану арқылы оқушыларды оқу материалына бірнеше рет қайта оралтып, жұмыс істеуге болады.
Бұл технология қарапайымнан күрделіліге, репродуктивтік тапсырмалардан шығармашылық сипаттағы тапсырмаларға, зерттеушілік қызмет элементтеріне қарай бірнеше мәрте қайта оралып отыру әр оқушыға оқу материалымен жұмыс істей отырып. өз қабілеттерін , жадын, ынтасын, ойлауын, ауызша және жазбаша тілін дамытуға мүмкіндік береді.
Технология ауқымында оқу
Оқу модулінің қорытынды бөлімі - бақылау. Сөйлесу бөлімінің барлық сабақтарында оқушылардың бір - біріне көмегі, бірін - бірі оқытуы, түрлі ғылыми көздерді пайдалануы кұпталынып келсе, енді қорытынды бөлімде
оқушының өзінің сөйлесу бөлімінде алған білімін, білігі мен дағдыларын ешкімнің көмегінсіз көрсетуі тиіс.
Кесте №1. Сутек. Қышқылдар. Тұздар тақырыбына арналған мод
№ |
Модуль қүрылымы |
Сабақ саны |
Модульдың мазмүны |
Уақыты |
1 |
Кіріспе |
1 сабақ |
1 .Модульге кіру 2.Сутектің табиғатта таралуы, алынуы З.Физикалық қасиеттері |
45 мин |
2 сабақ |
|
45 мин | ||
2 |
Сөйлеу болімі |
3 сабақ |
2. Жаттығу жұмыстары |
25 мин 20 мин |
4 сабақ |
1. Химиялық қасиеттері 2. Химиялық диктант |
25 мин 20 мин | ||
5 сабақ |
1. Тұздардың құрамы, химиялық қасиеттері |
45 мин | ||
3 |
Қорытынды |
6 сабақ |
1. Тест жүмысы 2 .Шығармашылық жүмыстарды |
25мин 20 мин |