Витаминнің манызы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2013 в 14:58, реферат

Краткое описание

Дәрумен (Витамин) – адам мен жануарлардың тіршілігіне, олардың организміндегі зат алмасудың бірқалыпты болуы үшін аз мөлшерде өте қажетті биологиялық активті органикалық қоспалар. Витамин (латынша vіta – тіршілік) туралы ілімнің негізін 1880 жылы орыс дәрігері Николай Лунин салды. 1912 жылы поляк дәрігері Казимеж Функ сол кезге дейін жасалған тәжірибелер нәтижесін қорытындылап, ғылымға витамин терминін енгізді.

Содержание

Кіріспе…………………………………………………………………..….…..3-4
Негізгі бөлім
Майда еритін витаминдер............……………………....…….5-6
Суда еритін витаминдер……………………………...........….7-8
Витаминдер концентрациясының бұзылуы.…....................9-10
Витаминдердің жетіспеуінен пайда болатын аурула............11-14

Қорытынды………………………………………………………………...…..15
Пайдаланған әдебиеттер мен webсайттар………………………….……….16

Прикрепленные файлы: 1 файл

Документ Microsoft Office Word.docx

— 143.10 Кб (Скачать документ)

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

 

Кафедрасы: Химия

Факультет: Жалпы медицина

 

 

Тақырыбы : Витаминдер.



Қабылдаған: Тулешова Эльмира


Орындаған: Ілес Манат


Тобы: ЖМ-318



 

 

 

Түркістан – 2013

 

Жоспар

Кіріспе…………………………………………………………………..….…..3-4

Негізгі бөлім

    1. Майда еритін витаминдер............……………………....…….5-6
    2. Суда еритін витаминдер……………………………...........….7-8
    3. Витаминдер концентрациясының бұзылуы.…....................9-10
    4. Витаминдердің жетіспеуінен пайда болатын аурула............11-14

 

Қорытынды………………………………………………………………...…..15

Пайдаланған әдебиеттер мен webсайттар………………………….……….16

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

          Дәрумен (Витамин) –  адам мен жануарлардың тіршілігіне, олардың организміндегі зат алмасудың бірқалыпты болуы үшін аз мөлшерде өте қажетті биологиялық активті органикалық қоспалар. Витамин (латынша vіta – тіршілік) туралы ілімнің негізін 1880 жылы орыс дәрігері Николай Лунин салды. 1912 жылы поляк дәрігері Казимеж Функ сол кезге дейін жасалған тәжірибелер нәтижесін қорытындылап, ғылымға витамин терминін енгізді.


 

 

 

 

 

          Витаминдерді зерттеуді ең алғаш орыс ғалымы Н. И. Лунин бастады. Ол алғашқы рет тамақтың құрамындағы жануарлардың тіршілігіне әсер ететін заттарға көңіл аударады. 1970 жылдың аяғына дейін жануарлар тіршілік етуі үшін көмірсулар, майлар, белоктар, минералды заттар және судың болуы жеткілікті деген пікір қалыптасып кетті. Бірақ Н. И. Лунин жасаған тәжірибесі ол пікірді теріске шығарды. Ол жоғарыда көрсетілген заттардың қоспасымен тышқандарды қоректендірді. Бірақ тәжірибе тышқандардың тіршілік етуі үшін қажетті бұрыннан белгілі заттармен қоса тағы бір белгісіз зат бар деген пікір пайда болды.

          1986 жылы голланд дәрәгері Эйхман ақталған күрішпен тамақтанатын адамдардың «бери-бери» ауруымен көп ауыратынын, ал ақталмаған немесе жартылай ақталған күрішпен тамақтанғанда адамдар ол аурумен ауырмайтыны байқады. Кейіннен Голкинс 1906жылы күріш дәнінің сыртқы қауызында белгісіз бір заттың бар екенін, ал ақталған күріште ол заттың болмайтынын анықтады.

          1912 жылы поляк ғалымы К. Функ ашытқыдан витаминге ұқсас құрамында амин тобы бар бар кристалды затты бөліп алды. Бұл затпен полиневрит ауруымен ауырған көгершінді емдеп жазды. Бұл заттың жануарлар ағзасына тигізетін әсерін зерттей келе, оның профессор Лунин ашқан жаңа затқа ұқсас екенін анықтады. Осыдан кейін Функ адам мен жануарларда болатын кейбір аурулар тағамның құрамындағы белгісіз бір заттың жетіспеуінен болады деген қорытындыға келді. Ол бұл затты «витаминдер» деп атады. «Вита» латынның «тіршілік, өмір» деген сөзі, ал «амин» деп химиялық құрамында азоты бар заттарды атайды.

          1913жылы Макколлум және оның шәкірттері жануарлардың қалыпты дамуы үшін майда еритін фактор «А»-ның қажетті екенін анықтап, оған Авитамині деп ат берді.А витамині жетіспеуі адамды ақшамсоқыр ауруына шалдықтыратыны анықталды. Макколлум витаминдерді ашылу ретіне қарай латын алфавитінің алғашқы әріптерімен белгіледі. А витамині, С витамині. Кейіннен В витаминінің бірнеше түрлері белгілі болады да, оларды ретіне қарай В1, В2, В3, т.б. деп беогіледі.

          1928 жылы Сент-Дьердьи С витаминін ашты және оның малдың бүйрек үсті безінен бөлінетінін, сонымен бірге кейбір өсімдіктерде кездесетінін анықталы.

          1935жылы дат ғалымы Дам қанның құрамында болатын К витаминін ашты.

          1948жылы Смит, Фолкерс т.б. В12 витаминін тапты. Бұл витаминнің жетіспеуі адам ағзасында қанның азаюына әкеліп соқтыратыны белгілі болды.  


 

 

 

 

 

 

                      Н. И. Лунин                                        К. Функ 

 

 

 

Майда еритін витаминдер

          Барлық витаминдер майда және суда еритіндер деп екі топқа бөлінеді.

          Майда еритіндерге А, D, Е, К витаминдері жатады.

          А витамині (ретинол) ағзаның өсуіне, дамуына әсер етіп, түрлі ауруларға қарсы тұра алу әрекетін арттырады. Іңірде, түнде көруді жақсартады. А витамині шаштың, тырнақтың өсуі мен терідегі жасушалардың мүйізденуіне әсер етеді. Ол жетіспегенде тері құрғап жарылып, түсі күңгірттенеді. Май бездерінің құрамы өзгереді, көздің касаң кабығы бұзылады. А витамині бауырда, сүтте, жұмыртканың сарысында көп болады. Өсімдіктердің кызыл, сары жемістерінде, сәбізде, кызанақта, өрікте, асқабақта кездеседі. А витаминінің ағзаға қажет тәуліктік мөлшері 2,5-10,5 мг. Ретинол «Авитамині,антиксерофтальмиялық» А витамині химиялық структурасы тұрғысынан каротнге жақын, 1831 жылы неміс ғалымы Вакенродер оны өсімдіктерден ашты. Эмпирикалық формуласы С20Н30О. Ретинолдың химиялық формуласьш швецар химигі Каррер тапты. 
Адам мен жануарлар тіршілігінде А витаминінің атқаратын маңызы зор. Бұл витамин тағамдық заттардың құрамында жетіспегенде организмдегі зат алмасу бұзылады, оның салдарынан өсу кешеуілдеп, салмақ азаяды. Көздің мүйіз қабығы бүлінумен қатар, әлсіз жарық жағдайда адамның көру қабілеті де нашарлайды, мысалы, кешке жақын қараңғылық түсе бастағанда, оны халық арасында «ақшам соқыр» немесе «тауық көз» дейді. Мұндай аурумен ауыратын адам ымырт жабыла өте нашар көреді. Көзі қызарып, ауырып, жарыққа қарай алмайды. Мүмкін осыдан шығар, Жапонияның транспорт министрлігі түнде жұмыс істейтін шоферлерге А витаминін қосымша түрде арнайы бергізіп тұрады. Ретинол әсіресе бауырда, бүйректен жасалған тағамдарда, сары майда, жұмыртқада, балықтардың майларында көп кездеседі. 
          D витамині (кальциферол) адамның терісінде күннің ультракүлгін  сәулелерінің әсерінен түзіледі.Ол кальций менфосфордың ішектен бөлінуін жылдамдатып, сүйек ұлпасының мықтылығына әсер етеді. Адам ағзасы D витаминін тағамның құрамынан да қабылдайды. Жас сәбилерде D витаминінің жетіспеуінен болатын ауру мешел(рахит) деп аталады. Мешел ауруына шалдыққан балалардың қаңқасы дұрыс қалыптаспайды. Аяқ сүйектері дене салмағының әсерінен майысады, сүйек баяу дамиды, ұйқысы қашады. Жұқпалы аурулармен көп ауырады. Сондыктан жас сәбилердің мешел ауруына шалдықпауы үшін күн сәулесіне шығарып шынықтырады. D витамині балық майында, бауырында, уылдырығында, жұмыртқаның сарысында, жануарлардың бауырында, сүт өнімдерінде мол. D витаминінің қажетті тәуліктік мөлшері 2,5 мг. Кальциферол (Д витамині, антиразиттік) XVIII ғасырдың ортасында Глиссон деген ағылшын дәрігері Лондон қаласында тұратын жас балалардың арасында кездесетін ауру туралы жазған болатын. Бұл аурумен ауырғандардың сүйектері деформацияланатындығы анықталды, кейіннен оның мешел (рахит) ауруы яғни тағамда Д витамині жетіспеушілігі салдарынан екендігі белгілі болды.

          Е витаминi(токоферол) бұлшық еттердің және жыныс бездерінің қызметін жақсартады. Ол өсімдік майының, жаңғақтық, бұршақ пен жүгері түқымдарының және көкөністің құрамында көбірек болады. Сондай-ақ малдың бауырында, жұмыртқада, сүттің құрамында бар. Токоферол (Е витамині, антистершіьдік) Е витаминін 1921 жылы Иванс деген зерттеуші ашты. Жануарларды қолдан тек жасанды тамақпен; 54/ жүгері крахмал, 18/ қа зейін, 15/ шошқа майы, 9/ сары май, 4/ тұздың қоспасы және 5/ құрғақ сыра ашытқыларымен қоректенгенде, олардың ұрықтарының өсіп-өнуі тоқталып төлдемейтіндігі анықталды. Бұл құбылыс Е витамині жетіспеушілігінен екен. 1936 жылы Тванс бидай тұқымы ұрығынан Е витаминін бөліп алды, ол 7 ~ токоферол (грек тілінде токоs — үриақ, рһtго — алып жүру, жалғасттыру деген мағынаны білдіреді деп аталады).

          К витаминi (филлохинон) қанның ұю процестеріне қатысады. Өсімдіктердің көктеп енетін бөліктерінде (жасыл жапырақты саумалдық, түбірлі және жапырақты капуста, қалақай және т. б.), сондай-ақ сәбіз және томат құрамында болады. Малдан алынатын өнімдердің ішінде бауырдан басқа да К витамин жоқ. Филлоион (К витамині, антигеморрациялық) 1929 жылы дат ғалымы Дам алғашқы рет балапандарды төмен-дегідей құрамынан тұратын жасанды тамақпен: 66 % крахмал, 18 % казеин, 4,5 % тұз қоспасы 2,5 % клетчатка мен ашытқылар экстрактысы, А мен Д витаминдері бар балық майымен қоретен-діргенде, 1—2 аптадан кейін ет пен тері арасында немесе бұлшық еттерге, миға және ішектерге қан құйылуын байқаған. Бұл К витаминінің жетіспеуінен болатын құбылыс екен. Егер жасанды тағамның құрамыңдағы крахмалды астық тұқымдастары қоспасы-мен алмастырғанда, жоғарыдағыдай қан құйылу құбылысы мүлдем тоқтаған. 
К витамині өсімдіктердің жасыл бөліктерінде, әсіресе беде мен жоңышқа жапырақтарында көп куздеседі. Шіріген балық ұны құрамынан да табады, оны К2 витамині деп атайды, ал жаңадап дайындалған балық ұнында ол кездеспейді, себебі микроорга-низмдер балықты шіріту барысында филлохинды синтездейді екен.

Суда еритін витаминдер

          Суда еритін витаминдерге С, РР және В тобындағы барлық витаминдер жатады. соңғы кезде витаминдерді классификациялап үлкен 4 топқа боледі: алифатты , алициклды, ароматикалық, гетероциклды,

          С витамині (аскорбин қышқылы). Ағзаның жұқпалы ауруларға қарсы тұра алу әрекетін арттырады. Сүйекке және тіске беріктік қасиет береді. С витамині биологиялық тотығу кезінде зиянды заттардың түзілуін тежейді. Ол қарсы денелерді түзетін ферменттердің құрамына кіреді. Терідегі қантамырлардың қабырғасының бүлінуіне де кедергі жасайды. С витамині жетіспеген жағдайда ағза тез шаршайды, сілемейлі қабықшалар қабынады, қызылиек қанталайды. Бұл витамин ұзақ уақыт жетіспесе, адам кауіпті құрқұлақ (цинга) ауруына шалдығады. Адам ағзасы С витаминін түзбейтіндіктен, тамақпен бірге қабылдануы керек. С витамині ағзаға қыс пен көктем айларында көбірек қажет. Жаңа піскен көкөністер, жемістер және тұздалған орамжапырақ құрамында көбірек кездеседі. Әсіресе итмұрынның, қарақаттың құрамында мол болады. Ағзаға қажетті тәуліктік мөлшері 60-100 мг.

          Ввитаминi (тиамин ) ағзада дұры с зат алмасуы үшін (әсіресе кеміртегінің) аса қажет. Витамин жетіспегенде шаршағандық сезіліп, ас қорыту процесі бұзылады. Ор ганизм тиаминге зәру болған жағдайда жүйке жүйесі үлкен ауруға шалдығуы мүмкін. Ввитаминіне әсіресе сыра ашытқысы, келтірілген және тығы зд алған наубайханалық шикізаттар анағұрлым бай. Ал тағамдық азықтардың ішінде, әсіресе жармалар (көбіне қара құмық және сұлы жармалары), құнарсыз ұн сорттарынан пісірілген нан болғаны жөн. Дене және ой еңбегімен көп шұғылданғанда және суықта ұзақ болғанда ағза Ввитаминін көп қажет етеді.

          Ввитамині ( рибофлавин), басқа да витамин дер сияқты ағзаның бірқалыпты өсуіне қажетті, ол биологиялық тотығу процестеріне қатысады. Жарақаттардың тез жазылуына мүмкіндік береді, көздің жақсы көру қабілетін сақтайды. Бұл витамин жетіспеген жағдайда ерін құрғап, кезереді, ұшық шығады, денеге түскен жарақат баяу жазылады. Вг витамині нан ашытқысында, бауырда, сондай-ақ сүт пен сүт тағамдарында көбірек болады. Витамин ыстыққа төзімді, бірақ жарықтық әсерінен тез бұзылады.

          Ввитаминi (пиридоксин) ақуыздардың құрамдас бөлігі болып табылатын амин қышқылдарының алмасуы на қатысады. Ввитаминінің жетіспеушілігі жас балалардың бойының өсуін тежеп, қан аздығы мен сезіміне тез қозғыштығын тудырады, ал екіқабат әйелдердің бетінде қара дақ пайда болады. В6 витамині мал етінде, балықта, сүтте, ірі қара малдың бауырында, ашытқыларда және көптеген өсімдік өнімдеріне бар; әдеттегідей дұрыс тамақтанып жүрген жағдайда бұл витамин ағзада жеткілікті болады. В6 витаминін молырақ қажетсіну ағзаның өсуі, әйелдің екіқабат және бала емізу кезеңдерінде жиірек байқалуы мүмкін.

          В12 витамині (цианокобаламин) қанның пайда болу процесіне қатысады. Бұл витамин жетіспеген жағдайда ағзада қан азаю процесі дамиды. Бауырда, бүйректе, балық тағамдарында (әсіресе балықтың бауыры мен уылдырығында) көбірек болады. Еттің, сүт пен ірімшіктің, жұмыртқа сары уызының құрамында В12 витамині анағұрлым аз.

          В15 витаминi (кальций пангаматы). Химиялық табиғаты мен әсер ету күші әлі жеткілікті зерттелмеген. Емдік мақсатта атеросклероз, қан айналысының бұзылуы, бауыр ауруларына және басқа да сырқаттарға пайдаланылады.

           Р витаминi (биофлавоноидтер)—жіңішке қан тамырларының беріктігін арттырып, қызметін қалыпқа түсіріп отыратын биологиялық заттар тобы. Бұл С витаминімен араласқанда анағұрлым тиімді. Р витамині шайдың (әсіресе көк шайдың) құрамында, сондай-ақ итмұрын, лимон, құрма, қара қарақат, жұзім, өрікте және қарақұмық ұнтағында өте көп.

          РР дәрумені (ниацин) . Табиғатта ең таралған суеріткіш топтары никотинді қышқыл және никотинамид деген атпен белгілі.Көмірсулар алмасуын жақсартады, тамырларды кеңетеді, қан ағымын жақсартады,бауыр жэұмысын жақсартады, жара мен терең жаралардың жазылуына әсер етеді.РР дәрумені жетіспеген жағдайда көңіл-күйдің болмауы,еріннің құрғақтығы мен бозарыңқылығы,іш өту және бұлшық ет ауруы.Көктем мен жаз кезінде теріде қызғылт тез өсетін дақ пайда болады,зақымданған тері жуандайды да кір қызыл-қоңыр түске боялады,қабыршықтанады.

 

 

 

 

 

 

Ағзадағы витаминдер концентрациясының бұзылуы

          Витаминдердің көпшілігі ферменттердің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Организмде үздіксіз жүріп жататын химиялық реакциялар, мысалы, ішкен тағамның, мал азығының ыдырап, қорытылуы, ферменттердің қызметіне байланысты. Тағамның құрамында витамин жеткіліксіз болса, адам әр түрлі ауруға шалдығады. Ал витаминді (әсіресе, А және D витаминдерін) шамадан тыс көп қабылдау ағзаның улануына (гипервитаминоз) соқтырады. Гипервитаминоз деп кейбір витаминдердің организмде шектен тыс көп болуының әсерінен туатын зат алмасудағы, немесе физиологиялық функция процестеріндегі өзгерістерді айтады. Ол көбінесе, жас балаларда жиі кездеседі. Қазір барлық витаминдерді суда еритін витамин, майда еритін витамин және витамин тектес заттар деп бөледі.

          Витаминнің мал үшін де маңызы зор. Мал азығында витамин жеткіліксіз болса, малдың өнімі төмендейді, олар жүдеп, әр түрлі ауруларға шалдығады. Мал азығында А, Д, Е, К витаминдері жеткілікті мөлшерде болуы қажет. Мысалы, А витамині жетіспеген жағдайда сиыр не бие көз ауруына шалдығады, сүті кемиді, сондай-ақ олар қысыр қалуы, іш тастауы мүмкін. Малға қажетті витамин балауса шөпте, жоңышқада, сүрленген шөптерде, тағыда басқа болады. Қыста авитаминозға шалдыққан, тағыда басқа түрлі жағдайлармен жүдеген малға витамин концентраттарын, сәбіз, балық майы, тағыда басқа витамині мол азық беру керек. Мал азығындағы витамин мөлшерін көбейту үшін арнайы витамин препараттары мен құрғақ ашытқылар шығарылады.

         

                            

 

          Витамин жетіспеушілік, авитаминоз – күнделікті ішетін тағамда витаминдердің жетіспеуінен, олардың бойға сіңуінің бұзылуынан не витамин синтезделуінің тежелуінен туатын аурулар. Егер адам үнемі витамині аз, бірыңғай тағаммен (консервіленген, кептірілген, рафинадталған) тамақтанса, ағзаға, негізінен көмірсулар (қант, тағыда басқа) ғана түсіп, ақуыз бен майлар аз түссе, ал көкөніс пен жеміс-жидектер мүлдем болмаса витамин жетіспеушілік дамиды. Сондай-ақ азық-түлік дұрыс сақталмаса немесе олардан сапасыз тағам дайындалса, азық-түлік құрамындағы витаминдер бұзылады. Мысалы, құрамында никотин қышқылы (РР витамині) аз дәнді дақылдармен ғана қоректену пеллагра ауруына, ал қауызы алынған күрішпен және өте ұнтақталған бидай ұнынан жасалған нанмен ғана тамақтану бери-бери сырқатына әкелуі мүмкін.

Информация о работе Витаминнің манызы