Термодинамикалық тиімділігін анықтау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2014 в 18:13, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу нысаны ретінде кез келген ЭХТЖ–нің белгілі технологиялық құрылысы және белгіленген параметрлері болады. Өзіне тән ақпараттық дабылы бар кіріс және шығыс айнымалылары арқылы ЭХТЖ–нің қоршаған ортамен қарым–қатынасын және оның қызмет ету (функционирование) нәтижелерін сипаттауға болады (сурет 1.1).

Содержание

Кіріспе
ЭХТЖ мәні мен маңызы

Негізгі бөлім
ЭХТЖ талдау әдістері
Термодинамикалық тиімділігін анықтау

Қорытынды
Қоршаған ортаны қорғау мәселелері

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсовая хтж Акниет.doc

— 2.75 Мб (Скачать документ)

Химия, мұнай өндіру, мұнай химиясы және фармацевтикалық салаларда көп түрлі өнімнің аз салмақты өндірісі кең таралған. Бұл өндірістерге келесілер тән:

    • аз салмақты ауыспалы өнім түрлері;
  • бірден–бір өнімдермен шикізаттың көп түрлері;
  • заттың химиялық синтез бағдарының қиыншылығы және көп мағыналылығы; көпфункционалы конструкциялы үлгідегі аппараттардың көптүрлілігі;
  • үстемді–мерзімді ХТП–і қосымша технологиялық–ұйымдастыру операцияларының болуы (аппараттарды тазалау, жүктеу, түсіру, іске қосу, тоқтату және т.б.).

Дара ХТЖ –  уақыттың әртүрлі периодында шикізат түріне байланысты айқын қатаң технологиялық элементтер арасындағы байланыста және периодты ХТП–ң жұмыс істеу режимінде бір элементті қолдану арқылы тек бір түрін шығаратын жүйе.  Әдетте дара ХТЖ–де бір өнімнің бірнеше партиясын өндіреді. Дара ХТЖ–ның мысалы болып эпоксидты смола, бояғыштарды өндіру табылады.

Қосарлы–көптүрлі ХТЖ (ҚК–ХТЖ) – уақыттың әртүрлі периодында шикізат түріне байланысты қатаң технологиялық элементтер арасындағы байланыстар және периодты ХТП–ң жұмыс істеу режимінде бір элементті қолдану арқылы  өнімнің бірнеше түрін шығаратын жүйе. ҚК–ХТЖ үшін технологиялық құрал–саймандарды қолдану коэффициентінің жоғары болуы және ірі салмақты аппараттарды қолдану мүмкіндігіне байланысты.

 

    1. Қоршаған ортаны корғау мәселелері

Ресурсүнемдеу – әртүрлі өнімдерді өндіруде табиғи ресурстарды үнемдеу және рационалды түрде қолдануға, қайта өңдеу дәрежесінің әжептәуір жоғарлауына және материалды ресурстардың кенет шығымдарын қысқартуға, екіншілей материалдық ресурс және өнеркәсіп өндірісінің экономикалық эффективтілігін арттыруға және оның қоршаған ортаға кері әсерінің алдын алуға әкелетін ғылыми–методологиялық, технологиялық, инженерлік–техникалық, техникалық–ұйымдастырушылық, экономикалық және шаруашылық–ұйымдастырушылық шаралардың өзара байланысқан жиынтығы.

Химиялық өнірісте ресурс үнемдеудің маңызды бағыты болып энергия үнемдеу табылады. Өндірісте энергия үнемдеуге келесілердің нәтижесінде қол жеткізуге болады: химиялық өнімнің әртүрлі түрлерін өндіруге арналған жанармайдың, жылу және электр энергиясының ғылыми дәлелденген оптималды салыстырмалы шығыны; ТЭЕ (техникалық–экономикалық есеп) шығымын жою әдістері, энергия ресурстарын екіншілей пайдаға асыру әдістері; ХП–те энергияны, электроэнергия, технологиялық буды қиыстыру әдістері; өндірістегі ХЭЕ–ң барлық түрлерінің рационалды шығынының ұйымдастырушылық шаралары; қазіргі кездегі термодинамикалық принциптері мен жоғары эффективті химия–энерготехнологиялық жүйелер синтезінің әдістерін, өндірістік тәжірибе прогрессивтілігін қолдану. Қалдықсыз технология – қоршаған ортаға ешқандай зиянын тигізбейтін, түзілген қалдықтарды толығымен шығару, барлық табиғи ресурстар компонеттерінің рационалды қолдану және жинақталуын қамтамасыз ететін әртүрлі өнім түрлерінің өндірістік өндіруінің негізгі әдісі.

Адам қоғам дамуының әртүрлі кезеңінде қолданылатын, табиғи заттардың әртүрлі орын ауыстыруының өзара байланысқан жиынтығынан тұратын принципиалды жаңа, қоршаған ортаға антропогенді зиянсыз глобалды ресурсты циклды жасауға мүмкіндік береді.

Өнеркәсіптік өндірудің мінсіз әдісі ретінде қалдықсыз өнеркәсіптік өндіру қалдықсыз технологияның негізгі құрылымдық компоненті болып табылады. Қалдықсыз өнеркәсіптік өндіру –  әртүрлі өнімдерді өндірудің қоршаған ортаға мінсіз толығымен зияны жоқ байланысқан комплекс. Қалдықсыз өнеркәсіптік өндіріске қалдықсыз, аз қалдықты және ресурсүнемдеу ХТЖ–сі жатады. Қалдықсыз ХТЖ – зиянды және қайта өндірілмейтін қалдықтарды толығымен болдырмайтын, қоршаған ортаға мүлдем зиянсыз негізгі және қосалқы химиялық өнімдер өндірісінің ХТЖ–сі.

Азқалдықты ХТЖ – қоршаған ортаға ешқандай зиянын тигізбейтін, минималды көлемдегі қалдықтардың түзілуін қамтамасыз ететін, бір немесе бірнеше химиялық өнімдерді  өндіру ХТЖ–сі.

Ресурсүнемдеуші ХТЖ – бұл қажет ететін сапа және берілген көлемдегі шығарылатын өнімдердің минималды материал сыйымдылығын қамтамасыз ететін және қоршаған ортаға зиянын тигізбейтін ХТЖ.

Біздің қарастырып жатқанымыз:  антропогенді экологиялық зиянсыз глобалды ресурсты цикл материалдық ресурстарды өнімге химиялық айналдыру кезеңіне жататын, қалдықтарды қайта өңдеу және осы өнімдерді пайдаға асырудың әртүрлі әдістері қосылмайтын ХТЖ–ң ресурсүнемдеушілері. ХТЖ ресурсүнемдеушілері құрылысына жоғары эффективті ХТП және жоғарыинтенсивті химиялық технология аппараты кіретін күрделі көпконтурлы ХТЖ болып саналады. Ресурсүнемдеушінің және азқалдықты ХТЖ–ң негізгі класы болып химиялық–энерготехнологиялық жүйе саналады.

 

 

Қолданылған әдебиеттер

  1. http://www.xumuk.ru/encyklopedia/2/4372.html
  2. Кудинов В.А. Техническая темодинамика: учеб.пособие для студ.вузов 2-е издание.,
  3. Карминский В.Д. Техническая термодинамика и теплопередача: Курс лекций.-М.:Маршрут, 2005.-224с. 

 

 

 


Информация о работе Термодинамикалық тиімділігін анықтау